Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1999 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерімен болған кеңесте айтқан міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 2000 жылғы 22 қаңтар N 12-ө

 

      Қазақстан Республикасының Президентінде болған Қазақстан Республикасының Үкімет мүшелерімен кеңестің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 9/11 хаттамалық шешімін орындауды ұйымдастыру мақсатында:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1999 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерімен болған кеңесте айтқан міндеттерді іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі іс-шараларының жоспары бекітілсін.
      2. Тиісті мемлекеттік органдардың басшылары осы өкімнің 1-тармағында

 

көзделген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.

     3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.


     Премьер-Министр


                                              Қазақстан Республикасы

                                              Премьер-Министрінің

                                              2000 жылғы 22 қаңтардағы

                                              N 12-ө өкімімен бекітілген


         Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1999 жылғы   

          29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерімен    

             болған кеңесте айтқан міндеттерді іске асыру жөніндегі 

                            іс-шаралардың жоспары

__________________________________________________________________________

N      №Іс-шаралар            Жауапты орындаушылар     Орындау мерзімдері

__________________________________________________________________________

1          2                          3                          4

__________________________________________________________________________

1 Экономиканың одан әрі өсуін Экономикамині, ЭИСМ, Көлік.  2000 жылдың

   қамтамасыз ету жөніндегі    коммині, Ауылшармині, Қаржы. 1 сәуірі

   шараларды әзірлеу           мині, Мемкірісмині


2 2000 жылдың мемлекеттік     Қаржымині, Мемкірісмині          -//-

   бюджетін тепе-теңдестіру    Экономикамині

   жөнінде шаралар қабылдау


3 Фискалдық қана емес ынта.   Мемкірісмині, Қаржымині,      2000 жылдың

   ландырушы аспектілерді де   Экономикамині, Әділетмині     I тоқсаны

   ескере отырып жаңа Салық

   кодексін әзірлеу және Пар.

   ламентке енгізу    


4 Банктердің кепілге салынған Мемкірісмині, Қаржымині,      2000 жылдың

   мүлікті сатуы кезінде ҚҚС   Әділетмині, ұлттық Банк (ке.  15 ақпаны

   төлеуді тоқтату жөніндегі   лісім бойынша)

   Үкіметтің қаулысын қабылдау    


5 Қазақстанның 2000 жылы ел.  ЭИСМ, Облыстардың, Астана     2000 жылдың

   дің оңтүстігі бойынша да,   және Алматы қалаларының       31 наурызы

   және солтүстігі бойынша да  әкімдері

   электр энергиясы мен газ

   бойынша толық тәуелсіздігі.

   не қол жеткізу жөніндегі

   шараларды әзірлеу  


6 Өндірістік секторды:

   а) халықтың салымын;        Ұлттық Банк (келісім бойынша), 2000 жылдың

                               Қаржымині                       1 шілдесі


   б) зейнетақы қорларындағы   Еңбек және халықты әлеуметтік    -//-      

   жинақталымдарды қайтару     қорғаумині, Қаржымині, Ұлттық

   жөніндегі толық кепілдікпен Банк (келісім бойынша), БҚҰК    

   жандандыру бағыты бойынша   (келісім бойынша)

   шаралар қабылдау.   


7 Дүниежүзілік Банктің        Қаржымині, Ұлттық Банк         2000 жылдың

   700 млн. АҚШ доллары мөлше. (келісім бойынша)              10 ақпаны

   ріндегі игерілмеген несие.

   лерін шешу 


8 Мемлекет басшысының отандық ЭИСМ, Қаржымині, Экономикамині 2000 жылдың

   өндірісті жандандыруға бө.                                 5 ақпаны

   лінген 100 млн. долларды

   игеру туралы баяндамасын

   дайындау 


9  Бюджеттік ұйымдардың жалақы Еңбек және халықты әлеуметтік  Ай сайын,

   төлеуі мен зейнетақылар     қорғаумині, Қаржымині          есептіден

   бойынша берешектеріне жол                                  кейінгі айдың

   бермеу                                                     10 күніне


10 Теміржол көлігін дамыту     Қаржымині, Экономикамині,      2000 жылдың

   үшін испан және француз     Көліккоммині, Сыртқыісмині     15 наурызы

   жұмсақ несиелерін алу жө.

   ніндегі ұсынысты қарау


11 Испан тарабының Астана мен  Көліккоммині, ЭИСМ, Қаржымині,  2000 жылдың

   Алматы қалаларының арасын.  Сыртқыісмині                    20 ақпаны

   дағы қатынас үшін жүрдек

   поездарды беру және қазақ.

   станда дөңгелек жұптарын

   шығаруды бастау жөніндегі

   ұсынысын қарау


12 Жекешелендіру жөніндегі     Қаржымині, Қаржыминінің Мемле.   Тоқсан сай.

   іс-шараларды жалғастыру жә. кеттік мүлік және жекешелендіру  ын есепті

   не алынған қаражатты елдің  комитеті, Экономикамині, ЭИСМ    тоқсаннан

   экономикасына бағыттау                                       кейінгі ай.

                                                                дың 15 кү.

                                                                ніне


13 Астана мен басқа да аймақ.  ЭИСМ, Көліккоммині, Облыстардың, Тоқсан сай.

   тардағы құрылыс жөніндегі   Астана және Алматы қалаларының   ын есепті

   подрядтарды шетелдік құры.  әкімдері                         тоқсаннан

   лыс компанияларына тарату.                                   кейінгі

   ды тоқтату                                                   айдың 15  

                                                                күніне

14 Мәдениет объектілерін қол.  Мәдениет, ақпарат және қоғамдық  2000 жыл.

   дау жөніндегі іс-қимылдар.  келісіммині, Облыстардың, Астана дың 20    

   дың жоспарын әзірлеу        және Алматы қалаларының әкімдері ақпаны


15 2000 жылы Алматы қаласын.   Мәдениет, ақпарат және қоғамдық  2000 жыл.

   дағы Абай атындағы опера    келісіммині, Облыстардың, Астана  дың 15

   және балет театрын күрделі  және Алматы қалаларының әкімдері желтоқсаны

   жөндеуді, Астанадағы ұлт.

   тық-мәдени орталықтың құры.

   лысын аяқтау 

__________________________________________________________________________





    Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.         





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады