Жергiлiктi бюджеттердегi мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының құқықтарын кеңейту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 27 қыркүйек N 1185

      Жергiлiктi бюджеттер есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының құқықтарын кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне, мемлекеттiк Бюджеттiк банкiне жергiлiктi бюджеттердегi және заңды тұлға болып табылатын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарына олардың орналасқан жерлерi бойынша үстiмiздегi жылдың 1 қазанына дейiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң немесе мемлекеттiк Бюджеттiк банкiнiң бөлiмшелерiнде дербес ағымдағы бюджеттiк шот ашу ұсынылсын.
      2. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын тiкелей бiлiм беру ұйымдарының банкiлiк шоттарындағы жергiлiктi бюджеттер қаражаттарынан қаржыландыруды жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, облыстардың

және Алматы қаласының әкiмдерi бюджеттiк қаражаттардың бiлiм беру
ұйымдарының шоттарына түсуiн және оның мақсатты пайдалануын
бақылауды қамтамасыз етсiн.
     4. Ұйымдарда есеп жүргiзу олардың бар адамдарының шегiнде
жүргiзудi талап етедi.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады