Халыққа мемлекеттік нақты әлеуметтік көмек көрсететін учаскелік комиссиялар туралы Ережені бекіту жөнінде

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 29 қаңтардағы N 1/80 қаулысы. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2002 жылғы 8 ақпанда N 431 тіркелді

      Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 5/870  қаулысымен .
___________________________________

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 246-ІІ "Мемлекеттік нақты әлеуметтік көмек көрсету туралы"  Заңына  және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 1685 "Мемлекеттік нақты әлеуметтік көмек көрсету туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау жөніндегі шаралар туралы"  қаулысына  сәйкес, Алматы қаласының Әкімшілігі қаулы етеді:
      1. Халыққа мемлекеттік нақты әлеуметтік көмек көрсететін учаскелік комиссиялар туралы Ереже N 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. N 2 қосымшаға сәйкес халыққа мемлекеттік нақты әлеуметтік көмек көрсететін учаскелік комиссиялар құрылып, құрамы бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары А.Қ.Бижановқа жүктелсін.     

       Алматы қаласының Әкімі

      Әкімшілік хатшысы

Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң
2002 жылғы 29 қаңтардағы N 1/80
қаулысына қосымша

"Келiсiлдi"
 Мәслихат хатшысы

Мемлекеттiк нақты әлеуметтiк көмек
көрсету жөнiндегi учаскелiк
комиссиялар туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ереже

      1. Мемлекеттiк нақты әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi Комиссия (мәтiн бойынша әрi қарай - Комиссия) көмек сұраған тұлғаға (отбасына) нақты әлеуметтiк көмек беру туралы қорытындыны даярлау және қажет болған жерде олардың материалдық жағдайын тексеру үшiн Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң қаулысымен құрылады. 
      2. Комиссия құрамы жыл сайын құрылады және 7 адамнан кем болмауы керек. Комиссияға Алматы қаласының аудан Әкiмiнiң орынбасары басшылық етедi. 
      Комиссия құрамына жергiлiктi өкiлеттi органдар, өзiн-өзi басқару, қоғамдық бiрлестiктер, үй (пәтер) иелерi кооперативi, халық, бiлiм беру өкiлеттi органдар мен ұйымдар, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қорғау, қаржы және салық органдарының, ардагерлер Кеңесiнiң өкiлдерi, құқық қорғау қызметкерлерi және т.б. кiредi. 
      3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының 17.07.2001 ж. N№246-II "Мемлекеттiк нақты әлеуметтiк көмек туралы"  Заңын , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 24.12.2001 жылғы N 1685 "ҚР мемлекеттiк нақты әлеуметтiк көмек туралы" Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы"  қаулысын , басқа ереже белгiлейтiн актiлерiн және осы Ереженi басшылыққа алады. 

 
2. Негiзгi қызметтер

      1. Комиссия халықты әлеуметтiк қорғау органдарына аса мұқтажды тұлғаларға отбасыларына қаражат жiберу мақсатындағы халыққа әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi қызметiнде қолғабыс тигiзедi. 
      2. Комиссия өкiлеттi органның - Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау Департаментiнiң аудандық еңбек, және халықты әлеуметтiк қорғау орталығы (мәтiн бойынша әрi қарай - өкiлеттi орган) - жазбаша тапсырма негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету туралы қорытындыны даярлап және қажеттiлiгi бойынша өкiлеттi органның тапсырма берген күннен бастап 5 күндiк мерзiм iшiнде тұрғылықты жерiне барып тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайын тексередi. 
      3. Тұлғаның (отбасының) материалдық тексеру барысында Комиссия көмек сұраған адамның өтiнiш себептерiн анықтайды. Тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайын тексеру актiсiнде мына мәлiметтер көрсетiледi: 
      отбасының құрамы туралы; 
      отбасының жұмыс iстейтiн мүшелерi туралы; 
      еңбекке қабiлеттi жастағы отбасының жұмыс iстемейтiн мүшелердiң - жұмыс iстемеген себептерi; 
      балаларға, мүгедектерге, қарттарға, ауруларға қарайтын, еңбекке қабiлеттi жастағы отбасы мүшелерiнiң бар болуы туралы; 
      тұлғаның (отбасының) жалпы табысы, соның iшiнде аула шаруашылығынан, бау-бақшадан, саяжайдан және т.б. түскен табысы туралы. 
      4. Қажет болған жағдайда Комиссия, нақты әлеуметтiк көмек алу үшiн ұсынылған отбасының мүлiгi мен табысына қатысты мәлiметтердi алу үшiн тиiстi органдарға сұрау жасауға құқықты. 
      5. Комиссияның тапсырмасы бойынша ұсынылған құжаттар iрiктелiп қайта тексерiлуi мүмкiн. 
      6. Комиссия мәжiлiсi кем дегенде 10 күнде бiр рет өткiзiледi. Учаскелiк комиссияның бiрiншi мәжiлiсi Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау Департаментi өкiлiнiң қатысуымен өтедi. 
      7. Комиссия мәжiлiсiнiң уақытында өткiзiлу жауапкершiлiгi учаскелiк комиссия төрағасына жүктеледi. 

 
3. Комиссия қорытындысы

      1. Өкiлеттi органнан келiп түскен тұлғаның (отбасының) құжаттарын қарап, Комиссия мемлекеттiк нақты әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды жасайды.
      2. Комиссия шешiмiн мемлекеттiк нақты әлеуметтiк көмекке үмiткер тұлғаның (отбасының) қатысуынсыз ашық дауыс беру арқылы қабылдайды.
      3. Мәжiлiсте Комиссия құрамның 3/4 бөлiгi қатысса, оның шешiмi құқылы болып саналады. 
      4. Егер қатысып отырған Комиссия құрамының басым көпшiлiгi тұлғаға№(отбасына) дауыс берген жағдайда, оның қорытындысы оңды болып табылады.
      Қорытындыға комиссияның төрағасы мен мүшелерi қол қойып, оны өкiлеттi органға ұсынады.       

      Әкiмшiлiк хатшысы
 

Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң
2002 ж. 29 қаңтардағы N 1/80
қаулысына қосымша

"Келiсiлдi"
Мәслихат хатшысы

Әуезов аудандық учаскелiк
комиссиясының құрамы

      Ескерту. Қосымша өзгерді - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 19 шілдедегі  N 3/470 , 2003 жылғы 26 мамырдағы N  2/319 , 2004 жылғы 19 мамырдағы N  3/424 , 2005 жылғы 10 мамырдағы  N 2/259  қаулыларымен.
 

1. Ченсизбаев Б.А.     - комиссия төрағасы, әкiмнiң
                         орынбасары.
 
2. Исламова Нұрила     - комиссия төрағасының
   Бақбергенқызы         орынбасары, Алматы қаласы
                         Әуезов аудандық жұмыспен қамту
                         және әлеуметтік бағдарламалар
                         орталығының бастығы
 
3. Имамбекова Күләйша  - комиссия хатшысы, Алматы қаласы
   Қазақбайқызы          Әуезов аудандық жұмыспен қамту
                         және әлеуметтік бағдарламалар
                         орталығының тұрмыс деңгейін
                         талдау және әлеуметтік
                         бағдарламалар бөлімінің бастығы.

Комиссия мүшелерi:

4. Абдуллаев Т.И.      - Дружба қалалық үлгідегі кенттің
                         жергілікті өзін-өзі басқару
                         комитетінің төрағасы.
 
5. Дүйсенов Қ.Қ.       - Шаңырақ 1, 2, 3 ықшам
                         аудандарының жергілікті
                         өзін-өзі басқару комитетінің
                         төрағасы.
 
6. Сағатолла Ү.Т.      - Шаңырақ 3, 4 ықшам аудандарының
                         жергілікті өзін-өзі басқару
                         комитетінің төрағасы.
 
7. Жакина Ш.А..        - аумақтық қайырымдылық және
                         зейнеткерлердi жұмыспен қамту
                         орталығының директоры.
 
8. Иманалиев К.И.      - мүгедектер қоғамының төрағасы.
 
9. Бейсембина Н.Н.     - көп балалы отбасылар одағының
                         төрағасы, Мәслихат депутаты.
 
      

       Әкiмшiлiк хатшысы

Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң
2002 ж. 29 қаңтардағы N 1/80
қаулысына қосымша

"Келiсiлдi"
Мәслихат хатшысы

Алмалы аудандық учаскелiк
комиссиясының құрамы

      Ескерту. Қосымша өзгерді - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 19 шілдедегі N  3/470 , 2002   жылғы 13 қарашадағы N  5/724 , 2003 жылғы 26 мамырдағы N  2/319 ; 2003 жылғы 17 қыркүйектегі N  4/535  және 2004 жылғы 26 қарашадағы  N 4/955 , 2005 жылғы 10 мамырдағы  N 2/259  қаулыларымен.
      
1. Абдрахманов Ержан   - комиссия төрағасы, Алматы қаласы
   Ахметұлы              Алмалы ауданы Әкімінің
                         орынбасары.
 
2. Братенков Александр - комиссия төрағасының
   Иванович              орынбасары, Алматы қаласы
                         Алмалы аудандық жұмыспен қамту
                         және әлеуметтік бағдарламалар
                         орталығының бастығы.
 
3. Саботаева Бақыт     - комиссия хатшысы, Алматы қаласы
   Аққанқызы             Алмалы аудандық жұмыспен қамту
                         және әлеуметтік бағдарламалар
                         орталықтың тұрмыс деңгейін
                         талдау және әлеуметтік
                         бағдарламалар бөлімінің бастығы.
                         

Комиссия мүшелерi :

4. Коржинская Г.С.     - зейнеткерлердi әлеуметтiк
                         қызмет көрсету аумақтық
                         орталығының бастығы.
 
5. Ергожаева А.Д.      - көп балалы отбасылар одағының
                         төрағасы.
 
6. Камышева В.И.       - мүгедектер қоғамының төрағасы.
 
7. Адильбеков З.У.     - ардагерлер кеңесiнiң төрағасы.
 
8. Ақмұрзина З.Б.      - аудандық білім бөлімінің бас
                         маманы.
 
9. Бертанов А.Б.       - жедел дәрiгерлiк жәрдем көрсету
                         ауруханасының бас дәрiгерi,
                         Мәслихат депутаты. 

      
      Әкiмшiлiк хатшысы

Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң
2002 ж. 29 қаңтардағы N 1/80
қаулысына қосымша

"Келiсiлдi"
Мәслихат хатшысы

Бостандық аудандық учаскелiк
комиссиясының құрамы

       Ескерту. Қосымша өзгерді - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 13 қарашадағы N  5/724 ; 2003 жылғы 17 қыркүйектегі N  4/535 , 2004 жылғы 19 мамырдағы N  3/424 , 2005 жылғы 10 мамырдағы  N 2/259  қаулыларымен.
 

1. Сакенов Ж.Т.        - комиссия төрағасы, әкiмнiң
                         орынбасары.
 
2. Кастаева У.М.       - комиссия төрағасының
                         орынбасары, еңбек және халықты
                         әлеуметтiк қорғау орталығының
                         бастығы.
 
3. Қайдуова Нәкен      - комиссия хатшысы, Алматы қаласы
   Құлмаханбетқызы       Бостандық аудандық жұмыспен
                         қамту және әлеуметтік
                         бағдарламалар орталықтың тұрмыс
                         деңгейін талдау және әлеуметтік
                         бағдарламалар бөлімінің бастығы.

 
Комиссия мүшелерi:

4. Райхан Айдарқызы    - аудандық "Ұстаз" кәсіподақ
   Мырзалиева            комитетінің төрағасы.
 
5. Аметова О.А.        - бiлiм беру бөлiмiнiң
                         меңгерушiсi.
 
6. Беғымбетов Ә.С.     - аудандық коммуналдық шаруашылық
                         бөлiмiнiң меңгерушiсi.
 
7. Шәріпхан Исажанұлы  - аудандық ішкі істер
   Матаев                басқармасының орынбасары.
 
8. Биржанов Х.Б.       - ардагерлер кеңесiнiң төрағасы.
 
9. Айбекова К.А.       - жұмыспен қамту орталығының
                         меңгерушiсi.
 
10.Қалиулла Халықұлы   - Мәслихат депутаты, соттық
   Халықов               үкімет және қылмыс процессі
                         кафедрасының меңгерушісі, заң
                         ғылымдарының докторы, Әл-Фараби
                         атындағы Қазақтың Ұлттық
                         университетінің профессоры.
 
11.Сәдуақасова Нұрилаш - аудандық көп балалы аналар
   Ергедекқызы           Одағы қоғамдық ұйымының
                         төрағасы.
      

       Әкiмшiлiк хатшысы

Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң
2002 ж. 29 қаңтардағы N 1/80
қаулысына қосымша

"Келiсiлдi"
Мәслихат хатшысы

Жетiсу аудандық учаскелiк
комиссиясының құрамы

      Ескерту. Қосымша өзгерді - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 19 шілдедегі N  3/470 ; 2002   жылғы 13 қарашадағы N  5/724 ;   2003 жылғы 17 қыркүйектегі N  4/535 , 2004 жылғы 25 тамыздағы  N 3/706 , 2005 жылғы 10 мамырдағы  N 2/259  қаулыларымен.
 

1. Ділмаханбетов Ермек - комиссия төрағасы, Алматы қаласы
   Қырғызбайұлы          Жетісу ауданы Әкімінің
                         орынбасары.
 
2. Нүсіпова Шолпан     - учаскелік комиссияның
   Байжұмақызы           орынбасары, Жетісу аудандық
                         еңбек, жұмыспен қамту және
                         халықты әлеуметтік қорғау
                         орталығының бастығы.
 
3. Әмірбеков Нұрмұхамет- комиссия хатшысы, аудандық
   Әмірбекұлы            еңбек және халықты әлеуметтік
                         қорғау орталығы тұрмыс деңгейін
                         талдау бөлімінің бастығы.

Комиссия мүшелерi:

4. Габдуллин А.Н.      - аудандық iшкi iстер
                         басқармасының бастығы.
 
5. Сиқымбаев Ренат     - Алматы қаласы Жетісу ауданы
   Оразұлы               әкімінің аумақтық өзін-өзі
                         басқару мәселелері жөніндегі
                         кеңесші-үйлестірушісі.
 
6. Өміралиева С.Ә.     - соғыс ардагерi және
                         зейнеткерлер кеңесiнiң төрағасы.
 
7. Даниярова Бейсенгүл - аудандық Әкім аппараты
   Бәзікенқызы           әлеуметтік сала бөлімінің
                         бастығы.
 

       Әкiмшiлiк хатшысы

Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң
2002 ж. 29 қаңтардағы N 1/80
қаулысына қосымша

"Келiсiлдi"
Мәслихат хатшысы

Медеу аудандық учаскелiк
комиссиясының құрамы

      Ескерту. Қосымша өзгерді - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 19 шілдедегі N  3/470 ; 2002   жылғы 13 қарашадағы N  5/724 ; 2003 жылғы 26 мамырдағы N  2/319 , 2004 жылғы 19 мамырдағы N  3/424 , 2004 жылғы 25 тамыздағы  N 3/706 , 2005 жылғы 10 мамырдағы  N 2/259  қаулыларымен.
 

1. Қырықбаев Арман     - комиссия төрағасы, Алматы
   Оразбайұлы            қаласы Медеу ауданы Әкімінің
                         орынбасары.
 
2. Қалықова Айгүл      - комиссия төрағасының
   Оразқызы              орынбасары, Алматы қаласы Медеу
                         аудандық жұмыспен қамту және
                         әлеуметтік бағдарламалар
                         орталығының бастығы.
 
3. Сатылғанқызы М.     - комиссия хатшысы, аудандық
                         еңбек және халықты әлеуметтік
                         қорғау орталығының тұрмыс
                         деңгейiн талдау бөлiмiнiң
                         бастығы.

Комиссия мүшелерi:

4. Абланова К.Ж.       - көп балалы отбасылар одағының
                         төрағасы.
5. Айтбаев Сәкен       - аудандық ішкі істер
   Сейданұлы             басқармасының орынбасары.
 
6. Бейсембиев Мырзахан - Медеу аудандық соғыс
   Бейсембиұлы           ардагерлері және зейнеткерлер
                         Кеңесінің төрағасы.
 
7. Оразова Гүлдана     - Алматы қаласы Медеу аудандық
   Мұратханқызы          жұмыспен қамту және әлеуметтік
                         бағдарламалар орталығының
                         жұмыспен қамту, әлеуметтік
                         әріптестік және еңбек
                         қатынастары бөлімінің бастығы
 
8. Бабич Е.Ф.          - аудандық салық комитетi
                         төрағасының орынбасары.
 
9. Климко Л.К.         - мүгедектер қоғамының төрағасы.
 
10.Жұмабекова Динара   - Алматы қаласы Медеу ауданы
   Төлеубайқызы          әкімдігінің әлеуметтік сала
                         бөлімінің меңгерушісі.
      
11.Омаров К.Т.         - N 5 қалалық клиникалық
                         аурухананың бас дәрiгерi,
                         Мәслихат депутаты.
 

       Әкiмшiлiк хатшысы

Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң
2002 ж. 29 қаңтардағы N 1/80
қаулысына қосымша

"Келiсiлдi"
Мәслихат хатшысы

Түрксiб аудандық учаскелiк
комиссиясының құрамы
 

       Ескерту. Қосымша өзгерді - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2003 жылғы 17 қыркүйектегі N  4/535 , 2004 жылғы 25 тамыздағы  N 3/706 , 2005 жылғы 10 мамырдағы  N 2/259  қаулыларымен.
 

1. Яковлева Надежда    - комиссия төрағасы, Алматы
   Николаевна            қаласы Түрксіб ауданы әкімінің
                         орынбасары.
 
2. Кенштыбаева Раиса   - учаскелік комиссияның
   Мұрзағалиқызы         орынбасары, Түрксіб аудандық
                         еңбек, жұмыспен қамту және
                         халықты әлеуметтік қорғау 
                         орталығының бастығы.
 
3. Мамебекова Шолпанкұл- комиссия хатшысы, Алматы қаласы
   Құлахметқызы          Түрксіб аудандық жұмыспен қамту
                         және әлеуметтік бағдарламалар
                         орталығының тұрмыс деңгейін
                         талдау және әлеуметтік
                         бағдарламалар бөлімінің бастығы.
                         

Комиссия мүшелерi:

4. Джамбабаева К.А.    - Iшкi саясат және әлеуметтiк
                         орта бөлiмiнiң бас маманы.
 
5. Белоносова Г.Я.     - аумақтық-қоғамдық өзiн-өзi
                         басқару комитетiнiң төрағасы.
 
6. Ромахова Л.В.       - ПИК және ҮИК ассоциациясының
                         төрағасы.
 
7.   Бектемісов Нұрлан   - Алматы қаласы Түрксіб ауданы
   Бағдатұлы             салық комитетінің бастығының
                         орынбасары. 
 
8. Құрманбеков Дастан  - Алматы қаласы Түрксіб ауданы
                         Әділет басқармасының
                         құжаттандыру және тіркеу
                         бөлімінің бас маманы.
 
9. Айымбетова Бибіраба - аудандық көп балалы аналар
                         одағының төрағасы.
 
10.Ноерманова Қәтила   - N 4 балалар емханасының бас
   Дүсіпқызы             дәрігері, Алматы қаласы
                         Мәслихатының депутаты.
 
11.Ахметов Ермек       - Алматы қаласы Түрксіб аудандық
   Әнуарұлы              ішкі істер бөлімі бастығының
                         орынбасары.

  

       Әкiмшiлiк хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады