Шекара маңындағы пункттерiнде терминалдар құрылысын салу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 29 қаңтар N 39-ө

      Алматы облысының Қалжат, Талдықорған облысының Қорғас және Достық шекара маңындағы пункттерi арқылы импортталатын тауарлардан кеден бажын және бюджет төленетiн басқа да төлемдер алу тәртiбiн жетiлдiру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүктер тасымалдауға отандық автомобиль паркiн пайдалану үшiн:
      1. "Кадар" ғылыми-өндiрiстiк орталығының Қалжат, Қорғас және Достық шекара маңындағы пункттерiнде терминалдар құрылысы және оларды пайдалану туралы ұсынысына келiсiм бiлдiрiлсiн.
      2. Алматы және Талдықорған облыстарының әкiмдерi Қалжат, Қорғас және Достық шекара маңындағы пункттерiнде терминалдар құрылысы үшiн әрқайсысына алаңы 15 га жер учаскелерiне бөлiп берсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi экспорт-импорт жүктерiн тасымалдау технологиясын әзiрлесiн.
      4. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi "Кадар" ғылыми-өндiрiстiк орталығына Қалжат, Қорғас және Достық шекара маңындағы пункттердегi терминалдарды пайдалануға лицензия берсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қытай Халық Республикасының үкiметаралық құжаттарға қол қою кезiнде Қалжат, Қорғас және Достық шекара маңындағы пункттерде терминалдардың салынуы және пайдалануға берiлуi туралы ұсынысты ескерсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда

құрылыс салу министрлiгi аталған шекара маңындағы пункттерде
терминалдар құрылысын жүргiзуге көмек көрсетсiн және бақылауды жүзеге
асырсын.
     7. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Кеден комитетiне жүктелсiн.

     Премьер-Министрдiң
     бiрiншi орынбасары 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады