Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 14 ақпандағы N 201 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 22 ақпандағы N 231

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасының мұнайгаз саласына шетел инвестицияларын тарту туралы" Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 1996 жылғы 14 ақпандағы N 201 P960201_ қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1-тармақтың бiрiншi абзацы "Экксон Сентрал Эйше Лимитед" фирмасымен келiссөз жүргiзу және Негiзгi принциптер туралы келiсiмге /НПК/ және басқа құжаттарға қол қою" сөздерiнен кейiн "сондай-ақ НПК және барлық басқа да келiсiмдер мен соған iлеспе құжаттарды келiсуге және орындауға байланысты тиiстi консультанттарды тарту" сөздерiмен толықтырылсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады