Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 9 қазандағы № 184 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 9 қазандағы
№ 184 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. Күші жойылды – ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 Жарлығымен.

      2."Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 39, 428-құжат):

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 1-қосымшада:

      мынадай мазмұндағы 6-1 және 8-1-тармақтармен толықтырылсын:

      "6-1. Тұңғыш Президент – Елбасы Кеңсесінің Басшысы";

      "8-1. Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы";

      13-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 14-1, 14-2, 14-3 және 23-1-тармақтармен толықтырылсын:

      "14-1. Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары

      14-2. Тұңғыш Президент – Елбасының Кеңсесі Басшысының орынбасарлары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)

      14-3. Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасарлары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)";

      "23-1. Тұңғыш Президент – Елбасының көмекшілері";

      25-1, 25-2-тармақтар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 25-3, 42-1 және 42-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "25-3. Тұңғыш Президент – Елбасының кеңесшілері";

      "42-1. Тұңғыш Президент – Елбасының Кеңсесі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)

      42-2. Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 2-қосымшада:

      мынадай мазмұндағы 6-1 және 9-1-тармақтармен толықтырылсын:

      "6-1. Тұңғыш Президент – Елбасы Кеңсесінің Басшысы";

      "9-1. Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы";

      15-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 16-1, 16-2, 16-3 және 27-1-тармақтармен толықтырылсын:

      "16-1. Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары

      16-2. Тұңғыш Президент – Елбасының Кеңсесі Басшысының орынбасарлары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)

      16-3. Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасарлары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)";

      "27-1. Тұңғыш Президент – Елбасының көмекшілері";

      29-1, 29-2-тармақтар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 29-3, 46-1 және 46-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "29-3. Тұңғыш Президент – Елбасының кеңесшілері";

      "46-1. Тұңғыш Президент – Елбасының Кеңсесі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)

      46-2. Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)".

      3. "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 537 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 24, 379-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Комиссия Тізбеде* көзделген құқық қорғау органдарындағы лауазымдарға орналасуға үміткер адамдарды тағайындау туралы мәселелерді қарайды.";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "* Тізбе – "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) олардың келісуімен тағайындалатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесі.";

      11-тармақта ", әдетте, тоқсанына бір рет" деген сөздер "қажеттігіне қарай" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Комиссияның шешімін сырттай дауыс беру тәртібінде қабылдауға Комиссия төрағасының келісімімен жол беріледі.".

      4. "Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 624 Жарлығына:

      Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Президенттік резервті қалыптастыру "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) олардың келісуімен тағайындалатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде көзделген лауазымдарға қатысты жүзеге асырылады.";

      8-тармақтың 1) тармақшасында "біліктілік" деген сөз алып тасталсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Жыл сайын 1 қазанға дейін арнаулы мемлекеттік органдардың кадр бөлімшелері Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығына Президенттік резервке енгізу үшін ұсынылған қызметкерлердің тізімін жолдайды.

      Президенттік резервке енгізу үшін құқық қорғау органдары ұсынған қызметкерлердің тізімдері Құқық қорғау жүйесі бөліміне тиісті тоқсанның соңғы айының 1 күніне дейін, тоқсан сайын жолдануы тиіс.

      Президенттік резервке енгізу үшін ұсынылған қызметкерлердің тізімдеріне мынадай материалдар қоса берілуге тиіс:

      1) қызметкердің іскерлік және жеке қасиеттері көрсетілген, құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының ұсынуы;

      2) белгіленген нысандағы фотосуреті бар қызметтік анықтама (қызметтік тізім);

      3) қызметкердің міндетті арнайы тексеруден өткені туралы мәліметтер.

      Құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы іссапармен барған қызметкерлерге қатысты мінездеме беретін материалдарды тиісті қызметкер қызмет өткеріп жатқан органның (ұйымның) басшысынан сұратуға құқылы.

      Ұсынылған материалдардың толық еместігі немесе оларда қандай да бір дәл емес мәліметтер көрсетілгені анықталған жағдайда, Президенттік резервке енгізуге ұсынылған қызметкерлерге қатысты материалдарды Құқық қорғау жүйесі бөлімі және Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы кері қайтармай, құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың кадр бөлімшелері жоғарыда аталған кемшіліктерді жоюына болады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы жыл сайын:

      1) ұсынылған материалдардың анықтығына, толық болуына және Президенттік резервке ұсынылған қызметкердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келуіне тексеруді 30 қарашаға дейін жүзеге асырады, қажеттігіне қарай мәліметтерді сұрату арқылы қосымша тексеру шараларын жүргізеді;

      2) материалдарды қарау нәтижелері бойынша Президенттік резервке ұсынылған қызметкерлердің тізімін 20 желтоқсанға дейін қалыптастырады;

      3) Президенттік резерв бекітілгеннен кейін он күн ішінде арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына хабарлайды.

      Құқық қорғау жүйесі бөлімі тоқсан сайын:

      1) ұсынылған материалдардың анықтығына, толық болуына және Президенттік резервке ұсынылған қызметкердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келуіне тексеруді тиісті тоқсанның соңғы айының 15 күніне дейін жүзеге асырады, қажеттігіне қарай мәліметтерді сұрату арқылы қосымша тексеру шараларын жүргізеді;

      2) материалдарды қарау нәтижелері бойынша Президенттік резервке ұсынылған қызметкерлердің тізімін тиісті тоқсанның соңғы айының 30 күніне дейін қалыптастырады;

      3) Президенттік резерв бекітілгеннен кейін он күн ішінде құқық қорғау органдарының бірінші басшыларына хабарлайды.";

      19-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген мерзімнің өтуі;".

      5. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):

      Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      "Мемлекеттік саяси лауазымдар" деген 1-тарауда:

      мына:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің бөлім меңгерушілері және өзге де құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының бөлім меңгерушілері және өзге де құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары";

      "2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" деген тарауда:

      "Б" корпусы" бөлімінде:

      "А" санаттары" тобында:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесі" кіші тобының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты".

      6. "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 қарашадағы № 88 өкімінде:

      атауында және бүкіл мәтін бойынша "сыныптық шендер", "сыныптық шендерді", "сыныптық шендерден" деген сөздерден кейін тиісінше ", біліктілік сыныптары", ", біліктілік сыныптарын", ", біліктілік сыныптарынан" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптары жөніндегі комиссия құрылсын.";

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      "4. Комиссияның құрамы және оның жұмысын ұйымдастыру" тарауында:

      2-тармақта "2/3 қатысса," деген сөздер "кемінде 2/3 қатысса," деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Комиссияның шешімдері хаттамалық шешімдермен ресімделеді.";

      4-тармақ алып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады