"Қазақстан Республикасымен Халықаралық қайта жаңарту және Даму Банкінің арасында Заем туралы келісім (Құқықтық реформаның жобасы) жасасу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 15 мамыр N 588

      Мемлекеттің құқықтық жүйесін одан әрі дәйекті түрде реформалау және құқықтық реформа жүргізуді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкінің арасында Заем туралы келісім (Құқықтық реформаның жобасы) жасасу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасымен Халықаралық қайта
жаңарту және Даму Банкінің арасында Заем туралы
келісім (Құқықтық реформаның жобасы) жасасу туралы

      Мемлекеттің құқықтық жүйесін одан әрі дәйекті түрде реформалау және құқықтық реформа жүргізуді қолдау мақсатында қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкінің арасында Заем туралы келісім (Құқықтық реформаның жобасы) жасалсын.
      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрі Бауыржан Әлімұлы Мұхамеджановқа Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкінің арасында Заем туралы келісім (Құқықтық реформаның жобасы) жасасуға өкілеттік берілсін.
      3. Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрі Бауыржан Әлімұлы Мұхамеджановтың Өкілеттік сертификатын ресімдесін.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

      Оқығандар:
      Қобдалиева Н.
      Омарбекова А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады