2014 жылға дейін "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының өндірісін дамыту мен жаңғырту жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 22 қыркүйектегі N 247-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасының металлургия саласын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қоса беріліп отырған 2014 жылға дейін "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының өндірісін дамыту мен жаңғырту жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, мүдделі заңды тұлғалар Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің   
2008 жылғы 22 қыркүйектегі
N 247-ө өкімімен       
бекітілген         

2014 жылға дейін "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының
      өндірісін дамыту мен жаңғырту жобасын іске асыру
                  жөніндегі іс-шаралар жоспары  

Р/с
N

Іс-шара

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Болжанатын
шығыстар
мен қар-
жыландыру
көздері
(млн. теңге)

1

2

3

4

5

6

1. Минералды қ шикізат базасын ұ лғайту

1

Көмір өндіру жөнінде жер қойнауын пайдалану құқығын алуға құжаттарды ресімдеу мүмкіндігін қарау:
"Шахтинская" шахтасы:
N 42-42 бис резервтік алаңындағы қорлардың бөлігін бөліп беру;
Костенко атындағы шахта:
таратылған "Қарағанды" шахтасының қорларын бөліп беру;
N 86/87 резервтік шахта алаңын бөліп беру;
"Тентек" шахтасы:
қорларды бөліп беру және 100 м көкжиегінен 340 м көкжиегіне дейін тау-кен бөлісін өзгерту;
N 10 "Тентек" жаңа шахтасын салу:
N 10 резервтік алаңын бөліп беру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ, Қоршағанортамині, Қаржымині, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша)

2009 жылғы қаңтар

Талап етілмейді

2

Қаражал қаласындағы "Өркен" Атасу ЖШС-ның өндірістік қуатын кеңейту үшін жалпы алаңы 500 га жер учаскесін таңдаудың және берудің орындылығын қарау:
алаңы 210 га байыту фабрикасын салу;
алаңы 100 га алаңы бар бөген және алаңы 100 га қалдық сақтағыш салу;
алаңы 25 га темір жол тұйығын салу;
алаңы 30 га су құбырын, алаңы 5 га электр тарату желісін жүргізу;
алаңы 5 га кіші станция салу және тағы өзгелеріне 25 га

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қарағанды облысының әкімдігі, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша), ЖРА, "Өркен" ЖШС (келісім бойынша)

2009 жылғы ақпан

Талап етілмейді

2. Металлургиялық өндірісті дамыту

3

Теміртау қаласының және Бұқар жырау ауданының жерлерінен мына объектілерге жалпы алаңы 2160 га жер учаскесін таңдау және бөлудің орындылығын қарау:
алаңы 63 га домна цехының қож жинағышы; алаңы 123 га конвертер цехының қож жинағышы;
алаңы 640 күл жиғыш;
алаңы 534 га қалдық сақтағыш;
алаңы 300 га энергия торабы;
алаңы 500 га қысып-тығыздау құбыр жолдары, су құбырлары, арналар мен электрлік кіші станциялары

Қазақстан  Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қарағанды облысының әкімдігі, Қоршағанортамині, ЖРА, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша)

2009 жылғы наурыз

Талап етілмейді

3. Инженерлік инфрақұрылымды дамыту

Темір жолдар мен станциялар

4

Қаражал қаласынан Теміртау қаласына жылына 10 млн. тонна тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның инфрақұрылымына қайта жаңарту жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ, "ҚТЖ" ҰҚ" АҚ (келісім бойынша), "АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша)

2009 жылғы маусым

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ қаражаты

5

Жаңа-ауыл станциясы мен Соқыр-Углерудная темір жол учаскесін "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның меншігіне беру мүмкіндігін қарау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

ККМ, "Самұрық" АҚ (келісім бойынша), Қарағанды облысының әкімдігі, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша)

2009 жылғы қазан

Талап етілмейді

4. Энергетикалық және су шаруашылығы кешендерін дамыту

6

Теміртау қаласының жаңа зауытын энергетикалық қамтамасыз етуді дамытудың кешенді бағдарламасын әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ, "Самұрық" АҚ (келісім бойынша), "КЕGОС" АҚ (келісім бойынша), "АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша), Қарағанды облысының әкімдігі

2009 жылдың 4-тоқсаны

Талап етілмейді

7

Жаңа энергия көзін салу және жұмыс істеп тұрған ЖЭО-2 және ЖЭО-ПВС қайта жаңарту үшін техникалық тапсырма әзірлеу және бекіту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша), ЭМРМ, "КЕGОС" АҚ (келісім бойынша)

2009 жылдың 4-тоқсаны

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ қаражаты

8

Жаңа энергия көздерінің  техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалау-сметалық құжаттаммасын әзірлеу және бекіту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ, "КЕGОС" АҚ (келісім бойынша), "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ы (келісім бойынша)

2009 жылдың 4-тоқсаны

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ қаражаты

9

Жаңа электр станция салу және жұмыс істеп тұрған ЖЭО-2 және ЖЭО-ПВС қайта жаңарту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша), ЭМРМ, "Самұрық" АҚ (келісім бойынша), "КЕGОС" АҚ (келісім бойынша)

2009-2013 жылдар

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ қаражаты

10

Қаражал қаласының су шаруашылығы кешенін қайта жаңарту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қарағанды облысының әкімдігі, АШМ, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша)

2008-2009 жылдар

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ қаражаты

5. Әлеуметтік жобалар

11

Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес мектептер салу, жер учаскесін таңдау, жобаның ТЭН және ЖСҚ әзірлеу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру, жинақтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне жарты жылдық есеп

Қарағанды облысының әкімдігі, БҒМ, ЖРА, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша)

2010 жылдың 3-тоқсаны

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ қаражаты

12

Теміртау қаласында металлургия өнеркәсібі қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөнінде өңіраралық орталық салу. Орталықты салуға жер беру.

Қазақстан Республикасының Үкіметіне жарты жылдық есеп

Қарағанды облысының әкімдігі, БҒМ, Еңбекмині, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша)

2011 жылдың 2-тоқсаны

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ қаражаты

13

Тіршілікті қамтамасыз ету, жол инфрақұрылымдары, әлеуметтік сала мен тұрғын үйлер объектілерін дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

Қарағанды облысының әкімдігі, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша)

2009 жылдың 4-тоқсаны

Талап етілмейді

14

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-дағы жұмыс үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және қабылдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

БҒМ, Еңбекмині, ЖРА, Қарағанды облысының әкімдігі, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша)

2009 жылдың 3-тоқсаны

Талап етілмейді

15

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетін (Теміртау қаласы) қазіргі заманғы ғылыми-зертханалық жабдықпен жасақтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша), Қарағанды облысының әкімдігі, БҒМ

2011 жылдың 1-жарты жылдығы

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ қаражаты

16

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-дағы жұмыс үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау бағдарламасы шеңберінде ақша гранттарын бөлуді көздеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша), БҒМ

2009 жылдың 1-жарты жылдығы

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ бағдарламасына сәйкес

17

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-дағы технологиялық процестерде қазақстандық ғалымдардың әзірлемелерін барынша пайдалану

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша), БҒМ

жыл сайын

Талап етілмейді

18

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның ішкі ережесіне сәйкес жалақы төлей отырып, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның кәсіпорындарында қазақстандық студенттердің практикадан өту мәселесін қарау

БҒМ-ге ақпарат

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ (келісім бойынша), БҒМ

жыл сайын

Талап етілмейді

Ескертпе: аббревиатураларды ң толы қ жазылуы:

ИСМ          - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
               министрлігі;
ЭМРМ         - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
               ресурстар министрлігі;
ЭБЖМ         - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
               жоспарлау министрлігі;
Қаржымині    - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
АШМ          - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
ККМ          - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
               министрлігі;
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
               министрлігі;
БҒМ          - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
Еңбекмині    - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
               қорғау министрлігі;
ЖРА          - Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару
               агенттігі;
"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Қазақстан Темір Жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік
                қоғамы;
"Самұрық" АҚ - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі
                қазақстандық холдингі акционерлік қоғамы
"Өркен" ЖШС - "Өркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады