Телефон станциясын пайдалануды реттеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 26 шiлде N 356

      Мемлекеттiк қаражаттарды үнемдеу және Алматы қаласындағы

үкiметтiк автоматты телефон станциясын (ҮАТС) пайдалануды реттеу
мақсатында:
     1. ҮАТС-на қосылуға басым құқығы бар абоненттердiң тiзбесi
бекiтiлсiн /қоса берiлiп отыр/.
     2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi:
     көрсетiлген тiзбеге кiрмеген ҮАТС абоненттерiнiң телефондарын
ажыратуды жүргiзсiн;
     ҮАТС-на жаңа абоненттер қосу тек Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң Аппараты Басшысының келiсiмi бойынша жүргiзiледi.
     3. Қазақстан Республикасының Үкiметi Аппаратының қызметкерлерiне
алдын ала арнаулы журналда жазылатын оның келiсiмiн алып, тек
Аппараттың құрылымдық бөлiмшесi басшысының қабылдау бөлмесiндегi
телефоннан ғана қалааралық сөйлесуге рұқсат етiлсiн.

     Премьер-Министр


                                       Қазақстан Республикасы
                                         Премьер-Министрiнiң
                                       1996 жылғы 26 шiлдедегi
                                           N 356 өкiмiмен
                                             бекiтiлген

        Алматы қаласындағы үкiметтiк автоматты телефон станциясына
              /ҮАТС/ қосылуға басым құқығы бар абоненттердiң
                                 ТIЗБЕСI

     Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
     Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарлары
     Қазақстан Республикасының Үкiметi Аппаратының Басшысы
     Қазақстан Республикасының министрлерi
     Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк комитеттердiң төрағалары
     Алматы қаласы мен Алматы облысының әкiмдерi
     Қазақстан Республикасының Үкiметi Аппараты Басшысының
орынбасарлары
     Қазақстан Республикасының Үкiметi Аппаратының құрылымдық
бөлiмшелерi басшылары
     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық
атқарушы органдардың басшылары
     Қазақстан Республикасы министрлерiнiң орынбасарлары
     Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк комитеттерi төрағаларының
орынбасарлары
     Алматы қаласы мен Алматы облысының әкiмдерiнiң орынбасарлары
     Премьер-Министрдiң және оның орынбасарларының көмекшiлерi мен
кеңесшiлерi
     Қазақстан Республикасының Үкiметi Аппаратының құрылымдық
бөлiмшелерi басшыларының орынбасарлары
     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық
атқарушы органдардың басшыларының орынбасарлары
     Департаменттердiң, Агенттiктердiң, Комитеттердiң, Ұлттық
акционерлiк компаниялардың басшылары
     Энергетиканың, көлiктiң барлық түрлерiнiң, газбен, сумен,
жылумен жабдықтаудың тоқтаусыз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге тiкелей
байланысты кәсiпорындар мен ұйымдардың бiрiншi басшылары, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын басқа да лауазымды
тұлғалар.

     ҮАТС-на "қызметтiк" санаты бойынша:
     байланыс департаментiнiң директоры орынбасарларының
     "Қазтелеком" ҮАК вице-президенттерiнiң
     "Қазтелеком" ҮАК-ның басқарма құқығындағы бөлiмдерi бастықтарының
     Республикалық почта байланысы мемлекеттiк кәсiпорны бас
директорының


      Алматы қаласындағы телекоммуникациялар мен почта байланысы кәсiпорындары басшыларының және басшылары орынбасарларының телефондары қосылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады