"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 90-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 182-ө өкімі

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 90-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген өкімге 3-қосымшада:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестің құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары (келісу бойынша)";

      "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің салық салу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының тең төрағасы (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің инвестициялық саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының шетелдік тараптан тең төрағасы (келісу бойынша)";

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі".

      Премьер-Министр А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады