Египет Араб Республикасының Уақуфтар министрі Махмұд Закзук бастаған египет делегациясының Қазақстан Республикасына сапарын өткізуге қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндетін атқарушының 2006 жылғы 11 наурыздағы N 52-ө өкімі

      Египет Араб Республикасының Уақуфтар министрі Махмұд Закзук бастаған египет делегациясының 2006 жылғы 13-14 наурыз кезеңіне Қазақстан Республикасына сапарын өткізуге байланысты:
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Египет Араб Республикасы делегациясы мүшелерінің Алматы, Астана қалаларында қонақ үйде тұруына, Алматы - Астана - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға (әуе жолымен ұшу) байланысты шығыстарға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген 006 "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша қаражат есебінен 828402 (сегіз жүз жиырма сегіз мың төрт жүз екі) теңге сомасында қаражат бөлсін.

       Премьер-Министрдің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады