Байланыс формасы

Әкiмшiлiк жолмен қамауға алынған тұлғаларды ұстайтын iшкi iстер органдарының арнайы қабылдау орындары туралы Ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 23 шілдедегі N 499 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 23 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1963. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 232 бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2011.05.23 № 232 (ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Әкiмшiлiк қамауға алынған тұлғалардың iшкi iстер органдары белгiлеген жерлерде қамауда ұсталатындығын айқындайтын Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы" кодексiне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлген әкiмшiлiк жолмен қамауға алынған тұлғаларды ұстайтын iшкi iстер органдарының арнайы қабылдау орындары туралы Ережесi бекiтiлсiн.
      2. Астана, Алматы қалалық IIББ-ның, облыстардың IIББ-IIБ бастықтарына Iшкi iстер органдарының арнайы қабылдау орындарында әкiмшiлiк жолмен қамауға алынған тұлғалар Ережесiн жеке құраммен оқуын ұйымдастырсын және мүлтiксiз орындалуын қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң "Әкiмшiлiк жолмен қамауға алынған тұлғаларды ұстайтын iшкi iстер органдарының жанындағы арнайы қабылдау орындары туралы Ережесiн және iшкi iстер органдарының арнайы қабылдау орындарында әкiмшiлiк жолмен қамауға алынған тұлғаларды ұстау Тәртiбiн күшiне енгiзу туралы" 1993 жылғы 5 сәуiрдегi N 133 бұйрығы күшiн жойды деп есептелсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң вице - Министрi полиция генерал-майоры И.И.Оттоға және Қоғамдық қауiпсiздiк департаментiне (Ғ.А.Алпысбаев) жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен күшiне енгiзiледi.    

     Министр

КЕЛІСІЛДІ       
Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы  

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2002 жылғы 23 шілдедегі
N 499 бұйрығына  
қосымша      

Әкімшілік қамауға алынғандарды ұстауға арналған
ішкі істер органдарының арнайы қабылдау орындары туралы
ЕРЕЖЕ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Әкімшілік қамауға алынғандарды ұстауға арналған арнайы қабылдау орындары (бұдан әрi - арнайы қабылдау орындары) бiр немесе бірнеше ішкі істер органдарына қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрінің бұйрығымен құрылады.

      2. Арнайы қабылдау орындарының штаттарын Астана, Алматы қалаларының Ішкі істер бас басқармасының (бұдан әрі - ІІББ), облыстардағы ішкі істер бас басқармасы, ішкі істер басқармасының (бұдан әрі - ІІББ-ІІБ) бастықтары Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің (бұдан әрі - Ішкіісмин) жарияланған хабарланған осы мекемелерінің үлгілік штаттарына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған облыстық (қалалық) бюджетте көзделген штаттық санның және қаражаттың негізінде бекітеді.

      3. Арнайы қабылдау орындарында осы мекемелер ғимараттарының үлгілік жобасына сәйкес, кем дегенде мынадай бөлмелер:
      1) ерлер мен әйелдерді бөлек ұстауға арналған үй-жайлар;
      2) санитарлық тазартудан өтпеген, жаңа келіп түскен адамдарды
сондай-ақ ауру адамдарды бөлек ұстауға арналған изолятор;
      3) кезекші ауысымға, арнаулы қабылдау орнының бастығына, медицина қызметкеріне, инспекторларға, қызмет көрсетуші қызметкерлерге арналған бөлмелер;
      4) жуынатын бөлме;
      5) залалсыздандыру камерасы;
      6) кептіру бөлмесі;
      7) тамақ жылытуға және ішуге, ыдыстарды жууға және сақтауға арналған бөлме;
      8) қамауға алынғандардың жеке заттарымен, басқа да шаруашылық
заттарын сақтау қоймасы;
      9) санитарлық бөлме.

      4. Арнайы қабылдау орындарының ішкі қоршауды ауласы болуы тиіс. Лимитті 50 және одан да көп орынды қабылдау орындарында өткізу режимін жүзеге асыру үшін бақылау-өткізу пункттері жабдықталады.

      5. Арнайы қабылдау орындарында тікелей басшылық жасауды жергілікті ішкі істер органдары жүзеге асырады. Олардың жұмысын бақылауды Ішкіісминнің, ІІББ-ІІБ-ның тиісті қоғамдық қауіпсіздік басқармалары (бөлімдері) атқарады.

      6. Арнайы қабылдау орындарындағы қаржы-шаруашылық қызметтерін тексеру, көзделген заңға сәйкес жүргізіледі.

      7. Арнайы қабылдау орнында ұсталушы адамдарды санитарлық-эпидемияға қарсы қамтамасыз ету қызметін, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетіне, ІІББ-ІІБ-ғы санитарлық-эпидемиялық станцияларына (бұдан әрі - СЭС), ал бақылау мен медициналық қызмет көрсетуді және де оларға методикалық әдістемелік басшылық жасауды Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігіне, ішкіісминінің медициналық мекемелеріне жүктеледі.

      8. Арнайы қабылдау орнында ұсталушы адамдарға медициналық қызмет көрсетуді тікелей сол арнайы қабылдау орындарының штаттағы дәрігерлері жүргізеді.

2. ӘКІМШІЛІК ҚАМАУҒА АЛЫНҒАНДАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕН ТІРКЕУ

      9. Арнайы қамау орындарының негізгі міндеттері әкімшілік қамауға алынғандарды ұстау болып табылады. Арнайы қабылдау орындарына түскен кезде әкімшілік қамауға алынғандарда мынадай құжаттардың болуы тексеріледі:
      1) судьяның қамауға алу туралы қол қойып, мөрмен бекіткен қаулысы;
      2) құнды заттар мен нәрселері алынған жеке анықтау туралы хаттама;
      3) әкімшілік қамауға алынушының жеке басын куәландыратын құжаты.

      10. Арнайы қабылдау орнының кезекшісі әкімшілік қамауға алынушыларды қабылдау кезінде соттың қамау туралы қаулысындағы тиісті жазбаларды жеткізілушінің жеке басы туралы мәліметтерімен салыстырады, анықтау хаттамасында көрсетілген заттарының бар болуын тексереді.

      11. <*>
      Ескерту. 11-тармақтың күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2010.05.06 N 157, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.05.18 N 350 және ҚР Ішкі істер министрінің 2010.06.14 N 272 (ресми жарияланған бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен. 

      12. Әкімшілік қамауға алынғандар камераға орналастырылмастан бұрын тексеріледі. Тексерілуші адаммен бір жынысты адамның және осы жыныстағы екі куәнің қатысуымен тексеру жүргізіледі. Куә тек ішкі істер органына мүдделі және бағынышты емес, олардың қатысуымен жүргізілетін әрекетті толық және дұрыс қабылдауға қабілетті кәмелеттік жасқа толған азаматтар болуы мүмкін.

      13. Тексеру кезінде:
      1) қару, жарылғыш, улы, есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар мен спирттік ішімдіктері;
      2) мойын шалмалары, белдіктері, белбеулері, иық баулары, баулары, галстуктары, орамалдары, ұзындығы 50 см асатын қол сүлгісі;
      3) шыны ыдыстары, өткір, үшкір және кесетін нәрселері;
      4) білезіктері, портсигарлары, жүзіктері, сырғалары, сағаттары, ордендері, медальдары және басқа да металл заттары мен құндылықтарын алып қоюға жатады.

      14. Жүргізілген анықтау жұмыстары туралы белгіленген нысан бойынша (1-қосымша) хаттама толтырылады.

      15. Алынатын заттарға, нәрселерге, бағалы заттар мен құжаттарға (айрықша белгілері мен нөмірлері көрсетілуімен) белгіленген нысан бойынша хаттама толтырылады. Алынған заттар шкафтарда сақталады, кілті қабылдау орнының кезекшісінде болады. Түбіртектері әкімшілік қамалушының қолына беріледі.

      16. Арнайы қабылдау орнына жеткізілген адамдар журналға тіркеледі (2-қосымша).

      17. 100 адамнан жоғары қабылдау лимиті бар арнайы қабылдау орындарында тіркеу журналының орнына қабылдау орнында әкімшілік жазасын өтеуші адамдарға карточкадан тұратын есептік алфавитті картотека болуы мүмкін (3-қосымша). Бұндай жағдайда есеп карточкасынан басқа жаңадан келгендерге тәуліктік есеп ведомосі жасалады (4-қосымша).

      18. Әкімшілік қамауға алынғандар қылмыс жасауда немесе оны іздестіруге сезікті болуына негіздеме бар болса, сондай-ақ басқа да қажетті жағдайларда суретке түсіріледі және дактиласкопияланады.

      19. Арнайы қабылдау орнына орналастырылған әрбір әкімшілік қамауға алынушы соттың тұтқындау туралы қаулысы, анықтау хаттамасы, дәрігердің (фельдшердің) тексеріп қарау хаттамасы және әкімшілік қамауға алынушының жеке басын сипаттайтын өзге де материалдар қосылатын іс жүргізіледі.
      Әкімшілік қамауға алынушы ісі Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес сақталады және жойылады.

      20. Қабылдау орнының әкімшілігі әкімшілік қамауға алынған адамды арнайы қабылдау орындарына орналастыру немесе оларды тиісті алдын-ала сақтық емдеу ұйымдарына жібергені туралы бір тәулік ішінде тұрақты орны бойынша жақын туыстарын хабардар етеді.

3. АРНАЙЫ ҚАБЫЛДАУ ОРНЫНАН ӘКІМШІЛІК ҚАМАУҒА
АЛЫНҒАНДАРДЫ БОСАТУ

      21. Әкімшілік қамауға алынғандар арнайы қабылдау орнынан сот қаулысымен белгіленген әкімшілік қамау мерзімін өтегеннен кейін босатылады.

      22. Босатылғандарға тек олар заңсыз түрде сақтаған құжаттары мен нәрселері заттарына басқа, олардан алынған бағалы заттары, құжаттары, заттары мен нәрселері, қолхатпен қайтарылады.

      23. Заңсыз түрде атыс немесе суық қаруларды, жарылғыш, күшті әсер ететін есірткі немесе улы заттарды сақтаған адамдарға қатысты мәселені Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ішкі істер органы шешеді.

      24. Әкімшілік қамауды өтеген азаматтарды қамаудан босату кезінде оларға анықтама беріледі (6-қосымша).

      25. Арнайы қабылдау орнының әкімшілігі әкімшілік қамауға алынғандармен қоғамға қарсы тәртіп бұзушылықты қысқарту туралы түсініктемелер беретін алдын алу әңгімелерін жүргізуге міндетті, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексімен таныстырады.

4. АРНАЙЫ ҚАБЫЛДАУ ОРНЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МІНДЕТТЕРІ

      26. Арнайы қабылдау орнының қызметкерлері заңның сақталуына және осы Ереженің орындалуына жеке жауапкершілікте болады. Олар әкімшілік қамауға алынғандармен қарым-қатынас кезінде ұстамды және мұқият болуы керек.

      27. Нарядқа арнайы қабылдау орындарында ұсталушы адамдарды күзету үшін тағайындалған, полиция қызметкерлеріне қару берілмейді. Арнайы қабылдау орнын өз еркімен қалдырып кеткендерді ұстау кезінде қару қолданылмайды.

      28. Арнайы қабылдау орнының бастығы арнайы қабылдау орнын ұйымдастырған ішкі істер органының бастығына бағынады.
      Бастық арнайы қабылдау орындарындағы жұмыстарды ұйымдастыруға, тәртіп жағдайына, жеке құрамның қызметтік дайындығына және арнайы қабылдау орнының барлық қызметкерлерінің (жұмыскерлерінің) заңды сақтауына дербес жауапкершілікте болады.
      Ол:
      1) оған бағынысты қызметкерлердің (жұмыскерлердің) осы Ережемен анықталған міндеттерін орындауын бақылауға, арнайы қабылдау орнының жұмысын жоспарлауға;
      2) жеке өзі арнайы қабылдау орнының қызметкерлерімен тәрбие жұмысын, қызметтік, жауынгерлік және дене тәрбиесі дайындықтарын ұйымдастыруға және жүргізуге;
      3) жұмыс жағдайын талдауға, ішкі істер органы басшылығына арнайы қабылдау орнының қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасауға;
      4) әкімшілік қамауға алынғандарды белгіленген нормаға сәйкес үш мезгіл тамақ өнімдерімен қамтамасыз етіп, азық-түлік өнімдерін ведомость бойынша беруге (5-қосымша);
      5) арнайы қабылдау орнының ұстау сметасын әзірлеуге, оны қажетті инвентарымен жабдықтауды қамтамасыз етуге, үй-жайларды жөндеуге және оларда тәртіпті сақтау үшін шаралар қабылдауға;
      6) әкімшілік қамауға алынғандармен жаза мерзімі өтелген соң, оның жұмыс, оқу орны, әлеуметтік қамтамасыз ету органдарына берілетін жолдамамен қамтамасыз етуге;
      7) әкімшілік қамауға алынғандардан немесе өзге де азаматтардан түскен шағымдарды, хаттар мен өтініштерді белгіленген мерзімде қарауға;
      8) арнай қабылдау орнының әкімшілігі келіп түскен шағымдар туралы осы арнайы қабылдау орнын құрған ішкі істер органының бастығына баяндауға;
      9) штаттық және қаржылық тәртіпті қадағалауды, ақшалай қаражаттардың және материалдық құндылықтардың сақталуын, инстанцияларда белгіленген есептілікті уақытында ұсынуды қамтамасыз етуге;
      10) автокөлікті және басқа да мүлікті пайдалануды, жөндеуді ұйымдастыруға міндетті.

      29. Әкімшілік қамауға алынғандардың прокурорға және басқа да инстанцияларға жолдаған өтініштері мен шағымдары қарап шығуға жатпайды және оларды берген уақытта жиырма төрт сағаттың ішінде мекен-жайы бойынша жолданады.

      30. Арнайы қабылдау орны бастығының орынбасары әкімшілік қамауға алынғандарды ұстауға режиміне және олардың арасында ізделуші адамдарды анықтау және олармен жасалған қылмыстарды ашу бойынша іс-шаралар жүргізуге жауапкершілікте болады. Арнайы қабылдау орындарында ұсталушы адамдар арасында "Жедел іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл жұмысты ұйымдастыру аумақтық ішкі істер органдарының жедел қызметтеріне жүктеледі.

      31. Бастықтың орынбасары бастық болмағанда, оның міндетін орындайды.
      Ол:
      1) әкімшілік қамауға алынғандарды күзетуді, айдауылдауды қамтамасыз етуге және белгіленген ұстау режимінің сақталуына;
      2) арнайы қабылдау орнының жеке құрамымен қызметтік дайындығы бойынша жаттығулар, қызметке түсердің алдында нұсқамалар жүргізуге, қызметті өткеруін бақылауға;
      3) ұстау режиміндегі тәртіп бұзушыларға материалдардың толық және дұрыс ресімделуін бақылауға, сондай-ақ осы материалдарды уақытымен ішкі істер органының бастығына жіберуге;
      4) арнайы қабылдау орнының жеке құрамы және әкімшілік қамауға алынғандармен өртке қарсы режимнің сақталуын бақылауға міндетті.

      32. Арнайы қабылдау орнындағы кезекші арнайы қабылдау орнының бастығы мен оның орынбасарына бағынады, кезекші наряд жұмысына басшылық жасайды, бастық және орынбасары болмаған кезде, арнайы қабылдау орнының қызметіне жауап береді.
      Ол:
      1) арнайы қабылдау орнына әкімшілік жазасын өтеу үшін жеткізілген адамдарды тіркеуге және есепке алуды жүргізуге; тінту жүргізуге; киімдерін, заттарын қарауға, қажетті жағдайларда әкімшілік қамауға алынғандарды суретке түсіруге және дактилоскопиялауға; үй-жайлар бойынша орналастыруға; олардың ішінен кезекші тағайындауға; арнайы қабылдау орнында ұсталушылардың заттарын, құжаттарын, ақшалары мен бағалы заттарының сақтауын қамтамасыз етуге және оларды босату кезінде өздеріне беруге;
      2) ауырған адамдар туралы медициналық қызметкерді хабардар етуге, ал ол болмағанда оған жедел медициналық көмекті шақыруға; арнайы қабылдау орындарының үй-жайларында әкімшілік қамауға алынғандарға өзін-өзі өлтіру немесе дене жарақатын салуды болдырмауға шаралар қабылдауға; барлық төтенше жағдайлар туралы, сондай-ақ арнайы қабылдау орнына әкімшілік қамауға алынған шетел азаматтарын жеткізгенде дереу арнайы қабылдау орнының бастығына немесе оның орынбасарына, ал олар болмағанда ішкі істер органының кезекшісіне баяндауға;
      3) кезекші нарядтың жеке құрамына нұсқау беруге, оның қызметін бақылауға; нарядтан қызметтік міндеттерін айқын орындауды, белгіленген киім нысанын киіп жүру тәртібін сақтауды, әкмішілік қамауға алынғандармен сыпайы сөйлесуді талап етуге;
      4) арнайы қабылдау орындарында ұсталушы адамдарды, сондай-ақ өздерімен бірге болатын нөмірлі белгілері мен өзге де жеке нышандары бар заттары мен нәрселерін жедел есеп бойынша тексеруге;
      5) сигнал беру, байланыс құралдарының дұрыс жұмыс істеуін бақылауға және күзет орнының жабдықталуына;
      6) арнайы қабылдау орнында ұсталушы адамдардан түскен барлық шағымдар мен өтініштер туралы арнайы қабылдау орнының бастығына уақытымен баяндауға, олар бойынша қажетті шаралар қабылдауға; әкімшілік қамауға алынғандарға шағым, өтініштер, хаттар жазуы үшін жазу құралдарын ұсынуға;
      7) әкімшілік қамауға алынғандар қамаудан босатылған кезде оларға белгіленген анықтама беруге және босатылғандармен құқық бұзушылықтарды болдырмауға бағытталған қысқа алдын алу әңгімесін жүргізуге;
      8) мынандай құжаттарды:
      арнайы қабылдау орнында ұсталушы адамдарды есепке алу журналын; наряд қызметі кітабын; телефон хабарлар кітабын; кезекшілікті қабылдау және тапсыру кітабын; шағымдар мен ұсыныстар кітабын; тексеруші ескертулерін жазатын журналды; арнайы қабылдау орны қызметкерлерінің мекен-жайлары мен телефондарының тізімін; елді мекендерде орналасқан ішкі істер органдары телефондарының тізімін жүргізуге және сақтауға міндетті.

      33. Арнайы бөлім инспекторы:
      1) әкімшілік қамауға алынған адамдарға іс жүргізуге, жаза мерзімін өтегеннен кейін олардың уақытымен босатылуын бақылауға;
      2) толтыру лимиті үлкен арнайы қабылдау орындарында есеп және әліпби картотекасын жүргізуге міндетті.

      34. Бөлімшенің жеке құрамына бөлімше командирі тікелей бастық болып табылады және бағыныстыларының тәрбиесі мен оқуына, тәртібіне, саптық бой түзеуі мен сыртқы бейнесінің ұқыптылығына жауап береді.
      Ол:
      1) бөлімше полицейлерін оқыту мен тәрбиелеуге;
      2) олардан қызметтік борышын адал орындауды, заңды қатаң сақтауды талап етуге;
      3) қызметке түсетін полицейлерге өздерінің қызметтік міндеттерін берік меңгеруге жету үшін нұсқама беруге;
      4) бөлімшеде полицейлер жұмысын есепке алуды жүргізуге және күн сайын олардың қызметтерінің қорытындысын шығаруға міндетті.

      35. Бақылау-өткізу пунктінің (бұдан әрі - БӨП) кезекші-полицейі арнайы қабылдау орнының кезекшісіне және бөлімше командиріне бағынады.
      Ол:
      1) арнайы қабылдау орнында өткізу режимін жүзеге асыруды, әкімшілік қамауға алынғандарға қабылдау орнының аумағынан өз бетімен шығуға және өзге адамдардың кіруіне жол бермеуге;
      2) босатылған азаматтарды БӨП арқылы белгіленген үлгідегі анықтама бойынша өткізуге;
      3) БӨП арқылы өтетін көліктерді қарауға, арнайы қабылдау орындарына тыйым салынған заттарды тасуына жол бермеуге.

      36. Қамауға алынғандарды күзету жөніндегі полицей арнайы қабылдау орнындағы кезекшіге немесе бөлімше командиріне бағынады.
      Ол:
      1) кезекшілікке түскен уақытында әкімшілік қамауға алынғандарды қабылдап алуға;
      2) әкімшілік қамауға алынғандарға жеке тінту жүргізуге;
      3) әкімшілік қамауға алынғандарды жиі бақылап, белгіленген ұстау режимін және ішкі істер тәртіп ережелерінің сақталуын қамтамасыз етуге, өзін-өзі өлтіру немесе дене жарақатын салу әрекеттерін жібермеуге;
      4) ауысушы полицей немесе арнайы қабылдау орнының кезекшісімен бірге қамауға алынғандарды ұстауға арналған үй-жайлардың жағдайын, керуеттердің, терезе, еден, төбелердің, жылу құбырларының, есіктердің, ілмектердің бүтіндігін және инвентарлардың болуын тексеруге;
      5) түнгі уақытта әкімшілік қамауға алынғандар отырған үй-жайлары жарықтарының жанып тұруын бақылауға;
      6) сигнал беру және байланыс құралдарының дұрыс жұмыс істеуін тексеруге;
      7) әкімшілік қамауға алынғандардың қашуға арналған әрекеттері немесе ниеті, тәртіпсіздік жасау және басқа да тәртіп бұзушылықтары туралы арнайы қабылдау орнындағы кезекшіге дереу хабарлауға;
      8) әкімшілік қамауға алынған адам ауырып қалған жағдайда, бұл жөнінде дереу медицина қызметкеріне және арнайы қабылдау орнындағы кезекшіге хабар беруге міндетті.

      37. <*>
      Ескерту. 37-тармақтың күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2010.05.06 N 157, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.05.18 N 350 және ҚР Ішкі істер министрінің 2010.06.14 N 272 (ресми жарияланған бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

      38. Аға бухгалтер арнайы қабылдау орнының бастығына бағынады, бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша жұмыстарды орындайды және арнайы қабылдау орнын ұстау есебі мен қаржы жоспарларының орындалуын белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырады.
      39. Басқа қызметкерлердің функционалдық міндеттерін арнайы қабылдау орнының бастығы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Заңды күші бар Жарлығына сәйкес әзірлейді және ішкі істер орны органы жанынан арнайы қабылдау орындарын құрған бастығы бекітеді.    

Қазақстан Республикасы  
Ішкіісминінің      
2002 жылғы 23 шілдедегі N 499
бұйрығымен бекітілген  
Әкімшілік қамауға алынғандарды
ұстауға арналған ішкі істер
органдарының арнайы қабылдау
орындары туралы ережеге  
1-қосымша        

Жеке адамды жеке тексеру және оның заттарын тексеру
ХАТТАМАСЫ

Толтырылған жері мен уақыты: "___"_______ 20_ж. сағат ___ минут ____
Толтырылған жері:___________________________________________________
                              (елді мекеннің атауы)    
Мен_________________________________________________________________
    (хаттама толтырған лауазымды адамның лауазымы атағы Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 618626 баптарына сәйкес осы хаттаманы мына азаматқа(шаға) қатысты толтырдым.
Тегі, аты, әкесінің аты____________________________________________
Азаматтылығы ______________________________________________________
Туған жылы, жері және телефоны ____________________________________
Тұрғылықты жері және телефоны _____________________________________
Жұмыс орны, лауазымы ______________________________________________
Отбасының жағдайы ________ қамқорлығында___________________________
Жеке басын куәландыратын құжаты ___________________________________
_____________________________________ (сериясы, нөмірі, кім берген)
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексінің 595 бабына сәйкес олардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілген куәгерлердің:
1. Т.А.Ә. ________________ Мекен-жайы______________________________
2. Т.А.Ә. ________________ Мекен-жайы______________________________
(куәгерлердің қолы) 1. _______________ 2. _________________________
(тексерілген адамның тегі, аты-жөні)_______________________________ ________________________________ азаматты(шаны) тексеру жүргізілді.
Тексерушінің киімі_________________________________________________
Сыртқы тексеру кезіндегі дене жарақаттары ________________________
(анықталған жоқ, егер анықталса дене жарақаттарының сипатын көрсету керек және медициналық көмек көрсетілді ме)
____________________________________________________________________Тексеру кезінде анықталған және алып қойылған заттар:
____________________________________________________________________(тексерілушідегі заттардың саны мен өзге де белгілері, соның ішінде атыс, суық, газды қарудың, қару жарақтардың және өзге де заттардың калибрі, сериясы, маркасы, шыққан жылы және өзге де айрықша белгілері тізіледі)

Тексеру барысында келіп түскен өтініштер __________________________

___________________(қандай және кімнен келіп түскенін көрсету керек)

Тексеру кезінде ___________________________________________________
(фото-кинотүсірілімдер, бейнежазба, фиксациялаудың басқа тәсілдері)
____________________________________________________________________Арнайы қабылдау орнына түскен кезде денсаулық жағдайына шағым және
арыздары бар (жоқ). Керегін сызып қойыңыз.
Арнайы қабылдау орнында ұстау шартымен таныстым. _________________
                                                      (қолы)
Қолдары:____________________________________________________________
____(тексеру жүргізген лауазымды адам) _____________________________
_________________________________________________________________________ (жеке тексерілген адам)_______________________________________

1.__________________    2. ___________________
  (куәгердің қолы)         (куәгердің қолы)
Хаттаманың көшірмесін алдым _____________________
____________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы 
Ішкіісминінің      
2002 ж. 23 шілдедегі N 499
бұйрығымен бекітілген  
Әкімшілік қамауға алынғандарды
ұстауға арналған ішкі істер
органдарының арнайы қабылдау
орындары туралы ережеге  
2-қосымша        

Арнайы қабылдау орнына жеткізілген
тұлғаларды тіркеу
ЖУРНАЛЫ

                                   Басталды _____________________
                                     Аяқталды _____________________
____________________________________________________________________
|әкімшілік|     |Тұра.|Жұмыс|Қашан,|Қашан,|Арнайы|Арнайы|Ұстал.|
|қамауға  |Туыл.|тын  |оқу  |қай   | қай  |қабыл.|қабыл.|ған   |Ес.
N|алынушы. | ған |жері |орны |ішкі  |мерзім| дау  |дау   |мен та|кер
|  ның    |жылы |     |лауа.|істер |  ге  |орнына|орны. |мақтан|ту
|фамилия. |     |     |зымы |органы|судья.|келген| ның  |ған   |
|сы, аты  |     |     |     |  мен |  мен | күні,| боса.|күндер|
|әкесінің |     |     |     |ұстал |қамау.|сағаты|тылған|дің құ|
|  аты    |     |     |     |      |ға ал.|      | күні,|ны тө.|
|         |     |     |     |      |ынды  |      |сағаты|ленді |
____________________________________________________________________1    2        3     4     5     6       7     8      9     10     11
________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы 
Ішкіісминінің      
2002 ж. 23 шілдедегі N 499
бұйрығымен бекітілген  
Әкімшілік қамауға алынғандарды
ұстауға арналған ішкі істер
органдарының арнайы қабылдау
орындары туралы ережеге 
3-қосымша       

Арнайы қабылдау орнында
әкімшілік жолмен қамауға алынуды, өтеп жатқан тұлғаға
КАРТОЧКА

      1. Тегі______________________________________________________
      2. Аты, әкесінің аты_________________________________________
      3. Туған жылы________________________________________________
      4. Тұрғылықты жері___________________________________________
      5. Жұмыс (оқу) орны, лауазымы________________________________
      _____________________________________________________________
      6. ІІО қызметкерлері қашан ұстады____________________________
      _____________________________________________________________
      7. Қашан, қандай мерзімге сотпен қамауға алынған_____________
      8. Арнайы қабылдау орнына жеткізілген уақыты мен күні _______
      9. Арнайы қабылдау орнынан босатылған уақыты мен күні________
       ____________________________________________________________
 

             200_ ж. "___" ____________
 

           Арнайы қабылдау орнының кезекшісі
      ______________________________
            (атағы, қолы)

Қазақстан Республикасы 
Ішкіісминінің      
2002 ж. 23 шілдедегі N 499
бұйрығымен бекітілген  
Әкімшілік қамауға алынғандарды
ұстауға арналған ішкі істер
органдарының арнайы қабылдау
орындары туралы ережеге
               4-қосымша       

Арнайы қабылдау орнында әкімшілік жолмен қамауды өтеу үшін
жаңадан жеткізілгендерді есепке алудың
ТӘУЛІКТІК ВЕДОМОСІ

___________________________________________________________________
  | Тегі, |Туған| Қай   | Сот    | Арнайы   | Арнайы |Әкімшілік |Ес
  |  аты  |жылы | АПО   | қашан  |қабылдау  |қабылдау|қамауға   |ке
N |әкесі. |     | және  | және   | орнына   |орнынан |алынған   |рт
  | нің   |     | қашан | қанша  |жеткізіл. |босатыл.| адам     |пе
  | аты   |     |ұстады |мерзімге|ген күні  |  ған   |орналас.  |
  |       |     |       |қамауға |  мен     | датасы |тырылған  |
  |       |     |       |алған   | сағаты   |  және  |камераның |
  |       |     |       |        |          | уақыты |  нөмірі  |
____________________________________________________________________1    2       3     4        5         6         7          8      9
________________________________________________________________________________________________________________________________________

    Қазақстан Республикасы   
Ішкіісминінің      
2002 ж. 23 шілдедегі N 499
бұйрығымен бекітілген  
Әкімшілік қамауға алынғандарды
ұстауға арналған ішкі істер
органдарының арнайы қабылдау
орындары туралы ережеге 
            5-қосымша      

__________________________ жанындағы арнайы қабылдау орнында
(ішкі істер органы атауы)  ұсталушы адамдарға
азық-түлік босату
ВЕДОМОСІ

____________________________________________________________________  |   Тіркеу    |Тегі, |                  Азық-түлік атауы
N | журналының  | аты, |___________________________________________
  |   нөмірі    |әкесі.|нан|Бірінші|екінші|қант  | қант | Құны|Алға.
  |   немесе    | нің  |   | тағам |тағам |қосыл.|қосыл.|     |ны
  |  жаңадан    | аты  |   |       |      |ған   |маған |     |жөнін
  |келгендерді  |      |   |       |      |шай   | шай  |     |де 
  | есепке алу  |      |   |       |      |      |      |     |қолы
  |ведомосындағы|      |   |       |      |      |      |     |
  | күні, айы   |      |   |       |      |      |      |     |
____________________________________________________________________1       2           3    4     5      6      7      8      9     10 ____________________________________________________________________

      Арнайы қабылдау орнының бастығы
      _______________________________

          Қазақстан Республикасы    
Ішкіісминінің       
2002 ж. 23 шілдедегі N 499
бұйрығымен бекітілген  
Әкімшілік қамауға алынғандарды
ұстауға арналған ішкі істер
органдарының арнайы қабылдау
орындары туралы ережеге 
6-қосымша        

АНЫҚТАМА

____________________________________________________________________
                           (сотың қаулысы)
сәйкес азамат(ша)__________________________________________________                             (тегі, аты, әкесінің аты)
200_ жылғы _________________________________________________ бастап,
200_ жылғы __________________________________________________ дейін
______________________________________________________қамауда болды.
            (арнайы қабылдау орнының атауы)
      М.О.      ____________________________________________
                  (ішкі істер органының атауы) жанындағы
                     арнайы қабылдау орнының бастығы

     200_ ж. "___"     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады