"Алматықалагаз" газ шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынын жекешелендіру және "Жамбылгаз" және "Оңтүстікгаз" акционерлік қоғамдары акцияларының пакеттерін сату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 28 шілдедегі N 710

 

      Қазақстан Республикасының оңтүстік аймағында газбен жабдықтауды және "1998 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Z970201_ Заңының және 6-баптарына сәйкес мемлекеттік бюджетке ақша қаражатының түсуін тұрақтандыру мақсатында, газ берудің кепілдігін және газ бөлу жүйелерін техникалық жағынан қайта жарақтандыруды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Алматы қаласы әкімінің "Алматықалагаз" газ шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының мүліктік кешенін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне беру туралы ұсынысына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен бірлесіп:
      1) "Жамбылгаз" және "Оңтүстікгаз" акционерлік қоғамдары акцияларының мемлекеттік пакеттерін, "Алматықалагаз" газ шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мүліктік кешенін, сондай-ақ жоғары, орта және төмен қысымдағы газ бөлу жүйелерін және тиісті облыстар және Алматы қаласы

 

бойынша солардағы ғимараттарды сату жөнінде аукцион ұйымдастырсын және

өткізсін;

     2) апталық мерзімде аукцион өткізу жөніндегі жұмыс комиссиясын құрсын

және оның құрамын бекітсін.

     3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады