"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 маусымдағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі N 135-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Мемлекеттік органдар:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін

      Премьер-Министр                                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2009 жылғы 14 қыркүйектегі
N 135-ө өкімімен    
бекітілген       

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с N

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі N 430 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі

2009 жылғы қыркүйек

2.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

2009 жылғы қыркүйек

3.

Құпия




4.

Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттандырудың және құжаттаманы басқарудың үлгі ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

2009 жылғы қыркүйек

5.

Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын, сақтау мерзімдері көрсетілген үлгі құжаттардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

2009 жылғы қыркүйек

6.

Орталық сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

2009 жылғы қыркүйек

7.

Сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережені бекіту туралы

Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдіктерінің қаулысы

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдіктері

2009 жылғы қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады