Қазақстан Республикасының темiр жолын қайта ұйымдастыру және оны қаржылық-экономикалық сауықтыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 21 қараша N 1417

      Республика темiр жолының қаржылық-экономикалық жағдайы соңғы кездерi елеулi түрде нашарлап кеттi.
      1996 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша темiр жолдың дебиторлық берешегi 24,3 млрд теңге болды, кредиторлық берешегi 40,0 млрд теңгеден асып кеттi, оның iшiнде бюджетке - 4,5 млрд теңге жалақы бойынша - 3,3 млрд теңге.
      Жолдарда инвестициялық қызмет iс жүзiнде тоқтап қалды, вагондар мен локомотив паркi ескiрдi, олардың 60 процентi әбден тозды, жолдардың жоғарғы құрылымының 5,5 мың шақ. жөндеуаралық мерзiмiнен артық пайдаланылуда, жылжымалы составтардың пайдаланудың пайдалану көрсеткiштерi нашарлауда, еңбек өнiмдiлiгi төмендеп, тасымалдаудың өзiндiк құны өсе түсуде.
      Жолдар арасындағы өзара дебиторлық-кредиторлық берешек 5,0 млрд. теңгеден асты.
      Қозғалысты басқарудың, вагондар легiн жоспарлаудың бiрыңғай орталығы мен тасымал үшiн төлеудiң есептеу орталығының болмауы жылжымалы составты пайдалануды елеулi түрде нашарлатады, жүк тасымалының ұтымсыздығына әкеп соқтырады.
      1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы жекешелендiру мен мемлекеттiк меншiктi қайта құрылымдау бағдарламасын орындау, сондай-ақ Алматы, Батыс Қазақстан және Тың темiр жолын қаржылық-экономикалық сауықтыру мен дағдарыстан шығару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Қазақстан Республикасының Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiгi "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес:
      Алматы, Батыс Қазақстан және Тың темiр жолдары басқармалары мемлекеттiк кәсiпорындарында қайта ұйымдастыру процедураларын жүзеге асыру жөнiндегi шараларды әзiрлесiн;
      аталған мемлекеттiк кәсiпорындарда сыртқы басқару орнату жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын;
      сенiмдi басқарушының кандидатурасы ретiнде Е.Ж. Қалиев ұсынылсын;
      "Қазкоммерцбанк" ашық акционерлiк қоғамымен Алматы, Батыс Қазақстан және Тың темiр жолдары басқармаларының қаражатты пайдалануына қаржылық бақылауды жүзеге асыруға агенттiк келiсiм жасасын;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен, Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен бiрлесiп "Қазкоммерцбанк" ашық акционерлiк қоғамын тарта отырып, Алматы, Батыс Қазақстан және Тың темiр жолдары басқармалары мемлекеттiк кәсiпорындарының қаржылық жағдайларына аудиторлық тексеру жүргiзудi ұйымдастырсын және оның қорытындысы бойынша жоғарыда аталған мемлекеттiк кәсiпорындардың кредиторлық және дебиторлық берешектерiн қайта құрылымдау,

өндiрiстiк инфрақұрылымдарын оңтайландыру және төлем қабiлеттiлiгiн
қалпына келтiру жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс
енгiзсiн.
     2.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ күшiн жойған - ҚРҮ-нiң 1997.01.31. N 129
              қаулысымен.  

P970129_

 
     3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.Т. Дүйсеновке
жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы 21 қарашадағы
                                          N 1417 қаулысына
                                               қосымша

            Қазақстан Республикасының темiр жолын қайта ұйымдастыру
            және қаржылық-экономикалық сауықтыру жөнiндегi үкiметтiк
                                комиссияның
                                  ҚҰРАМЫ 
     
     Лавриненко Ю.И.    - Қазақстан Республикасы Көлiк және
                          коммуникациялар министрi, комиссия төрағасы

                      Комиссия мүшелерi:
     Кетебаев М.К.      - Қазақстан Республикасы Экономика
                          министрiнiң орынбасары

     Менжулин Б.И.      - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
                          орынбасары

     Молоканов А.А.     - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                          мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
                          комитетi төрағасының орынбасары -
                          Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                          мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
                          комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта
                          ұйымдастыру жөнiндегi агенттiктiң директоры

     Фельд Е.Д.         - "Қазкоммерцбанк" ААҚ Басқарма төрағасының
                          орынбасары (келiсiм бойынша)

     Каплан Т.Л.        - Қазақстан Республикасы Көлiк және
                          коммуникациялар министрлiгi экономикалық
                          басқармасының бастығы

     Шубин Б.Е.         - Қазақстан Республикасының Темiр-жолшылар
                          мен көлiк Құрылысшылары кәсiподақтары
                          орталық Кеңесiнiң төрағасы (келiсiм бойынша) 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады