Мiндеттердi бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 12 шiлде N 332-ө

      1. Үкiмет Аппаратының Басшысы мен оның орынбасарлары арасында

мiндеттердi бөлу бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
     2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 
7 маусымдағы N 270 өкiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.

     Премьер-Министрдiң
        орынбасары
                                       Қазақстан Республикасы
                                         Премьер-Министрiнiң
                                       1996 жылғы 12 шiлдедегi
                                           N 332-өкiмiмен
                                            Бекiтiлген

            Үкiмет Аппаратының Басшысы мен оның орынбасарлары арасында
                                  мiндеттердi
                                     БӨЛУ 

            Қазақстан Республикасының Үкiметi Аппаратының
                                 Басшысы
                               С.И.Шуткин

     Аппарат пен оған ведомстволық бағыныстағы басқа да ұйымдардың
қызметiне жалпы басшылық жасау.


      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Парламентпен, Президент Әкiмшiлiгiмен және аумақтар әкiмдерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қабылданған қаулыларының, Қазақстан Республикасы Президентi мен Парламентi актiлерiнiң Үкiметтiң құзыретiне жататын бөлiгiнiң орындалуын ұйымдастыру.
      Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру.
      Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және Үкiмет тағайындайтын өзге де орталық органдардың басшыларын өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiстi түрде орындамағаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныстар әзiрлеу.

     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң бастамашылығы құқығын
жүзеге асыру мәселелерi. Үкiмет қабылдайтын нормативтiк актiлердiң
Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен үйлесуiн
қамтамасыз ету.
     Үкiметтiң Баспасөз қызметiнiң, Парламенттегi Үкiмет өкiлдiгiнiң
мәселелерi.
     Премьер-Министр мен оның орынбасарларының кеңесшiлерi топтарының.
     Қорғаныс және құқық тәртiбi бөлiмiнiң
     Заң бөлiмiнiң
     Кадр жұмысы бөлiмiнiң жұмысын үйлестiру.

            Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты
                  Басшысының бiрiншi орынбасары
                       Б.Т. Биманбетов

     Өндiрiстiк емес салаларды және агроөнеркәсiп кешенiнiң салаларын
басқаруды үйлестiру мәселелерi.
     Үкiмет пен Үкiмет Аппараты қызметiн ұйымдық және
материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерi.
     Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң
     Сыртқы байланыстар бөлiмiнiң
     Аграрлық сектордағы реформалар бөлiмiнiң
     Қаржы-шаруашылық бөлiмiнiң
     Мемлекеттiк қызметшiлерге зейнетақы белгiлеу секторының
     Үкiмет Аппаратының Республикалық мемлекеттiк
өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң жұмысын үйлестiру.

            Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты
                     Басшысының орынбасары
                        Т.Қ. Бегахметов



      Республиканың экономикалық дамуын талдау, экономикалық реформаларды жүзеге асыру барысына бақылауды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы жоғары экономикалық кеңеспен өзара iс-қимыл.

     ТМД мемлекеттерiнiң экономикалық интеграцияларын күшейтудi
үйлестiру.
     Мемлекет иелiгiнен алу, жекешелендiру, кәсiпкерлiктi дамыту
мәселелерi.
     Бюджеттi, кредиттiк саясатты, ақша айналысын, еңбек және халықты
жұмыспен қамтуды қалыптастыру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру.
     Материалдық өндiрiс салаларын басқаруды үйлестiру мәселелерi.
Ғылыми-техникалық прогресс.
     Экономикалық реформалар орталығының мәселелерi.
     Экономикалық саясат бөлiмiнiң
     Қаржы, еңбек және ақша айналысы бөлiмiнiң
     Өнеркәсiп саясаты және өнеркәсiп саясаты жөнiндегi кеңесшiлер
тобы бөлiмінiң жұмысын үйлестiру.

            Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты
                 Басшысының орынбасары - Аумақтық
                    даму бөлiмiнiң меңгерушiсi
                         Қ.Е. Көшербаев

     Аумақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамыту мәселелерi,
Президенттiң актiлерi мен Үкiметтiң шешiмдерiнiң аймақтарда
орындалуын бақылау, жергiлiктi атқарушы органдардың кадр мәселелерi.
     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты бөлiмдерiнiң аймақтық
проблемаларды шешудегi, республикалық шараларды жүргiзу кезiндегi
жұмыстарын үйлестiру.

            Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты
             Басшысының орынбасары - Үкiмет Кеңсесiнiң
                     бастығы Қ.Е. Ермекбаев



      Үкiмет пен оның Төралқасының мәжiлiстерiн өткiзу, Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiнiң жобаларын әзiрлеу мәселелерi.
      Президенттiң, Парламенттiң және Үкiметтiң актiлерiнiң, сондай-ақ Премьер-Министрдiң тапсырмаларының министрлiктерде, мемлекеттiк комитеттерде, басқа да орталық органдарда, Үкiмет Аппаратының бөлiмдерiнде орындалуы жөнiндегi бақылауды ұйымдастыру.
      Хат-хабарлардың Үкiмет Аппаратының құрылымдық бөлiмшелерiнде тиiстi түрде жүруiне, Премьер-Министрдiң атына жолданатын құжаттардың сапалы дайындалуына, Үкiмет Аппаратында азаматтарды қабылдауға бақылауды қамтамасыз ету.
      Үкiмет Аппаратының бөлiмшелерiнде жұмыстарды жоспарлауды ұйымдастыруды талдау.
      Үкiмет Аппараты бөлiмдерiнiң Премьер-Министрдiң қатысуымен болатын iс-шараларды жүргiзу кезiндегi жұмыстарын үйлестiру.
      Өткiзу режимiн қамтамасыз етудi бақылау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады