Құстардың жұқпалы ауруларын алдын алу және жою шаралары туралы Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 18 тамыздағы N 449 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 22 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3093. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының  26 бабы 2 тармағына және  8 бабы 8 тармақшаларына сәйкес,  бұйырамын :
      1. Қоса беріліп отырған Ережелері бекітілсін:
      1) құстардың ньюкасла ауруын алдын алу және жою шаралары туралы ережесі;
      2) құс шешегі ауруын алдын алу және жою шаралары туралы ережесі;
      3) құстардың жұқпалы ларинготрахеитін алдын алу және жою шаралары туралы ережесі.
      2. Ветеринария департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық, Астана және Алматы қалалары аумақтық басқармаларымен бірге, заңнамада анықталған тәртіп бойынша, осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жүргізу, Ветеринария департаментінің директоры А.Ә.Қожамұратовқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы жариялану сәтінен бастап қолдануға енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы       
Ауыл шаруашылығы министрінің    
2004 жылғы 18 тамыздағы       
Құстардың жұқпалы ауруларын     
алдын алу және жою шаралары     
туралы ережелерін бекіту туралы" 
N 449 бұйрығымен бекітілген    

  Құстардың ньюкасла ауруын алдын алу
және жою шаралары туралы ережесі

      Осы Құстардың ньюкасла ауруын алдын алу және жою шаралары туралы ережесі (бұдан әрі - Ереже) ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және жүргізудің тәртібін анықтайды, Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының  26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалармен орындалуы үшін міндетті болып табылады.

  1. Жалпы ережелері

      1. Құстардың Ньюкасла ауруы (жалған оба) - жіті өтетін және тез таралатын ауру, тыныс алу, ішек-қарын жолы органдарының және орталық нерв жүйесінің бұзылуымен сипатталып, құстардың жаппай өлімін туғызады. Иммунитеті әлсіреген вакцинацияланған құстарда аурудың айқын және патологиялық-анатомиялық белгілері көрінбеуі мүмкін.
      Ауруға тауық отрядтарының барлық үй және жабайы құстары шалдыққыш келеді (тауықтар, цесаркалар, түйе құстар, фазандар, павлиндер).
      Ауру қоздырғышы - парамиксовирустар туыстығына жататын вирус.
      Індеттің көзі ауру құстар және аурудың инкубациялық кезеңіндегі жұқтырып алған құстар (жасырын кезең), ауру 3 күннен 7 күн аралығына созылуы мүмкін, (кейде 10 күнге дейін). Ауру құстар сыртқы ортаға негізінен мұрыннан бөлінген сұйықпен және нәжісімен вирус бөледі.
      Ауру қоздырғышының көзі ауру құстардан алынған залалсыздандырылмаған құс өнімдері және шикізаттары болуы мүмкін (жұмыртқа, ет, мамық-түк, қауырсын), немесе ауру құстардың бөлінулерімен ластанған азық, су, құралдар, қызмет етуші кісілердің киімі және аяқ киімі, көлік заттары және ауру қоздырғышы оларда ұзақ уақыт сақталынуға қабілетті.

      2. Эпизоотологиялық мәліметтерге, аурудың клиникалық белгілеріне, патологиялық-анатомиялық өзгерістерге және зертханалық зерттеулердің нәтижелерінің негіздеріне сүйене отырып ньюкасла ауруына диагноз қойылады.

  2. Ньюкасла ауруын алдын алу шаралары

      3. Ньюкасла ауруынан сақтануды ескерту үшін құс фабрикаларының немесе құс фермаларының (бұдан әрі - Құс шаруашылығы) әкімшілігі және құс иелері, осы Ережеде қарастырылған шараларды орындауға міндетті.

      4. Құс шаруашылығының және де мемлекеттік ветеринариялық саланың мекемелерінің ветеринариялық мамандары міндетті:
      1) қамтамасыз етуші шаруашылықтарда, елді-мекен бекеттерінде арнайы ветеринариялық шараларды жүргізуді ұйымдастыруға және құстардың жағдайына жүйелі түрде бақылау жүргізуге;
      2) құс қораларын және құрал-саймандарды едкий натрияның (1,5%-ті), хлорлы известің (3%-ті), креолиннің (5%-ті) ерітінділерімен дезинфекцияға. Бір мезгілде аэрозолдық дезинфекция жүргізуге;
      3) ньюкасла ауруына қарсы алдын алу вакцинациясын жүргізетін құс шаруашылықтарында, егілген құста иммунитеттің тұрақтылығына бақылау тағайындауға.

      5. Осы ауру бойынша аурудан таза шаруашылықтарда (аймақтарда) құстарды ньюкасла ауруына қарсы егудің мақсаттылығы, эпизоотиялық жағдайға байланысты облыстардың (аудандардың, қалалардың) Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторларымен анықталады.

  3. Аурудан таза емес бекеттерде ауруды жою шаралары

      6. Ньюкасла ауруымен құстардың ауыруына күдік туған жағдайда, құс шаруашылығының әкімшілігі және ветеринариялық маманы немесе құстардың иелері міндетті:
      1) шаруашылықтың аумағына (ауласына) бөтен адамдардың кіруіне рұқсат етпеуге, шаруашылықтың ішінде құстардың орын ауыстыруын тоқтатуға және одан құстарды, жұмыртқа және құс шаруашылығының басқа өнімдерін, және де азық, құрал-саймандар, жабдықтар, қи-нәжістерді көлікпен тасымалдап шығаруға;
      2) ауру шыққан жағдайда немесе аурудың шығуына күдік пайда болғанда, ауданның Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына және ауылдық әкімшіліктің ветеринариялық инспекторына тез арада хабарлауға.

      7. Құс шаруашылығының ветеринариялық маманы, ауданның (қаланың) және ауылдық округтың Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы диагнозды анықтауға шұғыл шаралар қабылдайды, осы мақсатта ветеринариялық зертханаға зерттеу жүргізуге (герметикалық жабылған ыдыста) өлген ауру құстардың жаңа мәйіттерін (3-5 бастан кем емес) және ауру құстардың қан сары суын (10-20 сынақтан кем емес) жібереді.

      8. Ауданның (қаланың) Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы ньюкасла ауруының шыққаны туралы хабарландыру алған жағдайда міндетті:
      1) эпизоотологиялық ошақты тоқтатуды және жоюды ұйымдастыру үшін және індет көзін анықтау мақсатында қолайсыз шаруашылыққа, елді мекенге жедел баруға;
      2) қажет жағдайда, ауру ошағында барлық шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге жауапты ветеринариялық маманды (эпизоотологты) тағайындауға;
      3) тәулік мерзімі ішінде аудандық (қалалық) әкімшілікке аурудан таза емес шаруашылыққа (елді мекенге) карантин қою туралы материалдарды, аурудың таралуына жол бермеу және жою туралы негізгі шаралардың жоспарын және аурумен күресу туралы арнайы комиссияны құру туралы ұсынысын тапсыруы қажет;
      4) бірмезгілде көрші аудандардың ветеринариялық инспекторларына және жоғары тұрған ветеринариялық органға, ньюкасла ауруының шыққаны туралы хабарлауға, індет қоздырғыштарының ену көздері және ауруды тоқтату немесе жою бойынша қабылданған шаралар туралы хабарлауға.

      9. Тиісті аумақтың жергілікті атқарушы мекемесі, Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" заңының  27 бабына сәйкес, ауданның (қаланың) Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы бойынша ньюкасла ауруынан таза емес шаруашылыққа, елді-мекенге карантин қою туралы шешім қабылдайды.

      10. Егерде ауру қалада шықса, жекелеген көшелерге, кварталдарға немесе бүкіл қалаға аурудың таралу дәрежесіне байланысты карантин қойылады.

      11. Құс етін қайта өңдеуші кәсіпорындарында ньюкасла ауруы шыққан жағдайда, кәсіпорынның аумағында орналасқан ауруға шалдыққыш құстардың бастарының барлығын етке союға, барлық құс өнімдерін сатуға және өндірістік құс бөлмелері жайларын және кәсіпорынның аумақтарына (механикалық тазарту, дезинфекция, дезинсекция, дератизация) санация (тазарту) жүргізуге жететін қажетті мерзімге карантин қойылады. Құстарды етке сою және тұтас еттерін тасымалдап шығаруды, осы Ереженің 14 тармағының 1 тармақшасында қарастырылған талаптарды сақтай отырып жүзеге асырады.

      12. Құс етін қайта өңдеуші кәсіпорынның ветеринариялық қызметі, кәсіпорынға соңғы 10 күн ішінде етке тапсыруға түскен құстарда ньюкасла ауруы шыққаны туралы жеткізуші-шаруашылықтарға тез арада хабарлауға тиіс.

      13. Ньюкасла ауруына карантин қойылған және аурудан таза емес құс шаруашылықтарында немесе елді-мекендерге тиым салынатыны:
      1) құс бөлмелері жайларынан ньюкасла ауруына шалдыққыш құстарды шығаруға;
      2) құс шаруашылығымен айналысушы шаруашылықтарды бөгде адамдардың аралап көруіне;
      3) құстарды және құс өнімдерімен сауда жасауға, құстар және құс өнімдерін (тұтас еттер, жұмыртқа, эмбриондарды, түк-мамықтарды, қауырсындарды) дайындауға, шаруашылыққа тасымалдауға немесе одан тасып шығаруға.

      14. Құстардың ньюкасла ауруынан таза емес құс шаруашылығында ауруды жоюда келесі шаралар жүргізіледі:
      1) етке тапсыруға қоңдылығы жоқ жас құстарда ауру анықталған жағдайда, аурудан таза емес құс қораларындағы барлық ауру және сау балапандар қансыз тәсілмен өлтіріледі және жойылады. Мұндай жағдайда ауру қоздырғышының шығып кетпеуіне және жайылмауына жол берілмеу үшін барлық қажетті шаралар қабылданады, міндетті түрде сыртқа шығарушы желдеткіш сөндіріледі, терезелер және есіктер жабылады. Етке тапсыруға қоңдылығы жеткілікті балапандарда немесе ересек құстарда ауру пайда болған жағдайда, қансыз тәсілмен өлтіріледі және тек ауру немесе ауруға күдікті құстардың көздері жойылады;
      2) құс қораларындағы қалған клиникалық сау құстар етке тапсыруға сойылады, егерде барлық құстарды етке союмен қамтамасыз етудің мүмкіншілігі болмаған жағдайда - оларды ньюкасла ауруына қарсы егеді. Бұл құстарды қатаң түрде оқшаулап ұстау қажет және құс шаруашылығынан карантинді алуға дейін, 2 аптадан кешіктірмей етке тапсыру қажет;
      3) тұтас еттер қайнатылады және осы шаруашылықтың ішінде халыққа тамаққа қолданылады;
      4) құстардың үлкен партиясы етке сойылғанда, тұтас еттері облыстың ішіндегі жақын орналасқан ас дайындаушы кәсіпорындарына өндірістік қайта өңдеу үшін жіберілуі мүмкін немесе қайнатылған күйде қоғамдық тамақтандыру арналарына жіберіледі;
      5) құстарды етке сою ветеринариялық маманның бақылауымен, ветеринариялық-санитариялық жағдайларды сақтай отырып және соңынан ет сойылған жерлерді, құрал-саймандарды, жабдықтарды дезинфекция жүргізе отырып жүзеге асырады;
      6) клиникалық сау құстарды етке сою кезінде алынған түк-мамық және қауырсындарды дезинфекцияланады;
      7) ньюкасла ауруы шыққанға дейінгі және карантин кезеңіндегі алынған жұмыртқаларды 10 минуттан кем емес уақыт қайнатады және аурудан таза емес шаруашылықтың ішінде тағамға қолданылады;
      8) жұмыртқалардың үлкен партиясы болған жағдайда оларды аэрозольдық тәсілмен дезинфекциялайды және жоғары температурада дайындалатын нан немесе кондитерлік тағамдарға қолдануға, облыс ішіндегі тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындарына тасымалдап шығаруға рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда, ауру қоздырғыштарының жайылып таралып кетуін болдырмау үшін шаралар қолданылады (ыдыстарды, көлікті, жұмыс киімдері және аяқ киімдерді, қызметшіні санитариялық өңдеу);
      9) ньюкасла ауруына қарсы бұрын егілмеген аурудан таза емес шаруашылықтың барлық қалған құстарын вакцинациялайды. Бұрын вакцинацияланған құстарға иммунитеттің деңгейіне тексеру жүргізіледі (құстардың қан сары суы зерттеледі), қажет жағдайда ревакцинациялайды;
      10) карантинді алғанға дейін жұмыртқаларды инкубациялауды және балапандарды өсіруге қабылдауды тоқтатады.

      15. Елді-мекен тұрғындарының меншігіне жататын құстардың арасында ньюкасла ауруы анықталған жағдайда, аурудан таза емес аулалардағы барлық ауру немесе ауруға күдікті құстарды отқа жағу арқылы жояды, ауру құстармен байланысы болған осы ауладағы қалған құстарды, және де көрші аулалардағы барлық құстарды етке сояды, тұтас еттері қайнатылады және шаруашылықтың ішінде тамаққа қолданылады. Етке сойылған құстардан алынған түк-мамықтары, қауырсындары және ішкі мүшелері отқа жағылады.
      Аурудан таза емес елді-мекеннің ауруға шалдыққыш қалған құстарын, Қазақстан Республикасында тіркелген биопрепараттармен қолдану нұсқаулықтарына сәйкес, ньюкасла ауруына қарсы вакцинациялайды.

      16. Көрші аурудан таза емес құс қораларына, құс бөлмелеріне, аулаларға мұқият механикалық тазарту және дезинфекция жүргізіледі. Нәжіс-қиларға және терең төсеніштерге оқшауланған жердің бөлігінде биотермиялық залалсыздандыру жүргізіледі.

      17. Құс шаруашылығында және қауіп туғызушы аймақтағы елді мекендеріндегі мемлекеттік ветеринариялық қызмет, ветеринария мамандары және шаруашылықтардың жетекшілері, әкімшіліктердің өкілдерімен бірге, құс шаруашылығын, елді-мекендерді ньюкасла ауруының қоздырғышының таралып кетуінен сақтаушы шара қабылдайды, және осы мақсатта ұйымдастыратын жұмыстары:
      1) құстардың және құс өнімдерінің, азықтардың, жабдықтармен құрал-саймандардың аурудан таза емес бекеттерден тасымалданып шықпауы мақсатында, сол аймақтардың шекараларында карантиндік постарды ұйымдастырады;
      2) осы нұсқауышта қарастырылған, шаруашылықтың санитарлық жағдайына, нәжіс-қиларды, төсеніштерді тазартуға және оларды залалсыздандыруға, және де өз уақтысында егу және басқа шаралардың жүргізілуіне бақылау жүргізіледі.

      18. Аурудан таза емес аймақтарда орналасқан құс шаруашылығымен айналысушы шаруашылықтарында және елді-мекендерде, ауруға шалдыққыш құстардың барлық бастары, вакцинаны пайдалану нұсқаулығындағы тәртіпке сәйкес, өз мерзімінде ньюкасла ауруына қарсы егіледі.

      19. Карантинді алар алдында ауданның, облыстың Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы, құс шаруашылығында осы Ережеде көрсетілген шаралардың дұрыс жүргізілгенін тексеруге міндетті, одан кейін карантиннің алынғандығы туралы сәйкестік акті жазып, аудандық, облыстық әкімшілікке тапсырады. Соңғы тіркелген ауру құсты жойғаннан кейін және бөлмелерге, аумақтарға сенімді санация жүргізілгеннен соң, 30 күн өткеннен кейін құс шаруашылығынан карантин алынады.

     Қазақстан Республикасы       
Ауыл шаруашылығы министрінің    
2004 жылғы 18 тамыздағы       
"Құстардың жұқпалы ауруларын     
алдын алу және жою шаралары     
туралы ережелерін бекіту туралы" 
N 449 бұйрығымен бекітілген    

  Құстардың шешек ауруын алдын алу
және жою шаралары туралы ережесі

      Осы Құстардың шешек ауруын алдын алу және жою шаралары туралы ережесі (бұдан әрі - Ереже) ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және жүргізудің тәртібін анықтайды, Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының  26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалар үшін орындалуы міндетті болып табылады.

  1. Жалпы ережелері

      1. Құстардың шешегі (шешек-дифтерит) - ірі эпителиотропты сүзгіден өтуші вирус туғызатын, теріде өзіне тән шешектік өзгерістердің пайда болуымен және ауыз, жоғары тыныс жолдарының кілегей қабықтарының дифтероидтық бұзылуымен сипатталатын контагиоздық ауру.
      Вирустың үш түрі кездеседі: тауық шешегі, көгершін шешегі және канареек шешегі. Тауық шешегінің вирусымен ауыратындар: тауықтар, түйе құстар, фазандар, цесаркалар, павлиндер және басқа құстар.
      Індеттің көзіне ауру және ауырып жазылған құстар (ауырып жазылғаннан кейін 2 ай мерзім ішінде), шешек вирусымен залалданған жұмыртқалар, түк-мамықтары және қауырсындары, топырақ, азық, су, құралдар және қызметкерлердің жұмыс киімдері жатады. Ауруды таратушы үй және жабайы құстар, және де кеміргіштер, шыбын-шіркейлер (кенелер, шыбындар, бүргелер, масалар) бола алады.

      2. Аурудың диагнозы клиникалық-эпизоотологиялық мәліметтерге, патологиялық-анатомиялық өзгерістерге және зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып қойылады. Шешектің диагнозын қою кезінде келесі аурулар бөлініп алынады: А авитаминозы, жұқпалы ларинготрахеит, пастереллез, молочница, парша, аспергиллез, кандидамикоз, жұқпалы мұрыннан су ағу, жұқпалы бронхит, респираторлық микоплазмоз.

  2. Құстардың шешек ауруын алдын алу шаралары

      3. Құс фабрикаларында немесе құс фермаларында (бұдан әрі - Құс шаруашылығы) ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау, құстардың жаңа бастарын тасымалдап алып келердің алдында мұқият дезинфекция және дезинвазия жүргізіледі.

      4. Аурудан таза құс шаруашылықтарында құстардың осы ауруына шалдыққыш барлық бастарына шешекке қарсы алдын алу вакцинациясы жүргізіледі.

      5. Құс қораларына және жабдықтарына толық санация жүргізіле отырып, өсірілуші топтарда алдын-алу үзілісі іске асырылады.

      6. Құстардың шешегін алдын алу үшін, осы ауруға, құс шешегіне қарсы вирус-вакцинасын оны қолдану нұсқаулығының ережелерін сақтай отырып егеді.

  3. Аурудан таза емес бекеттерде ауруды жою шаралары

      7. Құстардың шешек ауруы анықталған құс шаруашылығы және басқа құс шаруашылығымен айналысушы субъектілер, аурудан таза емес бекеттер деп танылады және ол жерлерге Қазақстан Республикасы ветеринария саласының заңнамасында анықталған тәртіпке сәйкес карантин қойылады.

      8. Карантиннің тәртіптеріне байланысты тиым салынатындары:
      1) құстардың барлық жастағыларын және түрлерін көлікпен тасып шығаруға, оның ішінде, елді мекендерге балапандарды сатуға (етті қайта өңдеуші кәсіпорындарға етке тапсыруға тасымалдағанды есептемегенде). Жекелеген жағдайларда, шешектен қолайсыз құс қораларынан инкубация цехтары сенімді қорғаныста болған жағдайда және індеттің таралуына мүмкіндік жоқ жағдайда, эпизоотиялық жағдай ескеріле отырып және ауданның (облыстың) Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының рұқсатымен, тәуліктік жастағы тауық балапандарын, түйе тауық балапанын, цесаряттарды, қаз және үйрек балапандарын облыс шегіндегі мамандандырылған құс шаруашылықтарына тасымалдап шығаруға рұқсат етіледі;
      2) жұмыртқаларды тұқымдық мақсатта тасымалдап шығаруға.

      9. Карантин тәртіптеріне байланысты рұқсат етілетіндері:
      1) жұмыртқаларды дезинфекциядан өткізгеннен кейін сауда көздеріне шығарып сатуға;
      2) құс шаруашылығының ішінде құс бастарын өсіру мақсатында, аурудан таза құс қораларынан алынған құстардың жұмыртқалары, тікелей инкубаторға қойылар алдында дезинфекциядан өткен жұмыртқаларды инкубациялауға;
      3) шешекке қарсы егілген (вакцинациядан кейін 20 күн өткенде) суда жүзуші құстар, және де тауықтар, фазандар, павлиндер, түйеқұстар және цесаркаларды тасымалдап әкелуге.

      10. Құс шешегінен таза емес бекетте:
      1) құстардың арасында шешек ауруы пайда болған жағдайда барлық ауру және ауруға күдікті, және де әлсіз құстар сол құс шаруашылығының санитариялық ет сою бекетінде етке сойылады;
      2) бұндай құстарды етке өткізу үшін етті қайта өңдеуші кәсіпорындарға тасымалдап апаруға тиым салынады;
      3) қалған, аурудың клиникалық белгілері жоқ жартылай сау құстарды, экономикалық мақсатын ескере отырып, етке союға немесе етті қайта өңдеуші кәсіпорындарға өткізуге ұсынады;
      4) құс етіне ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізіледі. Бұндай жағдайда ауру құстарды союдан алынған тұтас еттерді тасымалдап шығару және асқа қолдануға тек қана термиялық өңдеуден өткізілгеннен кейін ғана рұқсат етіледі. Сондай-ақ алдын ала термиялық өңдеуден өтпеген тұтас еттер, құс шаруашылығының ішінде де сатылуға рұқсат етілмейді. Құс шаруашылықтарында немесе етті қайта өңдеуші кәсіпорындарында құстардың үлкен партиясын етке сою кезінде, эпизоотиялық жағдайды ескере отырып, ауданның (облыстың) Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының рұқсатымен, құстардың тұтас еттері тиісті облыстың ішіндегі жақын орналасқан ас мәзірлерін дайындаушы кәсіпорындарына тасымалданады;
      5) барлық клиникалық сау құстарды, шешекке қарсы вакцинасымен қолдану нұсқаулығына сәйкес егеді. Вакцинацияланған құстарға бақылау жүргізіледі, вакцинациядан кейін, егерде 20 күн ішінде олардың арасында шешекпен ауыратын құстар білінбесе (инкубациялық кезеңде егілгендерден), онда олар етке сойылады және 10 тармақтың 1 тармақшасында көрсетілгендей шара қолданылады;
      6) алдын алу мақсатында шешектің таралуына қауіп туғызушы құс шаруашылығында (елді мекен азаматтарының жеке қолдануындағы құстарды) құстарды вакцинациялайды;
      7) ауру және ауруға күдікті құстарды етке сою кезіндегі алынған түк-мамықтарды, қауырсындарды формальдегидтің сілтілік ерітіндісіне (едкий натрийінің 1%-ерітіндісіндегі 3%-формальдегид) 1 сағат батырып ұстау арқылы дезинфекциялайды, және түк өңдеуші кәсіпорындарына екі рет қапталып, ыдысқа салынып тасымалдауға шығарылады және ветеринариялық куәлікте (анықтама) шаруашылықтың шешектен таза екендігі туралы көрсетіледі;
      8) қоралардың бөлмелеріне, жабдықтарға, құралдарға және өндірістік аумақтарға мұқият механикалық тазарту және де дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізіледі, құс қораларынан алынған қи-нәжістері биотермиялық жолмен залалсыздандырылады; құс қоралары таза және құрғақ ұсталынып және құстардың тығыз тұруына жол берілмейді;
      9) құстар құнарлы азықтармен қамтамасыз етіледі, азық құрамына (рацион) сүт өнімдерін қосу ұсынылады.

      11. Етті қайта өңдеуші кәсіпорындарында және қабылдап-дайындаушы бекеттерінде шешек анықталған жағдайда барлық құстар етке сойылады, бұндай жағдайда етке сою уақытына және сауықтыру шаралары кезінде карантин қойылады. Бұларға жаңа келіп түсуші құстарды тасымалдап алып келу, тек барлық құс өнімдері сатылғаннан кейін және ветеринариялық-санитариялық сауықтыру шаралары (механикалық тазарту, дезинфекция, дезинсекция, дератизация) жүргізілгеннен кейін ғана рұқсат етіледі.

      12. Ауру жойылғаннан кейін 2 ай мерзім өткеннен соң (құстарда шешектің клиникалық белгілерінің соңғы рет тіркелуі анықталғанда) және соңғы қорытынды дезинфекция жүргізілгеннен кейін, аурудан таза емес шаруашылықтан карантин алынады.

      13. Карантинді алар алдында, ауру құстар болған серуен аумақтарын мұқият тазалап, дезинфекция жүргізіледі.

      14. Есейіп қалған балапандарды және үлкен құстарды басқа құс шаруашылықтарына топтастырып өсіруге тасымалдап шығаруға, карантинді алғаннан соң 6 ай мерзімі өткеннен кейін рұқсат етіледі.

                                       Қазақстан Республикасы       
Ауыл шаруашылығы министрінің    
2004 жылғы 18 тамыздағы       
"Құстардың жұқпалы ауруларын     
алдын алу және жою шаралары     
туралы ережелерін бекіту туралы" 
N 449 бұйрығымен бекітілген    

  Құстардың жұқпалы ларинготрахейтін алдын
алу және жою шаралары туралы ережесі

      Осы Құстардың жұқпалы ларинготрахейтін алдын алу және жою шаралары туралы ережесі (бұдан әрі - Ереже) ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және жүргізудің тәртібін анықтайды, Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының  26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалармен орындалуы үшін міндетті болып табылады.

  1. Жалпы ережелері

      1. Жұқпалы ларинготрахеит (ЖЛТ) - жас және ересек тауықтарда, түйе тауықтарда, фазандарда жоғары тыныс алу жолдарының және көздерінің кілегей қабықтарының қабынуымен сипатталатын, контагиозды ауру. Ауру жоғары жіті, жіті және созылмалы түрде өтеді, жылдық мезгілі жоқ.
      Аурудың қоздырғышы герпесвирустар туыстығына жатады. Індеттің көзіне ЖЛТ-пен ауырушы және ауырып жазылған құстар жатады. Үйректер, қаздар, цесаркалар, бөденелер патогенді вирустың тасымалдаушысы болуы мүмкін. Вирустың негізгі таралу жолы - аэрогенді. Бұдан басқа, аурудың қоздырғышы сойылған ауру құстың шикі өнімдерімен, залалданған азықтармен, сумен, қызмет етуші мамандардың жұмыс киімдерімен, құрал-жабдықтармен таралады.

      2. ЖЛТ диагнозы клиникалық белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне, эпизоотологиялық мәліметтерге және зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып қойылады.

  2. ЖЛТ ауруын алдын алу шаралары

      3. Құс фабрикаларын немесе құс фермаларын (бұдан әрі - Құс шаруашылығы) және басқа шаруашылық субъектілерін инфекцияның қоздырғышының таралуынан қорғау мақсатында, құс шаруашылығының басшылары және ветеринариялық мамандар осы Ереженің талаптарын қатаң сақтауға міндетті.

      4. ЖЛТ-ті алдын алуға арналған қажетті шаралар:
      1) құс топтары инкубациялық жұмыртқалармен және тәуліктік балапандармен тек қана ЖЛТ-тен таза шаруашылықтардан толықтырылады;
      2) құстардың әртүрлі жастағы топтары аумақтық ерекшеленіп алынған аймақтарға орналастырылады;
      3) құс қораларға бірдей жастағы құстарды толықтыру;
      4) бөлмелерге мұқият тазарту және дезинфекция жүргізе отырып, цикл аралық алдын алу үзілістері сақталуы қажет;
      5) тасымалдап әкелінетін асылтұқымды жұмыртқаларды, ыдыстарды және оларды жеткізуге қолданатын көлікті және де киімді, аяқ киімді, жүргізуші және алып келуші адамдардың қолдары дезинфекцияланады;
      6) құс шаруашылығына тасып әкелінетін меншік аналық топтан алынған жұмыртқаларға және асылтұқымды жұмыртқаларға бөлініп алынған инкубацияны қамтамасыз ету;
      7) шаруашылықтың басқа құстарынан бөлек, тасып әкелінген жұмыртқадан алынған тәуліктік балапандарды өсіру.

      5. ЖЛТ-ті алдын алуға Қазақстан Республикасында тіркелген, қолдану нұсқаулығына сәйкес, құстардың жұқпалы ларинготрахеитіне қарсы вирусквакциналар қолданылады. Құстарды бір қалыпты зоогигиеналық нормада ұстау және азықтандырумен, әрбір құс шаруашылығы қамтамасыз етуі қажет.

  3. Аурудан таза емес бекеттерде ауруды жою шаралары

      6. ЖЛТ ауруына күдік пайда болған жағдайда, ветеринариялық зертханаға аурудың бастапқы сатысындағы клиникалық ауру құстардың 4-5 бас сандарын және жаңа мәйіттерін зерттеуге жібереді. Бірмезгілде аурудың таралып кетпеуіне жол бермеу шараларын қолданады.

      7. Құстардың ЖЛТ ауруы анықталған жағдайда, құс шаруашылығы осы ауру бойынша таза емес болып жарияланады және бұл жерге шектеу енгізіледі.

      8. Шектеу енгізу кезінде тиым салынатыны:
      1) құс шаруашылығының ішінде аурудың оты өршіккен кезде құстарды бір орыннан келесі орынға ауыстыруға;
      2) аурудан таза емес құс шаруашылығына құстардың барлық жастағыларын тасымалдап апаруға және олардан тасымалдап шығаруға;
      3) инкубациялық жұмыртқаларды басқа құс шаруашылығына тасымалдауға;
      4) құс шаруашылығының ішінде аурудан таза емес құс қораларынан алынған жұмыртқаларды инкубациялауға қолдануға;
      5) азықтарды, жабдықтарды және құрал-саймандарды аурудан таза емес өндірістік бөлмелерден және аурудан таза емес құс шаруашылығы аумақтарынан тасымалдап шығаруға;
      6) аурудан таза емес бөлімдерден, аймақтан алынған жұмыртқаларды құс шаруашылығының жұмыртқа қоймасына тасымалдауға және қалауға;
      7) аурудан таза емес құс шаруашылығының аумағына және оның аумағынан адамдардың толық санитариялық өңделуінсіз және киімдерін және аяқ киімдерін ауыстырмай өтулеріне.

      9. Құс шаруашылығының аурудан таза емес кезеңінде рұқсат етілетіні:
      1) аурудан таза емес бөлімнен ас жұмыртқаларына дезинфекция жасалғаннан кейін сауда көздеріне облыс көлемінде тасымалдап шығаруға;
      2) аурудан таза құс қораларынан алынған жұмыртқаларды ішкі шаруашылық мақсатына қолдану үшін инкубациялау, формальдегидтің ерітіндісімен жүргізілген аэрозольдық дезинфекциядан кейін, схема бойынша: бірінші жолы - жұмыртқалағаннан кейін 1,5-2 сағаттан кем емес уақытта, екінші - арнайы автомашинадағы ыдыста қорапталған күйінде немесе инкубаторияның дезинфекциялық камерасында, үшінші - инкубаторға қаланардың алдында таңдалып алынғаннан кейін; төртінші - инкубацияның басталуынан 6 сағат өткеннен соң;
      3) құс шаруашылығында сою цехы болмаған кезде, облыстың мемлекеттік ветеринариялық қадағалау мекемесінің рұқсатымен, аурудан таза құс қораларынан жоспарлы түрде етке союға жататын құстарды, құс етін қайта өңдеуші кәсіпорындарына тасымалдауға.

      10. Құс шаруашылығында құстардың ЖЛТ алғаш рет пайда болған кезде, аурудың таралуына жол бермеу мақсатында аурудан таза емес құс қорасындағы барлық құстар етке сойылады. Бұндай жағдайда сыртқы ортадағы аурудың қоздырғышын жоюды қамтамасыз ететін барлық қажетті ветеринариялық-санитариялық шаралар жүргізіледі.

      11. Ауру басқа құс қораларына таралған жағдайда, мұқият таңдау жүргізіледі және құс шаруашылығының санитариялық сою цехында ауру және әлсіз құстар етке сойылады.

      12. Барлық клиникалық сау құстарды ЖЛТ қарсы вакцинасымен, қолдану нұсқаулығына сәйкес иммунизациялайды.

      13. Құс шаруашылығында құстарды азықтандыруды және ұстауды жақсартады, рационға антистресстік препараттар (қоспаларды) енгізіледі.

      14. Әрбір құс қорасына қызмет атқарушы адамдар тағайындалады, олар жұмыс киімімен, арнайы аяқ киіммен, дезинфекциялаушы заттармен қамтамасыз етіледі.

      15. Құстарды сою, ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтай отырып, ветеринариялық маманның бақылауымен, соңынан сойылған жерге, құрал-саймандарға және жабдықтарға дезинфекция жүргізіледі.

      16. Аурудан таза емес құс қорасынан құстардың үлкен партиясын сою қажеттілігі кезінде және құс шаруашылығында 2 тәулік мерзімі ішінде сою мүмкіншілігі болмаған жағдайда, ауданның (облыстың) Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының рұқсатымен клиникалық сау құстарды, тиісті ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтай отырып, етті қайта өңдеуші кәсіпорындарына тасымалдап апаруына рұқсат етіледі.

      17. Құстардың тұтас еттеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама және қайта өңдеу жүргізіледі. Тұтас еттерінде және органдарында өзгерістер болмаған жағдайда, қайнатқаннан кейін қолданады немесе қайнатылған шұжықтар, консервілер дайындауға арналады.

      18. Аурудан таза емес құс қораларында құстарды сойғаннан алынған түк-мамықтары және қауырсындары келесі тәсілдермен дезинфекцияланады:
      1) ыстық ауамен - кептіргіш қондырғыларда 85-90 С температурада 20 мин. бойы;
      2) 3%-ті формальдегидтің ыстық (45-50 С) ерітіндісінде арнайы ыңғайлы ыдыста 30 мин. бойы;
      3) ыстық суда (85-90 С) арнайы ыңғайлы металдан жасалған ыдыста 20 мин бойы;
      4) түк-мамықтарын және қауырсындарын формальдегидтің ерітіндісімен немесе ыстық сумен дезинфекциялағаннан кейін түк-мамықтарын және қауырсындарын ылғалдан сығып алып және кептіргіш қондырғыларда кептіреді.

      19. Құстарды етке союға тасымалдағаннан кейінгі контейнерлер және жәшіктер ет тасылатын ыдыстар, және де жұмыртқа тасуға қолдануға арналған контейнерлер, картондық төсеніштер, жәшіктер және басқа ыдыстар міндетті түрде тазалауға және дезинфекциялауға жатқызылады.
      Құстарды және жұмыртқаларды тасымалдауға арналған ағаш жәшіктерді, контейнерлерді дезинфекциялау үшін едкий (өткір) натрияның 2%-ыстық ерітіндісін немесе формальдегидтің 1-2%-ті ерітіндісін қолданады. Ағаш ыдыстарды кальциленген соданың 5%-ті ыстық ерітіндісімен немесе едкий (өткір) натрияның 2%-ыстық ерітіндісімен дезинфекциялайды. Металдан дайындалған ыдыстарды кальциленген соданың 5%-ті ыстық ерітіндісімен. Дезинфекция жүргізілгеннен кейін оларды мұқият сумен жуады.

      20. Құс шаруашылығының ЖЛТ таза емес кезеңі кезінде мұқият механикалық тазарту, және де аурудан таза емес құс қораларына, инкубаторияларға, қосалқы бөлмелерге, құрал-саймандарға және жабдықтарға, өндірістік аумақтарға, көлік заттарына және басқа нысандарға күнделікті және қорытынды дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізіледі.

      21. Құстардан босап бос тұрған бөлмелерге дымқыл дезинфекция жүргізу үшін, келесі препараттардың бірін қолданады: едкий (өткір) натрияның 2%-ті ыстық ерітіндісі, формальдегидтің 2%-ті ерітіндісі, 2%-ті белсенді хлордан тұратын хлорлы известің ашық ерітіндісі, жаңа сөндірілген известің 20%-ті қою сұйығы (арасы 1 сағаттан 2 рет ақтау жолымен), кальциленген соданың 10%-ті ыстық ерітіндісі.

      22. Ауаны және өндірістік бөлмелердің беткі жақтарын, жабдықтарды құстарды сыртқа шығармай аэрозольдық дезинфекция жүргізу үшін йодтриэтиленгликольды, сүт қышқылын, хлорскипидардың буын, гипохлорид натриясын, су тотығының қалыпталған ерітіндісін қолданады.

      23. Қи-нәжісті және терең төсенішті қи-нәжіс сақтағышқа (помeтохранилище) биотермиялық залалсыздандыруға тасымалдап шығарады.

      24. Құс етін қайта өңдеуші кәсіпорындарында құстардың ЖЛТ пайда болған жағдайда, кәсіпорындағы барлық құстар етке сойылады. Мұндай кезде бұл кәсіпорынға жаңадан келіп түсетін құстарды тасымалдап әкелуге тек қана, барлық құс шаруашылығы өнімдері сатылып болғаннан кейін және барлық қажетті ветеринариялық-санитариялық шаралар (бөлмелерге және аумаққа механикалық тазарту, дезинфекция, дезинсекция, дератизация, құрал-саймандарға және жабдықтарға дезинфекция) жүргізілгеннен кейін рұқсат етіледі.

      25. Құстардың ЖЛТ бойынша, ауру құстың сойылуының соңғы жағдайынан соң немесе ауырып жазылған құстардан кейін 2 ай өткеннен соң және қорытынды ветеринариялық-санитариялық шаралар жүргізілгеннен кейін, шектеу құс шаруашылығынан алынады.

      26. Шектеу алынғаннан кейін, ЖЛТ қарсы құстарын вакцинациялаған асылтұқымды құсшаруашылығына, асылтұқымды жұмыртқаларды формальдегидтің буымен міндетті түрде 3-реттік дезинфекциялағаннан кейін барлық категориядағы шарушылықтарға сатуға рұқсат етіледі. Барлық жастағы құстарды сатуға тек қана, құстарды ЖЛТ қарсы егетін құс шаруашылығына ғана рұқсат етіледі.      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады