Қазақстан Республикасының спортшыларын 2000 жылғы Сидней қаласындағы (Австралия) ХХҮІІ Олимпиадалық ойындарға қатысуға даярлау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 желтоқсандағы N 1956 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 мамырдағы N 691 Қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009.05.12 N 691 Қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының спортшыларын 2000 жылғы Сидней қаласындағы (Австралия) ХХҮІІ жазғы Олимпиадалық ойындарда табысты өнер көрсетуге сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Сидней қаласындағы (Австралия) ХХҮІІ Олимпиадалық ойындарға даярлық жөніндегі Ұйымдастыру комитеті (мұнан әрі - Комитет) 1-қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетіне белгіленген тәртіппен Халықаралық Олимпиадалық комитетке Қазақстан Республикасы спортшыларының Сидней қаласындағы (Австралия) Олимпиадалық ойындарға (мұнан әрі - Олимпиадалық ойындар) қатысатындығы туралы мәлімдеу ұсынылсын.

      3. 2-қосымшаға сәйкес Сидней қаласындағы Олимпиадалық ойындардың жеңімпаздары мен олардың жаттықтырушыларына арналған республикалық бюджеттің қаражаты есебінен көрсетілетін бір жолғы төлемдер мөлшері белгіленсін.
       Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.10 N 1510 қаулысымен. P001510_

       4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының спортшыларын Олимпиадалық ойындарға қатысуға сапалы және мақсатты даярлауды көздейтін жұмыс жоспарын әзірлеуді және 1999 жылдың 20 желтоқсанына дейін Ұйымдастыру комитетінің қарауына ұсынуды;
      2) Дирекцияның жалпы саны есебінен Штаттағы ұлттық командалар дирекциясының жанынан 20 адам санында кешенді ғылыми топ құруды;
      3) Қазақстан Республикасының олимпиадалық құрама командасының мүшелері үшін қажетті спорттық мүліктер мен жабдықтарды сатып алуды;
      4) Қазақстан Республикасының спорт делегациясын шерулік, спорттық киім нысандарымен және атрибуттармен қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2000 жылға арналған республикалық бюджеттің 32 "Жоғары жетістіктер спорты" бағдарламасы бойынша спорттық іс-шараларды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі олимпиадалық құрама команда мүшелерінің оқу-жаттығу процесін медициналық бақылауды қамтамасыз етсін.

      7. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының спорт делегациясын Олимпиадалық ойындар өткізілетін жерге жеткізуді және алып қайтуды ұйымдастырсын.

      8. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі республикалық баспасөзде, радио мен теледидарда Қазақстан Республикасы спортшыларының Олимпиадалық ойындарға даярлығының барысын кеңінен көрсетсін және Олимпиадалық ойындар жарыстарын республиканың аумағында көрсетуді ұйымдастырсын.

      9. Облыстар мен Алматы және Астана қалаларының әкімдері Олимпиадалық ойындарға қатысуға үміткер спортшыларға қаржылық қолдау көрсету жөнінде шаралар қабылдасын, оларға даярлаудың мақсатты бағдарламасын орындау жөнінде қажетті жағдайлар жасасын, 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап спорттың басымдықты түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталықтарын құруды қамтамасыз етсін. 10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 желтоқсандағы N 1956 қаулысына қосымша Сидней қаласындағы (Австралия) ХХҮІІ Олимпиадалық ойындарға даярлық жөніндегі Ұйымдастыру комитетінің Құрамы Тоқаев - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қасымжомарт Кемелұлы төраға Павлов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Александр Сергеевич бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары Саудабаев - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қанат Бекмырзаұлы Кеңсесінің Басшысы, төрағаның орынбасары Тұрлыханов - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт Дәулет Болатұлы жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы, төрағаның орынбасары Ақпаев - Ұлттық Олимпиадалық комитеттің президенті, Аманша Сейсенұлы төрағаның орынбасары (келісім бойынша) Ұйымдастыру комитетінің мүшелері: Әлиев - Республикалық су добы федерациясының Рахат Мұхтарұлы президенті Балғымбаев - "Қазақойл" Ұлттық мұнайгаз компаниясы" Нұрлан Өтепұлы ЖАҚ-ның президенті (келісім бойынша) Бүркітбаев - Қазақстан Республикасының Көлік және Серік Мінуарұлы коммуникациялар министрі Жақсыбеков - Астана қаласының әкімі Әділбек Рыскелдіұлы Жандосов - "KECOG" ААҚ президенті (келісім бойынша) Ораз Әлиұлы Досмұхамбетов - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Темірхан Мінайдарұлы басқарушысы (келісім бойынша) Досымбетов - "Динамо" республикалық ерікті дене тәрбиесі- Тимур Камалұлы спорт қоғамы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша) Есенбаев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәжит Төлеубекұлы Кәкімжанов - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс Зейнолла министрі Халидоллаұлы Құлыбаев - "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі Тимур Асқарұлы ұлттық компания" ЖАҚ-ның президенті (келісім бойынша) Құлназаров - Қазақстан Республикасының Премьер- Анатолий Қожекенұлы Министрінің кеңесшісі Көшербаев - Қазақстан Республикасының Білім және Қырымбек Елеуұлы ғылым министрі Мәсімов - "Қазақстанның Халықтық Жинақ Банкі" Кәрім Қажымқанұлы ААҚ басқармасының төрағасы (келісім бойынша) Марченко - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Григорий Александрович төрағасы (келісім бойынша) Молдахметов - Қазақстан Республикасының Туризм және Марат Тұрысбайұлы спорт жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Мұхамеджанов - Қарағанды облысының әкімі Камалтин Ескендірұлы Новиков - Қазақстан Республикасының Қорғаныс Павел Максимович министрлігі Спорт комитетінің төрағасы, Армияның орталық спорт клубының бастығы (келісім бойынша) Сақыпов - "Қазақтелеком" ААҚ-ның президенті Нұрлан Зәркешұлы (келісім бойынша) Сапарбаев - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сәрсенбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет, Алтынбек ақпарат және қоғамдық келісім министрі Сәрсенбайұлы Сорокин - Қазақстан Республикасының Туризм және Владимир Андреевич спорт жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Сүбіханбердин - "Қазкоммерцбанк" ААҚ басқармасының Нұржан Сәлкенұлы төрағасы (келісім бойынша) Сүлейменов - Қазақстан Республикасының Ішкі істер Қайырбек Шошанұлы министрі Ташполатова - "Темірбанк" ААҚ басқармасының төрағасы Саодат Азатқызы Тоқпақбаев - Қазақстан Республикасының Қорғаныс Сәт Бесімбайұлы министрі Биманбетов - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт Бақытбек Тәжiбайұлы жөнiндегi агенттiгi төрағасының бiрiншi орынбасары Храпунов - Алматы қаласының әкімі Виктор Вячеславович Школьник - Қазақстан Республикасының Энергетика, Владимир Сергеевич индустрия және сауда министрі Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.04. N 1194 қаулысымен. P001194_ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 желтоқсандағы N 1956 қаулысына қосымша 2000 жылғы Сиднейдегі (Австралия) ХХҮІІ Олимпиадалық ойындардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және олардың жаттықтырушыларына бір рет берілетін республикалық бюджеттің қаражаты есебінен көрсетілетін төлемдер КӨЛЕМІ Ескерту. 2-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.10. N 1510 қаулысымен. P001510_ 1 орын - 100 000 АҚШ доллары 2 орын - 50 000 АҚШ доллары 3 орын - 30 000 АҚШ доллары 4 орын - 10 000 АҚШ доллары 5 орын - 5 000 АҚШ доллары 6 орын - 3 000 АҚШ доллары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады