Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкiнiң техникалық көмек займы қаржыларының қайта бөлiнуi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 25 қыркүйек N 1168. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.07.08. N 1080 қаулысымен. ~P971080

      Қазақстан Республикасына берiлген Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкiнiң техникалық көмек займы қаржысын тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Техникалық көмек займының 38,0 (отыз сегiз) млн. АҚШ доллары мөлшерiндегi қаржыларының бөлiнуi қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет:
      займның сатылуын жалпы үйлестiрудi және тауарлар сатып алуға және қызмет көрсетуге бақылау жасауды Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкiнiң ережелерiне сәйкес жүргiзсiн;
      Займ қаржыларын пайдаланудың есебiн жүргiзсiн және осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкiне есеп берсiн.
      Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкiне займ қаржыларының бөлiнуiндегi өзгерiстер туралы хабарласын.
      3. Қосымша көрсетiлген жауапты ұйымдар:
      Займ қаражаттарына алынған тауарларға есеп жүргiзсiн және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитетке тоқсан сайын есеп тапсырсын;
      консультанттардан ай сайын есеп алып отырсын және жасалған жұмыстың тиiмдiлiгiнiң бағасы көрсетiлген хатпен бiрге оларды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитетке жолдасын.
      4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 қаңтардағы N 17 P940017_ қаулысымен бекiтiлген Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкiнiң техникалық көмек заемы қаржысын қайта бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 13 қазандағы

қаулысы;
     "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 13 қазандағы 
N 1329  

P951329_

  қаулысымен бекiтiлген Халықаралық Қайта жаңарту және Даму
Банкiнiң техникалық көмек займының резервтiк қорын пайдалану туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 қаңтардағы N 92  

P960092_

 
қаулысы.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 25 қыркүйектегi
                                         N 1168 қаулысына
                                            қосымша

             Техникалық көмек займы қаржысын пайдалану
                   бағыттары бойынша бөлу
___________________________________________________________________
     Жауапты ұйымдар     |      Мақсаты                | АҚШ доллары
                         |                             | бойынша құны
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының|Ұйымдар арасындағы төлемдер  |  950 000
Ұлттық Банкi             |жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру|
(қайтарымды негiзде)     |мақсатындағы консультациялық |
                         |қызметтер                    |
____________________________________________________________________
                         |Он iрi банктi қаржылық және  | 2 600 000
                         |операциялық диагностикалық   |
                         |зерделеу үшiн консультациялық|
                         |қызметтер                    |
____________________________________________________________________
                         |Жергiлiктi банк бақылауын    | 1 000 000
                         |ұйымдық жағынан дамыту үшiн  |
                         |кадрлар даярлау және         |
                         |консультациялық қызметтер    |
____________________________________________________________________
                         |Банк заңдарын жасау          |   500 000
                         |мақсатындағы консультациялық |
                         |қызметтер                    |
____________________________________________________________________
                         |Компьютерлер мен жабдықтар   | 5 800 000
                         |сатып алу                    |
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының|Жаппай акционерлендiру және  |   100 000
Мемлекеттiк мүлiктi      |жаппай жекешелендiру         |
басқару жөнiндегi        |бағдарламасын қолдау үшiн    |
мемлекеттiк комитетi     |кадрлар даярлау және         |
                         |консультациялық қызметтер    |
____________________________________________________________________
                         |Жекешелендiру саласында жеке |   400 000
                         |жобалар бойынша              |
                         |консультациялық қызметтер    |
                         |мен кадрлар даярлау          |
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының|Ауыл шаруашылығын            |   500 000
Жекешелендiру жөнiндегi  |жекешелендiру саласындағы    |
мемлекеттiк комитетi     |консультациялық қызметтер    |
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының|Монополияға қарсы күрес және |   500 000
Баға және монополияға    |бәсекенi қолдау саясаты      |
қарсы саясат жөнiндегi   |саласындағы консультациялық  |
мемлекеттiк комитетi     |қызметтер                    |
____________________________________________________________________
                         |Компьютерлер мен жабдықтар   |   100 000
                         |сатып алу                    |
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының|Шетелдiк күрделi қаржыларды  |   325 000
Қаржы министрлiгi        |реттеу және оларға жәрдем    |
жанындағы Шетел капиталын|беру саласындағы             |
пайдалану жөнiндегi      |консультациялық қызметтер    |
комитет                  |                             |
____________________________________________________________________
                         |Қызметкерлердiң оқу          |   170 000
                         |бағдарламаларына,семинарларға|
                         |конференцияларға және        |
                         |мәжiлiстерге қатысуы         |
____________________________________________________________________
                         |Шетел баспасөзiнде ақпараттық|   300 000
                         |және жарнамалық материалдар  |
                         |жариялау                     |
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының|Тау кен өнеркәсiбi мен       |   20 000
Геология және жер        |металлургияның жеке меншiк   |
қойнауын қорғау          |секторын дамытуға жәрдем беру|
министрлiгi              |үшiн консультациялық қызметтер
____________________________________________________________________
                         |Компьютерлер мен жабдықтар алу   200 000
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының|Сыртқы заемдар мен борыштарды| 1 000 000
Қаржы министрлiгi        |есепке алуды жетiлдiру       |
                         |мәселелерi бойынша           |
                         |консультациялық қызметтер    |
                         |және кадрлар даярлау         |
____________________________________________________________________
                         |Компьютерлер мен жабдықтар   | 1 100 000
                         |сатып алу                    |
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының|Халықты жұмыспен қамтамасыз  |   85 500
Еңбек министрлiгi       |ету саласындағы              |
                         |консультациялық қызметтер    |
                         |мен кадрлар даярлау          |
____________________________________________________________________
                         |Компьютерлер мен жабдықтар   |  160 000
                         |сатып алу                    |
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының|Әлеуметтiк қамтамасыз ету    |   440 000
Халықты әлеуметтiк       |қызметi үшiн консультациялық |
қорғау министрлiгi       |қызметтер                    |
____________________________________________________________________
                         |Компьютерлер мен жабдықтар   |   160 000
                         |сатып алу                    |
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының|Кедейлiкке және халықтың     |   700 000
Статистика және талдау   |табыс табуын қолдау жөнiндегi|
жөнiндегi мемлекеттiк    |бағдарламаны жүзеге асыруға  |
комитетi                 |бақылауды жақсарту үшiн      |
                         |консультациялық қызметтер    |
____________________________________________________________________
                         |Компьютерлер мен жабдықтар   |   250 000
                         |сатып алу                    |
-------------------------|-------------------------------------------
                         |Ақпараттық-техникалық кешендi|   2 250 000
                         |құру үшiн жабдықтар сатып алу|
--------------------------------------------------------------------- 
Қазақстан Республикасының|Денсаулық сақтау жүйесiн     |   575 000
Денсаулық сақтау         |реформалау мақсатында        |
министрлiгi              |консультациялық қызметтер    |
____________________________________________________________________
                         |Компьютерлер мен жабдықтар   |   25 000
                         |сатып алу                    |
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының|Мемлекеттiк сектор           | 1 100 000
Экономика министрлiгi    |басшылығының кәсiби даярлығы |
____________________________________________________________________
                         |Кәсiпорындар әкiмшiлiктерiнiң| 1 100 000
                         |кәсiби даярлығы              |
____________________________________________________________________
                         |Компьютерлер мен жабдықтар   |   500 000
                         |сатып алу                    |
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының|Қолданылып жүрген заңдарды   | 2 250 000
Әдiлет министрлiгi       |реформалау мақсатында        |
                         |консультациялық қызметтер    |
                         |және кадрлар даярлау         |
____________________________________________________________________
                         |Компьютерлер мен жабдықтар   |   200 000
                         |сатып алу                    |
____________________________________________________________________
                         |Жергiлiктi консультанттардың |   200 000
                         |қызметтерi                   |
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының|Қоршаған ортаны қорғау       | 1 475 000
Экология және            |мәселелерi бойынша           |
биоресурстар министрлiгi |консультациялық қызметтер    |
____________________________________________________________________
                         |Компьютерлер мен жабдықтар   |   140 000
                         |сатып алу                    |
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының|Ұйымдық даму үшiн            |   150 000
Мемлекеттiк медетшi банкi|консультациялық қызметтер    |
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының|Банктi компьютерлендiру      |   500 000
Мемлекеттiк              |жоспарын жүзеге асыру үшiн   |
Экспорт-импорт банкi     |компьютерлер, жабдықтар,     |
(қайтарымды негiзде)     |бағдарламалық құралдар мен   |
                         |консалтингтiк қызметтер      |
                         |сатып алу                    |
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының|Халықаралық Қайта жаңарту    | 1 900 000
Қаржы министрлiгi        |және Даму банкi (ХҚДБ)       |
жанындағы Шетел капиталын|ережелерiне сәйкес сатып алу |
пайдалану жөнiндегi      |мәселелерi жөнiнде           |
комитет                  |консультациялық қызметтер    |
                         |және кадрлар даярлау         |
____________________________________________________________________
                         |ХҚДБ ережелерiне сәйкес      |   850 000
                         |төлемдер мәселелерi жөнiнде  |
                         |консультациялық қызметтер    |
                         |және кадрлар даярлау         |
____________________________________________________________________
                         |Жаңа жобаларды әзiрлеуге және|   145 000
                         |жүзеге асыруға байланысты    |
                         |шығыстар                     |
____________________________________________________________________
                         |Жобаларды жүзеге асыруға     |    75 000
                         |жауапты қызметкерлердiң оқу  |
                         |бағдарламаларына,семинарларға,
                         |конференцияларға және        |
                         |мәжiлiстерге қатысуы         |
____________________________________________________________________
                         |Компьютерлер мен жабдықтар   |   165 000
                         |сатып алу                    |
____________________________________________________________________
                         |Жобаларды жүзеге асыруға     |   150 000
                         |байланысты жергiлiктi шығыстар
____________________________________________________________________
                         |Жобалар бойынша есепшоттарды |   100 000
                         |тексеруге байланысты шығыстар|
____________________________________________________________________
                         |Сатып алу туралы заңды       |   30 000
                         |әзiрлеуге байланысты шығыстар|
____________________________________________________________________
                         |Техникалық көмектiң          |   50 000
                         |тиiмдiлiгiн бағалау          |
____________________________________________________________________
                         |Жергiлiктi консультанттардың |   400 000
                         |жұмысына байланысты шығыстар |
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы   |Компьютерлер мен жабдықтар   |   500 000
Президентiнiң Аппараты   |сатып алу                    |
____________________________________________________________________
                         |Ақпараттық бюллетеньдер     |   150 000
                         |шығару                       |
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы   |Компьютерлер мен жабдықтар   |   600 000
Үкiметiнiң Аппараты      |сатып алу                    |
____________________________________________________________________
                         |Ақпараттық бюллетеньдер шығару   150 000
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы   |Компьютерлер мен жабдықтар   | 3 000 000
Қаржы министрлiгiнiң     |сатып алу                    |
Қазынашылығы             |                             |
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының|Компьютерлер мен жабдықтар   |   100 000
Құнды қағаздар жөнiндегi |сатып алу                    |
ұлттық комиссиясы        |                             |
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының|Компьютерлер мен жабдықтар   |   618 000
медициналық сақтандыру   |сатып алу                    |
қоры                     |                             |
____________________________________________________________________
Аттестациялық комитет    |Компьютерлер мен жабдықтар   |   41 000
                         |сатып алу                    |
____________________________________________________________________
Резервтiк қор            |                             |   650 000
____________________________________________________________________

                                    Барлығы:             38 000 000
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады