Ауғанстанда Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясын ашу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2002 жылғы 26 сәуір N 855

      Қазақстан Республикасының халықаралық және ұлттық мүдделерін ескере отырып, түрлі салаларды Қазақстан - ауған ынтымақтастығын нығайту және дамыту мақсатында қаулы етемін:
      1. Кабул қаласында (Ауғанстан) Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясы ашылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы кеңесші-уәкіліне айына

 

2100 (екі мың бір жүз) АҚШ доллары мөлшерінде шетелдік валютадағы

лауазымдық жалақы белгіленсін.

     3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының

Ауғанстандағы Дипломатиялық миссиясының штат кестесін және шығыстар

сметасын айқындасын.

     4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

             Президенті


     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Багарова Ж.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады