Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 қаңтардағы № 920 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс      

      Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі жұмысты одан әрі дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат; 2004 ж., № 22, 276-құжат; 2005 ж., № 19, 227-құжат; 2006 ж., № 1, 2-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда айтылған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ережеде:
      4-тармақтың 3) тармақшасындағы «әрбір мамандық бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
      10-тармақта:
      6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) мүдделі мемлекеттік органдармен, жоғары оқу орындарымен, ғылыми және өзге де ұйымдармен келісім бойынша тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамын, оның жұмысының тәртібін және ұйымдастырылуын, сондай-ақ үміткерлердің тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен дербес әңгімелесуін бағалау парағын бекітеді;
      7) мемлекеттік тілді білудің және шетелдік жоғары оку орындарының, ғылыми орталықтардың, зертханалардың талаптарын ескере отырып, шет тілін білудің қажетті ең төменгі деңгейін және пәндік емтихандар бойынша ең төменгі шекті балын, сондай-ақ психологиялық тестілеу бойынша ең төменгі шекті балын белгілейді;»;
      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      «10) Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің, стипендиядан айыру мәселелерінен басқа, өтініштері мен арыздарын қарау жөнінде комиссия құрады.».
      2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады