ЕХРО-2017 Халықаралық көрмесін өткізуге Астана қаласының қатысуын дайындау мәселелері жөнінде жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі N 130-ө Өкімі

      ЕХРО-2017 Бүкіләлемдік мамандандырылған көрмесін өткізу құқығына Астана қаласының қатысуына арналған Халықаралық Көрмелер Бюросына өтінім дайындау мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Шөкеев                 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы         бірінші орынбасары, жетекші

Исекешев               - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Әсет Өрентайұлы          сауда министрі, жетекшінің орынбасары

Тасмағамбетов          - Астана қаласының әкімі, жетекшінің
Иманғали Нұрғалиұлы      орынбасары

Қазыбаев               - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
Айдар Қалымтайұлы        министрлігі Сауда комитетінің төрағасы,
                         хатшы

Төлеуханов             - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Дәурен Айтмұхаметұлы     Кеңсесі Басшысының орынбасары

Шолпанқұлов            - Қазақстан Республикасының Қаржы
Берік Шолпанқұлұлы       вице-министрі

Өскенбаев              - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт
Қайырбек Айтбайұлы       вице-министрі

Ашықбаев               - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Ержан Нығматоллаұлы      министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің
                         төрағасы

Садықов                - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Барлыбай Кәрімұлы        министрлігі Көп жақты ынтымақтастық
                         департаментінің директоры

Байбеков               - Қазақстан Республикасы Экономика және
Мырзақасым Ниязбекұлы    бюджеттік жоспарлау министрлігі Экономика
                         салаларын дамыту департаментінің директоры

Жақсылықов             - Астана қаласы әкімінің орынбасары
Тимур Мекешұлы

Қожасбай               - Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп
Ерлан Сәдуақасұлы        палатасының президенті (келісім бойынша)

Анарқұлов              - "Астана қаласы бас жоспарының ғылыми-зерттеу
Нұржан Нәсірұлы          жобалау институты" мемлекеттік коммуналдық
                         кәсіпорны директорының бірінші орынбасары

Жүнісов                - Астана қаласы Сәулет және қала құрылысы
Сәрсенбек Ендібайұлы     басқармасының бастығы

       2. Жұмыс тобы 2009 жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімде ЕХРО-2017 Бүкіләлемдік мамандандырылған көрмесін өткізуге Астана қаласының өтінімін жылжыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін.

      Премьер-Министр                                      К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады