Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 2017 жылғы 3 шілдедегі № 86-VI ҚРЗ.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      Баспасөз релизі!

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 117-құжаттар; № 21-I, 124, 126-құжаттар; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 10, 79-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат; 2017 жылғы 19 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 13-бап мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-2) республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекарасын (шегiн) белгiлеу және өзгерту;";

      2) 108-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар қалаларының және астанасының шекарасын (шегiн) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi және өзгертедi.".

      2. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-II, 72-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; 2017 жылғы 19 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      25-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.".

      3. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат, № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22- V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат):

      1) 57-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды.";

      2) 60-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша айқындайды.";

      3) 62-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетін қоспағанда, мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарын мемлекеттік органның басшысы мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша бекiтедi.

      Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында білім, ғылым және (немесе) денсаулық сақтау салаларымен байланысты мақсаттар болған кезде мемлекеттік органның стратегиялық жоспары білім, ғылым және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен келісіледі.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен бекітіледі.

      Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентi бекітуге құқылы.

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, Қазақстан Рeспубликасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы, Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары, мәслихаттардың аппараттары және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар стратегиялық жоспарлар әзірлемейді.";

      4) 64-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";

      5) 113-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Нәтижелерді бағалауды бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

      5. Нәтижелерді бағалауды жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";

      6) 126-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік орган стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті жыл сайын жасайды және есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей бірінші басшының қолтаңбасымен веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.

      Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті жасау және ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      7) 127-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.".

      4. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-ІІ, 20-ІІІ, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат):

      1) 74-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік экономиканың барлық саласында (аясында) жүзеге асырылады. Бұл ретте тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын объектілер мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін берілмейді.";

      2) 78-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекет кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылығын осындай қызметті жүзеге асыратын, қайырымдылықты дамытуға елеулі үлес қосқан кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін тәртіппен мемлекеттік наградалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіппен құрметті атақтар белгілеу және беру арқылы ынталандырады.";

      3) 98-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) экономиканың басым секторларын айқындайды;";

      4) 140-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді белгілі бір мерзімге тоқтата тұру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша қабылдайды.";

      5) 244-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын экономиканың басым секторларын дамытуды ынталандыру негiзiнде ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру болып табылады.".

      5. "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 23-24, 507-құжат; 1995 ж., № 23, 146-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 18, 111-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 14, 72-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат):

      1) 9-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 10-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Президентiне облыстар мен аудандарды құру және тарату, олардың әкiмшiлiк орталықтарын белгiлеу және өзгерту туралы ұсынулар енгiзедi;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың шекарасын белгiлейді және өзгертеді;".

      6. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 19, 118-құжат; № 23, 142-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184, 190-құжаттар; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 13-14, 144-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 11, 59-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат):

      1-3-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күзететін объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша бекітеді.".

      7. "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 14, 200-құжат; № 22, 308-құжат; № 24, 443-құжат; 2001 ж., № 13-14, 173, 176-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 142-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 13, 114-құжат; 2016 ж., № 8-I, 62-құжат; № 23, 118-құжат):

      2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Алматы қаласының аумағын жергіліктi өкілдi және атқарушы органдардың пiкiрлерiн ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкiметі белгілейтiн және өзгертетiн, Алматы қаласының әкiмшiлік-аумақтық бiрлiктерiнің шекарасы шегiндегі жер құрайды.".

      8. "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат):

      9-1-баптың 4-1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша бекітеді.".

      9. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):

      1-баптың 19-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-2) күзетілетін объектілер - күзетілетін адамдардың болуына арналған үйлер, құрылыстар мен ғимараттар, сондай-ақ оларға іргелес жатқан аумақ пен акватория. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күзететін объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша бекітеді;".

      10. "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 316-құжат; 2008 ж., № 10-11, 40-құжат; 2009 ж., № 8, 42-құжат; 2011 ж., № 21, 165-құжат; 2012 ж., № 16, 104-құжат):

      4-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мерекелік күндер тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.".

      11. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 5, 51-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 9, 49-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 24, 143-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 138-құжат; 2015 ж., № 22-II, 148-құжат; № 22-V, 154-құжат):

      1) 15-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға бару тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайды.";

      2) 15-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Президентінің немесе оның уәкілеттік беруімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдарынан шет елдердегі мекемелерге іссапарға баруының Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайтын тәртібімен дипломатиялық қызмет персоналы лауазымына орналасуға жол беріледі.".

      12. "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 11, 38-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-I, 140-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 12, 87-құжат):

      32-бапта:

      1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және тиісті уәкілетті органдардың бірлескен ұсынуы негізінде өзге де уақытша валюталық шектеулерді енгізуі мүмкін.";

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Арнайы валюталық режим Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және тиісті уәкілетті органдардың бірлескен ұсынуы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісімен енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы валюталық режимді енгізу туралы актісінде белгіленетін рұқсаттар мен хабарламаларға "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылмайды.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы валюталық режимді енгізу туралы актісі:

      1) енгізілетін шаралардың және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүргізуге уақытша шектеулердің тізбесін;

      2) арнайы рұқсат беру шарттарын қоса алғанда, арнайы валюталық режимнің талаптарын орындау тәртібін;

      3) арнайы валюталық режимнің енгізілу уақытын және қолданылу мерзімін қамтиды.";

      4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және тиісті уәкілетті органдардың бірлескен ұсынуы негізінде, тиісті акт шығару арқылы оның қолданылуын осы тармақта белгіленген мерзімдер шегінде ұзартуға не оның толық немесе ішінара мерзімінен бұрын күшін жоюға құқылы.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Арнайы валюталық режимнің қолданылуы кезеңінде резиденттер мен бейрезиденттер Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы валюталық режимді енгізу туралы актісінде белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.".

      13. "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар; 2013 ж., № 15, 76, 82-құжаттар; № 20, 113-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19- II, 96-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат):

      4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бап. Концессияның қолданылу аясы

      Тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын объектiлердi қоспағанда, экономиканың барлық саласындағы (аясындағы) әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері концессияға берiлуі мүмкін.".

      14. "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы" 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 128-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат):

      5-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Астананың аумағын жергілікті өкілді және атқарушы органдардың пікірлерін ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін және өзгертетін, Астана қаласының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің шекарасындағы жер, су объектілері құрайды.".

      15. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 11, 52, 57-құжаттар; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-II, 71, 72-құжаттар; № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):

      1) 16-бап мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы негізінде теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды;";

      2) 114-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу мүмкіндігі туралы жалпы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы негізінде қабылдайды.".

      16. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., №19-I, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 22-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      28-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне, оның аумағындағы адамдардың өмiрi мен қауiпсiздiгiне және оның стратегиялық объектiлеріне қатер төнген жағдайларда қатердi болғызбау үшін, Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша бекітетін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін бұзушы әуе кемелеріне қаруды және ұрыс техникасын қолдану қағидаларына сәйкес тәртiп бұзушы әуе кемесiн жоюға дейiн баратын барлық шаралар қолданылады.".

      17. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; №8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; №11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-IIІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 94-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша бекітеді.";

      2) 133-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларда мемлекеттік кәсіпорындар құрады.".

      18. "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 19-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 11, 63-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 99-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар):

      1) 4-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) арнайы экономикалық аймақты құру немесе тарату;";

      2) 7-бапта:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Арнайы экономикалық аймақты құру және құрылатын арнайы экономикалық аймақтың мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.

      Арнайы экономикалық аймақ туралы ережені, тиісті арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуінің нысаналы индикаторларын, нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";

      9-тармақтың он бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.";

      3) 16-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Арнайы экономикалық аймақ осы арнайы экономикалық аймақ құрылған мерзім өткен соң таратылады. Арнайы экономикалық аймақтың әрекет ету мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы экономикалық аймақ құру туралы тиісті актісінде айқындалады.

      2. Нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі жағдайында Қазақстан Республикасының Үкіметі арнайы экономикалық аймақты мерзімінен бұрын таратады.";

      4) 17-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Арнайы экономикалық аймақ құру туралы акт қолданысқа енгізілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы арнайы экономикалық аймақтың басқару органын құру және (немесе) құруға қатысу туралы шешім қабылдауға тиіс.";

      4-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Арнайы экономикалық аймақ орталық атқарушы органдардың немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының бастамасы бойынша құрылған жағдайда, егер арнайы экономикалық аймақ құру туралы актіде өзгеше белгіленбесе, басқарушы компания шығарған дауыс беретін акциялардың елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі болуға тиіс.";

      5) 19-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Заңның 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсыныс енгізілгеннен кейін уәкілетті орган басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізеді.

      2. Басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді уәкілетті орган тиісті мүдделі мемлекеттік органдармен және бірыңғай үйлестіру орталығымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсыныс енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде жүргізеді.";

      6) 26-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шегінде еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың шекарасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы экономикалық аймақ құру туралы актісіне сәйкес айқындалады.".

      19. "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 62-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат):

      5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-бап. Инновациялық кластерді басқару

      1. Инновациялық кластерді дамыту және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында инновациялық кластерді басқаруды Инновациялық кластердің қамқоршылық кеңесі жүзеге асырады, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылады.

      2. Инновациялық кластер қамқоршылық кеңесінің ережесін және құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Инновациялық кластер қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып табылады.".

      20. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №20- VII, 116-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат):

      6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қолданылу аясы

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік экономиканың барлық саласында (аясында) жүзеге асырылады. Бұл ретте тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын объектілер мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін берілмейді.".

      21. "Қайырымдылық туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 139-құжат):

      6-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекет қайырымдылық субъектілеріне Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін тәртіппен мемлекеттік наградалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіппен құрметті атақтар белгілеу және беру арқылы қайырымдылықты ынталандырады.".

      22. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-II, 147-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 22, 116-құжат):

      8-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауды Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган мынадай бағыттар:".

      23. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 153-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 123-құжат):

      1) 10-баптың бірінші бөлігінің 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) өздерін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға жіберген мемлекеттік органда тікелей оқу аяқталғаннан кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындаған тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметте жұмыспен өтеуге мiндеттi. Осы міндеттемені орындамау мемлекеттік қызметшінің мемлекетке өзін оқытуға бөлінген бюджет қаражатын және оқумен байланысты шығындарды орындалмаған міндеттемелерге пропорционалды өтеуіне әкеп соғады;";

      2) 34-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайды.";

      3) 39-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік органдардың алдына қойылған міндеттерді орындау мақсатында олардың бірінші басшыларымен келісу бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, шет елдердегі мекемелеріне және өзге де ұйымдарға іссапарға жіберілуі мүмкін.";

      4) 53-бапта:

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызметшілерге бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілі Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен есептеледі.";

      5) 64-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік органдарға жұмысқа қабылдау кезінде шетелдік жұмыскерлер Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары уәкілетті органмен бірлесе отырып айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының міндетті арнайы тексеруінен өтуге тиіс.".

      24. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №23- II, 171-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 72-құжат; №24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 18-құжат):

      39-баптың 3-тармағында:

      27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "27) мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді:

      дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, тиісті өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген акционерлік қоғамдардан және шаруашылық серіктестіктерден;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес оларға қатысты басқаруды жүзеге асыратын, тиісті өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік кәсіпорындардан сатып алуы;";

      34) тармақша алып тасталсын.

      25. "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 173-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; 2017 ж., № 6, 11-құжат):

      3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "19-1) судьяға куәлік беру тәртібін белгілейді;".

      26. "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-I, 46-құжат):

      55-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілердің түрлері және оларды әзірлеу тәртібі заңдарда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және уәкілетті органдардың актілерінде белгіленеді.".

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады