Маңғыстау облысының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 10 желтоқсандағы N 2/21 шешімі. Маңғыстау облыстық Әділет басқармасында 2004 жылғы 5 қаңтарда N 1580 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат  шешім етті:

      1. Маңғыстау облысының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).

      2. Осы шешім жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

        Төрағалық етуші,
      облыстық мәслихаттың хатшысы

Маңғыстау облыстық мәслихаттың  
2003 жылғы 10 желтоқсандағы N 2/21
шешіміне қосымша        

  Маңғыстау облысының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған
Аймақтық бағдарламасы

  Мазмұны

                                                            Беті

 

Паспорт

3

 

Кіріспе

4

1

Ауыл аумақтарын дамытудың Аймақтың бағдарламасының тұжырымдамалық негіздері, мақсаты, міндеттері мен іске асыру мерзімі

5

1.1.

Тұжырымдамалық негіздері 

5

1.2.

Мақсаты мен міндеттері

5

1.3.

Іске асыру мерзімі

6

2.

Ауыл аумақтарының жағдайына талдау жасау

7

2.1

Экономиканың дамуы мен ауыл тұрғындары табысының деңгейі

7

2.2.

Инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі

13

2.3.

Әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі

16

2.4.

Экология жағдайы

21

2.5.

Ауыл тұрғындарының демографиясы және көші-қоны

24

3.

Ауылдық аумақтары әлеуметтік - экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу, бағалау әдісі мен өлшемі 

27

4.

Ауыл аумақтарының дамуын мемлекеттік реттеу шаралары

27

4.1.

Ауыл аумақтарын дамытуға бағытталған бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі 

27

4.2.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің өсуі мен экономикалық қызмет саласының кеңеюі, көлемі мен қаржыландыру көздері

28

4.3.

Инженерлік инфрақұрылымының дамуы, көлемі мен  қаржыландыру көздері 

 30

4.3.1.

Сумен қамту

30

4.3.2.

Электрлендіру 

31

4.3.3.

Ауыл жолдары

31

4.3.4.

Байланыс, телефондандыру

31

4.3.5.

Газдандыру

32

4.4.

Әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы 

32

4.4.1.

Білім беру

32

4.4.2.

Денсаулық сақтау

33

4.4.3.

Мәдениет

34

4.4.4.

Тұрғын үй

35

4.4.5

Туризм және спорт

35

4.5.

Ауыл аумақтарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

35

5.

Ауыл тұрғындарының көші-қон ағынын басқару

36

6.

Заңнамалық қамтамасыз ету

37

 7.  

Қаржылай қамтамасыз ету 

37

8.

Күтілетін нәтижелер

38

  Бағдарлама паспорты  

Атауы  Маңғыстау облысының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы

Бағдарламаны әзірлеу үшін негіз  Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2003 жылғы 10 шілдедегі N 1149  Жарлығы , Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы"»2003 жылғы 20 тамыздағы N 838  қаулысы ;  

Жасақтаушы  Облыстық экономика, өнеркәсіп және сауда басқармасы 

Бағдарлама мақсаты  Ауылда өмір сүру жағдайын теңестіру  

Бағдарлама міндеттері  Ауыл аумақтарындағы тұрғындардың экономикалық қызметінің дамуын және табысының өсуін ынталандыру үшін бірінші кезектегі шараларды жасақтау және іске асыру, ауылдық елді мекендерде қалыптасқан ахуал мен жіктелуді талдау негізінде әлеуметтік объектілер мен инженерлік инфрақұрылым құрылыстарын әлеуметтік-экономикалық даму келешегіне қарай инвестрлендіру және қалпына келтіру   

Қаржыландыру көздері  Республикалық және жергілікті бюджеттер, кәсіпорындардың өз қаражаттары, несие ресурстары   

Іске асыру мерзімі  Бағдарламаны іске асыру 2004 жылдан 2010 жылға дейінгі кезеңге көзделген 

Күтілетін нәтижелер  Ауыл тұрғындарына әлеуметтік игілік деңгейін қамтамасыз ететін АЕМ экономикасының динамикалық өсуіне  жету, ауылда өмір сүру сапасын арттыру    

  Кіріспе  

      Аймақтағы экономикалық өсудің қалыпты қарқыны қала мен ауыл халқының өмір сүру жағдайында сәйкессіздікті күшейтеді. Ауыз суының өте тапшы болуына, ерекше табиғи климаттық жағдайға байланысты ауыл шаруашылығы дамуының шектеулі мүмкіндіктері тұтас алғанда ауыл аумақтарының экономикалық дамуына қиындық келтіріп отыр.
      2002 жылы облыста 2003-2005 жылдарға арналған мал шаруашылығында негізделген ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуын қарастырған агроазықтүлік Бағдарламасы жасақталды.
      Бұл бағдарламаны жасақтау өндірістік сектормен қатар әлеуметтік салада кіретін және ауыл тұрғындары табысының ойдағыдай деңгейіне қол жеткізілуін қамтамасыз ететін ауыл аумақтарының тиімді дамуы үшін шаралар қабылдау қажеттігінен туды.

  1. Ауыл аумақтарын дамытудың аймақтық бағдарламасын іске асырудың тұжырымдамалық негіздері, мақсаты, міндеттері мен кезеңдері  

  1.1 Тұжырымдамалық негіздері

      Ауыл шаруашылығы тек өндіріс сала ғана емес, сонымен қатар облыс халқының едәуір бөлігінің өмір сүру саласы болып табылады. Статистика мәліметтері бойынша ауыл шаруашылық аймақта тұрғындардың жалпы саны облыс тұрғындарының 23,2% құрайды.
      Кеңес Одағының ыдырауы, кеңшарлардың таратылуы, өз кезегінде, ауыл шаруашылығының дамуы үшін қолайсыз, қаржылай дәрменсіз, өз қызметтерін толық жүзеге асыруға мүмкіндігі жоқ көптеген фермерлік шаруашылықтардың, шағын ауыл шаруашылығы құрылымдарының ұйымдасуына әкелді.
      Қолданылған технологиялардың деңгейінің төмендігі, машина-трактор парктерінің  жетіспеуі, негізгі құралдардың айтарлықтай тозуы агросекторда әлеуетті табыстың қысқаруына әсер етті.
      Мал шаруашылығын өндірісінің шағындағы, өсімдік шаруашылығының дамымауы, қайта өңдеу өндірісін ұйымдастырудағы мүмкіндіктердің шектеулі болды, ауылда жұмыспен қамту проблемаларын туындатады, бұл өз кезегінде кедей тұрғындар санының өсуіне әкеледі.
      Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында ауылдық аймақтарды қолдауға, адамдардың өмір сүру көзқарасы және нарықтық қатынастың дамуына бағытталған мемлекеттік бағдарламаның келешекте қажеттігі өткір көрсетілген, осыған байланысты ауыл аумақтарын дамытудың аймақтық қолдаудың тұжырымдамалық негізі оның ауыл экономикасының даму келешегімен шарттылығы болып табылады. Жасақталған бағдарламаның объектісі болып тұрғындардың басым бөлігі ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған ауылдық елді мекендер (АЕМ) анықталды. 
      Бағдарламада арасында экономикалық әлеуетті бағалау басым болып табылатын әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін сипаттайтын өлшеу тобы бойынша ауылдық елді мекендердің жіктелуін өткізу қарастырылуда (1-2 қосымшалар). Мемлекеттік қолдау шаралары алдымен, тұрғындар табысының қажетті деңгейін қамтамасыз ететін жеткілікті экономикалық әлеуетті келешегі бар ауылдық елді мекендерде тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымдарын дамытуға бағытталатын болады.

  1.2. Мақсаты мен міндеттері

      Ауыл аумақтарын дамытудың мемлекеттiк бағдарламасының мақсаты ауылда орналасуды оңтайландыру негiзiнде ауылдың тiршiлiгiн қамтамасыз етуге қалыпты жағдайлар туғызу болып табылады.
      Бағдарламаның мақсаттарына қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттерді шешу көзделеді:
      1. Ауылдық елдi мекендердi (бұдан әрi - АЕМ) паспорттау негізінде әлеуметтік-экономикалық дамудың негiзгi көрсеткiштерi бойынша қазiргi ахуалға талдау жасау.
      2. АЕМ жіктеу және әлеуметтiк-экономикалық келешегінің өлшемі бойынша мониторинг өткізу.
      3. Әлеуметтік объектілер мен инженерлік инфрақұрылым құрылыстарын, жөндеу мен қайта жаңартуды инвестрлендіру бойынша бірінші кезектегі шараларды жасақтау.
      4. Келешегі бар ауыл аумақтары тұрғындарының экономикалық қызметінің дамуы мен табысының өсуін ынталандыру шараларын жасақтау және іске асыру. 

  1.3. Іске асыру мерзімі

      Бағдарлама екі кезеңде іске асырылатын болады:
      Бірінші кезең - 2004-2006 жылдары
      Екінші кезең - 2007-2010 жылдары.  

  2. Ауыл аумақтарының жағдайына талдау жасау

  2.1. Экономиканың дамуы мен Ауыл тұрғындары табысының деңгейі

       Облыста 4 селолық аудан бар, оның ішінде Маңғыстау және Бейнеу аудандары толықтай ауыл шаруашылығы бағытында. Маңғыстау облысының ауыл шаруашылық өндірісі малды күндіз-түні жайылыста ұстайтын айырықша мал шаруашылығымен ерекшеленеді. Іс жүзінде барлық тұрғындардың өз ауласында малдары бар, оларды күтумен жұмыс жасамайтын әйелдер мен зейнет алды жасындағы адамдар қамтылған. Еңбекке жарамды ер адамдар ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған немесе аудан орталығы мен облыс қалаларында орналасқан мұнай мен басқа да өнеркәсіп кәсіпорындарында жұмыс жасайды.
      Ауылдық жерлерде кейбір елді мекендерде майдагерлік өндірістер дамыған. Әйелдер түйе жөнінен халық тұтынатын тауарлар: жіптер мен дайын бұйымдар (кеудешіктер, шұлықтар, жамылғылар, көрпелер, алашалар, текеметтер, киіз үйге арналған сәндік бұйымдар) дайындау, ұлттық киімдер тігу жұмыстарымен қамтылған. Сонымен қатар базарларда сату мақсатымен түйе сүтінен ұлттық тағамдар: шұбат, құрт, балқаймақ, ірімшік және т.с.с. өндіріледі. Шектеулі суармалы учаскелері бар кейбір жерлерде тұрғындар көкөніс өсірумен және аз мөлшерде оларды консервілеумен айналысады. 
      Облыста өсімдік шаруашылығы нашар табиғи - климаттық жағдайдан, табиғи су қоймаларының болмауынан, өсімдіктің жетіспеуінен әлсіз дамыған. Өсімдік шаруашылығының өнімін өндіруге кететін көп шығындар, агротехнологияны пайдаланудың төменгі деңгейі, өзіндік құнының жоғары болуы ішкі және сыртқы рынокта жергілікті өнімнің бәсекеге қабілетсіздігінің себебі болып табылады.
      Облыста ауыл шаруашылығының жалпы өнімінде (ЖӨ) көп үлесті Маңғыстау ауданы (43%) және Бейнеу ауданы (27%), аз үлесті - Қарақия (15%) және Түпқараған (11%) алады. Облыстық ЖӨ мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының қатысы - тиісінше 98,4% және 1,6%. Өсімдік шаруашылығымен Қарақия және Түпқараған аудандары басымырақ айналысады, мал шаруашылығымен - Бейнеу және Маңғыстау аудандары.  

  

Бейне ауданы

Маңғыстау ауданы

Қарақия
ауданы

Түпқара-ған
ауданы

Облыс бойынша бары

2002 жылғы ауыл шаруашылығының ЖӨ, млн.теңге

285,6

458,4

159,1

118,9

1083,0

Облыстық ауыл шаруашылығының ЖӨ үлес

27

43

15

11

-

Ауыл шаруашылығының ЖӨ өсімдік шаруашылығының үлесі, %

-

-

0,3

0,1

1,6

Ауыл шаруашылығының ЖӨ мал шаруашылығының үлесі, %

100

100

99,7

99,7

98,4

     Жайылыспен көбiрек қамтылған Қарақия ауданы (1 бас малға 213,6 га), Бейнеу ауданы бойынша қамтамасыз етiлуi 99,8 га құрайды, Маңғыстау ауданы бойынша - 1 бас малға 71,8 га. Түпқараған ауданы аз қамтамасыз етiлген (1 бас малға 55,8 га), Ақтау қалалық әкiмшiлiгiнiң Баянды селосы бойынша жайылыспен қамтамасыз етiлу 1 бас малға 15,1 га құрайды.

      Облыстың барлық ауылдық елдi мекендерi олардың көпшiлiгiнiң облыс орталығы  Ақтау қаласынан қашықтығына қарамастан темiр жол желiсi (100 км дейiн) мен автомобиль жолдарына жақын орналасқан. Жақын темiр жол станциясынан, автомагистраль мен аудан орталығынан 100 км-ден астам жерде орналасқан бiр елдi мекен бар  бұл 300 адам шамасында халқы бар Қарақия ауданының Аққұдық ауылы. Өткiзу базарынан 100 км-ден астам қашықтағы АЕМ жеке салмағы 2,5% (40 АЕМ  1) құрайды.

      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 100 ауыл тұрғынына облыс бойынша орташа 3,1 құрайды. Ауылдық жерлерде шағын кәсiпкерлiк объектiлерiнiң көбiрек саны 100 ауыл тұрғынына (орташа облыстық көрсеткiштен 80,6% жоғары) Бейнеу ауданында шоғырланған 5,6. Ең төменгi көрсеткiштер Маңғыстау ауданы бойынша (1,7) және Баянды селосында (1,1). Қарақия және Түпқараған аудандары бойынша 100 адамға 2,4 шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнен келедi. Ауыл шаруашылығының әлсiз дамуы, iс жүзiнде өнеркәсiп кәсiпорындарының болмауы, ауылда жұмыс орындарының жетiспеуi ауыл тұрғындары табысының төмен деңгейiн айқындай түседi. Мәселен, 2002 жылы статистикалық деректер бойынша ең төменгi күнкөрiс минимумы шамасынан төмен табысы бар ауыл тұрғындарының үлесi 84,6% (облыс бойынша 39,8%) құрайды. 

      Алайда, статистикада кедейлердi анықтау әдiсiнiң жетiлдiрiлмегендiгiн де айту керек, өйткенi ауылдық жерлерде өте көп тұрғындардың өз аулаларында жеке тұтынуының және облыс базарларында сатуға арналған әртүрлi малдары бар, бұл отбасын азық-түлiк және халық тұтынатын өнiмдермен қамтамасыз етуге мүмкiндiк туғызады. 

      Аудандар арасындағы табыс деңгейi бойынша саралау iске асырылып келедi, атап айтқанда орташа жалақы мөлшерi бойынша. Мәселен, орташа айлық атаулы жалақының көбiрек деңгейi 2002 жылы Бейнеу бойынша - 21811 теңге (орташа облыстық көрсеткiштен 55,4%) және соңғы жылдары өнеркәсiбi дамуы алған Түпқараған ауданы бойынша - 19484 теңге (49,5%) байқалды. Жалақының төмен деңгейi ауыл шаруашылығына бағытталған аудандарда - Қарақия ауданында - 11746 теңге (29,8%) және Маңғыстау ауданында 10798 теңге (27,4%).

      1.09.2003 ж. жағдай бойынша орташа айлық жалақы барлық аудандар бойынша 2002 жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда орташа 9-10% артты, бұл селолық аудандарда әлеуметтiк-экономикалық жағдайлардың iшiнара жақсарғандығын көрсетедi. 

      Бейнеу ауданы 1973 жылы құрылды. Аудан орталығы Бейнеу селосы. Аудан аумағының жалпы көлемi 4051,9 мың га, облыс орталығынан қашықтығы 470 км. Облыс орталығымен және облыстың басқа да аудандарымен темiр жол және автомобиль қатынастары бар. Толықтай ауылдық разрядқа жататын аудан халқының саны, 1.01.02 ж. жағдай бойынша 27,8 мың адам құрады, 1.09.03 жылғы жағдай бойынша ол табиғи өсiм мен оралмандардың орналасуымен 12,2% немесе 31,2 мың адамға (облыстың барлық тұрғындарының 9,0%) өстi. Аудан құрамында 10 ауыл кiретiн 10 селолық округ бар. Ауданның iрi елдi мекенiне жататындар: 

      Боранкөл селосы (Опорный станциясы), халқының саны - 5,2 мың адам, Ақжiгiт селосы - 2,5 мың адам және Сарға селосы 1,2 мың адам.

      Егер аудан бұрындары басымдықпен ауыл шаруашылығы бағытын иемденсе, ендi 2000 жылдан Толқын және Боранкөл кенорындарына барлауды және жайластыруды жүзеге асырып жатқан бiрiккен және шетел кәсiпорындарының мұнайгаз секторының қызметтерi мен жергiлiктi жұмысшы күштерiн тарта отырып, оларға сервистiк қызмет көрсететiн iлесушiлер есебiнен кен өндiру өнеркәсiбiнiң дамығаны байқалады. Бүгiнде ауданда "Казполмунай" БК, "Аском интеройл" БК, "Толқыннефтегаз" АҚ барлау және мұнай өндiру жұмыстарын жүргiзуде, "КАСКО" ЖШС мұнай компанияларына сервистiк қызметтер көрсетуiн қамтамасыз етедi. Тас ұлутас өндiру жөнiндегi жергiлiктi кәсiпорындар саны артты "Сүйiндiк" ЖШС, "Актас" ЖШС, "Берекет" ЖШС. Ауданда барлығы 1928 шаруашылық субъектiсi, оның iшiнде 174 шаруа шаруашылығы, 1690 жеке кәсiпкерлер жұмыс жасайды.

      Ауданда шағын кәсiпкерлiктiң (ШК) дамуы жеткiлiктi жоғары қарқынмен жүзеге асырылады: Бейнеу селосында муниципальды базар ашылып, жұмыс жасайды, 2002 жылы ШК субъектiлерiмен өндiрiлген өнiмдер (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) көлемi, бюджетке төлем көлемi 2001 жылмен салыстырғанда 1,5 есе артты. 

      Ауыл шаруашылығының жалпы өнiмi облыстық көрсеткiштiң 27% құрайды. Мал шаруашылығы басымдықпен дамыды, облыс бойынша мал басының жалпы санының үлес салмағы мынадай: қой мен ешкi бойынша 22%, жылқы 14% және түйе бойынша 25%. 

      Бейнеу селосында ауылдық тауар өндiрушiлерге көлiк қызметiн, техника мен құрал жабдықтарды жөндеу, үй мен мал қорасының құрылысын салу, мал азығын дайындау бойынша қызмет көрсететiн Бейнеу-МТС МКК жұмыс iстейдi. Терi шикiзатын қайта өңдеу жөнiндегi 2 шағын цех жұмыс iстейдi, әкелiнген шикiзаттан өсiмдiк майын өндiру жөнiндегi шағын цех ашылды, алайда кәсiпорын 2004 жылы суармалы учаскелерде май шығаратын өсiмдiктер өсiрудi игеруге белгiлеп отыр. 

      Ауданның өнеркәсiп секторында Бейнеу селосының халқы басымдықпен жұмыспен қамтылған, қалған ауылдық елдi мекендердiң тұрғындары әдеттегiдей мал шаруашылығында.

      Бейнеу ауданы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Экономикасы тоқыраған аудандарға көмек көрсету туралы" 1999 жылғы 11 мамырдағы N 561  қаулысына  сәйкес, 1999 жылы тоқыраған болып танылды: сол кезде ауданда жұмыссыздық деңгейi облыста ең жоғары болып табылды - орташа облыстық көрсеткiш 11,9% болса, мұнда 36,5%. Аудан дамуының негiзгi бағыты кедейлер мен жұмыссыздар санын қысқарту болып анықталды. Аталған қаулыны iске асыру нәтижесi бойынша жұмыссыздық деңгейiн 4,2 % дейiн азайтуға қол жеттi (1.01.03 ж. жағдай бойынша). Ағымдағы жылы жұмыссыздық деңгейiн болашақта қысқарту байқалады 1.10.03 ж. 2,5% (облыс бойынша 2,1%), орташа айлық жалақының өсiмi 2003 жылдың қаңтар - тамызында 34413 теңге (орташа республикалық көрсеткiштен 82,0%).

      Алайда халықтың кейбiр бөлiгiнiң өмiр сүру деңгейi төмен болып қалып отыр, аз қамтылған отбасылар үлесi айтарлықтай жоғары аудан бойынша отбасылардың жалпы санының 23,8%; бiр де жұмыс жасайтын адамы жоқ отбасылар үлесi 1,3%. 

      Маңғыстау ауданы 1928 жылы құрылды. Аудан орталығы Шетпе селосы. Облыс орталығынан Шетпе селосына дейiнгi қашықтық 160 км, аудан аумағы 4759,6 мың га тең. Облыс орталығымен байланыс темiр жол және автомобиль көлiгiмен жүзеге асырылады. 2002 ж. басында ауданда 28,9 мың адам тұрды, 1.09.03 ж. жағдай бойынша толықтай ауыл санатына жататын халық саны 28,6 мың адам (облыс халқы санының 8,3%) құрады. Аудан құрамында 20 ауылдық елдi мекен кiретiн 11 селолық округ бар. Ірi елдi мекендер Жыңғылды селосы (2,2 мың адам), Тұщықұдық селосы (2,1 мың адам), Қызан селосы (2,0 мың адам) болып табылады. 

      Аудан экономикасы ауыл шаруашылығы бағытын сақтап тұр, өнеркәсiп iс жүзiнде дамымаған. Аудан субвенциялы, себебi ауданның салық салу базасы төмен және аудан бюджетiне түскен табыс шығысын жаппайды. 

      2003 жылдың басында ауданда 875-тен астам шаруашылық субъектiлерi қызметiн жүзеге асырды, оның iшiнде 169 шаруа шаруашылығы, 693 жеке кәсiпкерлiк. Ауданда облыстың iрi тауарлы шаруашылықтарының көп бөлiгi шоғырланған, оның iшiнде қой шаруашылығымен және жылқы шаруашылығымен айналысатын "Ақшымырау" ЖШС, "Қызан" ӨК, "Жармыш" ЖШС, "Ұштаған" ӨК, "Онды" ЖШС, "Жыңғылды" ЖШС, "Қашаған" ӨК, "Тұщықұдық" ЖШС. Аудан бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнiм көлемi облыстық көлемнiң көбiрек үлесiн құрайды (43%). Облыс бойынша мал басының үлес салмағы жалпы санында мынаны құрайды: қой мен ешкi бойынша 49%, жылқы 48% мен түйе бойынша 39%. 

      Ауданның шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жергiлiктi бюджеттен несиелендiру жолымен қаржыланатын инвестициялық жобаларды iске асыру есебiнен жандануы байқалады: 2002 жылы 6 жоба несиелендiрiлдi, одан 3 мал шаруашылығын дамытуға, 1 тамақ өнеркәсiбiн дамытуға, 2 жүндi қайта өңдеуге жолданды. 2002 жылы ШК субъектiлерiмен өндiрiлген өнiмдер (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) көлемi 2001 жылмен салыстырғанда 1,3 есе (368,5 млн.теңге), бюджетке төлем көлемi 3,3 есе (39,5 млн.теңге) өстi.

      Орташа айлық жалақының мөлшерi 2002 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 21,7%, 2003 жылдың 8 айында 2002 жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда 7,8% (11788 теңге) өстi. Сонымен қатар бұл облыс бойынша орташа көрсеткiштен 3,6 есе төмен. Кедейшiлiк шертiнен төмен тұратын отбасылар үлесi отбасылардың жалпы санының 13% құрайды. Ауданда жұмыссыздық деңгейiнiң соңғы жылдары азайғанына қарамастан облыс бойынша ең жоғары болып табылады және 1.10.03 ж. жағдай бойынша 3,6% (орташа облыстық көрсеткiш 2,1%) құрайды.

      Қарақия ауданы 1973 жылы құрылды. Аудан орталығы Құрық селосы. Ақтау қаласынан Құрық селосына дейiнгi қашықтық 70 км, аудан аумағы 6583,3 мың га тең. Облыс орталығымен қатынас автомобиль көлiгiмен жүзеге асырылады. 1.01.2002 ж. ауданда 23,5 мың адам тұрды, оның iшiнде ауылдық жерлерде 11,2 мың адам. 2003 жылдың басында аудан халқының саны 23,6 мың адамға дейiн көбейдi (облыс бойынша жалпы көрсеткiшiнiң 6,8%), оның iшiнде ауыл тұрғындарының саны 1,8% (11,4 мың адам) өстi. Аудан құрамында 5 село кiретiн 4 селолық округ бар. Сонымен қатар мұнайшылардың 2 жұмысшы кентi бар: Жетiбай кентi мен Мұнайшы кентi.

      Ауданда кен өндiру өнеркәсiбi, ауыл шаруашылығы дамыған, оның iшiнде өсiмдiк шаруашылығы. Ауданда негiзгi өнеркәсiп кәсiпорны "Ұлутас" ААҚ болып табылады, ұлутас өндiрумен, қабырға материалдарын, блоктар, қаптауыш тақталар шығарумен айналысады. Аудан орталығының еңбекке жарамды тұрғындарының кейбiр бөлiгi мұнайгаз секторында жұмыспен қамтылған: ауданның Мұнайшы және Жетiбай кенттерiнде "Маңғыстаумұнайгаз" ААҚ өндiрiстерi шоғырланған. Сонымен қатар "Маңғыстаугеология" ААҚ, "ЖТТ" ЖШС,«"Жетiбаймұнайгаз" өндiрiстiк басқармасы жұмыс жасайды. Соңғы жылдары ұлутас өндiру бойынша көптеген шағын кәсiпорындар жұмысын жандандырды. 

      Ауданның ауылдық елдi мекендерiнде 294 шаруашылық субъектiсi, оның iшiнде 48 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнiм көлемi облыс бойынша барлығының 15% құрайды. Облыс бойынша мал басының үлес салмағы жалпы санында мынаны құрайды: қой мен ешкi бойынша 17%, жылқы 19% мен түйе бойынша 13%. 

      Ауданның неғұрлым iрi шаруашылығы қаракөл тұқымды қой мен асыл тұқымды адай жылқысын өсiрумен айналысатын көпсалалы «Сенек» ашық акционерлiк қоғамы болып табылады. Шаруашылықта қаракөл елтiрiсiн, терi шикiзатын алғашқы өңдеу жөнiндегi цех бар, iрi қой жүнiн жуу жөнiндегi желiнiң құрылысы аяқталып келедi. Жүннен, терiден, жылқының қылынан халық тұтынатын тауарлар дайындау жөнiндегi цех пен басқа да өндiрiстер бар. Шаруашылық аудан мен Жаңаөзен қаласының мұнай компанияларымен iскерлiк байланыстарын қолдап отырады, оларға өз өнiмдерiн сатады. 

      2002 жылы таукен өндiру саласы мен шағын кәсiпкерлiктiң дамуы 2001 жылғыдан 1,3 еседен артық жаңа жұмыс орындарын (443) ашуға мүмкiндiк туғызды. 1.01.03 ж. тiркелген жұмыссыздық деңгейi 2001 ж. салыстырғанда 2,6% пунктке төмендедi және 3,9% құрады, 2003 ж. 9 айында жұмыссыздық деңгейi 2,6% дейiн азайды.

      Алайда, Қарақия ауданында бiр жұмысшының орташа айлық жалақысының мөлшерi соңғы жылдары өскенiне қарамастан орташа облыстық көрсеткiштен 3,3 есе төмен күйде қалып отыр (2003 ж. қаңтар - тамызында 12816 теңге). Аз қамтылған отбасылар үлесi ауданның ауылдық елдi мекендерi бойынша отбасыларының жалпы санында 12,5% құрайды; бiр де жұмыс жасайтын адамы жоқ отбасылар үлесi 2,4%.

      Түпқараған ауданы 1992 жылы құрылды. Аудан орталығы аудандық бағыныстағы Форт-Шевченко қаласы - облыс орталығы Ақтау қаласынан солтүстiкке 132 км орналасқан, қатынас автомобиль көлiгiмен жүзеге асырылады. Аудан аумағының жалпы көлемi 1037,4 мың га. Аудан халқы 1.01.02 ж. жағдай бойынша 14,8 мың адам құрады, оның iшiнде ауыл халқы 7,0 мың адам. 1.10.03 ж. халық саны 1,3% өстi және 15,0 мың адам құрады (облыс халқы санының 4,3%). Аудан құрамында 4 село: Ақшұқыр, Тельман, Қызылөзен және Таушық кiретiн 3 селолық округ бар.

      Аудан экономикасы негiзiнен ауыл шаруашылығы бағытына негiзделген, бiрақ аудан орталығы - Форт-Шевченко қаласында Қашаған кенорнына iздестiру барлау, Каспий теңiзi қайраңын игеру жұмыстарының басталуымен мұнайгаз саласы дамыды. 

      Ауданның елдi мекендерiнде 242 шаруашылық субъектiсi, оның iшiнде белгiлi бөлiгi суармалы егiншiлiкпен айналысатын 89 шаруа шаруашылығы, жұмыс жасайды. Аудан бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнiм көлемi облыс көлемiнде аздаған үлестi құрайды немесе 11%. Облыс бойынша мал басының үлес салмағы жалпы санында мынаны құрайды: қой мен ешкi бойынша 10%, жылқы 16% мен түйе бойынша 18%. 

      Таушық селосында түйе өсiру жөнiндегi мамандандырылған асыл тұқымды шаруашылық "Таушық" ЖШС жұмыс жасайды, ал Қызылөзен селосында қаракөл тұқымды қой өсiру жөнiндегi асыл тұқымды шаруашылық«"Қарағантүбек" ААҚ. "Таушық" ЖШС полиэтилен ыдысына құю желiсiмен қоса шұбат дайындау жөнiндегi цех салынды, мұздатқыш камерасымен қоса мал сою цехы, түйе жүнiнен халық тұтынатын тауарлар жасау жөнiндегi цех бар. Сонымен қатар ауданның басқа елдi мекендерiнде майдагерлiк өндiрiс пен шағын кәсiпкерлiк желiсi дамыған, жөндеу, қызмет көрсету, өндiру өндiрiстерi, балық аулау бригадалары бар.

      Аудан бойынша экономикалық қызметтiң барлық түрлерi бойынша орташа айлық жалақы 2002 жылы 25,8%, 2003 ж. 8 айында таукен өндiру саласының дамуы есебiнен 2002 ж. тиiстi кезеңмен салыстырғанда 9,8% (22915 теңге) артты және облыс бойынша орташа көрсеткiштен 54,6% құрады. 2003 жылдың басында жұмыссыздық деңгейi 3,8 пайыздық пунктке төмендедi және 1.10.03 ж. жағдай бойынша 2,2% құрады.

            2.2. Инженерлiк инфрақұрылыммен қамтамасыз етiлу деңгейi

      Сумен қамту.  Облыста сапалы ауыз сумен қамтуды қамтамасыз етуде елеулi проблемалар бар. Ауылдық мекендердi ауыз сумен қамту жерасты және тұщы су көздерiмен, Астрахань  Маңғыстау  су құбырынан Едiл суымен және iшiнара "МАЭК - Қазатомпром" ЖШС тұщытылған суымен жүзеге асырылады.

      Астрахань-Маңғыстау су құбыры 1987 жылы пайдалануға берiлген және  қазiргi уақытта  қайта жаңартуды қажет етедi, себебi ұзақ мерзiм пайдалану және агрессиялық орта кейбiр учаскелердiң тозуына әкелдi, сонымен қатар барлық желiнiң ұзына бойында тазалау ғимараттары жоқ. Нәтижесiнде су құбыры өтетiн елдi мекендер негiзiнен техникалық қажеттiлiкке пайдаланатын сапасы төмен ауыз суды алады. 

      Сапалы ауыз судың тапшылығы, бiздiң аймақ үшiн едәуiр күрделi айырықша табиғи климаттық жағдайда, бақша өсiру мен бақ өсiрудiң кенжелеп қалуына себеп болды. Нәтижесiнде тұрғындардың тамақ өнiмдерiмен өзiн өзi қамтамасыз ету, жұмыспен қамту проблемасын шешу мүмкiндiктерiн шектейдi.

      Аудандар бойынша су құбырларымен және басқа да сумен қамту объектiлерiмен қамтамасыз етiлуiн мынадай нұсқада қарауға болады:

  

Бейнеу ауданы

Маңғыстау ауданы

Қарақия ауданы

Түпқараған ауданы

Су құбырларының ұзындығы, км

33,7

161,3

104,9

38,3

Резервуарлардың көлемі, текше метр

2420

3450

13260

1000

Сорғы станциясы, бірлік

3

6

3

2

Су тұшыту қондырғысы, саны (дана) 
өнімділігі
(текш.м/тәу.)

3
24/24/192

2
24/48

2
48/156

1
1124

     Облыста жұмыс iстеп тұрған су құбырларының көпшiлiгi ұзақ мерзiмде пайдалануынан, су тазарту технологияларының ескiруiнен санитарлық талапқа жауап бермейдi және нормативтi сапалы су берудi қамтамасыз ете алмайды. 

       Газдандыру.  Қазiргi уақытта табиғи газбен негiзiнен аудан орталықтары қамтамасыз етiлуде. Көбiрек газдандырылған Бейнеу ауданы: барлық елдi мекендерi табиғи газбен қамтылған немесе аудан тұрғындарының 100% жуығы.

      Маңғыстау ауданында бүгiнде аудан орталығы - Шетпе селосы 10,5 мың адам тұрғынымен немесе аудан тұрғындарының жалпы санының 36% газдандырылды, Онды селосы мен Бекi селосын газдандыру басталды, кезекте Тұщыбек селосын, Жыңғылды селосын, Жармыш селосын газдандыру тұр.

      Түпқараған ауданында 3,7 мың адам тұрғын санымен Ақшұқыр селосы және 0,4 мың адам тұрғын санымен Тельман селосы немесе ауданның ауыл тұрғындарының 57,7% газдандырылды.

      Қарақия ауданында АЕМ-ден Құланды селосы мен Бостан селосы газдандырылды. Табиғи газ тұтынушылар саны 2,4 мың адам немесе аудан тұрғындарының жалпы санының 21,7%. 2003 жылы 342,0 млн.теңге бюджет қаражаты 2004 жылға жоспарланған Құрық селосы мен Жетiбай селосын газдандырудың ЖСҚ жасақтауға бөлiндi және игерiлдi.

      Сонымен қатар ағымдағы жылы iс жүзiнде Баянды селосын (Ақтау қаласы) газдандыру аяқталды. Яғни бұл мақсатқа жергiлiктi бюджеттен бөлiнген 16,5 млн.теңгенiң 1.10.03 ж. 14,8 млн.теңгесi игерiлдi.

      Электр энергиясымен қамтамасыз етiлуi. Бүгiнде облыстың барлық ауылдық елдi мекендерi "МАЭК" РМК орнықты электр жабдықтауымен қамтамасыз етiлген. Селолық аудандарға электр энергиясын тасымалдауды «Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы ("МЭБК") ААҚ жүзеге асырады. 

      Ауылдық елдi мекендерде 366 млн. кВт/сағ. тұтынылады, оның iшiнде өнеркәсiпте - 345,6 млн. кВт/сағ., әлеуметтiк-мәдени-тұрмыстық объектiлерiнде - 0,6 кВт/сағ., тұрғындарда - 19,8 кВт/сағ..  

      Ауылдық елдi мекендердi электрмен жабдықтауды жүзеге асыратын электр желiлерiнiң жалпы ұзындығы 2059,5 км құрайды, оның iшiнде 0,4 кВ  489,7 км, 6-10 кВ  1569,8 км. 1990 ж. дейiн пайдалануға 1704 км электр желiсi iске қосылды немесе барлық iстейтiндердiң 82,7%, қалғандары  жұмысқа 1990 - 1995 жылдары қосылды. Бүгiнде 111 км электр желiсi қайта жаңартуды (5,4%) қажет етедi, қалғандарының жағдайы қанағаттанарлық. 

      Электрмен жабдықтау желiлерiнде 40,5 мың кВ жалпы белгiленген қуатымен 358 трансформаторлы қосалқы станция (ТҚС) қондырылды, оның 255-i (71%) пайдалануға 1990 жылы, қалғандары 1990-1995 жылдардағы кезеңде берiлген. 

       Байланыс.  Ауылдық елдi мекендердiң 6-ында ешқандай телефон байланысы жоқ. Жалпы пайдаланыстағы селолық желi, ескiрген ұқсас коммуникациялық және арна құрушы аппаратураның денi тозған құрал жабдықтарынан тұрады. 25 ауылдық  АТС - 24 ұқсас үйлестiрушi қарқынды және барлығы - 1 санды. Соңғы екi жыл iшiнде ауылда телефон аппараты санының өсуiнiң тұрақты қарқыны байқалады. Сонымен қатар облыс бойынша станцияның 80% 20 және одан да көп жылдар бойы жұмыс iстейдi, селода жұмыс iстеп тұрған абоненттердiң 22,8% қалааралық желiге шығуға мүмкiндiгi жоқ.

      Халықтың сирек қоныстануы және елдi мекендер арасының айтарлықтай қашықтығы  селолық байланысты ұйымдастыруды қиындатады  байланыс желiлерiнiң үлкен кедергiлерi, және олардың жұмысқа жарамдылығы мен түзулiгiн қолдау үшiн үлкен пайдалану шығындарының көптiгi, желiнiң ескiрген элементтерiн қысқа мерзiмде ауыстыруға мүмкiндiк бермейдi.

      Ауылда телекоммуникация қызметтерiмен қамтамасыз ету проблемаларын шешу үшiн "Қазақтелеком" ААҚ селолық және қиындықты аудандарда ҚSAT - (ДАМА) қажетi бойынша каналдарды ұсынуымен қоса қол жеткiзiлген технологиялар бойынша құрал жабдықтар, байланыстың ұлттық спутниктiк желiсi құрылысын салуды жүзеге асырады. Облыс бойынша спутниктiк желiнiң жалпы қоры 20 станцияны құрайды, одан ауылда 13 станция.

      Сонымен қатар облыс ауылдарында СМАРТ-карт технологиясымен 8 таксофон қондырылды, бұл - облыс бойынша жалпы санының 11,8% құрайды. Бейнеу ауданында, Бейнеу селосында 1982 жылы шыққан 100% ескiрген АТСК 100/100  қондырғысы орнатылды. 2002 жылы құрал жабдықтарды шағын жетiлдiру жұмыстары жүргiзiлдi. Маңғыстау және Қарақия аудандарында  осыған ұқсас ахуал қалыптасты. 

       Көлiк инфрақұрылымдары.  Бейнеу ауданы бойынша ұзындығы 32,2 км жол учаскесi өтедi, оның асфальтталған бөлiгi 14,2 км құрайды, қиыршық тас төселген 18,0 км жол бар. Ауданда 5 елдi мекенде қатқыл табанды автомобиль жолы жоқ: Ноғайты, Тұрыш, Есет, Қызыл-Әскер, Төлеп.

      Түпқараған ауданы бойынша "Форт-Шевченко - Таушық" а/ж (80 км) өтедi, яғни нашар ауа райы жағдайында пайдалануға жарамсыз болып қалады және күрделi жөндеудi қажет етедi. 

      Маңғыстау ауданында "Тұщықұдық - Қызан" пайдаланудағы қиыршық тас жолы  жөндеудi қажет етедi, 3 елдi мекенде: Сазды, Жарма селоларында, 15 Бекетте тек қара жол ғана бар. 

      Қарақия ауданында өзiне дейiн қатқыл табанды жолы жоқ бiр ауылдық елдi мекен бар Аққұдық селосы. Алайда Құланды селосында кентшiлiк жолдар ескiрген және апатты жағдайға жатады. Бостан, Сенек селоларындағы асфальтталған жолдар да жөндеудi қажет етедi. 

      Облыс бойынша барлығы қатқыл табанды автожолы жоқ 9 ауылдық елдi мекен бар немесе АЕМ жалпы санының 22,5%.  

  2.3. Әлеуметтiк инфрақұрылыммен қамтамасыз етiлу деңгейi 

       Денсаулық сақтау.  Облыстың барлық елдi мекендерi медицина ұйымдарымен немесе медицина қызметкерлерiмен қамтылған: 36 АЕМ олар нормаға сәйкес келедi, 4 АЕМ нормаға сәйкес келмейтiн медициналық мекеме бар. Ауыл тұрғындарына бекiтiлген нормативке сәйкес 3 Орталық аудандық аурухана, 5 ауылдық учаскелiк аурухана, 9 отбасылық дәрiгерлiк амбулатория (оның iшiнде бiреуi жеке), 10 фельдшерлiк - акушерлiк пункт, 2 фельдшерлiк пункт бөлмелерiмен және 10 жеке бөлмесi жоқ фельдшерлiк пункт медициналық көмек көрсетедi. 

      Ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсету деңгейi қалаларға қарағанда айтарлықтай төмен. Өткiзiлген iс шараларға қарамастан, ауылдық емдеу алдын алу ұйымдарының материалдық - техникалық базасы барлығында қанағаттанарлық емес. Проблемалы мәселе ауылдық медицина мекемелерiнде бiлiктi медицина кадрларының жетiспеуi болып қалуда, бұл - кадрлардың жиi ауысуымен, кәсiптiк қызметiне арналған әлеуметтiк тұрмыстық жағдайдың төмен деңгейiнiң шарттасуымен, тұрғын үйдiң болмауымен, жалақының аздығымен түсiндiрiледi. Ауылдардың дәрiгерлермен қамтылуы орташа облыстық көрсеткiштен төмен, ең төмен көрсеткiш облыс бойынша 31,2 орнына Маңғыстау ауданында 14,9 және Қарақия ауданында 17,8 болып белгiленедi. Орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етiлу бойынша көрсеткiш орташа облыстықтан төмен Түпқараған ауданы бойынша 63,0 және Маңғыстау ауданы бойынша 78,6.

      Облыстың барлық аудандарында аурухана төсекорындарымен төмен қамтамасыз етiлуi төмен: орташа облыстық көрсеткiш - 65,0 орнына Түпқараған - 53,7, Бейнеу - 55,0 және Маңғыстау аудандарында - 57,6. 

      Бiлiм беру.  Ауылдық жерлерде жалпы бiлiм беретiн мекемелер желiсi - 19,3 мың орындық 48 мектеп ұсынылады, оның iшiнде бастауыш мектеп 6 (0,9 мың орындық), негiзгi 3 (0,5 мың орындық), орта 39 (17,9 мың орындық) бар. Мектеп жасындағы балалардың оқумен қамтылуын талдау көрсеткендей, 77,5% (31) АЕМ бiлiм беру нормативiне сәйкес мектептерi бар, 1 АЕМ (2,5%) Маңғыстау ауданының ұштаған селосы мектебi нормативке сәйкес келмейдi, апатты жағдайға жатады. 8 ауылдық елдi мекенде мектептер мүлдем жоқ, оның 3-i: Маңғыстау ауданының Тиген селосы мен Тұщыбек селосы, Түпқараған ауданының Тельман селосы  олар нормативке сәйкес келтiрiлуi тиiс.

      Мектеппен қамтылмаған 8 АЕМ, iс жүзiнде барлығы Маңғыстау ауданында, бiреуi  Түпқараған ауданында. Бұлар негiзiнен аз санды елдi мекендер, яғни балалары жақын кент мектептерiне барады немесе мектеп-интернатта оқиды. 2,8 мың оқушы үшiн оқу орнына дейiн тұрақты күнсайын тасымал ұйымдастырылған.

      Толықтай ауылдық елдi мекендер бойынша мектептерде оқушы орындарымен жеткiлiксiз қамтылуы қалыптасқан: 87,1% (22,1 мың бала), негiзiнен оқушы орындарының жетiспеуi Бейнеу ауданында (73,4%) сезiледi.

       Бейнеу ауданы.  Ауданда 9,4 мың оқушы  оқитындар санымен жобалық қуаты  6,9 мың орындық 18 мектеп жұмыс iстейдi. Мектептердiң көпшiлiк саны аудан орталығы Бейнеу селосында орналасқан  арасында лицей, гимназиялары бар 7 бiрлiк, Боранкөл және Ақжiгiт селоларында  2 орта мектептен, Ноғайты селосында  1 бастауыш мектеп, қалған барлық елдi мекендерде  бiр орта мектептен бар. Осыған қарамастан, халық санының өсуiмен байланысты, ауданның көкейтестi проблемасы жалпы бiлiм беретiн мектептiң жетiспеуi болып қалады.

      Ауданның мектепке дейiнгi бiлiм беру саласында тек 1 мектепке дейiнгi балалар мекемесi  Бейнеу селосында 82 адам бала санымен «Бейнеу» бала бақшасы жұмыс iстейдi, аудан бойынша мектепке дейiнгi барлық бала саны 2,5 мың адамды құрайды, балалардың мектепке дейiнгi бiлiммен қамтылуы - 3,3%, оның iшiнде Бейнеу селосында  6,5%.

      Денсаулық сақтау саласында 3 аурухана жұмыс жасайды: Бейнеу селосында орталық аудандық аурухана мен туберкулез ауруханасы, Боранкөл селосында Қарақұм ауылдық участкелiк ауруханасы; Бейнеу селосында 1 аудандық емхана мен 2 отбасылық дәрiгерлiк амбулатория - ОДА (Ақжiгiт селосында, Жанкелдин селосында); 6 фельдшерлiк-акушерлiк пункт (Қызыл-Әскер, Есет, Тұрыш, Ноғайты, Сыңғырлау, Төлеп селоларында) жұмыс iстейдi.

      Мәдениет мекемелерiнен - Бейнеу селосындағы Абыл аудандық мәдениет Үйi, Ақжiгiт, Жанкелдин селоларындағы ауылдық мәдениет Үйлерi, Есет, Ноғайты, Боранкөл, Төлеп, Сыңғырлау, Тұрыш және Қызыл-Әскер селоларындағы ауылдық клубтары, Орталық аудандық кiтапханамен, Орталық балалар кiтапханасы және ауданның 9 елдi мекенiндегi кiтапхана филиалдары бар. 

      Тұрмыстық қызмет саласында Бейнеу селосында 2 қоғамдық монша жұмыс жасайды, 511 жеке аулада меншiк моншалары бар, ауданның 10 елдi мекенiнде 47 қоғамдық тамақтандыру объектiлерi жұмыс жасайды, олардың көпшiлiгi аудан орталығында шоғырланған (22). Барлық елдi мекендерде пошта байланысының бөлiмшесi бар.

      Ауданның тұрғын үй қоры 422,4 мың шаршы метр құрайды, 1 адамның тұрғын үймен қамтамасыз етiлуi нормативтегi 18,0 орнына 15,3 құрайды. Тұрғын үйдiң жетiспеуi соңғы жылдары ауданның елдi мекендерiне оралмандар мен басқа да көшiп келушiлер ағынының артуымен түсiндiрiледi. Соңғы жылдары тұрғын үй қоры тек жеке тұрғын үй құрылысын салу есебiнен артып отыр, яғни 2002 жылы 25,1 шаршы метр пайдалануға берiлдi.

      Маңғыстау ауданы.  Ауданның әлеуметтiк саласында 7,7 адам оқушы санымен 7,6 мың орындық 19 жалпы бiлiм беретiн мектеп жұмыс жасайды, оқушы орнымен қамтылуы 98,7% құрайды.

      Мектептердiң жалпы саны: 3 - бастауыш, 2 - негiзгi, 14  орта. 6 елдi мекенде: Сазды, Жарма, Тұщыбек селоларында, 15 бекетте, Басқұдық, Қияқты селолары мен Тиген селосында ешқандай мектеп жоқ, балалар жақын елдi мекендердегi мектептерге қатынайды немесе Жыңғылды селосындағы мектеп  интернатта оқиды. Тұщыбек және Тиген селоларында бiлiм беру нормативiне сәйкес бастауыш мектептердiң болуы қарастырылуда. Қалған елдi мекендер аз санды және нормативке сәйкес оларда жалпы бiлiм беретiн мектептердiң болуы мiндеттi емес.

      Мектепке дейiнгi бiлiм беру саласында Шетпе селосында 35 бала саны бар 75 орындық 1 "Балдырған" балалар бақшасы бар. Оның толықтырылмауы, соңғы жылдары төлемақы құнының өсуiнен ата-аналардың балаларын балалар бақшасына беруге ынтасының жоқтығымен түсiндiрiледi. Мектепке дейiнгi жастағы балалардың жалпы саны аудан бойынша - 3,8 мың адам, оның iшiнде Шетпе селосында 1,3 мың адам.

      Денсаулық сақтау саласында 6 емдеу ұйымдары бар: Шетпе селосында Орталық аудандық аурухана, Ұштаған, Жыңғылды және Қызан селоларында - 3 ауылдық учаскелiк аурухана; Шетпе селосында 1 аудандық емхана және Жармыш, Сайөтес және Шайыр селоларында 3 отбасылық дәрiгерлiк амбулатория; Шебiр, Ақшымырау және Онды селоларында 3 фельдшерлiк -акушерлiк пункттер, Тұщыбек селосында 1 фельдшерлiк пункт. 

      Ауданның өткiр проблемаларының бiрi бiлiктi медициналық қызметкерлердiң жетiспеуi болып табылады. 10 мың тұрғынның дәрiгерлермен қамтылуы, нормативтегi 31,2 орнына 16,9. Бұл тiршiлiктiң әлеуметтiк тұрмыстық жағдайының төмен деңгейiмен түсiндiрiледi, бұл өз кезегiнде, ауданның ауыл шаруашылығы бағытына және бюджеттiң төмен табысына байланысты болып отыр.

      Мәдениет саласында "Өрлеу" аудандық мәдениет үйi, ауданның 7 елдi мекенiнде ауылдық мәдени үйлерi, 2 селода ауылдық клубтар, Орталық аудандық кiтапхана, Орталық балалар кiтапханасы және ауданның 12 елдi мекенiнде кiтапхана филиалдары жұмыс жасайды. Аудан орталығы Шетпе селосында Маңғыстау өлкетану музейi, Жыңғылды, Ұштаған, Қызан, Онды және Жармыш селоларында селолық киноқондырғылар бар.

      Сауданың неғұрлым iрi объектiлерi аудан орталығы Шетпе селосында шоғырланған: аудандық тұтыну қоғамы және «Ақбөкен» базары. Барлық елдi мекендер бойынша 15 қоғамдық тамақтандыру объектiсi, 2 шаштараз, 2 киiм тiгу жөнiндегi ателье, 1 фотоателье, 1526 жеке монша бар. 20 АЕМ 11-i пошта байланысымен қамтамасыз етiлген.

      Ауданның тұрғын үй қоры 315,2 мың шаршы метр құрайды, 1 адамның тұрғын үймен қамтылуы 10,9 (норматив-18,0) құрайды. Тұрғын үйдiң жетiспеуi аудан орталығында неғұрлым өткiр сезiледi. Соңғы жылдары муниципальды тұрғын үй салу құрылысы iс жүзiнде жүргiзiлмейдi. Ауданда өткен жылы жеке тұрғын үй салу есебiнен 5,9 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi.

      Қарақия ауданы.  Ауданның ауылдық жерлерiнде 3,0 адам оқушы санымен 3,2 мың орындық 7 мектеп жұмыс iстейдi, оның iшiнде 1 - бастауыш мектеп (Құрық селосы), 1 - негiзгi (Аққұдық селосы), 5 - орта. Барлық АЕМ мектептер бар, Құрық селосында 1,7 мың орындық 3 мектеп. Бiраз уақытқа дейiн ауданда балалардың мектепке дейiнгi ұйымдары болған жоқ, 2002 жылы 35 бала санымен 35 орындық бiр санаториялық балалар бақшасы ашылды. Ауданның ауылдық елдi мекендерiнде мектепке дейiнгi жастағы барлық балалар саны 1,05 мың адам, оның iшiнде Құрық селосында 565 адам құрайды.

      Құрық селосында Орталық аудандық аурухана мен аудандық емхана, Құланды және Сенек селоларында ауылдық дәрiгерлiк амбулатория, Бостан селосында жеке ОДА, Аққұдық селосында бiр фельдшерлiк пункт жұмыс жасайды. 10 мың тұрғынның дәрiгерлермен қамтамасыз етiлуi облыстық көрсеткiш 31,2 орнына 18,7 құрайды, ал орта медициналық қызметкерлер - облыстық көрсеткiш 81,7 орнына 74,0. 

      Мәдениет саласында Құрық селосында 360 орындық аудандық мәдениет Үйi, Бостан селосында ауылдық мәдениет Үйi, Сенек селосы мен Аққұдық селосында ауылдық клубтары, Орталық аудандық кiтапханасы, Орталық балалар кiтапханасы мен ауданның барлық ауылдық елдi мекендерiндегi кiтапхана филиалдары бар. Ауданда кинотеатрлар мен кино қондырғылар, музейлер жоқ.

      Құрық селосында сауда тұрмыстық қызмет көрсету саласы дамыған, аралас базар, шаштараз, тұрмыстық техниканы жөндеу жөнiндегi ателье және 8 қоғамдық тамақтандыру объектiсi жұмыс жасайды. Басқа АЕМ тек жекеменшiк дүкендер мен дүңгiршектер, жеке моншалар (239 бiрлiк) бар. 

      Ауданның тұрғын үй қоры ауданның ауылдық елдi мекендерiнде 137,7 мың шаршы метр құрайды, 1 адамның тұрғын үймен қамтамасыз етiлуi нормативтегi 18,0 орнына 12,3 құрайды. Ауданда 2002 ж. 5,1 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. «2003 - 2005 жылдарға арналған тозығы жеткен тұрғын үйлердi күрделi жөндеу және апатты тұрғын үйлердi сүрiп тастау жөнiндегi Аймақтық бағдарлама» шегiнде 2002 жылы апатты үйлерден қоныс аударған азаматтарға тұрғын үй сатып алу үшiн жергiлiктi бюджеттен 30,0 млн. теңге бөлiндi. 

       Түпқараған ауданы.       Ауданда жұмыс iстейтiн балалардың мектепке дейiнгi 2 ұйымының бiреуi аудан орталығы Форт-Шевченко қаласында орналасқан, екiншiсi Таушық селосында бейiмделген бөлмеде (орын саны 80, балалар саны 41 адам). Сондықтан мектепке дейiнгi жастағы балалардың жалпы саны ауылдық жерлерде 1,2 мың адам құрайды, оның iшiнде Таушық селосында 249 адам.

      Ауданның Тельман селосынан басқа барлық ауылдық елдi мекендерiнде орта жалпы бiлiм беретiн мектептер бар: 1,8 мың адам оқушы санымен 1,4 мың орындық 3 мектеп, мектептерде оқушы орнымен қамтамасыз етiлу 77,8% құрайды. Қызылөзен селосында Баймұрзаев атындағы мектеп 1968 жылы салынған, бейiмделген бөлмелерде орналасқан және қазiргi заманғы талапқа жауап бермейдi, балалар санының артуымен оқушы орындарының жетiспеуi сезiледi (78,4%). 0,4 мың адам халқы бар Тельман селосының балалары жақын орналасқан Ақшұқыр селосының мектебiне қатынайды.

      Денсаулық сақтаудың негiзгi объектiлерi Орталық аудандық аурухана, туберкулез ауруханасы және аудандық емхана жұмыс жасайтын аудан орталығы Форт-Шевченко қаласында шоғырланған. Ауылдық жерлерде 2 отбасылық дәрiгерлiк амбулатория: Ақшұқыр селосы мен Таушық селосында әр ауысымында 15 қабылдау қуатымен және Қызылөзен селосында бiр фельдшерлiк - акушерлiк пункт бар. 2002 жылы барлық денсаулық сақтау объектiлерiне күрделi жөндеу жүргiзiлдi, олардың материалдық - техникалық жағдайы жақсарды.

      Іс жүзiнде барлық селоларда мәдениет объектiлерi: Ақшұқыр селосында - 2002 жылы облыс бойынша үздiк ауылдық мәдениет үйi атағын алған, 150 орындық ауылдық мәдениет үйi, Таушық селосы мен Қызылөзен селосында тиiсiнше 100 және 80 орындық ауылдық клубтар бар. Алайда ауылдық клубтарда жылу жүйесi жоқ, Қызылөзен селолық клубы күрделi жөндеудi қажет етедi. 

      Орталық аудандық кiтапхана мен Орталық балалар кiтапханасының филиалдары ауданның әрбiр елдi мекендерiнде бар, бiрақ олардың барлығы бейiмделген бөлмелерде орналасқан. Қызылөзен селосында бiр ауылдық киноқондырғы жұмыс жасайды.

      Сауда-тұрмыстық қызмет көрсету объектiлерi негiзiнен аудан орталығы - Форт-Шевченко қаласында шоғырланған, ауданның ауылдық елдi мекендерiнде тек жекеменшiк дүкендер мен дүңгiршектер жұмыс iстейдi, 2 қоғамдық тамақтану объектiсi Ақшұқыр селосы мен Таушық селосында, жеке моншалар (67 бiрлiк).

      Ауданның елдi мекендерiнде негiзiнен бiр қабатты үйлерден тұратын тұрғын үй қоры 83,4 мың шаршы метр құрайды. 1 адамның тұрғын үймен қамтамасыз етiлуi 10,8 (норматив - 18,0) құрайды. 2002 жылы ауданда жеке құрылыс салу есебiнен 2,1 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi.

  2.4. Экология жағдайы

      Маңғыстау облысы Қазақстан Республикасының оңтүстiк - батысындағы шөл аймақта орналасқан. Аймақта жауатын жауын-шашынның мөлшерi төмен, көпшiлiк бөлiгi жылдың жылы уақытында келедi. Аудандар бойынша жауын-шашынның орташа жылдық мөлшерi 134-180 мм шамасында ауытқиды.

      Аймақтың қолайсыз жағдайы сонымен қатар күштi желдер мен құмды дауылдар болып табылады. Бұл факторлар, жазғы қуаңшылық кезеңiнде топырақты эрозияға ұшыратады және табиғи тепе-теңдiктi тез қалпына келтiруге кедергi келтiредi. Ахуал, сонымен қатар үнемi шаң тудыратын жүйесiз автомобиль жолдарынан, негiзiнен Бейнеу ауданы аумағында нашарлайды. Күштi желдер мен құмды дауылдар сонымен қатар бiрқатар аудандарда тұрғын үй алаптарын құм басуына ұшыратады, бұл ауылдықтар үшiн ауыл шаруашылық қызметтерiн жүзеге асыру мүмкiндiктерiн едәуiр әлсiретедi, ауылдағы тiршiлiк сапасын төмендетедi.

      Барлық аумақ бойынша кең таралған сорлар, сортаңдар байқалады. Аумақты кеңiстiк Бостанқұм, Сауысқан, Сеңгiрқұм, Түйесу, Қарынжарық, Жылымшық, Егiзлақ, Қызылқұм, Уаққұм, Сам-Ұялы құмдармен қамтылған.

      Күштi климат жағдайында, сирек өсiмдiк жамылғылары қарашiрiндi мен құнарлы элементтерiнiң аз жинақталуына әкеледi. Шөл далада топырақтың түзiлуi мен геохимиялық үдерiстердiң өтуi толықтай төтенше қиын және топырақтың құнарлылығы жағынан қолайсыз. 

      Облыстың ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерi, негiзiнен, мынадай топырақ типтерiмен ұсынылады: 
      - сұр  қоңыр шөл далалы солтүстiк сортаңдарымен және тұзды - 46%, 
      - дауылды шөл далалы, оның iшiнде сортаң дақтарымен 10% - 8,9% дейiн.

      Аудандар бойынша топырақтың тұздану деңгейi 0,2-0,4% шамасында ауытқиды, бiрақ судың болмауы егiншiлiк саласын дамытуға мүмкiндiк туғызбайды. Сондықтан ауыл шаруашылығына арналған жерлер облыс бойынша толықтай төмен балл - бонитетпен (3,7 - 8) сипатталады. Облыста ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлер 8642,77 мың га құрайды және  тек қана шөл далалық үлгiдегi жайылымдардан тұрады. Жайылымдардың суландырылуы 55% құрайды. Облыстың жайылымы төмен өнiмдiлiгiмен, жыл және маусым бойынша тез ауытқушылығымен сипатталады. Пайдалану маусымы бойынша көбiрек үлес салмағы күзге  қысқа келедi (48%), көктемде - жазда жайылым 39% қамтиды. Негiзiнен Бейнеу ауданында жазғы жайылымның тапшылығынан  Ақтөбе облысы аумағында жайылымды пайдалануға мәжбүр болады. Жайылымның түсiмдiлiгi аудандар мен облыс бойынша орташа гектарына 1,5 центнер жемшөп өлшемiн құрайды. Шөл далалық жайылымдар құнарсыздануға жеңiл берiледi. Өнеркәсiптiк қызметтен, сондай-ақ жол эрозиясынан жайылымның едәуiр көлемi Бейнеу және Қарақия аудандарында бұзылған. Жайылымдар өсiмдiлiгiнiң өзгеруi, соңғы жылдары қажетсiз құбылыс бағытына әкеледi, алдымен жеңiл механикалық құрамды топырақта, сондай-ақ көпжылдық өсiмдiктi суатты және елдi мекендерге жақын, жемшөптiк қатынаста әртүрлi бiр жылдық, құндылығы аз  өсiмдiктермен ығыстырғаны байқалады. Жылсайынғы құрғақшылықтан, сондай-ақ басқа да себептер бойынша, жайылымға пайдаланылатын жерлер мен жайылымның шабындық учаскелерi жемшөп көлемiн азайтады. Егiстiк барлығы 0,13 мың га қамтиды, шағын учаскелi шаруашылықтар бойынша әр жерде тұр (4-7 га.) және көкөнiс  бақша өнiмдерiн өсiру үшiн пайдаланылады. Олардың көпшiлiк бөлiгi Маңғыстау ауданының Шайыр селосына (54,2%) келедi. Облыстың жайылымдық пайдаланылатын жерлерiнiң басым көпшiлiгi қанағаттанарлық жағдайға жатады, алайда, облыста өнеркәсiптiк қарқынды игерiлуi мұнайгаз құбырларының төселуi, мұнай мен газ кенорындарының iздестiрiлуi бұзылған, жайылымдыққа пайдаланылатын жерлер көлемi үнемi артып келедi. Негiзiнен бұл Бейнеу және Қарақия аудандары үшiн маңызды. Елдi мекендер айналасындағы жайылымдыққа пайдаланылатын жерлердiң жағдайы нашар. Олардың айналасындағы аумағы бiрнеше километр радиусында улы өсiмдiктер өсе бастаған.

      Геоботаникалық тексеру деректерi бойынша пайдаланылатын жерлердiң тозу көлемi 1,4 млн. га жеттi.

      Облыста, негiзiнен селолық аудандарда, су көздерiнiң ластануына, санитарлық - эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына, кейбiрiнде сумен қамту жүйелерiнiң болмауына байланысты халықты сапалы сумен қамтамасыз ету проблемасы неғұрлым өткiр күйiнде тұр.

      Тұрғындарға су құбырларымен берiлетiн судың сапасы микробиологиялық көрсеткiштер бойынша облыста толықтай ластанған су сынамасының жеке үлесi бойынша 2,5%, химиялық көрсеткiштер бойынша -  27,3% құрайды.

      Түпқараған ауданында, тұрғындарға су құбырымен берiлетiн су химиялық көрсеткiштер бойынша, ГОСТ пен СанПиН-ге сәйкес 31,5%-дан 61,7%-ке дейiн сәйкес келмейдi. Бұл суда темiр тұзы түзiлуiнiң артуының (тат басқан, лай) жағдайы 90%.

         Облыс бойынша 2002 жылғы су құбыры суының сапалық көрсеткіші

Елді мекендер

Санитарлық-химиялық көрсеткіштер

Микробиологиялық көрсеткіштер

Сынама саны

Одан қан-сыз

Қан-сыз %

Сынама саны

Одан қан-сыз

Қан-сыз %

Бейнеу ауданы

228

11

4,8

282

7

2,48

Маңғыстау ауданы

245

2

0,81

294

2

0,68

Облыс бойынша барлығы

1522

416

27,3

2359

58

2,5

      Ескерту : Түпқараған және Қарақия аудандарында су құбырлары желiлерi тозуына байланысты пайдаланылмайды.

      Облыстық СЭС жүргiзген су сынамаларына зертханалық талдау - Таушық селосында, Жыңғылды селосында, Форт-Шевченко қаласында органолептикалық қасиеттерiн лайлануын, түсiнiң өзгеруiн 1,5 - 2 есе нашарлататын қоспалардың көбiрек түзiлуiн көрсетедi.

      Кейбiр көрсеткiштердiң динамикасы, облыс халқы денсаулығының соңғы уақыттарда толықтай, облыс және жекелеген аймақтар бойынша iшiнара нашарлағанын көрсетедi және аймақтың сапалы сумен қамтылуының қанағаттанғысыз ахуалын дәлелдейдi.

      Тиiсiнше сапалы ауыз суының тапшылығы, су құбырларының қанағаттанғысыз санитарлық-техникалық жағдайы тұрғындардың "А" вирусты гепатитiмен, iшектiң асқына қабыну инфекциясымен көбiрек ауруына әкеледi.

      Облыс тұрғындары тұтынатын ауыз суының тұрақсыз химиялық құрамы соматикалық аурудың жоғары деңгейi себептерiнiң бiрi болып табылады, бiрiншi кезекте зәр жүру жүйелерiнiң (невриттер, невроздар, бүйрек инфекциясы мен зәр жүру орындары).

      Ағынды суларды тазалау жөнiндегi ғимараттардың мүлдем қанағаттанғысыз санитарлық-техникалық  жағдайы саяжай-бақшалық учаскелердi суару үшiн тазартуға дейiнгi сулардың қайтадан пайдалануға мүмкiндiгi жоқ, бұл бүгiнде әлi тәжiрибеге енген жоқ. 

      Каспий теңiзiнiң аясы деңгейiнiң үнемi өзгеруi  облыстың халық шаруашылығы кешенiне зиянын тигiзедi. Теңiз деңгейiнiң жоғарылауынан Түпқараған, Маңғыстау, Қарақия, iшiнара Бейнеу аудандарының аумақтарында, Бозашы түбегiнiң мұнайлы аумағында су басу орын алды.    

      Каспий теңiзiнiң суы ұдайы күштi, желдiң әсерiнен берi лықсып, керi шегiнiп тұрады. Берi жағаға лықсудың орташа ұзақтығы 2 тәулiк, жиiлiгi - жылына 15-20 рет жел. Теңiз суы жел кезiнде 20-30 км аумаққа тереңдiкке дендеп енедi. Су басқан алаңдар жыл сайын 500 мың га дейiн жетiп отыр.      

      Теңiз деңгейiнiң тұрақсыздығы және жағаға лықсу - кейiн шегiну құбылыстары қоршаған ортада жағдайға әсер ететiн бiрқатар келеңсiз экологиялық үрдiстердi және топырақтың өсiмдiк өсетiн құнарлы бетiн тоздырады. Неғұрлым тез өзгерiс Бозашы түбегiнiң солтүстiк және батыс бөлiгiнде, бұл әрекет топырақтың өсiмдiктi бетiнiң азуына, жердiң тұздануына әкеледi.

      Каспий аймағының табиғи ресурстарын қарқынды игеру, Каспий теңiзiнiң жағалық аудандарында көмiрсутегi шикiзатын барлау мен өндiру жағалық су айдындары мен құрғақ жердiң ластануына, аймақта күрделi экологиялық ахуалдың нашарлауына әкеледi. Әсiресе, бұл Каспий теңiзi деңгейiнiң көтерiлуiне байланысты және жағадағы мұнай кешендерiн дауыл күндерi толқын басып қалуы әсерiнiң күшейгендiгiнен шиеленiстi.

      Кенорындарын дайындау мен игерудiң барлық технологиялық процестерi қоршаған ортаны бұзу мен ластанудың себебi болып табылады. Ластанудың негiзгi көздерi мұнай және бұрғылау қалдықтары, ағынды сулар, көмiрсутектер, күкiрт тотықтары, азот, күкiртсутегi, газ конденсаты және басқалар. Мұнай мен газ кенорындарын игеру ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердiң көптеген аумағын алады. Мәселен, бұрғылау мұнараларынан 500-800 м радиуста өсiмдiктердiң 70-80 пайызы жойылады, ал 100 метр радиуста ол iс жүзiнде жойылады. Бұрғылау қондырғыларын тасымалдауда, жолдар мен құбырларды төсеу кезiнде де буталай аумақтық өсiмдiктерi жойылады.

      Облыстың табиғи радиациялық аясы 8-10 мкр/сағ. деңгейiне жатады. Радиоактивтiк сәуле шығару көздерi мұнай өндiрушi кәсiпорындар мен 2000 ж. дейiн БН-350 шапшаң нейтронды тәжiрибелiк - өнеркәсiптiк реактор жұмыс жасаған "МАЭК" РМК болып табылады. Барлық кәсiпорындарда қажеттi сақтық iс-шаралары жүзеге асырылады. Ауыл тұрғындарының денсаулығына қолайсыз әсерiн тигiзетiн нақты факторлардың бiрi бұрындары мұнай кенiштерiнде пайдаланған және жоғары радиациялық аясы бар сорғылық - сығымдағыш құбырлар мен басқа да жабдықтарды шаруашылық қажеттерiнiң кейбiр жағдайларында оларды пайдалану болып табылады.

      1969-1970 жылдары облыс аумағының Үстiрт жазығында үш жерасты ядролық жарылыс жүргiзiлдi. 1990 жылы облыстық комиссиямен бұл жерлер зерттелдi, жарылыс болған кезде аумақта тұрған жергiлiктi тұрғындар есепке алынды, оларға медициналық тексерулер жүргiзiлуде. Адамдардың денсаулық жағдайында шынайы ауытқушылықтар байқалған жоқ.

  2.5. Ауыл халқының демографиясы мен көшi - қоны 

      Маңғыстау облысының халқының саны 01.01.2002 ж. 328,2 мың адам құрады, оның iшiнде ауыл халқы  76,2 мың адам (23,2%). 1.09.03 ж. жағдай бойынша облыстың ауыл тұрғындарының саны 4,3% артты және 79,2 мың адам құрады. 

      Облыстың барлық аудандары бойынша 2002 жылы облысiшiлiк көшi қонның терiс сальдосы байқалды, оның iшiнде көпшiлiгi - Маңғыстау (-616 адам) және Қарақия (-417 адам) аудандарында. Басқа аудандар бойынша халықтың ағымы айтарлықтай емес екенi байқалады: облысiшiлiк көшi - қон сальдосы Бейнеу ауданында 17 адам, Түпқараған ауданында 61 адам.

      Жұмыс орындарының жетiспеуi, әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайдың төмен деңгейi, ауылда дамыту мен демалыс үшiн жағдайдың жастар үшiн болмауы және басқа да проблемалар тұрғындарды неғұрлым қолайлы орындарға, негiзiнен Ақтау және Жанаөзен қалаларына, өз бетiмен қоныс аударуға мәжбүр етедi. Аудандардың тұрғындармен толығуы бала туудың өсуi және оралмандардың орналасу есебiнен келедi.

      Мәселен, 2002 жылы облысқа жақын және алыс шетелдерден 7236 адам яғни, 2223 отбасы оралмандар келдi, олар аудандар бойынша мынадай санда орналасты: 
      - Бейнеу ауданы - 231 отбасы/764 адам;
      - Қарақия ауданы - 146 отбасы/448 адам;
      - Маңғыстау ауданы - 38 отбасы/120 адам;
      - Түпқараған ауданы - 46 отбасы/109 адам.
      Облыс халқының табиғи өсiмi 2002 жылы 4680 адам құрады, бұл 2001 жылға 15,1% артық. Табиғи өсiмнiң көбiрек артуы бала туу Қарақия ауданында - 25,7% байқалады. Облыс бойынша бала туудың жалпы коэффициентi 2001 жылғы 1000 адамға 20,43-тен, 2002 жылы 22,39-ға артты. Нәрестелердiң шетiнеу коэффициентi 1000 жаңа туылғандарға 27,86-дан 21,82 жағдайға дейiн азайды .   

      Бейнеу ауданының халқы толығымен ауылдыққа жатады және облыстағы ауыл халқының 38,9% құрайды. Аудан орталығы - Бейнеу селосында 17,3 мың адам тұрады немесе аудан халқының 55,4%. Облысiшiлiк көшi-қонның терiс сальдосына қарамастан аудан бойынша көшi-қонның жалпы сальдосы оң жинақталады. Аудан халқының толығуы бала туудың өсуi мен оралмандардың ағыны есебiнен келедi. Мәселен, 2002 жылы ауданға жақын және алыс шетелдерден 764 адам санымен 231 отбасы оралман, 2003 жылдың 9 айында - 195 отбасы (678 адам) келдi.

      Аудан бойынша 2002 жылы облыстағы ең жоғары бала туу коэффициентi (1000 жаңа туылғандарға 25,70 жағдайдан) және жалпы өлiм (1000 қайтыс болғанға 7,02 жағдайдан) мен нәрестелер шетiнеуiнiң ең төмен коэффициенттерiнiң бiрi (1000 жаңа туылғандарға 16,40 жағдайдан). 

      Қарақия ауданы халқының саны соңғы жылдар бойында тұрақты. Ауданның ауыл тұрғындарының саны облыстың ауыл тұрғындарының жалпы санының 14,4% құрайды. Аудан орталығы  Құрық селосында 4,8 мың адам тұрады немесе ауданның ауылдық тұрғындарының 42,1%. 

      Ауданның ауылдық елдi мекендерi бойынша көшi-қонның терiс сальдосы байқалады (2002 жылы 454 адам), алайда бала туудың өсуi мен оралмандардың орналасуы халық санының тұрақтануына әкеледi. Өткен жылы ауданға 448 адам санымен 146 отбасы оралман, 2003 жылдың қаңтар-қыркүйегiнде - 63 отбасы (223 адам) келдi.

      Аудан бойынша бала туу коэффициентi 2002 жылы 1000 адамға 18-ден 22,68-ға дейiн артты, алайда аудан орталығында бала туудың төмен деңгейi байқалады  1000 адамға 14,24. Аудан бойынша нәрестелердiң шетiнеу коэффициентi орташа облыстық көрсеткiштен 26% жоғары (1000 тiрi туылғанға 27,49 жағдайдан).

      Маңғыстау ауданында халық саны толығымен ауылдық санатқа жататындықтан облыстың барлық ауыл халқының 36,1% құрайды. Аудан орталығы  Шетпе селосында  аудан халқының жалпы санының 36,7% тұрады немесе 10,5 мың адам.

      Аудан бойынша көшi-қонның жалпы сальдосы 2002 жылы терiс қалыптасты, алайда аудан халқының саны бала туу мен оралмандардың орналасу есебiнен өстi. 2002 жылы ауданға жақын және алыс шетелдерден 120 адам санымен 38 отбасы оралмандар, ағымдағы жылдың қаңтар - қыркүйегiнде 44 отбасы (133 адам) келдi. 

      Бала туу коэффициентi 1000 адамға 2001 жылғы 22,88-ден 2002 жылы 23,43 жағдайға дейiн өстi. Бала туудың көбiрек көрсеткiшi Онды селолық округiнде (39,45), азы - Қызан селосында (17,96) байқалады. Аудан орталығы Шетпе селосында бала туу коэффициентi 21,94 құрайды.

      Түпқараған ауданының ауыл халқының саны 01.09.03 ж. жағдай бойынша 7,1 мың адам құрайды немесе облыстың ауыл халқының жалпы санының 8,9%. Ауданда сонымен қатар соңғы жылдары оралмандар ағыны байқалады: 2002 жылы  46 отбасы (109 адам), 2003 жылдың 9 айында - 19 отбасы (37 адам).

      Ауданның АЕМ бойынша көшi-қонның жалпы сальдосы 2002 жылы терiс қалыптасты. Алайда саны бала туудың артуы есебiнен тұрақталуда. Аудан халқының табиғи өсiмi 2001 жылмен салыстырғанда 24,8% артты. Бала туудың жалпы коэффициентi 1000 жаңа туылғанға 19, 30-дан 21,97-ға дейiн артты, өлiмнiң жалпы коэффициентi 7,96-дан 7,82-ге дейiн азайды. Бала туудың жоғары көрсеткiшi Таушық селосында (21,48),азы  Ақшұқыр селосы мен Тельман селосында (12,09) байқалады. 

  3. Ауылдық елдi мекендер пункттерiн әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейi бойынша жiктеу, бағалаудың әдiсi мен өлшемi  

      Маңғыстау облысының ауылдық елдi мекендерiнiң әлеуетiн анықтау ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi ұсынған әдiс пен өлшемге сәйкес әлеуметтiк-экономикалық даму мен оларды бағалауға әсер ететiн көптеген факторларды зерттеумен негiзделдi. 

      Жүргiзiлген талдау деректерi көрсеткендей, Маңғыстау облысының барлық АЕМ орта әлеуеттi дамудағы АЕМ санатына жатады (экология есебiмен жиынтық баллы 41-ден 66-ға дейiн), бұл заңға сиымды, дамудың табиғи - географиялық және әлеуметтiк - экономикалық жағдайында олардың бiртектiлiгi мен бiртиптiлiгiн ескерiлдi. 

      Маңғыстау облысының АЕМ экономикалық әлеуетi көрсеткiштерiнiң жиынтық баллы 15-тен (Аққұдық селосы, өткiзу базарынан қашықтығы-120 км) 29-ға дейiнгi шегiнде ауытқиды. Бұл көрсеткiштердiң төменгi шамасы алдымен топырақтың төмен сапалы сипатымен және табиғи су көздерiнiң болмауымен түсiндiрiледi, бұл ауылда экономикалық қызмет аясын айтарлықтай тарылтады. 

      Маңғыстау облысының АЕМ жиынтық баллында көп үлес, сомарлық мәнi 15-30 балл шегiнде ауытқитын, инженерлiк инфрақұрылымдардың даму деңгейiнiң көрсеткiштерiнде бар. Облыстық көпшiлiк АЕМ электр энергиясымен, байланыспен және төселген жол типтерiмен қамтамасыз етiлу дәрежесi бойынша маңызы өте жоғары. 

      Маңғыстау облысының АЕМ белгiленген нормаларға сәйкес әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiмен қамтамасыз етiлуiнiң басымдықты жоғары деңгейiмен сипатталады. Бiрақ, осыған қарамастан, әлеуметтiк даму деңгейiнде толықтай жағымсыз әсерлер, ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуы мен табысының төмен деңгейiн көрсетедi. Бұл әлеуметтiк дамудың сомарлық баллында көрiнiс тапты, яғни орташа мәнi жобамен 10 мүмкiндiктен 6-7 балл құрады.

  4. Ауыл аумақтарының дамуын мемлекеттiк реттеу шаралары

4.1 Ауыл аумақтарын дамытуға бағытталған бюджет қаражатын пайдаланудың тиiмдiлiгi

      АЕМ жүргiзiлген жiктелулерге сәйкес әлеуметтiк-экономикалық өлшем бойынша барлық елдi мекендер орташа әлеуеттi даму сотысында екендiгi анықталды.

      Сонымен қатар, ағымдағы бюджеттiк жоспарлау ауыл аумақтарын дамытуға қаражатты жолдауда басымдықпен аудан орталығын қарастырады, ерекше жағдайларда қаржыландырумен неғұрлым iрi АЕМ қамтылған.

      АЕМ дамуының орташа әлеуетi, болашақта оны дамытудың келешегi үшiн алғы шарттарын құрады. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерiне сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыру үшiн ауқымдар таңдауда басымдықпен әлеуметтiк-инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылыстарын салу мен қайта жаңарту, қайта өңдеу өндiрiстерi анықталды.

      Республикалық бюджетте 2004 - 2006 жылдардағы кезеңде облыстың АЕМ iс-шараларды iске асыруға жалпы сомасы 1830,5 млн. теңге қаражат қарастырылды, оның iшiнде бiлiм беруге 698,6 млн. теңге, денсаулық сақтауға - 665,8 млн. теңге, сумен қамтуға 287,1 млн. теңге. Сонымен қатар селолық әкiмдердiң аппараттарын құруға 179 млн. теңге көлемiнде қаражат қарастырылды.

      Жергiлiктi бюджеттен ауыл аумақтарын дамытуға 3169,4 млн. теңге бағыттау жобалануда, оның iшiнде бiлiм беруге 1276,4 млн. теңге, денсаулық сақтауға 260 млн. теңге, мәдениетке 196,7 млн. теңге, туризм мен спортқа 12,0 млн. теңге, тұрғын үйге 93,0 млн. теңге, сумен қамтуға 356,3 млн. теңге, газдандыруға 711 млн. теңге, ауыл жолдарына 179 млн. теңге, экологиялық проблемаларды шешуге 48 млн. теңге. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн кеңейту мен дамытуға 37 млн. теңге қаралды.

Сонымен қатар 1117,3 млн. теңге көлемiнде тiкелей инвестиция тарту және кәсiпорындар мен облыс тұрғындарының өзiндiк қаражаттарын пайдалану қарастырылуда, оның iшiнде: бiлiм беруге 108,1 млн. теңге, мәдениетке 45,0 млн. теңге, туризм және спортқа 96 млн. теңге, тұрғын үйге 670,3 млн. теңге, сумен қамтуға 57,8 млн. теңге, экономикалық қызмет саласын кеңейтуге 140,1 млн. теңге.

         4.2 Ауыл шаруашылығы өндірісінің өсуі мен экономикалық қызмет саласының кеңеюі, көлемі мен қаржыландыру көздері

      Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң өсуi мен экономикалық қызмет саласының кеңеюi, көлемi мен қаржыландыру көздерi

      Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң өсуi мен экономикалық қызмет саласын кеңейтуге бағытталған iс - шаралар мынадай бағыттарды қамтиды:

      -  ауыл шаруашылығы малдарын сою жөнiндегi пункттердi ашу, мал басын өсiру, ғылыми негiзделген агротехнологияны енгiзу, қойды қолдан ұрықтандыру пункттерiн құру есебiнен агроөндiрiстi дамыту.

      Жүргiзiлген iс-шаралар мал шаруашылығының жалпы өнiмi көлемiнiң артуына мүмкiндiк туғызады. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдаудың негiзгi формасы асыл тұқымды малдың тектiлiк аясын сақтау мен қалпына келтiруге бағытталған iс  шараларды қаражаттандыратын болады. 30% дейiн арзандатылған асыл тұқымды өнiмдерге қол жеткiзiлiмiн қамтамасыз ету белгiлендi.

      Соңғы жылдары облыс бойынша толықтай малдың барлық түрiнiң басы орташа 5-6% тұрақты артқаны байқалады, қалыптасқан қарқынды жоспарланған кезеңде де қолдау және арттыру жоспарлануда.

      -  өткiзу рыногын iздеу мен кеңейту, ол үшiн ел шегiнде, сондай  ақ шет елдерде шаруашылық субъектiлерiмен байланысты кеңейту қарастырылуда.

      Мал шаруашылығының өнiмi, негiзiнен, аймақтың iшкi рыногында сатылады, iшiнара жүн Россияға экспортталады, алайда қазiргi уақытта жүн мен терiден дайындалатын бұйымдар жөнiндегi өндiрiстер ұйымдастыруға және осы өнiмдердi облыс шегiнде сатуға мүмкiндiк бар. Сүт ағарған өнiмдерiн өндiру көлемi бiрте  бiрте өсiп келедi, атап айтқанда қымыз, шұбат өндiрiсi дамуын алды. Жоспарлы кезеңде Түпқараған ауданының "Таушық" ААҚ мамандандырылған емдеу орындарында пайдаланылатын құрт ауруларын емдеу үшiн алдын алу және емдеу құралдарының бiрi ретiнде қолданылатын және тұрғындар кең сұраныспен пайдаланатын шұбат - өнiмдерiн шығару және ПЭЫ құтыға құю жөнiндегi өндiрiстер кеңейтiлетiн болады. Осындай өндiрiстер Бейнеу селосында ашылатын болады.

      -  жаңа қайта өңдеу кәсiпорындарын ұйымдастыру және өнiмнiң жаңа түрлерiн өндiру.

      2004 - 2006 жылдардағы орташа мерзiмдi кезеңде жүн жуу және қайта өңдеу бойынша 3  цех, терi шикiзатын өңдеу бойынша 2 цех, шұжық өндiру жөнiндегi цех, макарон өнiмдерiн өндiру жөнiндегi цех ашылатын болады. Сонымен қатар, жылына 100 т. өнiм өндiретiн МІҚМ сүтiн өндiру жөнiндегi цехымен қоса 200 бас малға арналған сүт  тауар фермасын ашу қарастырылуда.  Жүргiзiлген iс  шаралар ауылда жұмыссыздық санын қысқартуға бейiмдейтiн  болады, қосымша 100-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылатын болады, ауылдық елдi мекендердiң өз тамақ өнiмдерiмен және халық тұтынатын тауарлармен өзiн өзi қамтамасыз етуi жақсарады.

      -  экономикалық қыметтiң жаңа түрлерiн iздестiру.

      Ауыл шаруашылығын кеңiрек дамытуға шектелген мүмкiндiктер, негiзiнен егiншiлiк, яғни ерекше табиғи  климаттық жағдаймен байланысуы ауылда экономикалық қызметтiң жаңа түрлерiн iздестiру мен енгiзудi талап етедi.

      АЕМ тұрмыстық қызмет көрсету желiлерi, дүкендер кеңейтiлетiн болады. Сонымен қатар, тас ұлутас өндiру жөнiндегi жаңа карьерлер жасақталатын және пайдаланылатын болады.

      Барлық аудан орталықтарында ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiне ақпараттық - маркетингтiк қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстар жалғаса беретiн болады. 

      Ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiн қажеттi техникамен және жөндеу базаларымен қамтамасыз ету мақсатында қолдағы барға қосымша Қарақия ауданы Құрық селосында МТС құрылатын болады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiне ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке, сондай  ақ тауарлы несие  мал, тұқымдық материал және басқалай түрiнде сатып алу және ұсыну мақсатында "Маңғыстауагросервис" МҚК жарғылық қорын толықтыруға жергiлiктi бюджеттен жылына 50 млн. теңгеден кем емес мөлшерде қаражат бөлу жалғасатын болады.

      Сонымен қатар, облыс обаның таралуының оқшаулап шектелген ошағына жатқызылды, малды мезгiлiнде және толықтай вакциналау, оларды бүргеден тазарту және  барлық аудан орталықтарында мал көму ошақтарының құрылыстарын салу жөнiндегi iс  шаралар қарастырылуда.

      Агроөнеркәсiптiк секторды дамыту мен ауыл шаруашылығы өндiрiстерiн кеңейтуге бағытталған iс  шараларды iске асырудың жалпы көлемi 177,1 млн. теңге құрайды.

Жергiлiктi бюджет қаражатынан мынадай iс-шаралар қаржыландырылатын болады: 
      - суармалы учаскелердi дайындауға  4 млн. теңге;
      - қойды қолдан ұрықтандыру пункттерiн құруға  3 млн. теңге;
      - жергiлiктi деңгейде мал дәрiгерлiк iс  шараларға жәрдем көрсетуге          30 млн. теңге.

      Басқа көздерден қаржыландырылатын негiзгi iс - шаралар:
      - Бейнеу селосы мен Шетпе селосында мұздатқыш камерасы мен мал өнiмдерiн қайта өңдейтiн тиiстi цехтары бар 2 мал сою пунктiнiң құрылыстары  40 млн. теңге;
      - Бейнеу селосында шұбат дайындау және ПЭЫ құю жөнiндегi цех құрылысы  12 млн. теңге және Таушық селосындағы жұмыс iстеп тұрған цехты кеңейту құрылысы  5 млн. теңге;
      - Бейнеу селосында жүн жуу жөнiндегi желi құрылысы  15 млн. теңге,  Шетпе  селосында  15 млн. теңге;
      - Құрық селосында 200 бас МІҚМ сүт-тауар фермасын ашу - 3,7 млн. теңге.

         4.3 Инженерлік инфрақұрылымның дамуы, көлемі мен қаржыландыру көздері

      Инженерлiк инфрақұрылымдарын дамыту жөнiндегi iс-шараларда      2004 - 2006 жылдары 1,6 млрд. теңге шамасында қаражат бағытталатын болады, оның iшiнде республикалық бюджеттен  287,14 млн. теңге, жергiлiктi бюджеттен  1246,3 млн. теңге, басқа көздерден  57,8 млн. теңге.

  4.3.1. Сумен қамту

      Топтық су құбырларының техникалық жағдайының, қанағаттанғысыздығы тұрғындар тұтынатын ауыз суының төмен сапасы бiрқатар iс-шараларды орындауды қажет етедi:

      -  Сумен қамту және канализация жүйелерi объектiлерiн қайта жаңартуды және техникалық қайта жарақтандыруды жүзеге асыру;

      Жоспарланған кезеңде ұзындығы 7 км«Қарағайлы-Қызыләскер»су құбырын қайта жаңарту, 2 АЕМ канализациялық тазалау имараттарын (КТИ) қайта жаңарту қарастырылған.

      - халыққа суды тазалау және жеткiзу мәселелерiн шешу;

      Тұрғындардың сапалы ауыз суын тұтынуын қамтамасыз ету мақсатында 11 ауылдық елдi мекенде 157,8 млн. теңге жалпы сомасында су тазалау және су тұщыту қондырғылары қондырылатын болады, 

      -  Сумен қамтудың жаңа объектiлерiнiң құрылыстары;

      - Ұзындығы 13 км Тұщықұдық - Шебiр су құбырының құрылысы жоспарланды, 4 елдi мекенде жалпы ұзындығы 30,9 км кентiшiлiк су құбыры; 5 АЕМ суға арналған әртүрлi сыйымдылықтағы резервуарлар. 

      -  кейбiр елдi мекендерде бар жерасты су кенорындарын тиiмдi пайдалану жөнiндегi iс-шараларды iске асыру.

      Сумен қамтудың балама көздерiн құру мақсатында ауылдық елдi мекендерге шекаралас ауыз суының барланған кенорындарында 5 ұңғыманы бұрғылау жоспарлануда. 

      Ауылдық елдi мекендерде толықтай сумен қамту жүйесiн дамытуға 701,2 млн. теңге бағытталынатын болады, одан республикалық бюджет қаражаты есебiнен 287,1 млн. теңге, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен - 356,3 млн. теңге, басқа көздерден 57,8 млн. теңге тартылатын болады.

  4.3.2. Электрлендіру

      Аймақтық барлық елді мекендері толықтай электрлендірілген, электр энергиясын беруде үзіліс іс жүзінде болмайды. 2007 - 2010 жылдардағы кезеңде энергия беруші қондырғылардың қуатын арттыру мен қайта жаңартуды қажет етеді, бұл ауылда өндірістердің өсу келешегімен және халық санының артуымен, әлеуметтік инфрақұрылымның дамуымен байланысты. Аталған іс-шаралар«"МРЭК" ААҚ өзінің өндірістік бағдарламасы шегінде өткізілетін болады.

  4.3.3. Ауыл жолдары

      Ауыл жолдарын дамыту жөніндегі іс-шаралар Маңғыстау ауданында ұзындығы 15 км Көңдіқұдық - Тұщықұдық жолының құрылысы, Түпқараған ауданының Таушық селосындағы жолдарда асфальт төсеу құрылғысы қарастырылды. Бұл мақсат үшін жергілікті бюджеттен 179 млн. теңге бөлу қарастырылуда.
      Сонымен қатар, 2001 - 2005 жылдарға арналған автомобиль жолдарын дамытудың аймақтық бағдарламасына сәйкес жыл сайын облыстық маңызды жолдарды, қалаішілік және кентішілік жолдарды ұстау, ағымдағы және күрделі жөндеу жөнінде іс-шаралар өткізілетін болады.  

  4.3.4. Байланыс, телефондандыру

      Ауыл байланысын дамыту мiндеттерiнiң есебiмен 2004-2010 жылдары мынадай iс-шаралар қарастырылады:
      - облыстың 23 ауылдық елдi мекенiнде жұмыс жасап тұрғандарын жетiлдiру және осыған ұқсас АТС-ты сандыға ауыстыру жолымен телекоммуникацияның жаңа коммуникациялық жүйесiнiң құрылысын салу;
      - абоненттердiң  қалааралық және халықаралық  желiлерге қол жетiлiмiн қамтамасыз ету;
      - радио жетiстiгi (WWL) мен радио ұзартылымын енгiзу;
      - аудан орталығы село учаскелерiнде ИКМ 30 берiлiс жүйесi қондырғыларын араластырумен СТС алғашқы желiсiн сандандыру; 
      - алыс және жетiсуi қиын аудандарда байланыстың ДАМА типтi спутниктiк желiсiн енгiзу. Жоспарланған кезеңде 5 елдi мекенде байланыстың спутниктiк жүйесi қондырылатын болады. 
      Сонымен қатар, облыстың ауылдық елдi мекендерiнде пошта байланысының желiсiн кеңейту және сапасын арттыру шаралары қабылданатын болады.
      Аталған iс-шаралар "Қазақтелеком"»ААҚ мен "Қазпошта" ААҚ филиалдарымен бұл компаниялардың өндiрiстiк бағдарламаларында қаралған сома шегiнде өткiзiлетiн болады.

  4.3.5. Газдандыру

      Ауылды газдандыру жөніндегі іс-шаралар ауылдық елді мекендерінде газ құбырлары желісінің құрылысын, оларды газдандыруды қамтамасыз етуді қарастыруда, осы мақсат үшін жергілікті барлығы 711,0 млн. теңге жолданатын болады. 
      Барлық іс-шаралар жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын болады, осы мақсат үшін барлығы 677,0 млн. теңге бағытталанатын болады. Неғұрлым ірі жобалар 375,0 млн. теңге көлемінде кентішілік төсеуімен "Жетібай - Құрық"»газ құбырының құрылысы және 131,5 млн. теңге сомасында ұзындығы 64,7 км "Тұщыбек - Жыңғылды" газ құбырын төсеу болып табылады.        

  4.4. Әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы

4.4.1. Білім беру

      Ауылда бiлiм беру жүйесiн дамыту 2005 жылға дейiн "Ауыл мектебi" бағдарламасы мен "Маңғыстау облысының 2001 - 2005 жылдарға арналған бiлiм беру жүйесiн жетiлдiру" аймақтық бағдарламасы шегiнде жүзеге асырылатын болады.

      2010 жылға дейiн ауылда бiлiм беру сапасын арттыру және жетiстiкке жету үшiн қарастырылатындар:

       - ауылдық жалпы бiлiм беретiн мектептер мен мектепке дейiнгi ұйымдар желiсiн дамыту;

       Алда тұрған кезеңде 7 ауылдық елдi мекенде 4 жаңа үлгiдегi мектеп пен       2625 оқушы орындық жалпы бiлiм беретiн мектептер үшiн 4 жаңа ғимарат, 6 АЕМ 113 млн. теңге сомасында  жалпы бiлiм беретiн мектептердiң спорт залдары құрылыстарын, 2 АЕМ  40 млн. теңге сомасында мектептерге қосымша құрылыстар салу жоспарлануда. Сонымен қатар кейбiр бiлiм беру объектiлерiне күрделi жөндеу, Қарақия ауданы Сенек селосында 50 орындық балалар бақшасы құрылыстарын салу белгiлендi.

      - Ауылдық мектептердiң материалдық - техникалық базаларын нығайту, оларды компьютер техникаларымен, спорт бұйымдарымен қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру;

      Жоспарланған кезеңнiң соңына дейiн барлық әрекеттегi және жаңадан кiрiсетiн жалпы бiлiм беретiн мектептер, колледждер, кәсiптiк мектептер ауылдық жерлерде қажеттi мөлшерде оқулық және көрнекi құралдармен, компьютер техникаларымен, пәндiк зертхана жабдықтарымен жасақталатын болады, сонымен қатар ескiрген жиҺаздар ауыстырылатын болады. 

      - Ауылдық бiлiм беру ұйымдарын Интернет коммуникациялық желiсi арқылы Қазақстанның бiрыңғай бiлiм беру желiсiне қосу жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру;

      - Жоғары және орта кәсiптiк оқу орындарын бiтiрген және ауылдық жерлерге жұмыс үшiн келген жас мамандарды жергiлiктi бюджет есебiнен тұрғын үймен қамтамасыз ету.

      Бұл мақсат үшiн ауылдық елдi мекендерде бiрiншi кезекте бюджет саласы қызметкерлерiн, оның iшiнде мұғалiмдердi тұрғын үймен қамтамасыз ету үшiн муниципальды тұрғын үй құрылыстары жүзеге асырылатын болады.

      Ауылдық бiлiм берудi дамытуға барлығы 2083,1 млн. теңге бағытталатын болады, оның iшiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен  698,6 млн. теңге, жергiлiктi бюджеттен  1276,3 млн. теңге, басқа көздерден (демеушiлiк қаражаттар) 108,1 млн. теңге. Республикалық бюджет қаражаты тек бiлiм берудiң жаңа объектiлерiнiң құрылыстарына қарастырылған; жергiлiктi бюджет қаражатынан құрылыс салу мен жөндеуден басқа, сонымен қатар бiлiм берудiң ауылдық ұйымдарының материалдық - техникалық базасын  нығайту жөнiнде iс  шаралар жоспарлануда.

      Жоспарда 2006 жылдың соңына дейiн қаралған қаражат есебiнен күрделi қаржы шығынының жүзеге асырылатындары:
      -  бiлiм беру объектiлерiнiң құрылысы мен жөндеу - 1506,2 млн. теңге сомасында;
      - бiлiм беру объектiлерiн қажеттi компьютер техникаларымен қамтамасыз ету, бiлiм беру ұйымдарын Интернет желiсi арқылы Қазақстанның бiрыңғай бiлiм беру желiсiне қосу - 34,3  млн. теңге сомасында; 
      - мектеп жабдықтарын сатып алу  21,0 млн. теңге;
      - бiлiм беру ұйымдарын оқулық және көрнекi құралдармен толықтыру 111,2  млн. теңге.

      Сонымен қатар, ауылдық елдi мекендерде бiлiм берудi дамытуға мынадай ағымдағы шығындар қарастырылуда:
      - бiлiм беру объектiлерiнiң материалдық - техникалық базасын нығайту  60,3 млн. теңге сомасында;
      - аз қамтылған отбасылардың оқушылары үшiн киiмдер, аяқ киiмдер, мектеп қажеттiлiктерiн сатып алу  19,7 млн. теңге сомасында;
      - аз қамтылған отбасылар оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету 208,5 млн. теңге сомасында;
      - жақын елдi мекендерден оқушыларды тасымалдау - 4,4 млн. теңге сомасында.

  4.4.2. Денсаулық сақтау

      Ауылда денсаулық сақтау жүйесiн басымдық бағытпен дамыту болып қалатындар:
      -  әрбiр ауылдық елдi мекеннiң тұрғындары үшiн медициналық және  фармацевтiк көмекке қол жеткiзiлiмiн қамтамасыз ету;
      - ауылда көрсетiлетiн амбулаториялық  емханалық көмектiң сапасын жақсарту, оның iшiнде денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық - техникалық базасын нығайту, автомобиль көлiгiмен және басқа да қажеттi материалдық  техникалық ресурстармен қамтамасыз ету, мемлекеттiк емес медицина ұйымдары желiсiн дамыту, медицина қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру есебiнен;
      - салауатты өмiр салтын қалыптастыру.
      Ауылдық денсаулық сақтау iсiн дамытуға барлығы 925,8 млн. теңге бағытталынатын болады, оның iшiнде республикалық бюджеттен  665,8 млн. теңге, жергiлiктi бюджеттен  260 млн. теңге.
      Республикалық бюджет қаражаты есебiнен Маңғыстау ауданы Шетпе селосында 213,8 млн. теңге көлемiнде 50 төсектiк туберкулез ауруханасы мен Қарақия ауданы Жетiбай селосында 452,0 млн. теңге көлемiнде 100 төсектiк аудандық аурухана құрылыстарын салу қарастырылуда.
      4 денсаулық сақтау объектiсiне жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен 23 млн. теңге сомасында күрделi жөндеу, 65,0 млн. теңге сомасына Маңғыстау ауданы Ақшымырау селосында медицина қызметкерлерi үшiн тұрғын үйiмен қоса ФАП құрылыстарын салу және Бейнеу ауданы Бейнеу селосында аудандық емханаға қосымша құрылыс салу жүзеге асырылатын болады. Ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базаларын нығайту және дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасатын болады, iс жүзiнде барлық елдi мекендерде ауылдық учаскелiк ауруханалар, АДА мен ФАП үшiн медициналық жабдықтар мен керек-жарақтар сатып алынатын болады.

  4.4.3. Мәдениет

      Ауылда мәдениет саласында қарастырылатын шаралар:
      - жұмыс жасамайтын мәдениет мекемелерін қалпына келтіру, жаңа объектілер құрылыстарын салу;
      Қазіргі уақытта іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Бейнеу ауданы Бейнеу селосында мұражай ғимаратының құрылысы басталды, аяқтау мен пайдалануға беру 2004 жылға жоспарланған. Жоспарланған кезеңде 5 ауылдық клуб жөнделетін болады, 500 орындық 3 жаңа ауылдық клуб құрылысын салу жүзеге асырылатын болады.
      -  Мемлекеттік мекемелер мен мәдениет кәсіпорындарының  материалдық - техникалық базаларын нығайту;
      Облыстың ауылдық жерлеріндегі көпшілік жұмыс жасап тұрған клуб мекемелері музыкалық құрал жабдықтармен, техникамен жарақтандырылатын болады, сахналық костюмдер жаңартылатын, киноқондырғылары үшін киножабдықтары сатып алынатын болады.
      - Ауылдық кітапханаларды кітап қорымен толықтыру;
      Жоспарлы кезеңнің соңына дейін ауылдағы барлық кітапхана мекемелері жаңа кітап қорымен қосымша қамтамасыз етілетін болады.
      -  әртүрлі топтағы ауыл тұрғындарының дәстүрлі және қазіргі заманғы мәдениеттің құндылығына кең қол жеткізілімін қамтамасыз ету;
      -  клубтық құрылымдарға жағдай жасау және қолдау көрсету.
      Ауылда толықтай мәдениетті дамытуға 241,7 млн. теңге көлемінде қаражат қарастырылды, оның ішінде жергілікті бюджеттен  196,7 млн. теңге, Қарақия ауданы Сенек селосында 200 орындық клуб құрылысын салуға бағытталған, басқа көздерден  45,0 млн. теңге.  

  4.4.4. Тұрғын үй

       Ауылда тұрғын үй құрылысын салуды дамыту мынадай іс-шараларды қарастырады :
      - жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жағдай жасау;
      - бюджеттік сала қызметкерлері үшін, оның ішінде мұғалімдер, дәрігерлер, муниципальды тұрғын үйлер құрылысын салу.
      Ауылда тұрғын үй саясатын іске асыруға 763,3 млн. теңге көлемінде қаражат, оның ішінде жергілікті бюджеттен  93,0 млн. теңге бюджеттік сала қызметкерлері мен басқа да халықтың әлеуметтік мүжәлсіз топтарына арналған тұрғын үй құрылыстарына бағытталатын болады.
      Жеке тұрғын үй құрылысы болашақта дамуын алатын болады, осы мақсатқа қаражат көлемі 670,3 млн. теңге құрайды. 

  4.4.5. Туризм және спорт

      Аймақта туристік инфрақұрылым құру жөніндегі іс-шаралар іске асырылатын болады, сондықтан әрекеттегі маршруттарға сервистік объектілер - қонақ үйлер, тез тамақтану орындары, кемпингтер, демалыс орындары және басқалар құрылатын болады. Ауылда көпшілік спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыстар жанданады.
      Барлық жоспарланған кезеңде ауылдық елді мекендерде туризм мен спортты дамытуға қаржыландырудың барлық көздері есебінен 108,0 млн. теңге, оның ішінде спорт-көпшілік және дене тәрбиесі сауықтыру іс  шараларын өткізуге - 12,0 млн. теңге жергілікті бюджет қаражаты, туристік инфрақұрылымдарды дамытуға - 90 млн.теңге жеке кәсіпкерлер қаражаты қарастырылады.
      Сонымен қатар, білім беру саласында спорт залдар желісін кеңейтуге жалпы білім беретін мектептерге екі қосымша құрылыс салу жүзеге асырылатын болады, кәсіпорындар қаражатын тарту есебінен - ауылдық спорт ғимараттарын қажетті керек - жарақтармен толықтыру жүзеге асырылды. 

  4.5. Ауыл аумақтарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

       Маңғыстау облысының селолық аудандары тұрғындарының экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету тұрғындардың науқастануын азайтуға, аудандар мен облыс бойынша толықтай экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған шаралар кешенiн жасақтауды және iске асыруды жобалайды.
      Облыстағы бiрiншi дәрежелi проблема «Ауыз су» бағдарламасы шегiндегi iс  шараларды iске асырумен байланысты сумен қамту мен ауыз су сапасын шешу болып табылады. Атап айтқанда, су құбырларының жаңа құрылысын салу мен ескiсiн қайта жаңарту әзiрленетiнде су тұщыту және су тазалау имараттары құрылыстарын салу жобалануда, яғни тұтынатын ауыз суының сапасының едәуiр жақсаруына мүмкiндiк жасайды. 2004 - 2006 жылдардағы кезеңде су тұшыту жүйесi қондырғыларымен Түпқараған  ауданының Тельман елдi мекенi, Таушық селосы, Қарақия ауданының Сенек селосы, Аққұдық елдi мекенi қамтылатын болады. Едiл суы құрамындағы көп қоспаны ескерiп, Маңғыстау ауданының Өтес селосында, Қарақия ауданының Құланды селосында, Бейнеу ауданының Сарға, Боранкөл, Ақжiгiт, Есет, Төлеп селоларында су тазалау жүйелерi құрылыстары жоспарлануда. 
      Сонымен қатар Бейнеу ауданының Бейнеу селосы мен Маңғыстау ауданының Өтес селосында ағынды суларды тазалау имараттары кешенiнiң  жобалық-сметалық құжаттамасын әзiрлеу және құрылысын салу жоспарлануда. 
      Бұл жобаларды iске асыру отандық және шетел мұнай компанияларының, «Қазақстан темiр жолы» ЖАҚ техникалық және қаржылай қолдауымен жүзеге асырылатын болады.
      Жоғарыда айтылған жобаларды iске асыру үшiн қажеттi қаржы ресурстарының көлемi толықтай мынаны құрайды:
      - Бейнеу ауданы бойынша - 278,8 млн. тг;
      - Қарақия ауданы бойынша - 78,8 млн. тг.;
      - Маңғыстау ауданы бойынша - 291,1 млн. тг.;
      - Түпқараған ауданы бойынша - 52,5 млн. тг.
      Бейнеу ауданының тұрғындары үшiн үлкен қауiп, үстiрт жазығындағы жерасты жарылыстарының зардаптары болып табылады. Осыған байланысты Маңғыстау облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы Үстiрт жазығындағы жерасты жарылысының зардаптарын зерттеу бойынша жергiлiктi бюджеттен 8 млн. теңге сомасында iс  шаралар жүргiзетiн болады, және қажетiне қарай болашақта оны жою жөнiнде iс-шаралар жүргiзiледi. Сенек селосында көшпелi құмның басып қалмау жобасы iске асырылады, оған жергiлiктi бюджеттен 15 млн.теңге көзделген.
      Жоспарланған кезеңде сонымен қатар Бейнеу селосында жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен 13 млн. теңге көлемiнде iрi тұрмыс қалдықтарына арналған алаң мен әрбiр аудан орталықтарында 2 млн. теңге сомасында өлекселердi көму құрылыстарын салу қарастырылды.           

  5. Ауыл тұрғындарының көші-қон ағынын басқару

       Әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейi бойынша АЕМ жүргiзiлген жiктелуге және экологиялық өлшемге сәйкестi бағасына орай аймақтың барлық ауылдық елдi мекендерi дамудың орта әлеуетiн иемденедi және одан әрi дамуға нақты мүмкiндiктерi бар.
      Ауылдық жерлерде, атап айтқанда, алыс елдi мекендерде, халық басымдықты мал шаруашылығымен қамтылған. Облыстың барлық елдi мекендерi алғашқы медициналық - санитарлық көмекпен, жалпы бiлiм беретiн мектептермен қамтамасыз етiлген, телефон және көлiк байланыстары тартылған. Аз санды алыс ауылдар үшiн оқушыларды оқу орындарына дейiн жеткiзу ұйымдастырылған. Осындай жағдайда кейбiр елдi мекендерден тұрғындарды көшiру қажет етiлмейдi.
      Сонымен қатар экологиялық қауiптi аудандардан тұрғындарды көшiрудiң проблемасы жоқ, алайда жоғарыда көрсетiлген экологиялық проблемаларды шешу, қоршаған ортаны қорғау бойынша iс - шараларды жандандыру қажет. 
      Кейбiр елдi мекендерде тұрғындар ағынын азайту және ауылға еңбекке қабiлеттi тұрғын халықты, жастарды тарту мақсатымен, халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданатын болады: қосымша қайта өңдеушi өндiрiстер ашу үшiн жағдай жасалады, экономикалық қызметтiң басқа түрлерiн кеңейту, оның iшiнде сервистiк секторды (қонақ үй, тамақ дайындау жөнiндегi пункттер, әртүрлi шеберлiк және басқа да өндiрiстер құрылысын салу) дамыту. Сонымен қатар, көлiк, инженерлiк және әлеуметтiк инфрақұрылымдарды дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады, бұл өз кезегiнде елдi мекендердiң тартымдылығы мен олардың болашақта дамуына бейiмделетiн болады.       

  6. Заңнамалық қамтамасыз ету

Ауыл жолдары ң

      Жол қызметін қаржыландыру "Автомобиль жолдары туралы"»ҚР  Заңының  17 бабына сәйкес қаралды.

  Байланыс, телефондандыру

      Байланысты дамыту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру "Байланыс туралы" ҚР  Заңының  7 бабына және ҚР Үкіметінің 06.09.96 ж. N 1091  қаулысына  сәйкес жүзеге асырылатын болады, яғни жалпы байланыстағы телекоммуникацияның бірыңғай желісінің ұлттық операторы болып "Қазақтелеком" ААҚ анықталды.

  Газдандыру

      Қаржыландыру Бюджеттік кодекс  жобасының  66 бабының 6 тармағына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен қарастырылды.

  Тұрғын үй

      Қаржыландыру Бюджеттік кодекс  жобасының  67 бабының 5 тармағына сәйкес облыстық маңызды аудандардың (қалалардың) тұрғын үй қорын сақтауға, жергілікті бюджеттен азаматтардың жекелеген топтарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге қаралды, сондай-ақ жеке тұрғын үй салушылардың қаражатты пайдалануға қарастырылады.

  7. Қаржылай қамтамасыз ету

      Осы бағдарламаны іске асыру үшін 2004-2006 жылдардағы кезеңде 6,1 млрд. теңге қажет етеді, оның ішінде республикалық бюджеттен - 1,83 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен - 3,2 млрд. теңге, сонымен қатар - 1,1 млрд. теңге көлемінде кәсіпорын қаражаттары тартылатын болады.  Қаржы ресурстары жылдар бойынша мынадай нұсқада бөлінеді:
      Республикалық бюджет - 1,83 млрд. теңге, оның ішінде:
      2004 ж. - 0,6 млрд. теңге;
      2005 ж. - 0,43 млрд. теңге;
      2006 ж. - 0,8 млрд. те?ге
      жергілікті бюджет - 3,2 млрд. теңге, оның ішінде:
      2004 ж. - 1,0 млрд. теңге;
      2005 ж. - 1,2  млрд. теңге;
      2006 ж. - 1,0 млрд. теңге;
      басқа көздерден - 1,12 млрд. теңге, оның ішінде:
      2004 ж. - 0,45 млрд. теңге;
      2005 ж. - 0,4  млрд. теңге;
      2006 ж. - 0,27 млрд. теңге;
      2010 жылдың соғына дейін 2004 - 2006 жылдарға арналған барлық қарастырылған іс - шаралар жалғасатын болады. Бұл мақсат үшін әртүрлі көздерден шамамен 5-6 млрд. теңге бағытталатын болады.      

  8. Бағдарламаның алғашқы кезеңін іске асырудан күтілетін нәтижелер

      Ауыл шаруашылығы өндірісінің өсуі және экономикалық қызмет саласының кеңеюі  

      Қойылған мақсаттарды іске асыру нәтижесінде ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша ауылда қосымша 10-нан астам жаңа өндірістер іске қосылатын, шамамен 170  жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Ауыл шаруашылығы емес кәсіпті жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасалады, бұл үшін дүкендердің, дүңгіршектердің қосымша сандары, тұрмыстық қызмет көрсетудің 9 жаңа объектісі ашылатын болады.
      Малдың барлық түрінің мал басы санын болашақта арттыру бойынша да, оның ішінде оба ошағы мен басқа да инфекциялық аурулардың қозуын болдырмау мақсатында ауыл шаруашылығы малдарын уақытында вакциналау бойынша шаралар қабылданатын болады, яғни бұл - мал басы санын өлімінің азайтуға әкелуі мүмкін. 2006 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2003 жылмен салыстырғанда 9,3 % өседі, оның ішінде мал шаруашылығының өнімі - 9,3  %, егін шаруашылығының өнімі - 7,5 %.

      Сумен қамту  Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ауыл халқының сапалы ауыз суға қолының жетуі қамтамасыз етілетін болады. 50 км астам су құбырлары желісі қайта жаңартылады және жаңадан салынатын, екі АЕМ канализациялы тазалау имараттары салынатын, ішу мақсаты үшін жерасты көздерінің суын тұтынатын 11 ауылдық елді мекендегі су тазалау және су тұщыту қондырғылары жөнделетін болады.

      Байланыс, телефондандыру  Радио жетістігі мен радио ұзартылымын енгізу және ауылдық елді мекендерді телефондандыру проблемаларын шешу аудан және облыс орталықтарымен байланысты, сондай-ақ қалааралық және халықаралық байланыстарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 5 АЕМ байланыстың ДАМА типті спутниктік желісі қондырылатын, 23 АЕМ аналогтық АТС сандыға ауыстырылатын болады. Нәтижесінде барлық ауылдық елді мекендер 100% телефондандырылатын болады.

      Ауыл жолдары  200 км шамасында ауылдық автомобиль жолдары жөнделетін және салынатын болады, оларды ұстау және ағымдағы жөндеу бойынша шаралар қабылданды, бұл елді мекендер мен аудан орталықтары арасында мықты байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды.

      Білім беру  Жоспарланған кезеңде барлық АЕМ нормативтерге сәйкес білім беру объектілерімен қамтамасыз етілетін болады. Жалпы қуаты 2625 орынды 8 жаңа мектеп салынатын болады, ауылдық жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың оқушы орындарымен қамтамасыз етілуі тиісінше артады. Барлық мектептерді компьютер техникаларымен, көрнекі құралдардың қажетті мөлшерімен, оқулықтардың жаңа легімен толықтыру есебінен білім беру сапасы едәуір артады.

      Денсаулық сақтау
      Жоспарланған кезеңде 4 елді мекенде денсаулық сақтаудың жаңа объектілері құрылыстарын салу және ашу, әрекеттегі объектілерді күрделі жөндеуді жүзеге асыру есебінен ауыл тұрғындарына арналған медициналық көмектің жетістігі мен сапасы артады. Ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарының қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен және керек жарақтармен жарақтануы жақсарады, олардың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі жақсарады. Денсаулық сақтау ісін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде ауыл халқының науқастануы мен өлуін азайтады.

      Мәдениет  Ауылда мәдениет ұйымдары желісін кеңейту, ауылдық мәдениет үйлерінің материалдық-техникалық базаларын, ауылдық кітапханалар мен клубтарды нығайту бойынша қабылданатын шаралар ауылдық елді мекендер тұрғындарының ұйымдасқан демалысын қамтамасыз етуге, мәдениеттің құндылығына өскелең ұрпақты телуге, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыруға, жастардың ауылдан кетуін азайтуға мүмкіндік жасайды. 4 елді мекенде жаңа мәдениет объектілері салынатын болады.

      Тұрғын үй  2004 - 2006 жылдардағы кезеңде ауылда 150 мың шаршы шамасында жекемен қатар, муниципалды тұрғын үйлер де кіретін, тұрғын үйлер берілетін болады. Тұрғын үй қорын арттыру, бюджеттік сала қызметкерлері үшін тұрғын үй құрылыстарын салу ауылдық елді мекендердің бейімділігінің өсуіне, ауылдық елді мекендерге жоғары білікті кадрларды тартуға әкелетін болады.

      Ауыл аумақтарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету  Үстірт жазығындағы жерасты жарылысының зардаптары мен оның жағын ауылдық елді мекендерге әсері зерттелетін болады.
      Әрбір аудан орталығында оба эпидемиясы мен басқа да инфекциялық ауруларды таратпау мақсатында оба мен басқа да жұқпалы аурудан өлген малды көмуге арналған өлексе көму орны салынатын болады.
      Бейнеу селосында ірі тұрмыс қалдықтарын көмуге арналған алаң салынатын болады. 
      Осы шаралардың бәрі қауіпті және эпидемиологиялық ахуалдың пайда болуының алдын алады.

Ауыл аумақтарын дамытудың
Аймақтық бағдарламасына 
1-қосымша       

Ауыл аумақтардың дамуының әлеуметтік-экономикалық дамуын
бағалаудың өлшемі

Жіктелу
фа к торлары

Өлшем
бірлі-
гі

Ең жоғарғы мәні

Көрсеткіш
тері

I . Экономикалық әлеуеті 60

Топырақтың
құнарлылығы

Бони-
тет
баллы

>45

12

  

  

>25-45

7

  

  

15-25

3

  

  

<15

0

 

Өткізу рыногынан
қашықтық дәре-
жесі

АЕМ-
нен
аудан
орталы
ғына,
т/ж
стан-
циясы-
на,
автома
гис-
трал-
дарға,
жақын
қала-
ларға
дейін-
гі
ара
қашық
тағы,
км

<=20

9

  

>20-60

6

  

>60-100

3

  

>100

0

 

Кәсіпкерлік

100
тұрғын
ға
шаққан
ға
шаруа-
шылық

>5

5

белсенділігі *

субъек
тілері

3-5

4

  

  

1-<3

2

  

  

<1

0

 

Ауыл шаруашылығы
өнімдерін қайта

Бар

>4

5

Өңдеудің дамуы

  

2-4

4

  

  

1

2

  

Жоқ

0

0

 

А/ш
техникаларымен

1) 100
га
егіс-
тікке
қанша

>0,5

4

қамтамасыз
етілуі *

трак-
тор

0,4-0,5

3

  

  

0,2-<0,4

2

  

  

<0,2

0

  

  

 

 

  

2) 100
га
егісті
кке
қанша

>0,3

4

  

ком-
байн 

   0,2-0,3

3

  

  

     0,1-<0.2

2

  

  

<0,1

0

 

Ирригация

Бар және пайдаланылады 

7

жүйесін

Бар және пайдаланылмайды 

3

пайдалану

жоқ

0

 

Егістік *

Бір
адам-
ға, га

>5

7

  

  

3-5

4

  

  

1-<3

2

  

  

<1

0

 

Жайылым  **

Бір
бас
шартты

>0,3

7

  

МІҚМ,
га

  0,2-0,3

4

  

  

    0,1-<0.2

2

  

  

<0,1

0

 

II . Инженерлік инфрақұрылымдар 30

Сумен жабдықтау

Су құбырларымен
қамтамасыз етілген

7

  

Жергілікті көздерді
пайдаланады

5

  

Суды ашық су
қоймаларынан пайдаланады

3

  

Тасымалданатын су

0

 

Жол

Қатқыл
табан-
ды 

  

7

  

Грунт-
ты
(қара
жол)

  

3

  

Дала-
лық

  

0

 

Газбен қамту 

Газдан
дырыл-
ған

 

3

  

Газдан
дырыл-
маған

  

0

 

Электр энергиясы

Электр энергиясымен
қамтамасыз етілген

7

  

Электр энергиясымен
қамтамасыз етілмеген

0

 

Байланыс 

Байла-
ныс
желісі
бар

  

6

  

Байла-
ныс
желісі
жоқ

  

0

 

III . Әлеуметтік дамуы 10

Білім беру

Мектептің болуы және
оның нормаға сәйкес
келуі 

3

  

Мектептің болуы, бірақ
нормаға сәйкес келмеуі

2

  

Мекте-
бі жоқ

  

0

 

Денсаулық сақтау

Мед. мекеменің болуы
және нормаға сәйкес
келуі

3

  

Мед. мекеменің болуы,
бірақ нормаға сәйкес
келмеуі

2

  

Мед. мекемесі жоқ

0

 

Тұрғын үймен
қамтамасыз
етілуі *

1
адамға
тұрғын
үй
алаңы-
ның 

>=15.6

2

  

келуі
м 2

<15.6

0

 

Жұмыспен
қамтылуы *

100
еңбек-
ке
қабі-
летті
адам-
ның 

>=93,5

1

  

жұмыс
пен
қамтыл
ған
саны

<93,5

0

 

Кедейшілік *

ЕМ
100
тұрғын
ға
атаулы
әлеу-
меттік

<=13

1

  

көмек
алатын
адам
саны

>13

0

  

  

 

 

VI . Экологиялық қауіпсіздігі мен ауыз суының
болуы

Радиациялық фон

Мкр/
сағ.

<33

1

  

  

>33

0

Топырақтың
сортаңдануы

%

Әлсіз сортаңды

1

  

  

Әлсіз сортаңды

0,75

  

  

Күшті сортаңды 

0,25

  

  

Өте күшті
сортаңды

0

 

Судың сапасы

Судағы
мине-
ралды
тұз

1 дейін

1

  

дең-
гейі
(гр/
литр)

1-2

0,75

  

  

>2-3

0,25

  

  

>3

0

  

Баллдары                                                                                                                  Жиынтығы 100

Жоғары әлеуетті
дамыған ЕМ

70 - 100

Орта әлеуетті дамыған
ЕМ

35 - 69

Әлсіз әлеуетті дамыған
ЕМ

1 - 34

Даму әлеуеті жоқ ЕМ

Адамдардың өмір сүруі
үшін қауіпті экологиялы ЕМ    0

*     - орташа республикалық көрсеткішпен талдау факторының қатысы жолымен есептеледі 

**     -  жайылымның нормативтік жүктеме негізінде есептеледі - 3 бас МІҚМ 1 га.

Маңғыстау облыстық мәслихаттың  
2003 жылғы 10 желтоқсандағы N 2/21
шешіміне 2 қосымша       

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда  Маңғыстау облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 30 мамырдағы  N 11/200  шешімімен.       

Ауданы

Ауылдық
елді
мекен

Эко
но-
ми-
ка-
лық
әле
уе-
ті

Инже-
нер-
лік
инфра
құры-
лым

Әлеу
мет-
тік
даму

Эко-
ло-
гия-
сыз
жиын
тық
балл

Радиа
ция-
лық
фон,
мкр/
сағ.

Коэф.

Топырақ-
тық
сортақ-
дануы, %

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

41

Қарақия

Бостанқұм

15

15

0

30

9

1

0,2

1

Қарақия

Қызылсу

15

15

0

27

9

1

0,2

43

Қарақия

Төлеп

9

12

0

14

9

1

0,3

44

Маңғыс-
тау

Тасмұрын

15

18

0

33

9

1

0,2

45

Ақтау
қ.

Маңғыстау

16

34

7

53

9

1

0,2

46

Ақтау
қ.

Қызылтөбе

16

28

6

50

9

1

0,2

47

Ақтау
қ.

Бірлік

15

28

5

48

9

1

0,2

48

Ақтау
қ.

Дәулет

15

28

5

48

9

1

0,2

49

Жаңа-
өзен қ.

Қызылсай

13

28

5

48

9

1

0,3

      Кестенің жалғасы

Коэф.

Судың
сапасы

Коэф.

Экология
есебімен
жиынтық
балл

Халық
саны

11

12

13

14

15

1

1

1

33

219

0,75

1

1

30

128

0,75

1

1

16,75

91

1

1

1

35,75

248

1

1

1

56

8500

1

1

1

53

8200

1

1

1

51

1500

1

1

1

51

2500

0,75

1

1

52,75

4400

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады