Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 наурыздағы N 297 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 қыркүйек N 1486. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.11.30. N 1817 қаулысымен. ~P991817

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 наурыздағы N 297 P990297_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 10, 88-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экономикалық

жоспарлау жөніндегі агенттігі туралы ережеде:
     10-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
     "капиталдың қозғалысына байланысты, 10 миллион АҚШ долларына 
баламдыдан жоғары валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент 
еместердің пайдасына көшуін (ауысуын) көздейтін операцияларға лицензиялар 
беруді келісуді жүзеге асырады".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
   Оқығандар:
   Қобдалиева Н.
   Икебаева А.Ж.       
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады