Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі N 1053 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 53 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.02.2016 № 53 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне жүктелсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.30. N 662 қаулысымен.

       3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 
23 шілдедегі     
N 1053 қаулысымен   
бекітілген      

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:
      "өртке қарсы қызмет органы", "өртке қарсы қызмет органдары", "өртке қарсы қызмет органдарына", "өртке қарсы қызмет органдарында" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.
      «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына», «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында» деген сөздер «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне», «Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.10 № 124 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер
мен олардың зардаптары мемлекеттiк есебiнiң
Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының бүкiл аумағындағы өрттердiң, олар келтiрген материалдық залалдың және бұл ретте зардап шеккен адамдардың есебiн жүргiзудiң бірыңғай жүйесiн белгiлейдi.
      2. Ереже Қазақстан Республикасының барлық министрлiктерiнiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының, ведомстволарының, сондай-ақ басқа да заңды тұлғалардың қолдануы үшiн мiндетті.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.
      3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      өрт - адамдардың өмiрi мен денсаулығына зиян, адамдарға, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне залал келтiретiн бақыланбаған жану;
      өрттiң себебi - өрттiң пайда болуына тiкелей негiз болған құбылыс немесе жағдай;
      тұтану - азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян, адамдарға, қоғаммен мемлекеттің мүдделеріне материалдық залал келтірмеген бақылаусыз жану;
      өрттiң зардабы - материалдық, моральдық-құқықтық, әлеуметтiк (адамдардың қаза табуы мен жарақаттануы), басқа да шығындар;
      жойылған материалдық құндылықтар - өзiнiң сапасы мен құндылығын толық жоғалтқан, жөндеу жолымен де мақсаты бойынша пайдаланыла алмайтын, одан әрi пайдалану үшiн жарамды күйге келтiрiле алмайтын материалдық құндылықтар;
      бүлiнген материалдық құндылықтар - қалпына келтiру (жөндеу) жолымен пайдалану үшiн жарамды күйге келтiруге болатын материалдық құндылықтар;
      өрттен болған толық материалдық залал - жойылған және бүлiнген материалдық құндылықтардың, өрттi өшiруге және оның зардабын жоюға арналған, оның iшiнде объектiнi қалпына келтiруге, өрттен болған зиянды әлеуметтiк өтеуге арналған шығындардың құндық көрсетiлуi.
      өрттен болған толық материалдық залал тiкелей, жанама және әлеуметтiк материалдық залалдардан тұрады;
      өрттен болған тiкелей материалдық залал - егер олар өртке тiкелей байланысты пайда болса азаматтардың жылжымайтын мүлкiне, өзге де негiзгi қорларына, айналымдағы қаражатына, жеке мүлкiне келтiрiлген, жойылған және бүлiнген материалдық құндылықтардың құндық көрсетiлуi;
      өрттен болған жанама материалдық залал - өрттi өшiруге, өрттің зардаптарын жоюға, объектiнiң жұмыс iстеуiн қалпына келтiруге арналған шығындардың, сондай-ақ объектiнiң тоқтап тұруынан болған және басқа да шығындардың құндық көрсетiлуi;
      өрттен болған әлеуметтiк материалдық залал - өндiрiстiк қызметтен еңбек резервтерiнiң шығып қалуының нәтижесiнде пайдаланылмаған мүмкiндiктерден шығындарды қоса алғанда адамдардың қаза табуының және жарақаттануының салдарынан iс-шаралар жүргiзуге, уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақылар төлеуге арналған шығындардың, санаториялық-курорттық емдеуге, мүгедектерге, сондай-ақ асыраушысынан айырылуы жағдайы бойынша зейнетақылар төлеуге арналған және басқа да шығыстардың құндық көрсетiлуi;
      өрт кезiнде зардап шеккендер - өртте қаза тапқан немесе жарақаттанған адам;
      тiкелей өрт болған жерде немесе уақиға болған күннен бастап 30 тәулiктiң iшiнде өрттің қауiп факторларының әсерi салдарынан алынған дене зақымдарынан (жарақаттарынан), сондай-ақ өрттiң қауiптi факторларының екiншi мәрте қайталануынан қайтыс болған адам өрт кезiнде қаза табушы деп танылады;
      еңбек қабiлетiн жоғалтуды немесе кемiнде бiр тәулiк мерзiмге емханаға жатқызудың немесе алғашқы медициналық көмек көрсетiлгеннен кейiн амбулаториялық емдеу тағайындауды тудырған өрттiң қауiптi факторларының, сондай-ақ өрттiң қауiптi факторларының екiншi мәрте қайталануынан дене жарақатын алған адамдар өрт кезiнде жарақат алғандар деп танылады;
      дене зақымы (жарақаты) - адамның органдары мен тканьдарының анатомиялық бүтiндiгiнің немесе физиологиялық функцияларының бұзылуы;
      өрттiң адамдар үшiн қауiптi факторына: жалын мен ұшқын;
      қоршаған орта температурасының көтерiлуi; түтiн; жанудың улы өнiмдерi мен термикалық шiру; кислород концентрациясының төмендеуi жатады;
      өрттiң қауiптi факторларының екiншi мәрте қайталануына: жарықшақтар, бүлiнген аппараттардың, агрегаттардың, қондырғылардың, конструкциялардың бөлiктерi; бүлiнген аппараттар мен қондырғылардан шыққан радиоактивтi және улы заттар мен материалдар; кернеудi конструкциялардың, аппараттардың, агрегаттардың тоқ өткізгіш бөлiктерiне шығарудың нәтижесiнде пайда болған электр тогы; өрттің салдарынан болған жарылыстың қауiптi факторлары; от сөндiрушi заттар;
      көлiк құралдары - автомобильдер, мотоциклдер, мотороллерлер, мотоарбалар, трамвайлар, троллейбустар, тракторлар және басқа да өздiгінен жүретiн механизмдер, теңiз және өзен кемелерi, әуе кемелерi, темiржол көлiгiнiң жылжымалы құрамы, сондай-ақ ат арба көлiгi;
      эксаумақтық мәртебесi бар объектiлер - шетел мемлекеттерi елшiлiктерiнiң, дипломатиялық және консульдық өкiлдiктерiнiң, БҰҰ өкiлдiктерiнiң және БҰҰ-ның мамандандырылған халықаралық ұйымдарының, сондай-ақ, егер олардың үй-жайының эксаумақтылығы Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық шартта көзделсе, өзге де халықаралық ұйымдардың аумағына эксаумақтылық мәртебесi берiлген. Эксаумақтылық мәртебесi шетелдiк мемлекеттер елшiлiктерiнiң, дипломаттық және консулдық өкiлдiктерiнiң дипломатиялық мәртебе мен тиiстi артықшылықтар және иммунитеттер берiлген қызметкерлерi (дипломатиялық өкiлдiктiң басшысы, консул, бiрiншi, екiншi және үшiншi хатшылар, атташе және олардың отбасы мүшелерi) тұратын тұрғын үй-жайларға, сондай-ақ олардың жеке автомашиналарына да қолданылады. Елшiлiктер мен дипломатиялық өкiлдiктердiң автомашиналарына да эксаумақтылық мәртебесi берiлген. Елшiлiктермен дипломаттық өкiлдiктердiң техникалық және қызмет көрсетушi қызметшiлерi тұратын тұрғын үй-жайлар мен олардың жеке автомашиналарына эксаумақтылық мәртебесi қолданылмайды.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.30 N 662, 2011.02.10 № 124 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

  2. Өрттердiң және олардың зардаптарының есебi

      4. Қазақстан Республикасының аумағында болған барлық өрт, олардың пайда болған уақытына және жерi мен зардаптарына қарамастан, мемлекеттiк есеп жүргізуге жатады.
      Эксаумақтылық мәртебесi бар объектiлерде болған өрттер Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғаларына материалдық залал келтiрiлген немесе басқа да зардаптар болған жағдайларды қоспағанда, оларға келтiрiлген зардаптарға қарамастан мемлекеттiк есепке енгiзiлмейдi.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.10 № 124 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      5. Өрттердің және олардың зардаптарының мемлекеттік есебі Қазақстан Республикасындағы өрттердің жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді қалыптастыруға арналған. Өрттердің және олардың зардаптарының мемлекеттік есебін өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау функцияларын жүзеге асыратын өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның ведомствосы және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
      Өртті есепке алу карточкалары мен есептілік нысаны мемлекеттік есептілік құжаттары болып табылады. Өрттерді есепке алу карточкалары өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның басшысы бекітетін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жасалады. Есептілік нысанын өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган әзірлейді.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.02.10 № 124 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
       6. Қазақстан Республикасындағы өрттер мен олардың зардаптарының есебiн:
      елдi мекендер мен өз мемлекеттік өртті бақылауды жүзеге асыратын объектiлерде өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері;
      мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда құрылатын, өз күшiмен ведомстволық бағыныстағы объектiлерде (ормандарда, шахтылардың жерасты құрылыстарында, ашық көмiр кенiштерiнде, метрода, рудниктерде, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне ведомстволық бағыныстағы объекттерде, Қазақстан Республикасының шетелдердегі елшiлiктерiнде, консульдықтарында, өкiлдiктерiнде) өрт қауіпсiздiгi саласындағы функцияларды жүзеге асыратын салалық өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асырады.
      Салалық өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асыратын есеп бойынша деректердi олар ай сайын өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне ұсынады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.06.09 N 786, 2005.06.30 N 662, 2006.08.11 N 760, 2008.11.18 N 1068 Қаулыларымен .
       7. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының көлiк құралдарындағы өрттердiң есебiн, егер олар республиканың аумағында жол жүрiп бара жатқан кезде немесе уақытша тұрақтарда пайда болса, олардың пайда болған жерi бойынша, ал шетелдiк азаматтар мен заңды тұлғаларға тиесiлi көлiктерде болса, тиiстi тексерулер материалдарының негізiнде олардың тiркелген жерi бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жүргiзедi.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.30. N 662 қаулысымен.
       8. Заңды және жеке тұлғалар өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне барлық өрт уақиғалары туралы хабарлауға және оларды тергеу барысында қажетті материалдарды ұсынуға мiндеттi.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.30. N 662 қаулысымен.
       9. Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері өрттердi өрттің фактiсi бойынша жасалған құжаттардың негiзiнде өрттердiң арнаулы есебi журналына тiркейдi.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.30. N 662 қаулысымен.
       10. Әрбір өртке оны жойғаннан кейін бір тәуліктің ішінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкері басқаратын комиссия өрт туралы акт жасайды. Өрт туралы актінің нысанын өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді. Комиссия құрамына заңды тұлға әкімшілігінің немесе зардап шешушінің, ішкі істер органдарының, сақтандыру ұйымдарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен басқа да мүдделі тұлғалар кіруі мүмкін. Өрт бөлімшелері шақырылмаған және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның бөлімшелеріне аумақтық ол туралы хабар (ауызша немесе жазбаша) зардап шеккендерден, ішкі істер органдарынан, сақтандыру ұйымдарынан немесе басқа да көздерден түскен өрт туралы актіні ақпарат алынған сәттен бастап екі тәуліктен кешіктірмей сол құрамдағы комиссия жасайды.
      Актіге комиссия қол қойғаннан кейін ол өрт фактісі бойынша тексеру (анықтау) жүргізген органда қалады. Өрттен болған материалдық залалдың сомасы мен оның туындау себебі жөнінде деректер болмаған жағдайда осы мәліметтер 30 тәуліктен аспайтын мерзімде сараптама қорытындыларын не ұйымдардың бухгалтерлік есептілік құжаттарын, сақтандыру ұйымдарының мәліметтерін, сот органдарының шешімдерінен көшірмелерді немесе мүлік иелерінің құжаттарын ұсынғаннан кейін толтырылады. Өрт туралы актінің көшірмесі залалды өтеу, құжаттарды қайта қалпына келтіру мәселелері бойынша сот органдарына жүгіну үшін өтініш бойынша мүлік иелері мен өрттен зардап шеккендерге, сондай-ақ сот органдарының жазбаша сұраулары бойынша беріледі.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.02.10 № 124 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      11. Тексерудің нәтижесiнде белгiленген тiркелмеген өрттердiң фактiлерi бойынша өрт жөнiндегi деректердiң қателiктерiне осы Ережеге сәйкес ескерiлетiн толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiледi. Сонымен бiр мезгiлде уақиға болған кезеңдегi мемлекеттiк есептiлiкке түзету енгiзiледi.
      12. Өрт ретiнде:
      өндiрiстiң технологиялық процесiнiң ерекшелiктерiне (техникалық регламентке немесе басқа да техникалық құжаттамаға кiргiзiлген) немесе өнеркәсiптiк қондырғылар мен агрегаттардың жұмыс жағдайына, сондай-ақ үйді жылытуға арналған тұрмыстық пештерге байланысты жану жағдайлары;
      заттарды қайта өңдеу сапалық сипатын өзгерту мақсатында (кептiру, пiсiру, үтiктеу, қақтау, қуыру, балқыту және басқалары) отпен, жылумен немесе өзге де термикалық (жылулық) әсермен өңдеудiң нәтижесi ретiндегі жану жағдайлары;
      статистикалық электрдің өрттiң пайда болуын тудырмайтын жарылыстары, жарқылдары және разрядтары;
      электр жабдықтарындағы, тұрмыстық және өнеркәсiптiк электр аспаптарындағы жанудың аппараттан, агрегаттан және механизмнен тысқары таралуын тудырмайтын электр желiлерiнiң қысқа тоғысу жағдайлары;
      тұрмыстық электр аспаптарының ақауы кезіндегі түтіндеу және тағамның оны дайындау кезіндегі өрттің пайда болуын тудырмайтын күюі жағдайлары;
      ашық аумақтар мен дала алқаптарындағы иесіз ғимараттар мен иесіз көлік құралдарының, құрғақ шөптің, жапырақтардың, терек ұлпасының, тұрмыстық қалдықтардың, аңыздардың, сондай-ақ қоқыс төгетін жерлердегі, бос жерлердегі, үй иесі мен шаруашылық етуші объектілердің аумақтарындағы, жол жиектеріндегі, оны жинауға арналған контейнерлік алаңдардағы, оны жинауға арналған контейнерлердегі (жәшіктердегі), тұрғын үйлердің лифт шахталарындағы (лифтілеріндегі), тұрғын үйлердің қоқыс жинағыштарындағы (қоқыс құбырларындағы), тұрғын үйлердің баспалдақ торларындағы, тұрғын үйлердің жертөле және шатыр үй-жайларындағы қоқыстардың тұтанулары;
      өзін-өзі өлтіруге әрекет еткен және өзін-өзі өртеу жолымен өлтірген жағдай, егер олар жанудың таралуын тудырмаса;
      жол-көлік оқиғасы себебінен болған автокөлік құралдарының өртену жағдайлары;
      авиациялық, темір жол авариялары, террористік актілер, ұрыс қимылдары, құқық қорғау органдарының арнайы операциялары, жер сілкіністері себебінен болған өрттер;
      пешпен (каминдермен) жылытудан өлімге әкелген улы газбен адамдардың улану жағдайлары;
      зардаптар мен залалсыз пирофорлық қосқыштардың өздігінен тұтану жағдайлары есеп жүргізуге жатпайды.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.06.09 N 786, 2005.06.30 N 662, 2011.02.10 № 124 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
       13. (13-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.06.30. N 662 қаулысымен)

3. Өрт кезiнде зардап шеккендердiң есебi

      14. Өрттер мен олардың зардаптары бойынша алғашқы деректерді қалыптастыру кезінде өрт кезінде қаза болғандар мен жарақат алғандардың барлығы медициналық ұйымдар ұсынатын өлім немесе жарақаттану себебі туралы қорытындылардың негізінде есепке алынады.
      Осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген жағдайларда адамдардың қаза болу, жарақаттану фактілері мемлекеттік есепке алуға жатпайды және жазатайым оқиғалар, қасақана өлтіру (өзін-өзі өлтіруге) не қасақана өлтіруге (өзін-өзі өлтіруге) әрекет жасау деп саналады.
      Сот-медициналық сараптама мекемелері бұдан бұрын өрт кезінде қаза болғандар ретінде есепке алынған адамдардың өрт туындаған сәтке дейін қаза болу фактісін анықтаған кезде көрсетілген тұлғалар өрттерді есепке алудың дерекқордан шығарылады.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.30 N 662, 2011.02.10 № 124 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      15. Ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан медициналық ұйымдар медициналық көмек көрсету үшiн келген немесе әкелiнген өрт кезiнде зардап шеккен адамдар туралы, сондай-ақ өрт кезiнде алынған жарақаттан қайтыс болғандар туралы өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне дереу хабарлауға мiндеттi.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.30 N 662, 2008.11.18 N 1068 Қаулыларымен.
      16. Медициналық ұйымдар өрт бойынша тексеру (анықтау) жүргізушi лауазымды тұлғалардың сұрау салуы бойынша 3 тәулiктен кешiктiрмей адамдардың өрт кезiнде қайтыс болуы немесе жарақаттануы фактiсiн растайтын құжаттарды беруге мiндеттi.
      17. Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері тоқсан сайын жергiлiктi жердегi денсаулық сақтау органдарымен өрт кезiнде зардап шеккен адамдардың есебi жөнiндегi мәлiметтердi салыстыруды жүргiзуге мiндеттi.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.30. N 662 қаулысымен.
      18. Жолдағы немесе уақытша тұрақтардағы көлiк құралдарындағы өрт кезiнде қаза тапқан адамдар өрт пайда болған жер бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде, ал өрт кезiнде жарақат алғандар медициналық көмекке барған жерi бойынша денсаулық сақтау органдарына есепке алынады.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.30. N 662 қаулысымен.
      19. Өрт кезiнде қаза тапқан, сондай-ақ термикалық әсердiң салдарынан тану мүмкiн болмаған белгiлi бiр тұрағы жоқ адамдарды, азаматтығы жоқ адамдарды өрт пайда болған жер бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері есепке алады.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.30. N 662 қаулысымен.
      20. Шетелдiк мемлекеттердiң өртте қаза тапқан немесе жарақаттанған азаматтарын өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері есепке алмайды, аталған фактiлер бойынша материалдар тиiстi тексеруден кейiн олар азаматы болып табылатын мемлекеттiң елшiлiгiне және консулдығына берiледi.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.30. N 662 қаулысымен.

  4. Өрттен болған материалдық залалдың есебi

      21. Өрттен болған толық материалдық залал дүниежүзілiк тәжiрибе ескерiле отырып тiкелейжанама және әлеуметтiк залалдан құралады. Өрттен болған толық материалдық залал оның өтелу дәрежесiне қарамастан есепке алынуға жатады.
      22. Осы Ереженiң 6-тармағына көрсетiлген субъектiлердiң өрттен болған материалдық залалдың есебiн жүргiзуi өрт болған ұйымның бухгалтерлiк есептiлiгi құжаттарының; сақтандыру ұйымдары мәлiметтерiнiң; сот органдарының шешiмдерi көшiрмелерiнiң; мүлiктiң меншiк иелерi құжаттарының негiзiнде жүзеге асырылады.
      23. Объектiлерiнде өрт болған ұйымдар сақтандыру ұйымдары өртпен келтiрілген материалдық залалдың ауқымын растайтын құжаттарды өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне ұсынуға мiндетті.
      Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.30. N 662, 2008.11.18 N 1068 Қаулыларымен.
       24. Өрттерден болған толық материалдық залал өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның басшысы бекiткен нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес айқындалады.
      Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.30 N 662, 2011.02.10 № 124 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
       25. Өрттiң нәтижесiнде эксаумақтық дәрежесi бар объектiлерге (олардағы заттарға) келтiрілген материалдық залал, оны Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары өтейтiн жағдайларды қоспағанда, есепке алынбайды.

5. Өрттердің есебі үшін жауаптылық

      26. Осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген субъектілердің лауазымды тұлғалары, өрт объектілерінің меншік иелері, сақтандыру және медициналық ұйымдар өрт туралы деректердің уақытылы берілуі мен дұрыстығы үшін жауаптылықта болады.
      27. Осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген субъектілердің лауазымды тұлғалары деректерді беру тәртібінің бұзылуын және (немесе) оның бұрмалануын анықтаған жағдайда, олар мемлекеттік есепттілікке өзгерістер немесе толықтырулар енгізу үшін өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органға хабарлау жөнінде қажетті шаралар қолданады.
      Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.30 N 662, 2011.02.10 № 124 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

Об утверждении Правил государственного учета пожаров и их последствий на территории Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 июля 1999 года N 1053. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 февраля 2016 года № 53

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 04.02.2016 № 53 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О пожарной безопасности" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемые Правила государственного учета пожаров и их последствий на территории Республики Казахстан.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан. <*>
      Сноска. В пункт 2 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 30 июня 2005 г. N 662 .
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
    Республики Казахстан

                                                 Утверждены
                                        постановлением Правительства
                                            Республики Казахстан
                                         от 23 июля 1999 года № 1053

Правила
государственного учета пожаров и их
последствий на территории Республики Казахстан

      Сноска. по всему тексту:
      аббревиатуры "ГПС" заменены соответственно словами "органами противопожарной службы", "органы противопожарной службы" и "органов противопожарной службы" постановлением Правительства РК от 30.06.2005 N 662;
      слова "органом противопожарной", "органы противопожарной", "органами противопожарной", "органов противопожарной" заменены словами "органом государственной противопожарной", "органы государственной противопожарной", "органами государственной противопожарной", "органов государственной противопожарной" постановлением Правительства РК от 18.11.2008 N 1068;
      слова "органы государственной противопожарной службы", "органами государственной противопожарной службы", "Органы государственной противопожарной службы" заменены словами "территориальные подразделения уполномоченного органа в области пожарной безопасности", "территориальными подразделениями уполномоченного органа в области пожарной безопасности", "Территориальные подразделения уполномоченного органа в области пожарной безопасности" постановлением Правительства РК от 10.02.2011 № 124 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила устанавливают единую систему учета пожаров, причиненного ими материального ущерба и пострадавших при этом людей на всей территории Республики Казахстан.
      2. Правила обязательны для применения всеми министерствами, иными центральными и местными исполнительными органами Республики Казахстан, ведомствами, а также другими юридическими лицами.
       Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 18.11.2008 N 1068 .
      3. В настоящих правилах используются следующие понятия:      
      пожар - неконтролируемое горение, причиняющее вред жизни и здоровью, материальный ущерб людям, интересам общества и государства;
      причина пожара - явление или обстоятельство, непосредственно обуславливающее возникновение пожара;
      загорание - неконтролируемое горение, не причинившее вред жизни и здоровью граждан, материальный ущерб людям, интересам общества и государства;
      последствия пожара - материальные, морально-правовые, социальные (гибель и травмирование людей), прочие потери;
      уничтоженные материальные ценности - материальные ценности, которые полностью утратили свои качества и ценность, не могут быть использованы по назначению и путем ремонта, не могут быть приведены в состояние годное для дальнейшего использования;
      поврежденные материальные ценности - материальные ценности, которые могут быть путем восстановления (ремонта) приведены в состояние годное для использования;
      полный материальный ущерб от пожара - стоимостное выражение уничтоженных и поврежденных материальных ценностей, затрат на тушение и ликвидацию последствий пожара, в том числе на восстановление объекта, компенсацию социального ущерба от пожара. Полный материальный ущерб от пожара состоит из прямого, косвенного и социального материальных ущербов;
      прямой материальный ущерб от пожара - стоимостное выражение уничтоженных и поврежденных материальных ценностей, включая ущерб, нанесенный недвижимости, иным основным фондам, оборотным средствам, личному имуществу граждан, если они возникли в прямой зависимости от пожара;
      косвенный материальный ущерб от пожара - стоимостное выражение затрат на тушение пожара, ликвидацию последствий пожара, на восстановление функционирования объекта, а также потери от простоя объектов и другие;
      социальный материальный ущерб от пожара - стоимостное выражение затрат на проведение мероприятий вследствии гибели и травмирования людей на пожарах, включая потери из-за неиспользованных возможностей в результате выбытия трудовых ресурсов из производственной деятельности, выплаты пособий по временной нетрудоспособности, расходов на санаторно-курортное лечение, выплаты пенсий инвалидам, а также по случаю потери кормильца и другие;
      пострадавший при пожаре - лицо, погибшее или травмированное на пожаре;
      погибшим при пожаре признается лицо, смерть которого наступила непосредственно на месте пожара или в течение 30 суток со дня происшествия от телесных повреждений (травм), полученных вследствие воздействия опасных факторов пожара, а также вторичных проявлений опасных факторов пожара;
      травмированным при пожаре признается лицо, получившее телесное повреждение от воздействия опасных факторов пожара, а также вторичных проявлений опасных факторов пожара, вызвавших потерю трудоспособности или необходимость госпитализации на срок не менее одних суток, или назначения амбулаторного лечения после оказания первой медицинской помощи;
      телесное повреждение (травма) - нарушение анатомической целостности или физиологических функций органов и тканей человека;
      к опасным для людей факторам пожара относятся: пламя и искры, повышенная температура окружающей среды, дым, токсичные продукты горения и термического разложения, пониженная концентрация кислорода;
      к вторичным проявлениям опасных факторов пожара относятся: осколки, части разрушившихся аппаратов, агрегатов, установок, конструкций, радиоактивные и токсичные вещества и материалы, вышедшие из разрушенных аппаратов и установок, электрический ток, возникший в результате выноса напряжения на токопроводящие части конструкций, аппаратов, агрегатов, опасные факторы взрыва, происшедшие вследствие пожара, огнетушащие вещества;
      транспортные средства - автомобили, мотоциклы, мотороллеры, мотоколяски, трамваи, троллейбусы, тракторы и другие самоходные механизмы, морские и речные суда, воздушные суда, подвижной состав железнодорожного транспорта, а также гужевой транспорт;
      объекты со статусом экстерриториальности - статусом экстерриториальности наделены территории посольств, дипломатических и консульских представительств иностранных государств, представительств ООН и специализированных международных организаций ООН, а также иных международных организаций, если экстерриториальность их помещений предусмотрена международным договором, участником которого является Республика Казахстан. Статус экстерриториальности распространяется также на жилые помещения, занимаемые сотрудниками посольств, дипломатических и консульских представительств иностранных государств, наделенными дипломатическим статусом и соответствующими привилегиями и иммунитетами (глава дипломатического представительства, консул, первый, второй и третий секретари, атташе и члены их семей), а также их личные автомашины. Статусом экстерриториальности наделены также автомашины посольств и дипломатических представительств. Статус экстерриториальности не распространяется на жилые помещения, занимаемые техническим и обслуживающим персоналом посольств и дипломатических представительств и на их личные автомашины.
      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 30.06.2005 N 662; от 10.02.2011 № 124 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

2. Учет пожаров и их последствий

      4. Государственному учету подлежат все пожары, происшедшие на территории Республики Казахстан, независимо от времени и места их возникновения и последствий.
      Не включаются в государственный учет пожары, происшедшие на объектах со статусом экстерриториальности, независимо от наступивших для них последствий, кроме случаев, когда ими причинен материальный ущерб или наступили другие последствия для физических и (или) юридических лиц Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 4 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 10.02.2011 № 124 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).
      5. Государственный учет пожаров и их последствий предназначен для формирования основных показателей, характеризующих обстановку с пожарами в Республике Казахстан. Государственный учет пожаров и их последствий осуществляется ведомством уполномоченного органа в области пожарной безопасности, осуществляющим контрольные функции в области пожарной безопасности и территориальными подразделениями уполномоченного органа в области пожарной безопасности.
      Документами государственной отчетности являются карточки учета пожара и форма отчетности. Карточки учета пожаров составляются в соответствии с нормативными правовыми актами, утверждаемыми руководителем уполномоченного органа в области пожарной безопасности. Форма отчетности разрабатывается уполномоченным органом в области пожарной безопасности.
      Сноска. Пункт 5 в редакции постановления Правительства РК от 10.02.2011 № 124 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).
      6. Учет пожаров и их последствий на территории Республики Казахстан осуществляют:
      территориальные подразделения уполномоченного органа в области пожарной безопасности в населенных пунктах и на объектах, на которых она осуществляет государственный пожарный контроль;
      подразделения отраслевой противопожарной службы, создаваемые в государственных органах и иных организациях, которые осуществляют функции в области пожарной безопасности на подведомственных объектах собственными силами (в лесах, подземных сооружениях шахт, на открытых угольных разрезах, метро, рудниках, объектах, подведомственных Министерству обороны Республики Казахстан, Комитету Национальной безопасности Республики Казахстан, Министерству внутренних дел Республики Казахстан, Республиканской гвардии Республики Казахстан, Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан, посольствах, консульствах, представительствах Республики Казахстан за рубежом).
      Данные по учету, осуществляемому подразделениями отраслевой противопожарной службы, представляются ими в территориальные подразделения уполномоченного органа в области пожарной безопасности ежемесячно.
      Сноска. Пункт 6 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 9 июня 2001 г. N 786 ; от 11 августа 2006 года N 760 (вводится в действие со дня подписания); от 18.11.2008 N 1068 .
      7. Учет пожаров на транспортных средствах физических и юридических лиц Республики Казахстан, если они возникли в пути следования или на временных стоянках на территории республики, производится по месту их возникновения территориальными подразделениями уполномоченного органа в области пожарной безопасности, а принадлежащих иностранным гражданам и юридическим лицам на основании материалов соответствующей проверки по месту их регистрации.
      8. Юридические и физические лица обязаны сообщать в территориальные подразделения уполномоченного органа в области пожарной безопасности обо всех случаях пожаров и представлять необходимые материалы в ходе их расследования.
      9. Пожары регистрируются территориальными подразделениями уполномоченного органа в области пожарной безопасности в специальном журнале учета пожаров на основании составляемых по факту пожара документов.
      10. На каждый пожар комиссией, возглавляемой сотрудником государственной противопожарной службы, в течение суток после его ликвидации составляется акт о пожаре. Форма акта о пожаре разрабатывается и утверждается уполномоченным органом в области пожарной безопасности. В состав комиссии могут включаться представители администрации юридического лица или потерпевшего, органов внутренних дел, страховых организаций, общественных организаций и другие заинтересованные лица. Акт о пожаре, на который пожарные подразделения не вызывались и сообщение о нем (устное или письменное) поступило в территориальные подразделения уполномоченного органа в области пожарной безопасности от потерпевших, органов внутренних дел, страховых организаций или из других источников составляется комиссией в том же составе не позднее двух суток с момента получения информации.
      Акт после подписания его комиссией остается в органе, проводящем проверку (дознание) по факту пожара. При отсутствии данных по сумме материального ущерба нанесенного пожаром и причине его возникновения, эти сведения заполняются после предоставления заключений экспертиз в срок не более 30 суток, либо документов бухгалтерской отчетности организаций, сведений страховых организаций, выписок из решений судебных органов или документов собственников имущества. Копия акта о пожаре выдается по заявлению собственникам имущества и пострадавшим от пожара для обращения в судебные органы по вопросам возмещения ущерба, восстановления документов, а также по письменным запросам судебных органов.
      Сноска. Пункт 10 в редакции постановления Правительства РК от 10.02.2011 № 124 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).
      11. По установленным в результате проверки фактам незарегистрированных пожаров, искажений данных по пожарам вносятся дополнения и изменения, учитывающиеся в соответствии с настоящими Правилами. Одновременно вносятся исправления в государственную отчетность за тот период, когда имело место происшествие.
      12. Не подлежат учету как пожары:
      случаи горения, обусловленные спецификой технологического процесса производства (заложенные в технологический регламент или другую техническую документацию) или условиями работы промышленных установок и агрегатов, а также бытовых печей для обогрева помещений;
      случаи горения, как результат обработки предметов огнем, теплом, или иным термическим (тепловым) воздействием с целью их переработки, изменения качественных характеристик (сушка, варка, глажение, копчение, жаренье, плавление и прочее);
      взрывы, вспышки и разряды статического электричества, не вызвавшие возникновения пожара;
      случаи коротких замыканий электросетей, в электрооборудовании, бытовых и промышленных электроприборах, не вызвавшие распространения горения за пределы аппарата, агрегата и механизма;
      случаи задымления при неисправности бытовых электроприборов и сгорания пищи при ее приготовлении, не вызвавшие возникновения пожара;
      загорания бесхозных зданий и бесхозных транспортных средств, сухой травы, листьев, тополиного пуха на открытых территориях и степных массивах, пожнивных остатков, стерни, а также мусора на свалках, пустырях, на территории домовладений и объектов хозяйствования, обочинах дорог, контейнерных площадок для его сбора, в контейнерах (урнах) для его сбора, в лифтовых шахтах (лифтах) жилых домов, в мусоросборниках (мусоропроводах) жилых домов, на лестничных клетках жилых домов, в подвальных и чердачных помещениях жилых домов;
      случаи покушения на самоубийство и самоубийств путем самосожжения, если они не вызвали распространения горения;
      случаи пожаров автотранспортных средств, причиной которых явилось дорожно-транспортное происшествие;
      пожары, причиной которых явились авиационные, железнодорожные аварии, террористические акты, военные действия, спецоперации правоохранительных органов, землетрясения;
      случаи отравления людей угарным газом со смертельным исходом, от печного отопления (каминов);
      случаи самовозгорания пирофорных соединений, без последствий и ущерба.
      Сноска. Пункт 12 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 09.06.2001 N 786; от 30.06.2005 N 662; от 10.02.2011 № 124 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).
      13. Исключен постановлением Правительства РК от 30.06.2005 N 662.

3. Учет пострадавших при пожарах

      14. При формировании первичных данных по пожарам и их последствиям все погибшие и травмированные при пожарах берутся на учет на основании заключений о причине смерти или травмирования, предоставляемых медицинскими организациями.
      Факты гибели, травмирования людей в случаях, указанных в пункте 12 настоящих Правил, не подлежат государственному учету и считаются несчастными случаями, умышленным убийством (самоубийством) либо попыткой умышленного убийства (самоубийства).
      При установлении учреждениями судмедэкспертизы факта гибели людей до момента возникновения пожара, ранее взятых на учет как погибших при пожаре, указанные лица исключаются из баз данных учета пожаров.
      Сноска. Пункт 14 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 30.06.2005 N 662; от 10.02.2011 № 124 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).
      15. Медицинские организации обязаны немедленно сообщать в территориальные подразделения уполномоченного органа в области пожарной безопасности о пострадавших при пожаре лицах, обратившихся или доставленных для оказания медицинской помощи, а также об умерших от травм, полученных при пожаре.
       Сноска. Пункт 15 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 18.11.2008 N 1068 .
      16. Медицинские организации обязаны по запросам должностных лиц, проводящих проверку (дознание) по пожарам, не позднее 3-х суток выдавать документы, подтверждающие факт смерти или травмирования лиц при пожаре.
      17. Территориальные подразделения уполномоченного органа в области пожарной безопасности обязаны ежеквартально проводить сверки сведений по учету лиц, пострадавших при пожаре, с органами здравоохранения на местах. <*>
      Сноска. В пункт 17 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 30 июня 2005 г. N 662 .
      18. Лица, погибшие при пожаре на транспортных средствах, находящихся в пути следования или на временных стоянках, учитываются территориальными подразделениями уполномоченного органа в области пожарной безопасности по месту возникновения пожара, а травмированные при пожарах - по месту обращения за медицинской помощью в организации здравоохранения.
      19. Лица без определенного места жительства, лица не имеющие гражданства, погибшие при пожарах, а также опознание которых из-за термического воздействия не представляется возможным, учитываются территориальными подразделениями уполномоченного органа в области пожарной безопасности по месту возникновения пожара.
      20. Погибшие или травмированные на пожаре граждане иностранных государств территориальными подразделениями уполномоченного органа в области пожарной безопасности не учитываются, материалы по данным фактам после соответствующей проверки передаются в посольства и консульства государств, гражданами которых они являются.

4. Учет материального ущерба от пожара

      21. Полный материальный ущерб от пожаров с учетом мирового опыта складывается из прямогокосвенного и социального ущерба. Учету подлежит полный материальный ущерб от пожара, независимо от степени его возмещения.
      22. Учет материального ущерба от пожаров субъектами, указанными в пункте 6 настоящих Правил осуществляется на основании документов бухгалтерской отчетности организаций, на которых произошел пожар; сведений страховых организаций; выписок из решений судебных органов; документов собственников имущества.
      23. Организации, на объектах которых произошел пожар, страховые организации обязаны представлять в территориальные подразделения уполномоченного органа в области пожарной безопасности документы, подтверждающие величину причиненного пожаром материального ущерба.
      Сноска. Пункт 23 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 18.11.2008 N 1068 .
      24. Полный материальный ущерб от пожаров определяется в соответствии с нормативными правовыми актами, утвержденными руководителем уполномоченного органа в области пожарной безопасности.
      Сноска. Пункт 24 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 10.02.2011 № 124 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).
      25. Не берется на учет материальный ущерб, нанесенный в результате пожара объектам (находящимся в них предметам) со статусом экстерриториальности, кроме случаев возмещения его физическими и юридическими лицами Республики Казахстан. 

5. Ответственность за учет пожара

      26. Ответственность за своевременность представления и достоверность данных о пожарах несут должностные лица субъектов, указанных в пункте 6 настоящих Правил, собственники объектов пожара, страховые и медицинские организации.
      27. При выявлении должностными лицами субъектов, указанных в пункте 6 настоящих Правил, нарушений представления и (или) искажения данных, ими принимаются необходимые меры по информированию уполномоченного органа в области пожарной безопасности для внесения изменений или дополнений в государственную отчетность.
      Сноска. Пункт 27 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 10.02.2011 № 124 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).