Төлем карточкалары бойынша мәліметтер жасау және ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 24 тамыз N 321 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 24 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1982. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 3 ақпандағы N 21 (V053495) қаулысымен.

     Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын пайдалану мониторингін жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
     1. Төлем карточкалары бойынша мәліметтер жасау және ұсыну жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
     2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
     3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
     1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
     2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т.Жангелдинге жүктелсін.

     Ұлттық Банк
     Төрағасы

Қазақстан Республикасының     
Ұлттық Банкі Басқармасының    
"Төлем карточкалары бойынша    
мәліметтерді жасау және ұсыну  
жөніндегі нұсқаулықты бекіту  
туралы" 2002 жылғы 24 тамыздағы
N 321 қаулысымен бекітілген   

Төлем карточкалары бойынша мәліметтерді
жасау және ұсыну жөніндегі нұсқаулық

     1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалану мониторингін жүргізу мақсатында төлем карточкаларын шығаратын екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - банк) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк) төлем карточкалары бойынша мәліметтерді жасау және ұсыну нысандарын белгілейді.

     2. Осы Нұсқаулықта Ұлттық Банк Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысымен бекітілген Төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесінде көзделген негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
     Сауда терминалы - төлем карточкаларын пайдалану арқылы тауар немесе қызмет ақысы төленетін электронды механикалық қондырғы.
     Импринтер - төлем карточкасының бет жақ бедерін жапсыру арқылы жапсырмаларды ресімдеуге арналған механикалық қондырғы.
     Қызмет көрсету желісі - төлем карточкасын пайдалану арқылы ақы төленетін электронды қондырғылардан тұратын желі.
     Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 426 қаулысымен .
     

     3. Банктер төлем карточкалары бойынша мәліметтерді дайындап, есепті айдан кейінгі айдың 7-нен кешіктірмей Ұлттық Банкке ұсынады.
     Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 426 қаулысымен .

     4. Банктер төлем карточкалары бойынша мәліметтерді мынадай төрт кесте түрінде дайындап, ұсынады:
     1) Төлем карточкаларымен қызмет көрсетуге арналған қондырғылар саны мен карт-есепшоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер (N 1 қосымша);
     2) Айналыстағы төлем карточкаларының саны туралы мәліметтер (N 2 қосымша);
     3) Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын төлем саны мен көлемі туралы мәліметтер (N 3 қосымша);
     4) Төлем карточкаларын аймақтар шеңберінде пайдаланумен байланысты төлемдердің саны және көлемі туралы мәліметтер (4-қосымша).
     Ескерту: 4-тармаққа өзгерту және толықтыру енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 426 қаулысымен .

     5. Операция шетел валютасымен жүргізілген жағдайда ол операция жүргізу сәтіндегі мәліметтерді беруші банктің бағамы бойынша теңгеге қайта есептеледі.

     6. Мәліметтер электронды тәсілмен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ақпарат беру форматында ұсынылады.

     7. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледі.

Төлем карточкалары    
бойынша мәліметтер    
жасау және ұсыну     
жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша       

     Ескерту: 1-қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 426 қаулысымен .

Төлем карточкаларына қызмет көрсетуге арналған
қондырғылардың саны және карт-есепшоттардағы
қалдықтар туралы мәліметтер

     _______________________
         Банктің атауы

     200__жылғы "____" ________
                 күні    айы

__________________________________________________________________
     Облыстың      |Сауда     |Имприн.   |Бан. |Кә.  |Карт-
     (қаланың)     |терминал. |терлер    |ко.  |сіп. |есепшот.
       атауы       |дарының   |саны      |мат. |кер. |тардағы
                   |   саны   |(бірлігі) |тар. |лер. |орташа
                   |(бірлігі) |__________|дың  |дің  |айлық
                   |__________|банк.|кә. |саны |саны |қалдықтар
                   |банк.|кә. |терде|сіп.|(бір.|(бір.|(мың теңге)
                   |терде|сіп.|     |кер.|лі.  |лі.  |
                   |     |кер.|     |лер.|гі)  |гі)  |
                   |     |лер.|     |де  |     |     |
                   |     |де  |     |    |     |     |
__________________________________________________________________
           1          2     3     4    5    6     7        8
__________________________________________________________________
Ақмола
Ақтөбе
Алматы
Атырау
Шығыс Қазақстан
Жамбыл
Батыс Қазақстан
Қарағанды
Қостанай
Қызылорда
Маңғыстау
Павлодар
Солтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан
Алматы қаласы
Астана қаласы
Жиынтығы:
__________________________________________________________________

     Басшы ________________________________________
                       (аты-жөні)
     Бас бухгалтер ________________________________
                           (аты-жөні)
     Орындаушы _______________________ ______________
                      (аты-жөні)           телефоны

     200__жылғы "__"________________

Мәліметтерді толтыру ережесі:

     Төлем карточкаларына қызмет көрсету үшін банк қондырғыларының саны туралы мәліметтерді аймақтар шеңберінде ұсыну қажет.
     2, 3-бағандарда банктің банктер мен кәсіпкерлерде орналасқандарын бөлгендегі сауда терминалдарының есептік айдың соңғы күніндегі саны көрсетіледі.
     4, 5-бағандарда банктің банктер мен кәсіпкерлерде орналасқандарын бөлгендегі импринтерлерінің есептік айдың соңғы күніндегі саны көрсетіледі.
     6-бағанда банк банкоматтарының есептік айдың соңғы күніндегі саны көрсетіледі.
     7-бағанда банкпен шарт жасасқан және ақыны төлем карточкасымен қабылдайтын кәсіпкерлердің есептік айдың соңғы күніндегі саны көрсетіледі.
     8-бағанда карт-есепшоттардағы есептік айдың соңғы күніндегі орташа қалдықтар көрсетіледі, бұл баған "Жиынтығы" деген жолда ғана аймақтарға бөлінбей толтырылады.
     "Жиынтығы" деген жолда тұтастай алғанда банк бойынша деректер ұсынылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының 2002 жылғы 24 тамыздағы
N 321 қаулысымен бекітілген Төлем   
карточкалары бойынша мәліметтерді жасау
және ұсыну жөніндегі нұсқаулыққа   
N 2 қосымша               

Айналыстағы карточкалардың саны
туралы мәліметтер

_____________________________
      Банктің атауы
200___ жылғы "___" ___________
            күні      айы

--------------------------------------------------------------------
Төлем карточкасы! Айналыстағы төлем!Пайдаланылған төлем ! Карточка
жүйесінің атауы!карточкаларының   !карточкаларының саны!ұстаушы.
               !саны (бірлік)     !      (бірлік)      !лардың
               !                  !                    !саны
               !                  !                    !(бірлік)
--------------------------------------------------------------------
      1        !        2         !          3         !    4
--------------------------------------------------------------------

    Басшы _________________________________
                     (Аты-жөні)
    Бас бухгалтер ___________________________
                     (Аты-жөні)
    Орындаушы ______________ ______________
                (Аты-жөні)      телефоны
    200__ ж. "___" _______________

Мәліметтерді толтыру ережесі:

     1-бағанда деректер ұсынылатын төлем карточкаларының жүйесі
көрсетіледі.
     2-бағанда айналыстағы карточкалардың есепті айдың соңындағы саны көрсетіледі.
     3-бағанда тауар немесе қызмет үшін есеп айырысу бойынша, не есепті айдағы қолма-қол ақшаны алу бойынша операциялар жүргізілген айналыстағы карточкалардың есепті айдың соңындағы саны көрсетіледі.
     4-бағанда банк шығарған төлем карточкаларын ұстаушылардың есепті айдың соңындағы саны көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының 2002 жылғы 24 тамыздағы
N 321 қаулысымен бекітілген Төлем   
карточкалары бойынша мәліметтерді жасау
және ұсыну жөніндегі нұсқаулыққа   
N 3 қосымша               

     Ескерту: 3-қосымшаға толықтыру және өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 426 қаулысымен .

Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын
төлемнің саны мен көлемі туралы мәліметтер

____________________________
      Банктің атауы
200___ жылғы ______________
                 айы

--------------------------------------------------------------------
Төлем     !Төлем (карт!Қолма-қол ақшамен!Қолма-қол ақшаны!Банкомат.
карточкасы!-есепшоттан!жасалмаған төлем !беру бойынша опе!тарды пай
жүйесінің !есептен    !                 !рациялар,барлығы!далана
атауы     !шығару     !-----------------!----------------!отырып қол
         !сәтінде)   !  Саны  ! Сомасы ! Саны   !Сомасы !ма қол ақ.
         !           !(бірлік)! (мың   !(бірлік)! (мың  !ша беру
         !           !        ! теңге) !        ! теңге)!бойынша
         !           !        !        !        !       !операция.
         !           !        !        !        !       !лар
         !           !        !        !        !       !_________
         !           !        !        !        !       !саны!сома
         !           !        !        !        !       !(бір!сы
         !           !        !        !        !       !лік)!(мың
         !           !        !        !        !       !    !тең.
         !           !        !        !        !       !    !ге
--------------------------------------------------------------------
   1     !      2    !    3   !    4   !    5   !   6   !  7 !  8
--------------------------------------------------------------------
    Басшы _________________________________
                     (Аты-жөні)
    Бас бухгалтер ___________________________
                     (Аты-жөні)
    Орындаушы ______________ ______________
                (Аты-жөні)      телефоны

    200__ ж. "___" _______________

Мәліметтерді толтыру ережесі:

     Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын төлемнің саны мен көлемі туралы мәліметтерді тұтастай алғанда банк бойынша ұсыну қажет.
     1-бағанда деректер ұсынылатын төлем карточкаларының жүйесі
көрсетіледі.
     2-бағанда ақпарат ұсынылатын төлемге сәйкес номер көрсетіледі:
     І - банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып банктің қызмет көрсету желісінде жасалған төлем;
     ІІ - банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып қазақстандық басқа банктің қызмет көрсету желісінде жасалған төлем;
     ІІІ - банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жердегі басқа банктің қызмет көрсету желісінде жасалған төлем;
     IV - банктің төлем карточкаларынан басқа қазақстандық эмитенттердің шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып банктің қызмет көрсету желісінде  жасалған төлем;
     V - шетелдік эмитенттер шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып банктің қызмет көрсету желісінде жасалған төлем.
     3, 4-бағандарда операция түріне сәйкес төлем карточкаларын пайдалана отырып тауар немесе қызмет үшін қолма-қол ақшасыз жасалған төлем саны мен жалпы сомасы көрсетіледі.
     5, 6-бағандарда операция түріне сәйкес төлем карточкасы арқылы оның ішінде банкоматты пайдалана отырып қолма-қол ақша беру бойынша жүргізілген барлық операциялардың саны мен жалпы сомасы көрсетіледі.
     7, 8-бағандарда операция түріне сәйкес банкоматтарды пайдалана отырып төлем карточкасы арқылы қолма-қол ақша беру бойынша жүргізілген барлық операциялардың саны мен сомасы көрсетіледі.

Төлем карточкалары   
бойынша мәліметтер   
жасау және ұсыну    
жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша       

     Ескерту: 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 426 қаулысымен .

Төлем карточкаларын аймақтар шеңберінде
пайдалана отырып жасалатын төлемнің саны
мен көлемі туралы мәліметтер

     _______________________
          Банктің атауы

     200__жылғы ____________
                   айы

__________________________________________________________________
  Облыстың   |Қолма-қол ақшамен|Қолма-қол ақша |   Банкоматтарды
 (қаланың)   |   жасалмайтын   |беру бойынша   | пайдалана отырып
    атауы    |    төлемдер     |операциялар,   |   қолма-қол ақша
             |                 |   барлығы     |   беру бойынша
             |_________________|_______________|  операциялар
             | Саны    |Сомасы | Саны    |Сома.|_________________
             |(бірлігі)|(мың   |(бірлігі)|сы   |  Саны   |Сомасы
             |         | теңге)|         |(мың |(бірлігі)|(мың
             |         |       |         |тең. |         |теңге)
             |         |       |         |ге)  |         |
__________________________________________________________________
      1           2       3         4       5        6       7
__________________________________________________________________
Ақмола
Ақтөбе
Алматы
Атырау
Шығыс
Қазақстан
Жамбыл
Батыс
Қазақстан
Қарағанды
Қостанай
Қызылорда
Маңғыстау
Павлодар
Солтүстік
Қазақстан
Оңтүстік
Қазақстан
Алматы қаласы
Астана қаласы
Жиынтығы:
__________________________________________________________________

     Басшы ________________________________________
                          (аты-жөні)

     Бас бухгалтер ________________________________
                            (аты-жөні)

     Орындаушы _____________________ ______________
                     (аты-жөні)         телефоны

     200__жылғы "__"________________

Мәліметтерді толтыру ережесі:

     Есептің осы нысанында есептік кезеңде банктің қызмет көрсету желісінде жасалған төлем сомасы көрсетіледі. Соманы жинақтау мынадай төлемдер бойынша жүзеге асырылады (карт-есепшоттан есептен шығарған кезде):
     І - банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып банктің қызмет көрсету желісінде жасалған төлем;
     IV - банктің төлем карточкаларын қоспағанда, қазақстандық эмитенттердің шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып банктің қызмет көрсету желісінде жасалған төлем;
     V - шетелдік эмитенттер шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып банктің қызмет көрсету желісінде жасалған төлем.
     2, 3-бағандарда төлем карточкаларын пайдалана отырып тауар немесе қызмет көрсету үшін қолма-қол ақшасыз жасалған төлемдердің саны мен жалпы сомасы көрсетіледі.
     4, 5-бағандарда төлем карточкасы арқылы, оның ішінде банкоматтарды пайдалана отырып қолма-қол ақша беру бойынша жүргізілген барлық операциялардың саны мен жалпы сомасы көрсетіледі.
     6, 7-бағандарда банкоматты пайдалана отырып төлем карточкасы арқылы қолма-қол ақша беру бойынша жүргізілген операциялардың саны мен сомасы көрсетіледі.
     "Жиынтығы" деген жолда тұтастай алғанда банк бойынша деректер ұсынылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады