Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың кейбір мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 ақпандағы N 134 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Арнайы полиция" (шаруашылық жүргізу құқығында) және "Ақпараттық-өндірістік орталық" (шаруашылық жүргізу құқығында) республикалық мемлекеттік кәсіпорындары құрылсын.
      1-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметінің негізгі мәні:
      1) Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін дайындау;
      2) құжаттарды дайындау жүйесінің ықпалдастырылған деректер банкін жинақтау және жүргізу;
      3) көші-қон процестерін есепке алу бойынша жұмыстарды автоматтандыру;
      4) ішкі істер органдары үшін бағдарламалық-техникалық өнімдерді (компьютерлік бағдарламаларды, жабдықтарды, байланыс құралдарын, ақпараттық жүйелерді) әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу жөніндегі қызмет болып табылады.
      Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.08.2013 № 759 қаулысымен.
      2. Мыналар:
      1) "Сақшы-На страже" апталық республикалық газеттерінің біріккен редакциясы" мекемесі;
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік күзет қызметі департаменті шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;
      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Қазақстан санаторийі" мемлекеттік мекемесі (Алматы қаласы);
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Арман" санаторийі" мекемесі (Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Көктерек поселкесі);
      "Жеке батыр" санаторийі" мекесі (Солтүстік Қазақстан облысы Шучье ауданының Шучье қаласы) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі осы қаулыға сәйкес құрылатын және қайта ұйымдастырылатын кәсіпорындарға (бұдан әрі – кәсіпорындар) қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып белгіленсін.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.08.2013 № 759 қаулысымен.
      4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" заң күші бар Жарлығының 18-бабының талаптарын ескере отырып, Кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін және оларды тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) Кәсіпорындардың жарғылық капиталдарын қалыптастырсын;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады