Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің "ФУМЭКС" республикалық мемлекеттік кәсіпорынын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 26 мамыр N 649

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар Жарлығының  2-бабына және Қазақстан Республикасының "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "ФУМЭКС" өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласында iс-шаралар жүргiзу жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын. <*>
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.12.19. N  1325 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн. 
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.09.24. N  1451 , 2002.12.19. N  1325 қаулыларымен.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде:
      1) Кәсіпорынның жарғысын әзірлесін және бекітсін;
      2) оны мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
       Ескерту.. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.09.24. N  1451 қаулысымен.

      4. Заңдарға сәйкес Кәсіпорынның негізгі міндеттері:
      1)  алынып тасталды - 2006.01.09. N 28 қаулысымен.
      2) карантиндiк объектiлердiң таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою жөнiндегi iс-шаралар жүргiзу және карантинге жатқызылған өнiмдi залалсыздандыру оның iшiнде фумигациялау;
      2-1)  алынып тасталды
      2-2) өсімдіктерді қорғау препараттарын дайындау және сату.
      2-3) тiркеуге ұсынылған пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрiстiк жағдайда сапасын анықтау үшiн өндiрiстiк сынақтан өткiзу;
      2-4) ауыл шаруашылығы өнiмiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың), нитраттардың, нитриттердiң және ауыр металдар тұздарының қалдық сандары болуын тексеру.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.01.13.  N 72 , 2002.12.19. N  1325 ,  2006.01.09.  N 28   ( 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi ) қаулыларымен.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады