Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдiгi арасындағы инвестицияларды өзара ынталандыру және қорғау туралы Шартты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне бекiтуге енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 7 ақпан N 130


     Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдiгi арасындағы
инвестицияларды өзара ынталандыру және қорғау туралы Шарт 
Қазақстан Республикасының жоғарғы Кеңесiне бекiтуге енгiзiлсiн.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
     

            ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ИСПАНИЯ КОРОЛЬДIГI 
          АРАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ӨЗАРА ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ
                          ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ
                             Ш А Р Т 
     
     Бұдан әрi "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан
Республикасы мен Испания Корольдiгi
     екi ел үшiн де тиiмдi өзара экономикалық ынтымақтастықты 
нығайтуды қалай отырып,


      бiр Уағдаласушы тараптың екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағындағы инвестициялары үшiн қолайлы жағдай жасауға ұмтыла отырып,
      осы Шартқа сәйкес инвестицияларға жәрдемдесу мен қорғаудың осы саладағы бастамаларды ынталандыратындығын мойындай отырып,
      мына төмендегiлер жайында келiстi:

             1-бап. Анықтамалар
      Осы Шарттың мақсаты үшiн:
      1. "Инвестор" терминi кез келген Уағдаласушы Тарапқа қатысты мынадай мағыналарды бiлдiредi:
      а) испан жағының жағдайында оның Ұлттық заңдарына сәйкес президент, ал Қазақстан жағының жағдайында Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жеке тұлға;
      б) кез келген заңды тұлға, оның iшiнде тиiстi Уағдаласушы Тараптың заңдары мен нормаларына сәйкес құрылған жағдайда корпорациялар ретiнде тiркелетiн және iс жүзiнде осы Уағдаласушы Тарап аумағынан басқарылатын компаниялар, ассоциациялар, сауда кооперативтiк объектiлерi мен басқа да ұйымдар.
      2. "Инвестиция" терминi инвестицияларды қабылдаушы елдiң заңына сәйкес сатып алынған ықтимал товарлар мен құқықтар сияқты активтердiң кез келген түрi дегендi бiлдiредi, атап айтқанда;
      - акциялар мен компанияларға қатысудың басқа да нысандары;
      - экономикалық құндылықтарды жасау мақсатында жүзеге асырылатын, осы мақсат үшiн берiлетiн, не капиталға айналған, не капиталға айналмаған әрбiр заемды қоса алғанда, салымдардың барлық түрлерiнен пайда болатын құқықтар;
      - қозғалатын және қозғалмайтын мүлiк, сондай-ақ ипотека, мүлiктi қарыз немесе кепiл үшiн ұстап қалу құқығы сияқты кез келген басқа құқықтар;
      - патенттер мен сауда белгiлерiн, сондай-ақ өндiрiстiк лицензиялар мен ноу-хауды қоса алғанда, интеллектiлiк меншiк саласындағы кез келген құқықтар;
      - заңға немесе контрактiге сәйкес рұқсат етiлген экономикалық және коммерциялық қызметпен шұғылдану құқығы, атап айтқанда, табиғи ресурстарды барлау, жобалау, өндiру және пайдалану құқығы, бiрақ бұлармен шектелiп қалмайды.
      3. "Кiрiс" терминiнiң жоғарыда мазмұндалған анықтамаға сәйкес инвестициялардан алынатын кiрiске қатысы бар және, атап айтқанда, пайданы, дивидендтер мен проценттердi қамтиды.
      4. "Аумақ" терминi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысының құрлық жерiнiң аумағы мен аумақтық сулары, Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысының аумақтық шекарасынан әрi созылып жатқан айрықша экономикалық аймақ пен құрлықтық шельф дегендi бiлдiредi, халықаралық құқыққа сәйкес табиғи ресурстарды пайдалану, барлау және сақтау мақсатында олардың юрисдикциясы мен егемендiк құқықтары болады немесе болуы мүмкiн.

             2-бап. Жәрдемдесу және қабылдау
      1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап өз аумағында екiншi Уағдаласушы Тараптың инвесторлары арқылы жүзеге асырылатын инвестицияларына мүмкiндiгiнше жәрдемдесуге және оны инвестицияларды өз заңдары мен нормаларына сәйкес қабылдауға тиiс.
      2. Осы Шарт екiншi уағдаласушы Тараптың аумағында оның құқықтық талаптарына сәйкес бiр Уағдаласушы Тараптың инвесторлары арқылы күшiне енгенге дейiн салынған инвестицияларға да қолданылады.

             3-бап. Қорғау
      1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап өз аумағында өз заңдары мен нормаларына сәйкес екiншi Уағдаласушы Тараптың инвесторлары арқылы салынатын инвестицияларды қорғайды және басқаруды, дамытуды, қолдауды, пайдалануды, игерудi, ұлғайтуды, сатуды дәлелсiз және кемсiтушiлiк шаралармен нашарлатуға және, егер бұл орын алып отырған болса, мұндай инвестицияларды жоюға тиiс емес.
      2. Әрбiр Уағдаласушы Тарап осы инвестицияларға қатысы бар қажеттi рұқсатты беруге тиiс және өз заңдарының шегiнде өндiрiстiк лицензияларға, техникалық, коммерциялық, қаржылық және әкiмшiлiк көмекке байланысты жұмыстар мен контрактiлерге рұқсат берiлуiн шешуге тиiс.
      3. Әрбiр Уағдаласушы Тарап сондай-ақ қажет болған жағдайда екiншi Уағдаласушы Тараптың инвесторлары жалдаған консультанттардың немесе сарапшылардың қызметiне байланысты талап етiлетiн рұқсатты бередi.

             4-бап. Режим
      1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап өз аумағында екiншi Уағдаласушы Тараптың инвесторлары салған инвестициялар үшiн әдiл және тең құқықты режим жасауға кепiлдiк бередi.
      2. Бұл режим әрбiр Уағдаласушы Тараптың аумағындағы үшiншi елдiң инвесторлары салған инвестицияларға жасалатын қолайлы режимнен кем болмауға тиiс.
      3. Алайда бұл режим бiр Уағдаласушы Тараптың үшiншi елдiң инвесторларына оның мүшелiк дәрежесiне немесе кез келген бұрыннан бар немесе болашақ еркiн сауда аймағына, кедендiк одаққа, жалпы рынокқа немесе кез келген Уағдаласушы Тарап болып табылатын немесе бола алатын осындай халықаралық келiсiмге байланысты берiлуi мүмкiн артықшылықтарға қолданылмауға тиiс.
      4. Осы бапқа сәйкес берiлетiн режим салықтық жеңiлдiктерге және салықты төлеуден босатуға немесе кез келген Уағдаласушы Тарап қос салықты жою туралы келiсiмге немесе салық туралы кез келген басқа келiсiмге байланысты үшiншi елдiң инвесторларына беретiн басқа да осындай артықшылықтарға қолданылмайды.
      5. Осы Баптың 2-тармағындағы ережелерге қосымша ретiнде әрбiр Уағдаласушы Тарап өзiнiң заңдарына сәйкес басқа Уағдаласушы Тарап инвесторлары жөнiнде өзiнiң төл инвесторларына жасалатын қолайлы режимнен кем емес режимдi қолдануға тиiс.

             5-бап. Национализация және экспроприация
      1. Национализация, экспроприация немесе бiр Уағдаласушы Тараптың өкiмет орындары аз аумағында екiншi Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларына қарсы қолдануы мүмкiн басқа да кез келген шара немесе iс-қимыл заңға сәйкес тек қана мемлекеттiк мүдделер үшiн қолданылуға тиiс және ешбiр жағдайда да кемсiтушiлiк сипатта болмауы керек. Осындай шараларды қабылдаған Уағдаласушы Тарап инвесторға немесе оның құқықтық мұрагерiне өтiмдi және еркiн аударылатын валютамен кешiктiрмей тиiстi өтемақыны төлеуге тиiс.
      2. Төлемақы национализациялау немесе экспроприациялау туралы шешiм хабарланған және (немесе) жарияланған кезге дейiн мөлшерi анықталуға тиiс нарықтық құнға тең болуы керек.

             6-бап. Шығындарды өтеу
      Соғыстың, өзге де қарулы қақтығыстардың, төтенше жағдайлардың, көтерiлiстердiң, тәртiпсiздiктердiң немесе басқа да осындай жағдаяттардың салдарынан екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында инвестицияларына немесе кiрiстерiне зиян келтiрiлген Уағдаласушы Тараптың инвесторларына, реквизициялық шаралардың нәтижесiнде туындаған шығындарды қоса алғанда, қайтарым, өтем немесе басқа да реттеу жөнiнде соңғы Уағдаласушы Тарап кез келген үшiншi мемлекеттiң инвесторларына беретiн қолайлы режимнен кем емес режим жасалуға тиiс. Осы Бапқа сәйкес жүзеге асырылатын кез келген төлем кiдiртiлмейтiн, жеткiлiктi, тиiмдi және еркiн аударылатын болуға тиiс.

             7-бап. Аударым
      1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап өз аумағында салынған инвестициялар жөнiнде екiншi Уағдаласушы Тараптың инвесторларына осы инвестициялардан және оларға байланысты басқа төлемдерден алынған кiрiстердiң еркiн аударылуын қамтамасыз етедi, атап айтқанда:
      - 1-Бапта анықталғандай, инвестициялардан алынған табыс;
      - 5 және 6-Баптарға сәйкес қарастырылған өтемдер;
      - инвестицияларды толық немесе iшiнара сатудан немесе таратудан алынған түсiмдер;
      - қарызды өтеу жөнiндегi қорлар;
      - шикiзаттық немесе қосымша материалдарды, жартылай дайын немесе дайын өнiмдердi сатып алуға, сондай-ақ негiзгi капиталдың орнын толтыруға арналған қорлар сияқты инвестицияларды қолдау немесе дамыту төлемдерi;
      - екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында инвестициялар жөнiнде тиiстi жұмыс рұқсатын алған бiр Уағдаласушы Тараптың азаматтары алатын окладтар, жалақы мен басқа да өтемдер, бiрақ тек осылармен ғана шектелмейдi.
      2. Инвестицияларды қабылдаған Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тараптың инвесторына немесе өзi инвестицияларын салған компанияға аударымды осы бапқа сәйкес жүзеге асыру үшiн инвестор қажеттi шетел валютасын сатып алатындай, кемсiтпеушiлiк негiзде валюта рыногына кiруiне рұқсат етуге тиiс.
      3. Осы Шартқа сәйкес iске асырылатын аударымдар еркiн өтiмдi валютамен инвестицияларды қабылдаушы Тараптың салық жөнiндегi заңдарына сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
      4. Уағдаласушы Тараптар халықаралық қаржы орталықтарының практикасына сәйкес осы аударымдарды тым көп кешiктiрмей жүзеге асыру үшiн қажеттi процедураларға ықпал етуге мiндеттенедi. Атап айтқанда инвестор аударымды жүзеге асыру үшiн тиiстi тәртiппен қажеттi өтiнiш жасаған күннен бастап аударым iс жүзiнде аударылған күнге дейiн айдан аспайтын уақыт өтуге тиiс. Демек, Уағдаласушы Тараптардың екеуi де шетел валютасын сатып алу үшiн, сондай-ақ осы уақыт iшiнде оны шетелге тиiмдi аудару үшiн талап етiлетiн iстiң ресми жақтарын орындауға мiндеттенедi.
      5. Уағдаласушы Тараптар осы Бапта сiлтеме жасалған аударымдарға үшiншi мемлекеттiң инвесторлары салған инвестициялардың нәтижесiнде алынған аударымдарға берiлетiн қолайлы режимнен кем емес режимдi жасауға келiседi.

             8-бап. Неғұрлым қолайлы жағдайлар
      Уағдаласушы Тараптардың бiрi екiншi Уағдаласушы Тараптың инвесторларымен уағдаласқан осы Шарттың талаптарымен салыстырғандағыдан неғұрлым қолайлы жағдайлар осы Шартта қарастырылуға тиiс емес.

             9-бап. Суброгация
      Егер Уағдаласушы Тараптардың бiреуi екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында өзiнiң инвесторлары салған инвестициялар жөнiнде коммерциялық тәуекел негiзiнде қаржы кепiлдiгiн берген болса, соңғы Тарап алғашқы Уағдаласушы Тараптың инвестордың экономикалық құқықтары жөнiндегi суброгациясын алғашқы Уағдаласушы Тарап берiлген кепiл үшiн есептелген бiрiншi төлемдi жүзеге асырған сәттен бастап қабылдауға тиiс. Бұл суброгация алғашқы Уағдаласушы Тарапқа барлық төлемдердiң тiкелей мұрагерi болуға мүмкiндiк бередi, ал бұл төлемдердi өтеу үшiн бастапқы инвестор несие берушi бола алады.
      Мүлiктiк құқықтар, пайдалану, иелену немесе кез келген басқа мүлiктiк құқық жөнiндегi суброгация тек инвестицияларды қабылдаған Уағдаласушы Тараптың құқықтық талаптарына сәйкес орындалғаннан кейiн ғана орын алуға тиiс.

             10-бап. Уағдаласушы тараптар арасындағы дауларды
                     шешу
      1. Осы Шартты түсiндiру немесе қолдану жөнiнде Уағдаласушы Тараптар арасындағы кез келген дауды мүмкiндiгiнше екi Уағдаласушы Тараптың үкiметтерi шешедi.
      2. Дауды осындай жолмен шешу мүмкiн болмаған жағдайда ол келiссөз басталғаннан бергi алты айдың iшiнде Уағдаласушы Тараптардың кез келгенiнiң өтiнiшi бойынша Төрелiк сотқа берiледi.
      3. Төрелiк сот мына төмендегiдей түрде құрылуға тиiс:
      - әрбiр Уағдаласушы Тарап төрешi тағайындайды және екi төрешi Төраға ретiнде үшiншi Тараптың азаматын таңдауға тиiс. Төрешiлер үш айдың iшiнде, ал Төраға Уағдаласушы Тараптардың бiрi дауды Төрелiк сотқа беру туралы ниетiн екiншi Уағдаласушы Тарапқа хабарлаған күннен бастап бес айдың iшiнде тағайындалуға тиiс.
      4. Егер екi Уағдаласушы Тараптың бiрi белгiленген соңғы мерзiмге дейiн өз төрешiсiн тағайындамаса, екiншi Уағдаласушы Тарап Халықаралық соттың Төрағасынан осы тағайындауды iске асыруды талап ете алады. Егер екi төрешi белгiленген соңғы мерзiмге дейiн үшiншi төрешiнi тағайындау туралы келiсiмге келе алмаса, Уағдаласушы Тараптардың кез келгенi Халықаралық соттың Төрағасына тиiстi тағайындауды iске асыру жөнiнде өтiнiш жасай алады.
      5. Егер осы Баптың 4-тармағында қарастырылған жағдай бойынша Халықаралық соттың Төрағасына аталған мiндеттi орындауға әлдебiр себептер кедергi келтiрсе немесе ол Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң азаматы болса, Төрағаның орынбасарына осы қажеттi тағайындауды iске асыру жөнiнде ұсыныс жасалуға тиiс. Егер Төрағаның орынбасарына аталған мiндеттi орындауға әлдебiр себептер кедергi келтiрсе немесе ол Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң азаматы болса, қажеттi тағайындауды жүзеге асыру Уағдаласушы Тараптардың азаматы емес және Халықаралық соттың шенi жөнiнен ең үлкен мүшесiне ұсынылады.
      6. Төрелiк сот өз шешiмiн заңға, осы Шартта немесе Уағдаласушы Тараптар арасындағы қолданылып жүрген басқа келiсiмдерде мазмұндалған ережелерге, сондай-ақ халықаралық құқықтардың жалпы жұрт таныған принциптерiне құрметпен қарау негiзiнде шығарады.
      7. Егер Уағдаласушы Тараптар басқаша шешпесе, сот өзiнiң жеке процедурасын белгiлейдi.
      8. Төрелiк сот өз шешiмiн көпшiлiк дауыспен қабылдайды және бұл шешiм екi Уағдаласушы Тарап үшiн де түпкiлiктi ерi мiндеттi болып табылады.
      9. Әрбiр Уағдаласушы Тарап өзi тағайындайтын төрешi үшiн кеткен шығындарды және оның төрелiк талдаудағы қызметiне байланысты шығындарды көтеруге тиiс. Басқа шығындарды, Төраға шығындарын қоса алғанда, екi Уағдаласушы тарап тең үлеспен өтеуге тиiс.

             11-бап. Бiр тарап пен екiншi Уағдаласушы Тараптың
                     инвесторлары арасындағы даулар
      1. Уағдаласушы Тараптардың бiрi мен екiншi Уағдаласушы Тараптың инвесторлары арасындағы осы Шартта көрсетiлген инвестициялар жөнiнде пайда болуы мүмкiн даулар туралы инвесторға егжей-тегжейлi баяндалып, жазбаша түрде хабарлануға тиiс. Мүдделi жақтар алшақтықтарды мүмкiндiгiнше достық келiсiм жолымен шешуге ұмтылуға тиiс.
      2. Егер бұл даулар, 1-тармақта көрсетiлгендей, жазбаша хабарланған күннен бастап алты айдың iшiнде осындай жолмен шешiлмесе, дау инвестордың қалауы бойынша мыналарға берiлуi мүмкiн:
      - өзiнiң аумағында инвестициялар салынған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi сотына;
      - Халықаралық сауда құқығы бойынша БҰҰ Комиссиясы Төрелiгi процедурасының ережелерiне сәйкес құрылған арнаулы төрелiк сотқа;
      - 1965 жылы 18 наурызда Вашингтонда қол қою үшiн ашылған "Мемлекеттер мен басқа мемлекет азаматтары арасындағы инвестициялық дауларды шешу жөнiндегi Конвенция" құрған инвестициялық дауларды шешу жөнiндегi Халықаралық орталыққа, егер Уағдаласушы Тараптардың екеуi де осы Конвенцияға қатысушы болған жағдайда;
      - Париж халықаралық сауда палатасының Төрелiк сотына.
      3. Төрелiк:
      - осы Шарттың және Уағдаласушы Тараптар арасында қолданылып жүрген басқа да келiсiмдердiң ережелерiне;
      - халықаралық құқықтың ережелерi мен жалпы жұрт қабылдаған принциптерiне;
      - өзiнiң аумағында инвестициялар салынған Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңдарына, құқықтық нормалардың коллизиясына қатысы бар ережелердi қоса алғанда, негiзделуге тиiс.
      4. Төрелiктiң шешiмi даудағы екi жақ үшiн де түпкiлiктi әрi мiндеттi болып табылады. Әрбiр Уағдаласушы Тарап шешiмдi өзiнiң ұлттық заңына сәйкес орындауға мiндеттенедi.

             12-бап. Шарттың күшiне енуi, ұзартылуы және
                     қолданыста болуын тоқтату
      1. Осы Шарт өзiнiң күшiне енуi үшiн талап етiлетiн тиiстi конституциялық процедуралардың орындалғандығы туралы хабарлар алмасылған күнi күшiне енедi. Ол он жыл бойы күшiнде қалады және келесi екi жылдық кезеңдерге үнсiз келiсу жолымен жалғастырылады.
      Әрбiр Уағдаласушы Тарап осы Шартты оның қолданылу мерзiмi

бiткенге дейiн алты айдың iшiнде алдын ала жазбаша түрде хабарлау
арқылы бұза алады.
     2. Осы Шарттың қолданыста болуы тоқтатылған күнге дейiн 
салынатын немесе сатып алынатын және егер осы Шарт күшiнде қалған
жағдайда қолданылатын инвестициялар жөнiнде осы Шарттың барлық
басқа баптарындағы ережелер тоқтату күнiнен бастап кейiнгi он жыл 
бойы қолданыла бередi.
     1994 жылы 23 наурызда Мадрид қаласында қазақ, испан және орыс
тiлдерiнде екi дана болып жасалады, сонымен бiрге барлық текстердiң
күшi бiрдей.
     
     Қазақстан Республикасы              Испания Корольдiгi
            үшiн                             үшiн
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады