"Достық" мейманханасы" акционерлiк қоғамының қызметiн реформалау жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1885

      "Достық" мейманханасы" акционерлiк қоғамының қызметiн реформалау, шет елдерден инвестициялардың түсуiн қамтамасыз ету, әлемдiк стандарттар деңгейiнде клиенттерге қызмет көрсету мен басқаруды ұйымдастыру, сондай-ақ республикалық бюджетке қаржы түсiмдерiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының "Достық" мейманханасы" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiнiң 55 процентiн "К.Y.S. Лимитед" (Лихтенштейн) компаниясына сату туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi комитетi "Достық" мейманханасы" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiнiң 55 процентiн, соның iшiнде 1996 жылдың қаңтарында - 20 процентiн, ақпанында - 20 процентiн, наурызында - 15 процентiн "К.Y.S. Лимитед" компаниясына сатуды жүзеге асырсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады