Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 213 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 390 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 27 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3399. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358   қаулысымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін   3-тармақтан   қараңыз ).
____________________________

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы Ережені бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 213  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1902 тіркелген, 2002 жылғы 1-14 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2098 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26-қарашадағы  N 467 , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2251 тіркелген 2003 жылғы 21-наурыздағы  N 97 , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2362 тіркелген 2003 жылғы 7-мамырдағы N 151  қаулыларымен және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2776 тіркелген 2004 жылғы 16-ақпандағы  N 36 , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2930 тіркелген 2004 жылғы 24-мамырдағы N 149  қаулыларымен енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 

     аты мынадай редакцияда жазылсын:
     "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәні және есеп айырысу әдістемесі туралы нұсқаулығын бекіту туралы";

     1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "1. Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәні және есеп айырысудың ұсынылып отырған әдістемесі туралы нұсқаулығы бекітілсін (бұдан әрі - Нұсқаулық).";

     2-тармақтағы "Ереже" деген сөз "Нұсқаулық" деген сөзбен ауыстырылсын;

     2-1-тармақта:
     бірінші абзацта "аталған қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереже" деген сөздер "Нұқаулықпен" деген сөзбен ауыстырылсын;
     екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы абзацтар алынып тасталсын;
     көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережеде:
     1) оң жақ жоғарғы бұрыштағы "Бекітілді" деген сөз өзгеріссіз қалдырылсын;
     2) аты мынадай редакцияда жазылсын:
     "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәні және есеп айырысуының ұсынылып отырған әдістемесі туралы нұсқаулығы";
     3) мәтіннің өн бойындағы "осы Ереже бойынша", "осы Ереженің", "осы Ережемен" деген сөздер тиісінше "осы Нұсқаулық бойынша", "осы Нұсқаулықтың", "осы Нұсқаулықпен" деген сөздермен; "борышкерлерді", "борышкерді", "борышкермен", "борышкерлер", "борышкер" деген сөздер тиісінше "заемшыларды", "заемшыны", "заемшымен", "заемшылар", "заемшы" деген сөздермен ауыстырылсын;

     4) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
     "Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" және "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - банктер) сақтауға міндетті пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәнін және есеп айырысу әдісін белгілейді.";

     5) 3-тармақтың сегізінші абзацындағы "жабық акционерлік" деген сөздер "акционерлік" деген сөзбен ауыстырылсын;

     6) 4-тармақтың екінші абзацы "сатып алынған меншікті акцияларын шегергендегі" деген сөздермен толықтырылсын;

     7) 5-тармақтың бесінші абзацы ", банктің сатып алынған меншікті реттелген акцияларын шегергендегі" деген сөздермен толықтырылсын;

     8) 6-тармақтағы:
     төртінші абзац алынып тасталсын; 
     бесінші абзацтағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгімен ауыстырылсын;
     мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
     "5) мұндай өтеу уәкілетті органның қорытындысына сәйкес кейінірек банк капиталының жеткіліктілік коэффициентінің осы Нұсқаулықта белгіленген ең аз мөлшерден төмен азаюына әкеліп соқтырмауы талабымен, банк (толық немесе ішінара) өтеуі, оның ішінде мерзімінен бұрық өтеуі мүмкін.";
     алтыншы абзацтағы "меншікті капиталға қосылатын" деген сөздерден кейін "-бұл" деген сөзбен толықтырылсын;

     9) 10-тармақта:
     бірінші абзацтағы "ағымдағы және келесі екі айдың не беймәлім мерзім ішіндегі тіректік кредиттік тәуекелдер," деген сөздер алынып тасталсын;
     сегізінші абзацтағы "осы борышкерлерді" деген сөздерден кейінгі "банкті" деген сөз алынып тасталсын;

     10) 12-тармақта:
     төртінші абзацтағы "ағымдағы және келесі екі айдың не беймәлім мерзім ішіндегі пайда болуы мүмкін (тіректік кредиттік тәуекелдер)," деген сөздер алынып тасталсын;
     он үшінші абзацтағы ";" деген тыныс белгі "." деген тыныс белгімен ауыстырылсын;
     он төртінші абзац алынып тасталсын;

     11) 13-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
     "Әр қайсысының мөлшері банктің меншікті капиталының 10 %-нен асатын банктің әр заемшыға арнаған тәуекелінің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталы мөлшерінің сомасынан сегіз еседен аспауы тиіс.";

     12) 17-тармақтың төртінші абзацындағы:
     "Жабық акционерлік" деген сөздер "акционерлік" деген сөзбен ауыстырылсын;
     "немесе кепілге берілген" деген сөздермен толықтырылсын;

     13) 19-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
     "Осы Нұсқаулықтың 17-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жоғары өтімді активтер есебіне алынбайтын Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары мемлекеттік бағалы қағаздар қамтамасыз етілген жағдайдағы міндеттемелердің орта айлық мөлшерінің есебі қатарына жатқызылған жағдайда активтердің орта айлық мөлшерінің есебіне кіргізіледі.";

     14) 23 тармақ алынып тасталсын;

     15) 24-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
     "Таза валюталық позиция есебіне мөлшері валютаның айырбастау бағамының өзгеруімен белгіленетін теңгедегі талап етулер (активтер мен шартты талаптардың жиынтықты сомасы), міндеттемелер (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтықты сомасы) көрсетіледі.";

     16) мынадай мазмұндағы 24-1 тармақпен толықтырылсын:
     "24-1. Осы Нұсқаулық ашық валюта позициясының мынадай лимиттерін белгілейді:
     1) Standard & Poor's агенттігінің "А" кем емес дербес рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі және банктің меншікті капиталының 15 проценттік мөлшерінен аспайтын "Еуро" валютасындағы рейтингі бар елдердің шетелдік валюталары бойынша ашық валюталық позиция лимиті (ұзын және қысқа);
     2) Standard & Poor's агенттігінің "А" кем дербес рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі банктің меншікті капиталының 5 проценттік мөлшерінен аспайтын рейтингі бар елдердің шетелдік валюталары бойынша ашық валюталық позиция лимиті (ұзын және қысқа);
     3) банктің меншікті капиталының 30 проценттік мөлшерінен аспайтын мөлшердегі валюталық нетто- позиция лимиті.";

     17) 26-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
     "26. Осы Нұсқаулықтың 24-1 тармағымен белгіленген ашық валюталық позицияның лимитінің 5%-ке кемуімен ашық валюталық позицияны бұзушы банктің бұзылған валютасының лимитін кез-келген шетелдік валюта бойынша есепті апта ішіндегі ашық валюта позициясы лимиттері асып кеткен кезде.";

     18) мынадай мазмұндағы 26-1 тармақпен толықтырылсын:
     "26-1. Осы Нұсқаулықтың 25-тармағында көрсетілген есептен басқа, банктер осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес нысанда шетел валютасымен және осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес нысанда ұлттық валютамен активтер мен міндеттемелердің мерзімдерін салыстыру кестесін ұсынады.";

     19) 30-тармақтағы "кесте" деген сөз "кестелер" деген сөзбен ауыстырылсын;

     20) 1-қосымшада:
     оң жақтағы жоғарғы бұрыштағы жазба мынадай редакцияда жасалсын:
     "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәні және есеп айырысу әдістемесі туралы нұсқаулыққа 1-қосымша";
     Тәуекелдік дәрежесі бойынша орташа алынған банк активтерінің кестесінде:
     "Баптар атауы" тарауында:
     35-реттік нөмірі бар жолдағы "Жабық акционерлік" деген сөздер "акционерлік" деген сөздермен ауыстырылсын;
     43-реттік нөмірі бар жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "Қазақстан ипотекалық компаниясы" акционерлік қоғамы ұсынып отырған сипаттамалар мен талаптарға жауап беретін жеке тұлғаларға берілген, оның ішінде ипотекалық тұрғын үй заемының сомасының қамтамасыз ету құнына қатысы 85%-дан аспайтын және ипотекалық тұрғын үй заемының сомасының 70%-дық қатынасынан артық мөлшердегі сақтандыру ұйымы не бастапқы кредитор болып табылатын банкпен айырықша жағдайлар бойынша қатынасы жоқ заңды тұлға арқылы сақтандырылған (кепілдік берілген) ипотекалық тұрғын үй заемдары";
     57-реттік нөмірі бар жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ+"-ден төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар ұйымдарға, осындай деңгейдегі рейтингтік бағасы жоқ резидент ұйымдарға және Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ+"-ден "ВВ-"-ге дейін борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар осындай деңгейдегі рейтингтік бағасы жоқ резидент емес ұйымдарға берілген заемдар";
     61-реттік нөмірі бар жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ+"-ден төмен борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент ұйымдардың және "Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ+"-ден "ВВ-"-ге дейінгі борыштық рейтингі бар резидент емес ұйымдардың немесе басқа рейтинг агенттіктерінің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар салымдары";
     62-реттік нөмірі бар жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ+"-ден төмен борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар тиісті рейтингтік бағасы жоқ басқа резидент ұйымдардың және "Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ+"-ден "ВВ-"-ге дейінгі борыштық рейтингі бар резидент емес ұйымдардың немесе басқа рейтинг агенттіктерінің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар резидент ұйымның дебиторлық берешегі";
     67-реттік нөмірі бар жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ+"-ден төмен борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар тиісті рейтингтік бағасы жоқ басқа резидент ұйымдардың және "Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ+"-ден "ВВ-"-ге дейінгі борыштық рейтингі бар резидент емес ұйымдардың немесе басқа рейтинг агенттіктерінің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар резидент ұйымдардың шығарған бағалы қағаздары, сондай-ақ банк инвестициясы есебіне енгізілмеген акциялар";
     79-реттік нөмірі бар жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "Standard & Poor's агенттігінің "ВВ-"-ден төмен борыштық рейтингі немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі және тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент емес ұйымдарға ұсынылған заемдар";
     82-реттік нөмірі бар жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "Standard & Poor's агенттігінің "ВВ-"ден төмен борыштық рейтингі бар резидент емес ұйымдардағы немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар және тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент емес ұйымдардағы салымдар";
     83-реттік нөмірі бар жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "Standard & Poor's агенттігінің "ВВ-"ден төмен борыштық рейтингі немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар ұйымның және тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент емес ұйымдардың дебиторлық берешегі";
     87-жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "Standard & Poor's агенттігінің "ВВ-"ден төмен борыштық рейтингі бар немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар және тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент емес ұйымдардың шығарған бағалы қағаздары";
     реттік нөмірі 75-88 жолдағы "Тәуекел дәрежесі" бағанындағы "100%" саны "150%" санымен ауыстырылсын;
     1-тармақ салым тәуекелінің дәрежесі бойынша өлшенген банк активтерінің есебіне түсініктемелер, мынадай редакцияда жазылсын:
     "1. Салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, оның түзетілген құнын банктерде осы тармаққа сәйкес қамтамасыз етудің түзетілген құнын айқындауға мүмкіндік беретін баламалы есепке алу жүйелері болған кезде көрсетілген активтер көлемінің кемінде 50% құрайтын банкте қамтамасыз етуі (Салымдар тәуекелінің дәрежесі бойынша өлшенген активтер кестесінің 1-3, 9-11, 14-16 жолдарында көрсетілген активтер түрінде) бар заемдар қамтамасыз етудің түзетілген құнын шегере отырып тәуекел дәрежесі бойынша өлшенген активтердің есебіне енгізілуі мүмкін.
     Қамтамасыз етудің түзетілген құны (Салымдар тәуекелінің дәрежесі бойынша өлшенген активтер кестесінің 1-3, 9-11, 14-16 жолдарында көрсетілген активтер түрінде) мыналарға:
     салымдар сомасының 100%-не, оның ішінде қамтамасыз ету ретінде ұсынылған осы банкте;
     қамтамасыз етуге берілген бағалы қағаздардың рыноктық құнының 95%-не;
     қамтамасыз етуге берілген тазартылған бағалы металдар құнының 85%-не тең болады.
     Жоғарыда көрсетілген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың қамтамасыз етілмеген бөлігі салымдарға, дебиторлық берешекке, сатып алынған қағаздарға сәйкес тәуекел дәрежесі жөніндегі осы Кестеге орай өлшенеді.";

     21) 2-қосымшада:
     оң жақтағы жоғарғы бұрыштағы жазба мынадай редакцияда жазылсын:
     "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәні және есеп айырысу әдістемесі туралы нұсқаулыққа 2-қосымша";
     10-реттік нөмірі бар жолдың "Баптар атауы" тарауындағы Тәуекел дәрежесі бойынша салмақтанған банктің шартты және мүмкін міндеттемелерінің кестесіндегі "Жабық акционерлік" деген сөздер "акционерлік" деген сөзбен ауыстырылсын;

     22) оң жақтағы жоғарғы бұрыштағы 3-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
     "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәні және есеп айырысу әдістемесі туралы нұсқаулыққа 3-қосымша";

     23) оң жақтағы жоғарғы бұрыштағы 4-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
     "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәні және есеп айырысу әдістемесі туралы нұсқаулыққа 4-қосымша";

     24) мынадай мазмұндағы 5 және 6 қосымшалармен толықтырылсын:

                                     "Екінші деңгейдегі банктерге
                                        арналған пруденциалдық
                                       нормативтердің нормативтік
                                       мәні мен әдістемесі туралы
                                         нұсқаулыққа 5-қосымша

                    ________________________
                    (банктің қысқаша атауы)

         200 _ жылғы  «___» ________________  ұлттық
        валютамен активтердің және міндеттемелердің
                мерзімдерін салыстыру кестесі

Р/сN 

Баптар

Шетел валю-
та-
сында
ак-
тив-
тер

Шетел
валю-
та-
сында
мін-
дет-
теме-
лер

Актив-
тер
минус
міндет-
темелер
(3-бағана
- 4-
бағана)

Шетел
валю-
тасын-
да
шартты
мін-
детте-
мелер

Міндет-
темелер
мен шартты
міндеттеме-
лердің
сомасына
активтердің
қатынасы
(3-бағана/
[4-бағана+
6-бағана])

1

2

3

4

5

6

7

1

Талап ету
бойынша,
оның
ішінде:
1)
2)
3)






2

30 күнге
дейін,
оның
ішінде:
1)
2)
3)






3

3 айға
дейін,
оның
ішінде:
1)
2)
3)






4

6 айға
дейін,
оның
ішінде:
1)
2)
3)






5

1 жылға
дейін,
оның
ішінде:
1)
2)
3)






6

1 жылдан
жоғары,
оның
ішінде:
1)
2)
3)






7

Қорытынды:






   Басшы: _______________________________  ____________
            (фамилиясы және аты)          (қолы)

Бас бухгалтер: ________________________  ___________
                (фамилиясы және аты)      (қолы)

Орындаушы: _____________________________ ________ _________________
          (лауазымы, фамилиясы мен аты)  (қолы)   (телефон нөмірі)

     Есепке қол қойылған күн 200 __ жылғы "___"________________

     Активтер мен міндеттемелер мерзімдерін салыстыру кестесін толтыру жөніндегі түсіндірме:
     Шетел валютасында активтер мен міндеттемелер мерзімдерін салыстыру кестесін толтыру кезінде шетел валютасында әрбір актив (міндеттемелер) үшін ең аз мерзім қарастырылады, ол мерзім аяқталғаннан кейін банк дебиторлар мен корреспонденттердің міндеттемелерін орындауын талап етуге (клиенттердің талаптарын орындауға міндетті) құқылы. 1-7-жолдар толтырылады, оның ішінде жеке шет мемлекеттердің (шет мемлекеттер топтарының) мынадай валюталары бөлігінде:
     1) Standard & Poor's агенттігінің "А"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар елдердің немесе басқа рейтинг агенттіктерінің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар елдердің шетел валютасында, және "Еуро" валютасында;
     2) Standard & Poor's агенттігінің "В"-дан "А"-ға дейінгі тәуелсіз рейтингі бар елдердің немесе басқа рейтинг агенттіктерінің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар елдердің шетел валютасында;
     3) Standard & Poor's агенттігінің "В"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар елдердің немесе басқа рейтинг агенттіктерінің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар елдердің және сәйкес рейтинг бағасы жоқ елдердің шетел валютасында.
     Активтер, міндеттемелер және шартты міндеттемелер бағандары бойынша 1-ден 5-жолға дейінгі деректер өсу қорытындысы бойынша толтырылады. 5 және 6-жолдардың сомасы 7-жолдағы "Қорытындыға" жазылады.

                                     "Екінші деңгейдегі банктерге
                                        арналған пруденциалдық
                                       нормативтердің нормативтік
                                       мәні мен әдістемесі туралы
                                         нұсқаулыққа 6-қосымша

                    ________________________
                    (банктің қысқаша атауы)

         200 _ жылғы  «___» ________________  ұлттық
        валютамен активтердің және міндеттемелердің
                мерзімдерін салыстыру кестесі

Р/сN 

Баптар

Ұлттық валю-
тамен
актив-
тер


  Ұлттық валю-
тамен
мін-
дет-
теме-
лер 

Актив-
тер
минус
міндет-
темелер
(3-бағана
- 4-
бағана)

Ұлттық валю-
тамен
шартты
мін-
детте-
мелер

Міндет-
темелер
мен шартты
міндеттеме-
лердің
сомасына
активтердің
қатынасы
(3-бағана/
[4-бағана+
6-бағана])

1

2

3

4

5

6

7

1

Талап ету
бойынша






2

30 күнге
дейін






3

3 айға дейін






4

6 айға дейін






5

1 жылға
дейін






6

1 жылдан
жоғары






7

Қорытынды:






   Басшы: _______________________________  ____________
            (фамилиясы және аты)          (қолы)

Бас бухгалтер: ________________________  ___________
                (фамилиясы және аты)      (қолы)

Орындаушы: _____________________________ ________ _________________
          (лауазымы, фамилиясы мен аты)  (қолы)   (телефон нөмірі)

     Есепке қол қойылған күн 200 __ жылғы "___"________________

     Активтер мен міндеттемелер мерзімдерін салыстыру кестесін толтыру жөніндегі түсіндірме:
     Шетел валютасында активтер мен міндеттемелер мерзімдерін салыстыру кестесін толтыру кезінде шетел валютасында әрбір актив (міндеттемелер) үшін ең аз мерзім қарастырылады, ол мерзім аяқталғаннан кейін банк дебиторлар мен корреспонденттердің міндеттемелерін орындауын талап етуге (клиенттердің талаптарын орындауға міндетті) құқылы. Активтер, міндеттемелер және шартты міндеттемелер бағандары бойынша 1-ден 5-жолға дейінгі деректер өсу қорытындысы бойынша толтырылады. 5 және 6-жолдардың сомасы 7-жолдағы "Қорытындыға" жазылады.".

     2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді, ал осы қаулының 1-тармағының 11) тармақшасы және 20)-тармақшасының жиырма бесінші абзацы 2005 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енеді.

     3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
     1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
     2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

     4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

     Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады