"Қазақстан Республикасы Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну кестесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 29-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 19 мамырдағы № 60-ө өкімі

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министріне ақпараттық материалдарды ұсыну кестесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 29-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну кестесінде:

      реттік нөмірі 45-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

45

Құжат айналымның жалпы көлемі туралы статистикалық және талдамалық деректер (кіріс және шығыс, оның ішінде электрондық түрде) қоса берілген құжат айналымын қысқарту жөніндегі жүргізілетін жұмыс туралы жиынтық ақпарат

Есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 15-күніне қарай, Мәдениет және спорт министрлігі
Есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 10-күніне қарай Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Мәдениет және спорт министрлігіне құжат айналымының жалпы көлемі туралы статистикалық (кіріс және шығыс, оның ішінде электрондық түрде) деректерді ұсынады
Орталық және жергілікті атқарушы органдар, есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 5-күніне қарай:
- Мәдениет және спорт министрлігіне - құжат айналымының жалпы көлемі туралы талдамалық деректерді,
- Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне - құжат айналымының жалпы көлемі туралы статистикалық (кіріс және шығыс, оның ішінде электрондық түрде) деректерді ұсынады

Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі

      ".

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады