Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2443 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 217 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 141 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 2 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2924. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 268 қаулысымен (қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз). 

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 268   қаулысымен   (қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін   4-тармақтан   қараңыз)

      Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 217  қаулысына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2443 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 17 басылымдарында 2003 жылғы тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою ережесінің:
      барлық мәтін бойынша "екі данамен" деген сөздерден кейін "қағаз тасымалдаушысында және бір данамен электрондық тасымалдаушысында" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармағындағы "бағалы қағаздар рыногын" деген сөздер "қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ алынып тасталсын;

      3-тармақта:
      6)-тармақшадағы "құрылтайшылардың капиталды" деген сөздерден кейін "(акцияларды алғашқы рет шығарған жаңадан құрылған қоғамдар үшін)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақшасымен толықтырылсын:
      "жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшеріне ақы төлеуді растайтын құжаттардың көшірмелері (жарғылық капиталы акцияларды орналастыру қорытындылары туралы бекітілген есеп бойынша кемінде 50.000 айлық есеп көрсеткішін құрайтын қоғамдар үшін).";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Жарияланған акциялар санының ұлғаюына және төлем агентінің ауысуына қатысты өзгерістер уәкілетті органда тіркелуге жатады.";

      8-тармақтың:
      бірінші абзацындағы "өзгерістер мен толықтырулар енгізу" деген сөздер "енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2)-тармақшасындағы "екі данамен" деген сөздерден кейін "қағаз тасымалдаушысында және бір данамен электрондық тасымалдаушысында" деген сөздермен толықтырылсын;
      4)-тармақшадағы "(егер өзгерістер мен толықтырулар акциялар шығарылымының проспектісіндегі мәліметтерге қатысты болса)" деген сөздер "(қоғамның атауы және/немесе жарияланған акциялардың саны өзгерген жағдайда)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5)-тармақшадағы "(егер өзгерістер мен толықтырулар жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктегі мәліметтерге қатысты болса)" деген сөздер "(қоғамның атауы және/немесе жарияланған акциялардың саны мен түрі өзгерген жағдайда)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-тармақтың:
      2)-тармақшасындағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3)-тармақшамен толықтырылсын:
      "3) акцияның түрі өзгерген жағдайда ауыстырылады.";

      12-тармақтың:
      бірінші абзацындағы "акцияларға ұлттық бірегейлендіру нөмірін (нөмірлерін) беру туралы куәлікті (бұдан әрі - ҰБН беру туралы куәлік) ауыстыру мақсатында осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап алты ай ішінде" деген сөздер "жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алу үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2)-тармақшасындағы "ұсыну алдындағы" деген сөздер "алу үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-тармақтың:
      2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) акцияларды орналастыру аяқталған күнгі немесе есепті ай соңындағы жағдай бойынша қаржы есеп;";
      3)-тармақшасындағы "баспасөз басылымы" деген сөздерден кейін "(егер акциялар инвесторлардың шектеусіз тобы арасында орналастырылған жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      20-тармақтың:
      бірінші абзацындағы "немесе оның филиалдары" деген сөздер алынып тасталсын;
      1)-тармақшасындағы "еркін нысанда" деген сөздерден кейін ", тіркеушінің атауын көрсете отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
      2)-тармақшасындағы "шешімі" деген сөз "шешімінің көшірмесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      26-тармақтағы ", акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту" деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
      "28-1. Қаржы ұйымдарын қоса алғанда, қоғамдар бухгалтерлік баланстан, кірістер мен шығыстар туралы есептен, ақша қозғалысы туралы есептен және меншік капиталындағы өзгерістер туралы есептен тұратын қаржылық есепті ұсынады. Жылдық қаржылық есепке есеп саясаты жөніндегі ақпарат және түсіндірме жазба қоса беріледі.";

      30-тармақтағы "құжаттардың көшірмелерін" деген сөздер "(көшірмелер бірінші басшының, бас бухгалтердің қолымен және қоғам мөрінің таңбасымен бекітіледі)";

      31-тармақтағы "Құжаттың көшірмелеріндегі" деген сөздерден кейін "немесе құжаттағы" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-қосымшаның:

      13-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. Соңғы қаржы жылы үшін қоғамның лауазымдық тұлғаларына төленетін сыйақының және жалақының жалпы сомасы.";

      15-тармақтың бірінші-үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлері.
      Осы тармақта құрылтайшы (құрылтайшылар) төлейтін акциялар санын немесе қоғамның орналастырылған акцияларының он және одан да көп (халықтық акционерлік қоғамда - бес және одан көп) процентін иеленетін акционерлерге тиесілі акциялардың проценттік ара қатынасын көрсету қажет.
      Мәліметтерде жеке тұлға - акционердің немесе құрылтайшының фамилиясы, аты, болса әкесінің аты, туған жылы және заңды тұлға - акционердің немесе құрылтайшының толық атауы, орналасқан жері болуы тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 18-1 тармақпен толықтырылсын:
      "18-1. Қоғамның аффилиирленген тұлғаларымен мәмілелер. 
      Осы тармақта эмитенттің аффилиирленген тұлғаларымен жасалған мәмілелер туралы ақпаратты көрсету қажет.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "22. Өз өнімдерін (жұмыстарын, қызмет көрсетулерін) сатуды ұйымдастыру бойынша қоғамның қызметі.
      Осы тармақта қоғамның жеткізушілері мен тұтынушылары туралы мәліметтерді олар шығаратын немесе тұтынатын тауарлардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) жалпы құнының бес және одан астам процентін құрайтын көлемде көрсету қажет.";

      25-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) қоғам активтерінің баланстық құнының бес және одан астам процентін мөлшерде";

      мынадай мазмұндағы 25-1-тармағымен толықтырылсын:
      "25-1. Активтер.
      Осы тармақта құны қоғам активтерінің баланстық құнының бес және одан астам процентін құрайтын қоғам мүлкінің сипатын көрсету қажет.";

      26-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы тармақта қоғамның төленген жарғылық капиталының мөлшері туралы мәліметтер көрсетіледі.";

      28-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) қоғам активтерінің баланстық құнының бес және одан астам процентін мөлшерде";

      29-тармақ алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:
      "30-1. Активтер.
      Осы тармақта құны қоғам активтерінің баланстық құнының бес және одан астам процентін құрайтын қоғам мүлкінің сипатын көрсету қажет.";

      Мынадай мазмұндағы 45-1-тармақпен толықтырылсын:
      "45-1. Төлем агенті туралы мәліметтер.
      Төлем агентінің толық және қысқартылған атауын, оның орналасқан жерін, байланыс телефондарын көрсету қажет.";

      46-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Тіркеушілермен жасалған шарттың күні және нөмірі.";

      47-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Осы тармақта акциялар шығарылымының проспектісін жасаған кезде қызмет көрсететін аудиторлардың, сарапшылардың және қаржы кеңесшілерінің сыйақы мөлшері көрсетілсін.".

      2. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Шалғымбаева Г.Н.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулының Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі, 2005 жылғы 16 мамырдан бастап күшіне енетін 1-тармақтың оныншы және он бірінші абзацынан басқа.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Е. Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады