Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының өтiнiшi бойынша, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 53-бабы 1-тармағының және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 25 мамырдағы N 569 қаулысымен бекiтiлген, Салық төлеушiнiң билiк етуi шектелген мүлкiн салық берешегi есебiне сату жөнiнде мамандандырылған аукцион өткiзу ережесiнiң 13-тармағының конституциялылығын тексеру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Кеңесінің 2004 жылғы 15 сәуірдегі N 2 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А.Хитрин, Кеңес мүшелерi Қ.Ә.Әбiшев, Қ.Ж.Балтабаев, С.Ф.Бычкова, А.Есенжанов, А.К.Котов және Қ.Ә.Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:

      Республика Жоғарғы Сотының судьясы Ю.А.Пономаренко,
      Республика Бас Прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаевтың,
      Республика Әдiлет вице-министрi Ж.Қ.Асановтың,
      Республика Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi төрағасының орынбасары Ә.Б.Базарбаеваның қатысуымен,

      өзiнiң ашық отырысында, Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң)  53-бабының  1-тармағын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 мамырдағы N 569  қаулысымен  бекiтiлген, Салық төлеушiнiң билiк етуi шектелген мүлкiн салық берешегi есебiне сату жөнiнде мамандандырылған аукцион өткiзу ережесiнiң  13-тармағын  конституциялық емес деп тану жөнiндегi ұсынысын қарады.
      Қолдағы бар материалдарды, соның iшiнде сарапшы - Қазақ гуманитарлық-заң университетiнiң азаматтық құқық және процесс кафедрасының меңгерушiсi, заң ғылымының кандидаты М.Қ.Өмiрқұловтың қорытындысын зерделеп, баяндамашы - Конституциялық Кеңестiң мүшесi А.Есенжановтың хабарлауын және отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап,  Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны

                           анықтады:

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының (бұдан әрi - сот), Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 мамырдағы N 569  қаулысымен  бекiтiлген, Салық төлеушiнiң билiк етуi шектелген мүлкiн салық берешегi есебiне сату жөнiнде мамандандырылған аукцион өткiзу ережесiнiң (бұдан әрi - Ереже)  13-тармағын  конституциялық емес деп тану жөнiндегi ұсынысын конституциялық iс жүргiзуге қабылдады.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының  21-бабы  3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, өтiнiш субъектiсi өтiнiштiң көлемiн ұлғайту - сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң)  53-бабы  1-тармағының конституциялылығын да тексеру туралы өтiнiшiн мәлiмдеген.
      Азамат A.Тiлеуiмбетовтiң сатып алу-сату шартын орындауға мәжбүрлеу және құжаттарды талап етiп алдыру туралы "Қостанай қозғалтқыштар жөндеу зауыты" ЖШС-ке (бұдан әрi - "ҚҚЖЗ" ЖШС) қойған талап-арызы, сондай-ақ сатып алу-сату шартын жарамсыз мәмiле деп тану туралы "ҚҚЖЗ" ЖШС-тiң қарсы талап-арызы бойынша соттың iс жүргiзуiнде жатқан азаматтық iс Конституциялық Кеңеске жүгiнуге себеп болған.
      Сот ұсынысынан келiп шығатыны, "ҚҚЖЗ" ЖШС-тiң салық берешегi болғандықтан, Салық кодексiне сай мүлкiне билiк етуi шектелiп, содан соң мүлкi ашық мамандандырылған аукционда сатуға қойылған, азамат A.Тiлеуiмбетов оның жеңiмпазы деп танылған. "ҚҚЖЗ" ЖШС-тiң аукцион нәтижесi бойынша сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартуына байланысты, оған Ережеге сәйкес әрекет еткен салық қызметiнiң органы қол қойған. Бұл аталған Ереженiң  13-тармағына  сай, егер аукционның өткiзiлетiн күнi, уақыты және орны туралы хабардар етiлген сатушы немесе оның заңды не уәкiлеттi өкiлi аукционға келмесе, онда аукцион оның қатысуынсыз өткiзiледi, ал сатып алу-сату шартын оның атынан салық қызметiнiң органы жасайды. Мемлекеттiк органның бұл өкiлеттiгi Салық кодексiнiң  53-бабының  1-тармағынан келiп туындайды, оған сәйкес салық органдары салық төлеушінің келісімінсіз оның мүлкінен өндіріп алуды жүргізуге құқылы.
      Соттың пiкiрiнше, сатушының еркiнен тыс сатып алу-сату шартын жасауға және соттан тыс тәртiппен мүлiктен айыруға салық қызметiнiң органына мүмкiншiлiк беретiн, Салық кодексiнiң  53-бабының  1-тармағы және Ереженiң  13-тармағы  Конституцияның  26-бабы  1, 2 және 3-тармақтарының,  39-бабы  3-тармағының ережелерiне қайшы келедi.
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Республика Кодексiнiң (Салық кодексiнiң)  53-бабы  1-тармағының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 мамырдағы N 569  қаулысымен  бекiтiлген, Салық төлеушiнiң билiк етуi шектелген мүлкiн салық берешегi есебiне сату жөнiнде мамандандырылған аукцион өткiзу ережесiнiң  13-тармағының  конституциялылығын тексере отырып,  Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi  тиiстi конституциялық нормаларды мынадай жүйелi талдауды негiзге алды.
      Республика Конституциясының  26-бабына  сәйкес "Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады" (1-тармақ) және "меншiк ... құқығына заңмен кепiлдiк берiледi" (2-тармақ).  26-баптың  2-тармағымен көзделген меншiк құқығы ешбiр жағдайда да шектелмеуге тиiс (Негiзгi Заңның  39-бабының  3-тармағы). Бұл конституциялық ережелер мүлiкке ие болудың құқықтық тұрғыда заңдылығын көздейдi, меншiк иесiнiң заңды құқықтарын кiмнiң де болсын заңсыз араласуынан қорғауға және меншiкке қол сұғылмауын қамтамасыз етуге бағытталған.
      Конституцияның  26-бабының  3-тармағы, соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де өз мүлкiнен айыруға болмайды деп белгiлейдi. Бұл ереже меншiк құқығын қорғау кепiлдiгiн көздейдi, ол абсолюттi болып табылмайды және меншiктi иелiктен айыру кезiнде мiндеттi түрде алдын-ала сот шешiмi болуын көздемейдi, өйткенi Конституцияның  39-бабының  3-тармағына сәйкес мұндай құқықты заңмен шектеуге жол берiледi. Нақты мүлiктiк құқықты заңмен көзделген реттерде шектеу, азаматтық-құқықтық қатынастарда да, жария-құқық аясында да заңды болып табылады. Мұндай құқықтық позиция Конституциялық Кеңестiң 2000 жылғы 16 маусымдағы  N 6/2  және 2000 жылғы 20 желтоқсандағы N 21/2  қаулыларында  бiлдiрiлген.
      Конституцияның  6-бабының  2-тармағына сай "меншiк мiндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгiне де қызмет етуге тиіс. Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi". Айқындаушы маңызға ие бұл конституциялық нормалар  Негiзгi Заңның  "Жалпы ережелер" деп аталатын I бөлiмiнде орналасқанын атап өткен жөн, өйткенi олар меншiк қатынастарын құқықтық реттеудiң негiзгi принциптерi мен бастауларын бекiтедi (Конституциялық Кеңестiң 2000 жылғы 7 маусымдағы  N 4/2  қаулысы).
      Конституция, заңды түрде белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу әркiмнiң борышы әрi мiндетi екенiн көздейдi  (35-бап) ; әркiм Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға мiндеттi ( 34-баптың  1-тармағы). Бұл баяндалған конституциялық нормалар салық төлеушiлердiң барлығын  Негiзгi Заң  нұсқамаларына қатаң түрде сәйкес iс-әрекет жасауға, яғни Республика заңдарымен белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеуге мiндеттейдi.
      Салықтық құқық қатынастары жария-құқықтық сипатқа ие, ал салық заңнамасы салық және бюджетке төленетiн өзге де мiндеттi төлемдердi белгiлеу, енгiзу, есептеу тәртiбi және төлеу жөнiндегi билiк қатынастарын, сондай-ақ, мемлекет пен салық төлеушiнiң арасындағы салық мiндеттемелерiн орындауға байланысты қатынастарды реттейдi.
      Салық кодексiнде көзделген салық әкiмгершiлiгi, салық төлеушiлердiң салық заңнамасын тиiстi түрде орындауы жөнiндегi шараларды назарда ұстайды, салықтардың және өзге де мiндеттi төлемдердiң толық әрi уақытылы аударылуын қамтамасыз етуге бағытталған механизмдердi белгiлейдi.
      Салық кодексiнiң  53-бабының  1-тармағында бекiтiлген, салық төлеушiнiң - заңды тұлғаның және жеке кәсiпкердiң банк шоттарында ақшасы, қолма-қол ақшасы және дебиторларының банк шоттарында ақшасы болмаған жағдайларда салық органдарының оның келiсiмiнсiз салық берешегiнiң сомасы шегiнде салық төлеушiнiң билiк ету шектелген мүлкiнен өндiрiп алуды жүргiзуге құқығы осындай шаралардың бiрi болып табылады. Салық кодексiнiң бұл нормасы Конституцияның  35-бабын  жүзеге асыруға қаратылған.
      Салықтар, алымдар және өзге де мiндеттi төлемдер, сондай-ақ салық әкiмгершiлiгi мәселелерiн реттейтiн заңдарды Конституцияның  61-бабы  3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Парламент шығарады. Заң шығарушы заңдарда конституциялық нормаларды мәжбүрлеп қамтамасыз етуге және орындатуға бағытталған нормаларды, және осыдан келiп туындайтын меншiк иесiнiң құқықтарын шектеулердi белгiлеуге хақылы.
      Салық төлеушiнiң мүлкiн, Салық кодексiнiң  53-бабының  1-тармағымен және соған негiзделген Ереженiң  13-тармағымен  бекiтiлген тәртiппен алып қою Конституцияның  26-бабы  3-тармағының ережелерiне қайшы болмайды. Бұл жағдайда салық төлеушiнiң мүлкi,  Негiзгi Заңның  және  Салық кодексiнiң  талаптарына орай оның төлеуге мiндеттi болған салық берешегi есебiне айналдырылады.
      Ереже негiзiнде өткiзiлетiн, салық төлеушiнiң билiк етуi шектелген мүлкiн салық берешегi есебiне сату жөнiндегi мамандандырылған аукцион, терiс пиғылды салық төлеушiлерге қолданылатын, салық берешегiн мәжбүрлеп өндiрудiң заңмен көзделген шарасы болып табылады. Ереже Салық кодексiнiң  53   және  54-баптарының  тиiстi ережелерi негiзiнде Республика Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген.
      Мүдделi адамдардың салық қызметi органдары мен оның лауазымды адамдарының iс-әрекетiне барлық жағдайларда да соңынан сотқа шағымдана алатынын атап өткен жөн, сот олардың заңдылығын тексерiп, қорытынды шешiм қабылдайды. Бұл ереже әркiмнiң, заңмен кепiлдiк берiлген және қамтамасыз етiлген, өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы туралы Республика Конституциясының  13-бабының  2-тармағынан туындайды.
      Сатып алушының мүлiктi, өзiнiң салық мiндеттемелерiн орындамаған салық төлеушiнiң атынан сатып алу-сату шартын салық органы жасаған мамандандырылған аукционда сатып алуына келер болсақ, мұндай сатып алуды заңды деп есептеген жөн, өйткенi сатып алушының мүлiкке деген меншiк құқығы заңмен және соған сәйкес келетiн нормативтiк құқықтық актiмен көзделген негiзде және тәртiппен пайда болады. Соған байланысты жаңа меншiк иесiнiң құқықтық өкiлеттiгi заңды, ол Конституцияның  26-бабының  1-тармағына сәйкес келедi.
      Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының  72-бабының  2-тармағын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының  17-бабы  4-тармағының 1) тармақшасын,  31-33 37-баптарын  және  41-бабы  1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып,  Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
                          қаулы етедi:

       1.  "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң)  53-бабының  1-тармағы және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 25 мамырдағы N 569  қаулысымен  бекiтiлген, Салық төлеушiнiң билiк етуi шектелген мүлкiн салық берешегi есебiне сату жөнiнде мамандандырылған аукцион өткiзу ережесiнiң  13-тармағы  Республика Конституциясына сәйкес деп танылсын.
       2.  Қазақстан Республикасы Конституциясының  74-бабының  3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi және шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының  73-бабының  4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.
       3.  Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.

       Қазақстан Республикасы
      Конституциялық Кеңесінің
      Төрағасы

      

Если Вы обнаружили на странице ошибку, выделите мышью слово или фразу и нажмите сочетание клавиш Ctrl+Enter

 

поиск по странице

Введите строку для поиска

Совет: в браузере есть встроенный поиск по странице, он работает быстрее. Вызывается чаще всего клавишами ctrl-F.