Жылқылардың инфекциялық ауруларының алдын алу және жою бойынша ветеринариялық ережелердi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 608 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 26 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3226. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы"  Заңының 26 бабына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) жылқының инфекциялық анемиясының алдын алу және жою бойынша ветеринариялық ережелер;
      2) жылқы тұмауының алдын алу және жою бойынша ветеринариялық ережелер;
      3) сақаудың алдын алу және жою бойынша ветеринариялық ережелер бекiтiлсiн.
      2. Ветеринариялық департаментiне, Ауыл шаруашылық министрлiгiнiң облыстық аумақтық басқармаларымен, Астана және Алматы қалалары бiрлеce отырып, заңнамада белгiленген тәртiпте, осы бұйрықтан туындайтын керектi шаралар қабылдасын.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрiнiң  
2004 жылғы 28 қазандағы N 608 
бұйрығымен бекiтiлген     

  Жылқының инфекциялық анемиясының алдын алу
және жою бойынша ветеринариялық ережелер

      Осы Жылқының инфекциялық анемиясының алдын алуын және жою бойынша ветеринариялық ережелер (әрi қарай - Ветеринариялық ережелер) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы"  Заңының 26 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың орындауға мiндеттi ветеринариялық шараларын ұйымдастыру және орындау тәртiбiн анықтайды.

  1. Жалпы ережелер

      1. Жылқының инфекциялық анемиясы тақ тұяқты жануарлардың, дене қызуының тұрақты немесе аумалы төкпелi қызбасымен, қан аздығымен, жүрек жүйесiнiң жұмысының бұзылуымен ерекшеленетiн вирустық ауру.
      Табиғи жағдайда барлық жастағы жылқылар, есектер, қашырлар ауырады.
      Көп жағдайда ауру созылмалы түрде өтедi. Жiтi және жiтiден төмен түрлерi сирек тiркеледi. Жұқпалы анемиямен ауырып жазылған жылқылар өмiр бойы вирус тасымалдаушы болып қалады.
      Аурудың қоздырушысы негiзiнен қан сорғыш жәндiктер арқылы таралады.

      2. Жылқының инфекциялық анемиясына диагноз клиникалық және патологоанатомиялық белгiлерiнiң, iндеттанулық деректер және зертханалық зерттеулердiң нәтижелерi негiзiнде қойылады.

  2. Ветеринариялық-санитарлық таза аумақтағы
жылқының инфекциялық анемиясының алдын алу үшiн
жүргiзiлетiн шаралар

      3. Меншiгiнде тақ тұяқты жануарлар бар, жеке және заңды тұлғалар жылқының инфекциялық анемиясының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрiнiң "Жеке және заңды тұлғалардың мiндеттi түрде орындайтын ветеринариялық шараларының  ережесi " 2002 жылғы 14 қарашадағы N 367 бұйрығымен бекiтiлген, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу реестрiнде 18 желтоқсан 2002 жылғы N 2088 тiркелген ережелерге сәйкес жыл сайын жоспарлы түрде оларды диффузиялық преципитация әдiсiмен тексертедi. Сондай-ақ, жануарлар мынадай жағдайларда да тексерiледi:
      1) асыл тұқымды және қолданыстағы малдар ветеринариялық-санитарлық таза аумақтан тысқары шығарылғанда, жiберiлуге 30 күн қалғанға дейiн;
      2) жаңадан әкелген малдарды карантиндеу кезеңiнде;
      3) биологиялық өнеркәсiпте продуцент ретiнде әкелiнген жылқыларды арасына 30 күн салып 2 рет тексеруге, ал кейiнiрек жылына 2 рет тексеруге.

      4. Шаруашылық субъектiлерiн жылқының инфекциялық анемиясынан таза пункттердiң малдарымен толықтыруға.

  3. Жылқының инфекциялық анемиясының iндет ошағында
және одан таза емес пункттерде жүргiзiлетiн шаралар

      5. Шаруашылық субъектiлерiнде жануарлардың инфекциялық анемиясы байқалғанда, сол шаруашылық субъектiсiнiң ветеринария маманы тез арада әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторына хабарлауы тиiс.

      6. Әкiмшiлiк аумақтың бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторы жылқының инфекциялық анемиясымен жануарлардың ауырғаны туралы күдiктi хабарды алысымен диагнозды анықтауға, iндеттанулық талдау жүргiзуге, iндет ошағының және iндеттен таза емес пункттiң шекарасын анықтауға тез арада сол жерге келедi. Ауру малдардан патологиялық материалдар алып ветеринариялық зертханаға жiбередi.

      7. Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы Заңының  26 бабына сәйкес әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен, жылқының инфекциялық анемиясы шыққан аурудан таза емес пунктке карантин қойылады.

      8. Карантиннiң шарттары бойынша рұқсат етiлмейдi:
      1) шаруашылық субъектiлерiнiң аумағына тақ тұяқты жануарларды әкелуге және одан тысқары шығаруға;
      2) шаруашылық субъектiлерiнiң iшiнде бейiм жануарларды қайтадан топтастыруға (ауру малдарды оқшаулаудан басқа), сондай-ақ ауру малдармен сау малдардың жайылымының, суаттарының бiрге болуына және бiрге ұсталуына;
      3) жылқылардан алынатын қан сарысуларын инфекциялық анемияның вирусынан залалсыздандырмай сатуға;
      4) карантинделген пункттегi жеке және заңды тұлғалардың жылқыларының қымызын сыртқа шығарып сатуға.

      9. Індеттен таза емес пункттегi барлық жылқыларға, есектерге, қашырларға клиникалық бақылау жүргiзедi және инфекциялық анемияға диффузиялық преципитациялау әдiсiмен тексередi.

      10. Инфекциялық анемиямен ауырған малдар оқшауланып сойылады да техникалық өңдеуге жiберiледi.

      11. Мал қоралары, ауру малдар бөлiнiп алынғаннан кейiн, карантиндеу мерзiмi бiткенге дейiн әрбiр 15 күн сайын дезинфекцияланады.

      12. Көң биотермиялық жолмен залалсыздандырылады.

      13. Инфекциялық анемияға серологиялық тексеру кезiнде оң нәтиже немесе арасына 7-10 күн салып тексерiлгенде 2 рет күмәндi нәтиже берген және клиникалық белгiлерi (дене қызуының көтерiлуi, домбығу, арықтау) байқалмаған малдар санитарлық қасапханада сойылады. Тамаққа жарамды ет, пiсiру арқылы залалсыздандыруға немесе консервi дайындауға жiберiледi. Малдың басы, сүйектерi, iшкi ағзалары утильденедi. Терi дезинфекцияланады.

      14. Індеттен таза емес пункттегi диффузиялық преципитациялау әдiсiмен тексерiлгенде терiс нәтиже берген қалған тақ тұяқты жануарлар, осы әдiспен арасына 30 күн салып үйiр бойынша 2 рет терiс нәтиже алынғанға дейiн қайтадан тексерiледi.

      15. Серологиялық тексеруде оң нәтиже берген биелерден алынған құлындар, инфекциялық анемияға диффузиялық преципитациялау әдiсi арқылы арасына 30 күн салып 2 рет тексерiледi. Екi рет терiс нәтиже берген құлындар таза деп есептеледi.

      16. Бiрiншi немесе екiншi рет тексергенде күмәндi нәтиже берген құлындар 7-10 күннен кейiн қайтадан тексерiледi. Оң және екi рет күмәндi нәтиже берген құлындар сойылуға жатады.

      17. Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының  26 бабына сәйкес әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен, карантин жылқының инфекциялық анемиясынан таза емес пункттен, барлық ауру және диффузиялық преципитациялау әдiсiмен тексергенде оң нәтиже берген малдар сойылғаннан, қалған тақ тұяқты жануарларды арасына 30 күн салып тексергенде 2 рет терiс нәтиже алынғаннан кейiн, сондай-ақ қорытынды ветеринариялық iс-шаралар жүргiзiлгеннен кейiн алынады.

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрiнiң  
2004 жылғы 28 қазандағы N 608 
бұйрығымен бекiтiлген     

  Жылқы тұмауының алдын алу және жою бойынша
ветеринариялық ережелер

      Осы Жылқы тұмауының алдын алу және жою бойынша ветеринариялық ережелер (әрi қарай - Ветеринариялық ережелер) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының  26 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың орындауға мiндеттi ветеринариялық iс шаралардың ұйымдастыру және орындау тәртiбiн анықтайды.

  1. Жалпы ережелер

      1. Жылқының тұмауы тыныс ағзаларының зақымдануымен және дененiң оқтын-оқтын қызынуымен ерекшеленетiн жiтi өтетiн аса жұғымтал ауру.
      Аурудың қоздырушысы құрамында рибонулеин қышқылы бар ортомиксовирус туыстығындағы А типтегi вирус.
      Табиғи жағдайда жасына, жынысына қарамай барлық жылқылар ауырады.

      2. Жылқының тұмауына диагноз клиникалық және патологоанатомиялық белгiлерiнiң, iндеттанулық деректер және зертханалық зерттеулердiң нәтижелерi негiзiнде қойылады.

  2. Ветеринариялық санитарлық таза аумақтағы жылқының
тұмауының алдын алу үшiн жүргiзiлетiн шаралар

      3. Меншiгінде жылқылары бар жеке және заңды тұлғалар, тұмаудың алдын алу мақсатында мынандай шараларды жүргiзедi:
      1) жыл сайын жылқыларды ветеринариялық мамандарға тұмауға қарсы еккiзедi;
      2) шаруашылық субъектiсiне ауру және тұмауға күдiктi жылқыларды әкелуге тиым салынады;
      3) барлық жаңа әкелiнген жылқыларды 30 күн бойы карантинде ұсталады.

      4. Импортталатын жылқылар тұмау вирусiнiң екi типiне қарсы егiлуi және әкеткенге дейiнгi сегiз апта, не болмаса екi апта iшiнде қайтадан тұмауға қарсы егiлуi тиiс.

  3. Жылқының тұмауының iндет ошағында және одан
таза емес пункттерде жүргiзiлетiн шаралар

      5. Шаруашылық субъектiсiнде жылқының тұмауы байқалғанда, сол шаруашылық субъектiсiнiң ветеринария маманы тез арада ол туралы әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторына хабарлайды.

      6. Әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторы жылқылардың тұмаумен ауырғаны туралы хабарды алысымен, аурудың диагнозын; iндет ошағының және аурудан таза пункттiң шекарасын анықтауға тез арада сол жерге келедi. Ауырған малдардан патологиялық материалдар алып оларды ветеринариялық зертханаға жiбередi.

      7. Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының  27 бабына сәйкес әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен жылқы тұмауынан таза емес пунктке карантин қойылады.

      8. Карантин шарты бойынша рұқсат етiлмейдi:
      1) шаруашылық субъектiсiнiң аумағына жылқыларды әкелуге және сыртқа шығаруға;
      2) шаруашылық субъектiсiнiң iшiнде оқшауханадағы ауру малдардан басқа жылқаларды қайтадан топтастыруға, сондай-ақ ауру жылқылардың сау жылқылармен жайылымда, суаттарда және қорада бiрге болуына.

      9. Ауру және ауруға күдiктi жылқыларды оқшаулап емдейдi.

      10. Ауру және ауруға күдiктi жылқылар тұрған қораларды әрбiр 10 күн сайын 2% күйдiргiш натрий ерiтiндiсiмен дезинфекциялайды.

      11. Көңдi және төсенiштi биотермиялық әдiспен залалсыздандырады. Өлген малдардың өлекселерiн утильдейдi.

      12. Сау жылқыларды вакцинамен егедi.

      13. Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының  27 бабына сәйкес әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен шаруашылық субъектiсiнде соңғы ауырған мал тiркелген 15 күннен және қорытынды iс шаралары жүргiзiлгеннен кейiн карантин алынады.

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрiнiң  
2004 жылғы 28 қазандағы N 608 
бұйрығымен бекiтiлген     

  Сақаудың алдын алу және жою бойынша
ветеринариялық ережелер

      Осы Сақаудың алдын алу және жою бойынша ветеринариялық ережелер (әрi қарай - Ветеринариялық ережелер) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының  26 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi ветеринариялық шаралардың ұйымдастыру және орындау тәртiбiн анықтайды.

  1. Жалпы ережелер

      1. Сақау созылмалы өтетiн, терiде кiлегей қабықтарында және iшкi ағзаларда түйiндердiң пайда болуымен ерекшеленетiн малдың және адамның жұқпалы ауруы.
      Қоздырушысы Streptococcus equi - қозғалмайтын, спора түзбейтiн, грамм оң коктар тiзбегi.
      Сақаумен 6 айдан 5-жасқа дейiнгi жылқылар және басқа да тақ тұяқтылар (есек, қашыр) жануарлар ауырады.

      2. Диагноз iндеттанулық деректердiң (бiр уақытта жас жылқылардың ауырғаны), клиникалық белгiлерiнiң (дене қызуы, мұрын қуысының кiлегей қабығының қабынуы жақ асты сөл түйіндерiнiң қабынуы) және зертханалық зерттеулердiң (сөл түйiнiндегi iрiңнен сақаудың қоздырушысы строптококтарды табу) негiзiнде қойылады.

  2. Ветеринариялық санитарлық таза аумақтағы
сақаудың алдын алу үшiн жүргiзiлетiн шаралар

      3. Меншiгiнде жылқылары бар жеке және заңды тұлғалар, сақаудың алдын алу мақсатында Ауыл шаруашылығы министрiнiң "Жеке және заңды тұлғалардың мiндеттi түрде орындайтын ветеринариялық iс шараларының  ережесi " 2004 жылғы 14 қарашадағы N 367 бұйрығымен бекiтiлген, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу реестрiнде 18 желтоқсан 2002 жылғы 2088 тiркелген ережелерге сәйкес мынадай шаралар жүргiзедi:
      1) жылқыларды ветринариялық мамандарға тексеруден өткiзуге апарады;
      2) жануарларды құнды жем шөппен қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
      3) құлындарды сақа жылқылардан бөлек ұстайды;
      4) жылқыларды әкелу және жем сатып алу тек аурудан таза шаруашылық субъектiлерiнен жүзеге асырылады;
      5) барлық сырттан әкелiнген жылқаларды 30 күн бойы профилактикалық карантиндеуде ұстайды;
      6) бес жасқа дейiнгi жануарларды жыл сайын ветеринариялық мамандарға сақауға қарсы егуге апарады;
      7) жыл сайын қораларда профилактикалық дезинфекция жүргiзедi.

  3. Сақау iндетiнiң ошағында және одан таза
емес пункттерде жүргiзiлетiн шаралар

      4. Шаруашылық субъектiсiнде жылқылардың сақаумен ауырғаны байқалғанда, сол шаруашылық субъектiсiнiң ветеринария маманы тез арада ол туралы әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторына хабарлайды.

      5. Әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторы жылқылардың сақаумен ауырғаны туралы хабарды алысымен, аурудың диагнозын, iндет ошағының және аурудан таза емес пункттiң шекарасын анықтауға тез арада сол жерге келедi. Ауру жылқылардан патологиялық материалдар алып ветеринариялық зертханаға жiбередi.

      6. Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының  27 бабына сәйкес, әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен сақаудан таза емес пунктке шектеу қойылады.

      7. Шектеудiң шарттары бойынша рұқсат етiлмейдi:
      1) iндеттен таза емес шаруашылық субъектiсiнен жылқыларды және жем шөптi тасымалдауға;
      2) шаруашылық субъектiсiнiң iшiнде жылқыларды топтастыруға;
      3) шаруашылық субъектiсiнiң аумағына бөтен адамдардың келуiне.

      8. Барлық қалған жылқыларды алдын алу мақсатында иммундейдi.

      9. Жылқыларды күн сайын дене қызуын өлшеп клиникалық байқаудан өткiзедi.

      10. Көңдi, төсенiштi, жем шөп қалдықтарын биотермиялық жолмен залалсыздандырады.

      11. Мал тұрған қораларды тазалайды және дезинфекциялайды.

      12. Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы Заңының  27 бабына сәйкес, әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен шаруашылық субъектiсiнен соңғы сақаумен ауырған мал тiркелген 15 күннен және қорытынды шаралары жүргiзiлгеннен кейiн барып, шектеу алынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады