Қырғыз Республикасына iзгiлiк көмегiн көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 24 шiлдедегi N 689

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң табиғи зiлзаланың нәтижесiнде зардап шеккен Қырғыз Республикасының халқына 100 киiз үй жиынтығы мен 1-сортты 120 тонна (екi темiр жол вагоны) ұн түрiнде iзгiлiк көмегiн көрсету туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды қоса алғандағы, төтенше жағдайлар мен шараларды қаржыландыруға арналған резервтiк қорынан 6 (алты) млн. 580 (бес жүз сексен) мың теңге, оның iшiнде:
      Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне - мемлекеттiк резервтен 100 жиынтық алты қанатты киiз үй шығару жөнiндегi шығыстарды өтеуге 3 млн. 380 мың теңге және ұнды сатып алуға және тиеуге байланысты шығыстарды өтеуге 3 млн. теңге;
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне - iзгiлiк жүгiн тасымалдауға байланысты шығыстарды өтеуге 200 мың теңге бөлiнсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi iзгiлiк көмегi тиелген вагондарды Тараз қаласынан Қырғыз Республикасының Ош қаласына жедел жеткiзудi қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi iзгiлiк

 

көмегiн Қырғыз Республикасының аумағында қарсы алуды және оны арналуы

бойынша берудi ұйымдастырсын.

     5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген

қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн

және жоғарыда көрсетiлген мақсатқа арналған қосымша шығыстар пайда

болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметiне тиiстi ұсыныс

енгiзсiн.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады