Қазақстан Республикасында Мемлекеттер басшыларының бейресми саммитін дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 7 қыркүйектегі N 131-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасының еуразиялық өңір мемлекеттерімен көп жақты ынтамақтастығын нығайту және 2009 жылғы 11-13 қыркүйек кезеңінде Қазақстан Республикасының Ақтау қаласында Әзірбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Түрікменстан мемлекеттер басшыларының бейресми саммитін (бұдан әрі - саммит) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі саммитті дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
      қосымшаға сәйкес Әзірбайжан Республикасы, Ресей Федерациясы және Түрікменстан басшылары мен делегациялары мүшелеріне (бұдан әрі - делегациялар мүшелері) "1+5" форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде қажетті ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      2009 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен саммитті өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі делегациялар мүшелерінің Ақтау қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақтарды күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Әзірбайжан Республикасы, Ресей Федерациясы және Түрікменстан мемлекеттері басшыларының арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Ақтау қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Ақтау қаласының әуежайында арнайы ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді, олардың тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атынан ресми қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      6. Манғыстау облысының әкімдігі делегациялар мүшелерін қарсы алу және шығарып салу, Ақтау қаласының әуежайы мен көшелерін безендіру, делегациялар мүшелері болатын орындарда бірге жүруді, көліктік қызмет көрсетуді, іс-шаралар өткізілетін жерлерді техникалық жарақтандыруды (микрофондар, дыбысты күшейту, жарық жабдықтары, дыбыс жазу), сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыру жөніндегі ұйымдастырушылық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.
      7. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің   
2009 жылғы 7 қыркүйектегі
N 131-өкіміне     
қосымша       

Қазақстан Республикасында Мемлекеттер басшыларының
бейресми саммиті делегацияларының мүшелерін қамтамасыз ету
және оларға қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Бейресми саммит делегацияларының мүшелерін "1+5" форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету, сондай-ақ бірге жүретін адамдарды Ақтау қаласының қонақ үйінде орналастыруға және көліктік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жәрдем корсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерін Ақтау қаласының қонақ үйілеріне орналастыру.
      3. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапар бағдарламалары, автомобильдерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар және т.б.) дайындау.
      4. Бейресми саммит делегацияларының мүшелері үшін сыйлықтар және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Бейресми саммит делегацияларының мүшелерін Ақтау қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде шай дастархандарын ұйымдастыру.
      6. Іс-шаралар өткізетін орындарды гүлмен безендіру.
      7. Бірге жүретін адамдарға арналған техникалық үстелдерге қызмет көрсету.
      8. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атынан бейресми саммитке қатысушы мемлекеттер басшыларының құрметіне қабылдау ұйымдастыру.
      9. Делегациялар мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады