Жергілікті атқарушы органдар басшыларының қатысуымен "www.e-gov.kz" порталында интернет-конференциялар өткізу кестесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 15 ақпандағы № 29-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған жергілікті атқарушы органдар басшыларының қатысуымен «www.e-gov.kz» порталында интернет-конференциялар өткізу кестесі (бұдан әрі – кесте) бекітілсін.
      2. Жергілікті атқарушы органдар кестенің уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және іс-шара өткізілгеннен кейін екі күн мерзімде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне кестенің орындалуы туралы ақпарат жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1-күніне Қазақстан Республикасының Үкіметіне кестенің орындалуы туралы жиынтық ақпарат енгізсін.
      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2012 жылғы 15 ақпандағы
№ 29-ө өкімімен   
бекітілген     

Жергілікті атқарушы органдар басшыларының қатысуымен
«www.e-gov.kz» порталында интернет-конференциялар өткізу
кестесі
(іске асыру мерзімі: 2012 жылғы наурыз – қазан)

Тақырыптық бағыт

Аты-жөні

Лауазымы

Өткізу мерзімі
2012 ж.

1.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы басым бағыттарының өңірлерде іске асырылу барысы туралы

Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов

Астана қаласының әкімі

наурыз

2.

Қайрат Пернешұлы Қожамжаров

Ақмола облысының әкімі

наурыз

3.

Асқар Исабекұлы Мырзахметов

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі

сәуір

4.

Аңсар Тұрсынханұлы Мұсаханов

Алматы облысының әкімі

сәуір

5.

Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов

Ақтөбе облысының әкімі

мамыр

6.

Бергей Сәулебайұлы Рысқалиев

Атырау облысының әкімі

мамыр

7.

Бауыржан Әлімұлы Мұхамеджанов

Маңғыстау облысының әкімі

маусым

8.

Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов

Қарағанды облысының әкімі

маусым

9.

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев

Жамбыл облысының әкімі

шілде

10.

Болатбек Баянұлы Қуандықов

Қызылорда облысының әкімі

шілде

11.

Серік Сұлтанғазыұлы Біләлов

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

тамыз

12.

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев

Батыс Қазақстан облысының әкімі

тамыз

13.

Нұралы Мұстафаұлы Сәдуақасов

Қостанай облысының әкімі

қыркүйек

14.

Ахметжан Смағұлұлы Есімов

Алматы қаласының әкімі

қыркүйек

15.

Бердібек Машбекұлы Сапарбаев

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

қазан

16.

Ерлан Мұхтарұлы Арын

Павлодар облысының әкімі

қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады