Аққайың ауданы әкімиятының жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімиятының 2003 жылғы 14 тамыздағы N 230 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 4 қыркүйекте N 1004 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 20 сәуірдегі N 02.03.03-29/369 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының 2012.04.20 N 02.03.03-29/369 хаты)

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағы 14-тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия туралы"»Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 4176 Жарлығын орындау үшін және отбасы мүддесін қорғау, ауданның саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірлеріне әйелдерді қатыстыру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету мақсаттарында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Аққайың ауданы әкімиятының жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия туралы Ережесі бекітілсін.
      2. "Аудан әкімі жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия туралы"»аудан әкімінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі N 96 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.Р.Ридеге жүктелсін.

      Аудан әкімі

"Аққайың ауданы әкімиятының жанындағы
Отбасы және әйелдер істері жөніндегі
комиссия туралы Ережені бекіту
туралы" аудан әкімиятының
2003 жылғы 14 тамыздағы
N 230 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН

Аудан әкімиятының жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Аудан әкімиятының жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
      2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, аудан әкімінің шешімі, аудан әкімиятының қаулысы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның ұсынымдары мен ұсыныстары, сондай-ақ осы Ереже (бұдан әрі - Ереже) құрайды.

2. Комиссияның негізгі міндеттері

      1. Комиссияның негізгі міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның белгіленген басымдықтары мен ұсынымдарына сәйкес отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері жөніндегі кешенді аудандық бағдарламаларды қалыптастыру;
      2) отбасын, әйелдер мен балаларды әлеуметтік, экономикалық заңдық және психологиялық қолдау жөніндегі өзге де іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
      3) халықтың өсіп-өну процестері мен денсаулығының жай-күйін, аналық пен балалық шақты қорғауға, отбасылардың әлеуметтік және экономикалық тұрмыс жағдайларына кешенді талдау жасау;
      4) отбасының, әйелдер мен балалардың қоғамның экономикалық, әлеуметтік саяси және мәдени өміріндегі нақты жағдайы мәселелері жөніндегі ақпараттық базаны қалыптастыруға қатысу;
      5) жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің (келісім бойынша) отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын қарауға қатысу;
      6) көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетуді жүзеге асыруға, мектепке жаппай оқуды қамтамасыз етуге, жетім балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға, отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері жөніндегі өзге де әлеуметтік жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;
      7) жергілікті өкілді және атқарушы органдар үшін Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау;
      8) отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайы аспектілерін неғұрлым толық және объективті көрсету мақсатында бұқаралық ақпарат құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасау;
      9) өз құзыретінің шегінде барлық мүдделі ұйымдармен ынтымақтасу, сондай-ақ отбасы, әйелдер және балалар мәселелері жөнінде аймақтық конференциялар, семинарлар, кеңестер өткізу болып табылады.

3. Комиссияның өкілеттігі

      1. Комиссия өз құзыретінің шегінде:
      1) өзінің отырысында әкімге тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшыларын шақыруға және тыңдауға;
      2) белгіленген тәртіппен өз қызметін жүзеге асыру үшін қажет құжаттар, материалдар және ақпарат сұратуға;
      3) тиісті жергілікті мемлекеттік органдардың басшыларына отбасы, әйелдер мен балалар мәселелерін реттейтін заңдардың жол берілген бұзылуы фактілері бойынша тексерулер жүргізу туралы ұсыныс енгізуге;
      4) белгіленген тәртіппен Комиссияның отырыстарын дайындауға, тексеруге және іс-шаралар жоспарларды әзірлеуге қатысу үшін штаттан тыс сарапшылар ретінде қоғамның беделді және кәсіби даярланған өкілдерін (келісім бойынша) тартуға;
      5) ауданда, селолық округтерде отбасы және әйелдер істері жөніндегі Комиссиялардың қызметін үйлестіруге және бақылауға;
      6) отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсарту мақсатында жергілікті мемлекеттік органға, қоғамдық бірлестіктерге және өзге ұйымдарға статистикалық, талдаулық, әдістемелік және өзге ақпараттық материалдар жолдауға құқылы;
      7) Комиссия азаматтардың келіп түскен өтінімдерін қараудың, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларының қорытындысы бойынша мәні бойынша шешім қабылдау үшін, тиісті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның қарауына материалдар жолдай алады.

4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

      1. Комиссияның жеке құрамы Мәслихат сессиясына бекітуге аудан әкімімен ұсынылады.
      2. Комиссия құрамы төраға, комиссия мүшелері мен хатшыдан тұрады. Комиссияға жергілікті мемлекеттік органдардың, қоғамдар мен басқа ұйымдардың өкілдері кіреді (келісім бойынша).
      3. Комиссияның отырысы қажетіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі. Комиссия отырысы, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысса құқық күші бар болып саналады.
      4. Комиссия шешімді қарапайым көпшілік дауыспен қабылдайды, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.
      5. Комиссияның төрағасы:
      1) Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады;
      2) тоқсан сайын аудан әкімі алдында Комиссия жұмысының қорытындылары туралы есеп береді;
      3) аудан әкімімен жүктелген өзге де өкілдіктерді жүзеге асырады.
      6. Комиссияның хатшысы:
      1) отырыстар арасында Комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
      2) Комиссия отырысының күн тәртібін жасайды;
      3) Комиссия отырыстарына мүшелерінің қатысуын қамтамасыз етеді;
      4) Комиссия мүшелерін қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді;
      5) Комиссия отырыстарының хаттамаларын ресімдейді;
      6) Комиссияның іс-қағаздарын жүргізеді;
      7) жоғары тұрған органдарға комиссия қызметі туралы ақпарат дайындайды;
      8) аудан әкімінің, отбасы, әйелдер және балалар мәселелері жөніндегі Комиссия төрағасының басқа тапсырмаларын орындайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады