Бюджеттiк қарыздар бойынша есептеме жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 8 шiлде N 856

      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi қылмыстық-атқару жүйелерi мекемелерiнiң тұтынылған электр энергиясы үшiн пайда болған берешегiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджет пен республикалық бюджетке салық төлемдерi бойынша жалпы сомасы 18825 мың (он сегiз миллион сегiз жүз жиырма бес мың) теңге берешегi бар "электромонтаж" акционерлiк қоғамының ведомстволық бағынысындағы ұйымдар арасындағы берешектерiне қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес бiржолғы есептеме жүргiзсiн (1-қосымша).
      Аталған соманы Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiн қаржыландыру есебiне олардың тұтынылған электр энергиясы үшiн энергия комбинаттары алдындағы берешектерiн өтеуге есептелсiн (2-қосымша).
      2. Маңғыстау атом энергиясы комбинаты мен Жамбыл облыстық энергия комбинаты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң энергия комбинаттарына кредиттiк берешектерi сомасын энергия комбинаттарының "Электромонтаж" акционерлiк қоғамына кредиттiк берешегiн өтеу

есебiне есептемеге алсын.
     3. Берешектердi есептеу 1996 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша,
аталған соманы республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде
көрсете отырып жүргiзiледi.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
          орынбасары
                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 8 шiлдедегi
                                         N 856 қаулысына
                                            1-қосымша

       Республикалық бюджетке салық төлемдерi бойынша Қазақстан
       Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қылмыстық-атқару
       жүйесi мекемелерiн қаржыландыру есебiне есептемеге
               алынған берешектерi бар ұйымдардың
                            Тiзбесi 
___________________________________________________________________
Ұйымдардың атаулары, салық                | Есептемеге жатқызылған
   төлемдерiнiң түрлерi                   |   сома, мың теңге
___________________________________________________________________
"Электромонтаж" акционерлiк қоғамының     |
Жамбылдағы монтаждау басқармасы, Жамбыл   |
қаласы, барлығы                           |     1200
         оның iшiнде                      |
заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы   |     1200
                                          |
"Электромонтаж" акционерлiк қоғамының     |
Ақтаудағы мамандандырылған монтаждау      |
басқармасы, Ақтау қаласы,                 |
        барлығы                           |     17625
        оның iшiнде                       |
қосылған құнға салынатын салық заңды      |      6280
тұлғалардан алынатын табыс салығы         |      6680
Экономиканы қайта жаңғырту қоры           |      2055
кәсiпкерлiк қоры                          |        27
                                          |
     Жиынтығы                             |     18825
___________________________________________________________________

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 8 шiлдедегi
                                         N 856 қаулысына
                                            2-қосымша

              "Электромонтаж" акционерлiк қоғамына
          қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң аталған
          ұйымдар алдындағы берешегiн өтеу есептемесiне
                алынған берешегi бар ұйымдардың
                           Тiзбесi
                                                  (мың теңге)
___________________________________________________________________
   Материалдық құндылықтарды  | Есептемеге | Берешектерi бар
   берушi, қызмет көрсетушi   |  жататын   | қылмыстық-атқару
       кәсiпорындар           |  берешек   | жүйесiнiң мекемелерi
                              |            |_______________________
                              |            | ГМ-172/1 | ДЖ-158/1
                              |            | мекемесi | мекемесi
___________________________________________________________________
     Маңғыстау атом энергия   |
     комбинаты, Ақтау қаласы  |   17625        17625

     Жамбыл облыстық энергия  |
     комбинаты, Жамбыл қаласы |   1200                     1200

           Барлығы            |   18825        17625       1200 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады