Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 10 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 7 қарашадағы N 1666 Жарлығы

 Президент пен Үкіметтің актілер 
жинағында және республикалық  
баспасөзде жариялануға тиіс   

      Қазақстандық парламентаризмнiң дамуы мен қалыптасуына елеулi үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 10 жылдығын атап өту құрметiне  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. "Қазақстан Республикасының Парламентiне 10 жыл" мерекелiк медалi тағайындалсын.

      2. Қоса берiлiп отырған:
      1) "Қазақстан Республикасының Парламентiне 10 жыл" мерекелiк медалi туралы ереже;
      2) "Қазақстан Республикасының Парламентiне 10 жыл" мерекелiк медалiнiң сипаттамасы бекiтілсiн.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң      
2005 жылғы 7 қарашадағы 
N 1666 Жарлығымен   
БЕКIТIЛГЕН      

  "Қазақстан Республикасының Парламентiне 10 жыл"
мерекелік медалі туралы
ЕРЕЖЕ

      1. "Қазақстан Республикасының Парламентiне 10 жыл" мерекелiк медалiмен (бұдан әрi - мерекелiк медаль) қазақстандық парламентаризмнiң дамуы мен қалыптасуына елеулi үлес қосқан, мемлекет және қоғам қайраткерлерi, қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдар мен өндiрiс саласының қызметкерлерi қатарынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары наградталады.

      2. Мерекелiк медальмен наградтау жөнiндегi ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасы Парламентi палаталарының төрағалары, Үкiметi, Конституциялық Кеңесi, Жоғарғы Соты, министрлiктерi, өзге де орталық мемлекеттiк органдары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, сондай-ақ қоғамдық бiрлестіктер енгiзедi.

      3. Мерекелiк медальдi Қазақстан Республикасының Президентi тапсырады, сондай-ақ оны Қазақстан Республикасының Президентiнiң атынан және оның тапсырмасы бойынша:
      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы;
      2) Қазақстан Республикасы Парламентi палаталарының төрағалары;
      3) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi;
      4) өзге де лауазымды адамдар тапсыруы мүмкiн.

      4. Мерекелiк медальдi тапсыру салтанатты жағдайда жүргiзiледi және ол наградталушының жеке өзiне тапсырылады. Тапсыру алдында Қазақстан Республикасы Президентiнiң наградтау туралы Жарлығы жария етiледi.

      5. Әрбiр наградталған адамға мерекелiк медаль тапсырумен бiр мезгiлде тиiстi куәлiк берiледi.

      6. Мерекелiк медальдiң тапсырылғаны туралы белгiленген нысандағы хаттама толтырылады. Ол медаль тапсырған адамның қолы, тапсыру жүргiзген органның мөрi арқылы бекiтiлiп, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жiберiледi.

      7. Мерекелiк медаль сол жақ омырауға тағылады. Мемлекеттік наградалары болған жағдайда олардан кейiн орналасады.

      8. Жүргiзiлген наградтаулардың есебiн, сондай-ақ мерекелiк медальдардың тапсырылу барысы туралы есептiлiктi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi жүргізедi.

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң      
2005 жылғы 7 қарашадағы 
N 1666 Жарлығымен   
БЕКIТIЛГЕН      

  "Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл"
мерекелік медалiнiң
СИПАТТАМАСЫ

      "Қазақстан Республикасының Парламентiне 10 жыл" мерекелiк медалі латуннан дайындалады, диаметрi 34 мм дұрыс шеңбер пiшiндi.
      Медальдiң бет жағының ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы бейнеленген. Тудың бейнесi көк түстi эмальдан жасалған. Медальдiң төменгi бөлiгiнде шеңбердi бойлай лавр бұтақшасы орналасқан. Тудың оң жағында екi жолға жазылған "10 жыл" деген бедерлi жазу бар.
      Медальдiң сыртқы жағының ортаңғы бөлiгiндегi жалтырақ бетке үш жолдан тұратын "Қазақстан Республикасының Парламентi" деген жазу жазылған. Жазудың астындағы төменгi бөлiкте ұлттық ою-өрнек элементi орналасқан.
      Медальдағы бейнелер мен жазулардың бәрi де бедерлi, алтын түстес. Медаль айналдыра жақтаушамен көмкерiлген.
      "Қазақстан Республикасының Парламентiне 10 жыл" мерекелiк медалi құлақша мен шығыршық арқылы латуннан жасалған, енi - 34, биiктiгі 50 мм алтыбұрышты тағанмен жалғанады. Таған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы түстес қатқыл лентамен қапталған, оның екi жақ жиегi енi 4 мм көк түстi жолақпен көмкерiлген. Лентаның ортасында әрқайсысының енi 2 мм екi сары жолақ орналасқан. Қатқыл лентаның енi 34 мм. Тағанның сырт жағында түйреуiш орналасқан, медаль соның көмегiмен киiмге қадалады.

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады