Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Дiн iсi жөнiндегi кеңес туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 15 ақпан N 484. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.05.23. N 878 қаулысымен. ~P970878

      Мемлекеттiк басқару органдарының дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасауы мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанынан Дiн iсi жөнiндегi кеңес құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Дiн iсi жөнiндегi кеңеске мемлекеттiк басқару органдарының республикадағы және одан тысқары жерлердегi түрлi бағыттағы дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасау жөнiндегi жұмыстарын үйлестiру қызметi жүктелсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Дiн iсi жөнiндегi кеңесi аппаратының құрамы бес адам болып белгiленсiн және еңбекақы төлеу жағдайы мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету жағдайы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Аппаратының бөлiмiмен теңестiрiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан

Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Дiн iсi жөнiндегi
кеңесi аппаратын қаржыландыру мәселелерiн шешсiн.
     5. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Аппаратының
Басшысы Аппарат құрылымы мен штатын өзгерту жөнiндегi тиiстi
ұсыныстар енгiзсiн.
     Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы 
Дiн iсi жөнiндегi кеңес қызметкерлерiн орналастыру қамтамасыз
етiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады