Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясатының кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 537 Жарлығы.


      Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі

      актілерінің жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Комиссия туралы ереже;

      2) Комиссия құрамы бекітілсін.

      3. "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 39, 472-құжат; № 41, 518-құжат; № 48, 646-құжат; № 51, 685-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тізбесінде:

"Қазақстан Республикасы Қорғаныс, Сыртқы істер,

Ішкі істер, Әділет министрлерінің орынбасарлары

Президент

Қорғаныс, Сыртқы істер, Ішкі істер, Әділет министрлері

Әкімшілік Басшысы"


      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасы Қорғаныс, Сыртқы істер, Әділет министрлерінің орынбасарлары

Президент

Қорғаныс,

Сыртқы істер, Әділет министрлері

Әкімшілік Басшысы";


      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

орынбасарлары

Президент

Ішкі істер министрі

Комиссия*";


"Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар басшыларының орынбасарлары

Президент

Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың басшылары

Әкімшілік Басшысы"


      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Бас прокурордың және Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасарлары

Президент

Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың басшылары

Комиссия*";


"Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы

Президент

Бас прокурор

Әкімшілік Басшысы"


      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы

Президент

Бас прокурор

Комиссия*";


"Ішкі істер, Қорғаныс, Сыртқы істер және Әділет министрліктері комитеттерінің төрағалары

министрлер



Әкімшілік Басшысы"


      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Қорғаныс, Сыртқы істер және Әділет министрліктері комитеттерінің төрағалары

министрлер



Әкімшілік Басшысы";


      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары

Ішкі істер министрі

Ішкі істер министрі

Комиссия*";


"Қаржы министрлігінің Кеден бақылау комитеті төрағасының орынбасарлары

Министр

комитеттер төрағасы

Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы, жауапты хатшы";


      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасарын қоспағанда, Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасарлары

Министр

Кедендік бақылау комитетінің төрағасы

Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы, жауапты хатшы";


      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасары

Министр

Кедендік бақылау комитетінің төрағасы

Комиссия*";


"Астана және Алматы қалаларының, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар

Бас прокурор



Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы"


      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Астана және Алматы қалаларының, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар

Бас прокурор

Бас прокурор

Комиссия*";


"Ішкі істер министрлігінің көліктегі ішкі істер департаментінің, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің бастықтары

Ішкі істер министрі



Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы"


      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Ішкі істер министрлігінің көліктегі ішкі істер департаментінің, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің бастықтары

Ішкі істер министрі

Ішкі істер министрі

Комиссия*";


"Ішкі істер министрлігі Алматы және Қарағанды академияларының бастықтары, Ішкі әскерлер бригадаларының (құрамаларының) командирлері

Ішкі істер министрі



Әкімшілік Басшысы";


      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер бригадаларының (құрамаларының) командирлері

Ішкі істер министрі



Әкімшілік Басшысы";


      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Ішкі істер министрлігі Алматы және Қарағанды академияларының бастықтары

Ішкі істер министрі

Ішкі істер министрі

Комиссия*";


"Астана, Алматы қалаларының және облыстардың экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерінің (қаржы полициясының) бастықтары

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасы



Әкімшілік Басшысы"


      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Астана, Алматы қалаларының және облыстардың экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерінің (қаржы полициясының) бастықтары

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасы

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасы

Комиссия*";


"Қаржы министрлігі Кеден бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің бастықтары

Кеден бақылау комитетінің төрағасы



Әкімшілік Басшысы, Қаржы министрі"


      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті аумақтық кедендік бақылау департаменттерінің бастықтары

Кедендік бақылау комитетінің төрағасы

Кедендік бақылау комитетінің төрағасы

Комиссия*";


"Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасарлары, қылмыстық-атқару жүйесі аумақтық департаменттерінің бастықтары

Ішкі істер министрі

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы

Әкімшілік Басшысы"


      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасарлары, қылмыстық-атқару жүйесі аумақтық департаменттерінің бастықтары

Ішкі істер министрі

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы

Комиссия*";


      мына абзац:

      "*Бас прокуратураның, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының), Ішкі істер министрлігінің құзыретіне - тылды қамтамасыз ету, қаржы-экономикалық қамтамасыз ету, тіл саясаты және ақпарат, құжаттамалық қамтамасыз ету және оның айналымы, мемлекеттік құпиялар мәселелері кіретін орталық аппараты департаменттерінің бастықтарын қоспағанда"

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "*лауазымға тағайындауды келісу Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның шешімімен жүзеге асырылады";

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерінің және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:

      7-тармақ мынадай редакциядағы үшінші және төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайтын мемлекеттік саяси қызметшілерді және өзге лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындау жөніндегі материалдар Комиссияның жұмыс органына жіберіледі.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген лауазымды тұлғаларға қатысты материалдарды қарау тәртібі Комиссия туралы ережеде айқындалады.".

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 537 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) құқықтық мәртебесін және өкілеттіктерін айқындайды.

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген құқық қорғау органындағы лауазымдарға орналасуға үміткер адамдарды тағайындау туралы ұсынымдарды қарау және Қазақстан Республикасының Президентіне немесе мемлекеттік органдардың (ведомстволардың) бірінші басшыларына ұсыныстар дайындау;

      2) Құқық қорғау органдары басшыларының президенттік резервін

      жасақтау болып табылады.

      4. Комиссия Тізбеде* көзделген құқық қорғау органдарындағы лауазымдарға орналасуға үміткер адамдарды тағайындау туралы мәселелерді қарайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 09.10.2019 № 184 Жарлығымен.

      * Тізбе – "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) олардың келісуімен тағайындалатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесі.

      Ескерту. Ереже ескертпемен толықтырылды - ҚР Президентінің 09.10.2019 № 184 Жарлығымен.

      5. Лауазымдарға орналасуға үміткер адамдарды тағайындауды келісу рәсімін өткізу, сондай-ақ Құқық қорғау органдары басшыларының президенттік резервіне қосу үшін Комиссияның жұмыс органына мынадай материалдар жіберіледі:

      1) кандидаттың іскерлік және жеке қабілеттері көрсетілген тиісті мемлекеттік органның (ведомствоның) бірінші басшысының ұсынымы:

      2) кандидаттың фотосуреті бар анықтама парағы (қызметтік тізім);

      3) міндетті арнайы тексерістен өткені туралы мәліметтер.

      6. Өзінің негізгі міндеттерін шешу мақсатында Комиссия:

      1) Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;

      2) Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін шақыруға және тыңдауға;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асыруға құқылы.

      7. Комиссия құрамына Комиссияның төрағасы, оның орынбасары, Комиссия хатшысы және мүшелері кіреді.

      8. Комиссия төрағасы:

      1) Комиссия қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      2) Комиссия отырыстарын өткізу орны мен уақытын белгілейді;

      3) Комиссия отырыстарында төрағалық етеді;

      4) өз өкілеттіктерін атқаруды Комиссия төрағасының орынбасарына жүктеуге құқылы;

      5) Комиссияның мүшелеріне орындау үшін міндетті тапсырмалар береді.

      9. Комиссия мүшелері оның жұмыс кестесі мен отырысының күн тәртібі бойынша Комиссия төрағасына ұсыныстар енгізуге құқылы.

      10. Егер Комиссияның тізімдік құрамының кемінде үштен екі бөлігі қатысса, оның отырысы заңды деп саналады.

      11. Комиссия отырыстары қажеттігіне қарай өткізіледі.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 09.10.2019 № 184 Жарлығымен.

      12. Осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген адамдарға қатысты кадр мәселелерін Комиссия, әдетте, олардың жеке қатысуынсыз қарайды.

      13. Комиссия шешімдері отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Комиссияның шешімін сырттай дауыс беру тәртібінде қабылдауға Комиссия төрағасының келісімімен жол беріледі.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 09.10.2019 № 184 Жарлығымен.

      14. Комиссия шешімдері әрбір адамға қатысты жеке қабылданады.

      15. Лауазымға тағайындауға арналған ұсынымдарды қарау туралы отырыстың нәтижелері бойынша Комиссия мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) ұсынылған лауазымға тағайындауға ұсынылсын;

      2) ұсынылған лауазымға тағайындауға ұсыным беруден бас тартылсын.

      16. Құқық қорғау органдары басшыларының президенттік резервіне алуға арналған ұсынуларды қарау туралы отырыстың нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) Президенттік резервке алынсын;

      2) Президенттік резервке алудан бас тартылсын.

      17. Комиссияның шешімдері оның төрағасы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      18. Құқық қорғау органдары басшыларының президенттік резервін жасақтаудың осы Ережеде реттелмеген мәселелері Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен регламенттеледі.

      19. Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 12.02.2019 № 838 Жарлығымен.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 537 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Құрамға өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 29.08.2014 N 900; 29.12.2015 № 158; 08.02.2016 N 191; 10.10.2016 N 357; 12.02.2019 № 838; 22.07.2019 № 74 Жарлықтарымен.

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға

      Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (мемлекеттің құқықтық жүйесін жетілдіруді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіруші)

      Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы

      Қазақстан Республикасының Бас прокуроры

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы

      Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі, хатшы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады