Байланыс формасы

Коммуналдық меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде мемлекеттің атынан акциялардың мемлекеттік пакеттеріне және қатысудың мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асырудың жекелеген мәселелері

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2004 жылғы 26 шілдедегі № 167 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 3 қыркүйекте № 2122 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 101 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 11.05.2016 № 101 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі).
      Қазакстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-11 "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңының 34-бабы 3-тармағын орындау үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 мамырдағы № 565 "Республикалық меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде мемлекеттің атынан акциялардың мемлекеттік пакеттеріне және қатысудың мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асырудың жекелеген мәселелері" қаулысына сәйкес, сондай-ақ мемлекеттік меншікті тиімді басқару мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мемлекеттік органдар облыстың коммуналдық меншігіндегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде акционерлік қоғамдар акцияларынын мемлекеттік пакеттеріне және қатысудың мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асыруы кезінде:
      1) Атырау облысының коммуналдық меншік басқармасымен (бұдан әрі - Басқарма) мемлекеттік қатысуы бар акционерлік қоғамдардың жалпы жиналыстарында қабылдау үшін ұсынылатын мынадай:
      қоғам жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакцияда бекіту;
      қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру және тарату;
      жарғылық капиталдың мөлшерін өзгерту;
      есепті қаржы жылында қоғамның таза кірісін бөлудің тәртібі;
      қоғамға тиесілі барлық активтердің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын сомада активтердің бір бөлігін немесе бірнеше бөлігін беру жолымен коғамның өзге заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметіне қатысуы туралы шешім қабылдау;
      қоғамның меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын сомаға қоғамның міндеттемелерін ұлғайту туралы шешім қабылдау;
      оларды жасасуда қоғам мүддесі бар ірі мәмілелерді және мәмілелерді жасасу туралы шешімдерді қоғамның бекітуі;
      директорлар кеңесінің сандық кұрамын, өкілеттігі мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу мөлшері мен шарттарын айқындау;
      "алтын акцияны" енгізу және оның күшін жою мәселелері бойынша күн тәртібінің мазмұны мен шешімдердің жобаларын алдын ала жазбаша түрде келіссін;
      2) Қазакстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, атқарушы орган басшысын (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлғаны) сайлау және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселелерін Басқармамен келісуді қамтамасыз етсін;
      3) акциялардың кемінде 50 пайызына мемлекет ие акционерлік қоғамдардың директорлар кеңесі құрамына Басқарма өкілдерін енгізуді қамтамасыз етсін;
      4) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілмеген акционерлік коғамдардың директорлар кеңесі құрамына Басқарма өкілдерін енгізу жөнінде қажетті шараларды қабылдасын;
      5) мемлекеттің үлестік қатысуымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге (бұдан әрі - серіктестік) қатысушылардың жалпы жиналыстарырда қабылдау үшін ұсынылатын мынадай:
      жарғыға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу немесе жарғыны жаңа редакцияда бекіту;
      серіктестікті қайта ұйымдастыру немесе тарату;
      жарғылық капиталдың мөлшерін өзгерту;
      жылдық қаржы есептілігін бекіту және таза кірісті бөлу;
      серіктестіктің өзге де заңды тұлғаларда қатысуы туралы шешім;
      серіктестіктің бүкіл мүлкінің кепілі туралы шешім;
      серіктестіктің атқарушы органын құру, оның өкілеттігін мерзімінен бұрын токтату, сондай-ақ серіктестік мүлкін жалға немесе сенімгерлік басқаруға бер жөніндегі мәмілелер туралы шешім қабылдау;
      байкау кеңесін және (немесе) тексеру комиссиясын (тексерушіні) сайлау және өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
      қатысушыдан үлесті мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдау мәселелері жөніндегі күн тәртібінің мазмұны мен шешімдердің жобаларын Басқармамен алдын ала жазбаша келіссін;
      6) осы қаулының қосымшасына сәйкес Басқармаға ақпарат ұсынуды
қамтамасыз етсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бакылау облыс әкімінің орынбасары С.К. Нокинге жүктелсін.
      Облыс әкімі А. Мусин

  Облыс әкімиятының 2004 жылғы 26 шілде № 167 қаулысына қосымша

Атырау облысының коммуналдық меншік басқармасына мемлекеттік органдардың ақпарат беруінің кестесі

Р/с №
Ақпарат
Беру мерзімдері
1
2
3
1.
Акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акционерлері (қатысушылары) жалпы жиналыстарының шешімдері
жыл сайын, жиналыс өткізілгеннен кейін 10 күннің ішінде; сырттай дауыс беру жолымен шешім қабылданған жағдайда - 15 күн ішінде
2.
Ішкі аудит қызметінің (тексеру комисиясының) қорытындылары
жыл сайын, тиісті тексеру өткізілгеннен кейін 5 күннің ішінде
3.
Аудит жүргізудің нәтижелері
жыл сайын, аудит жүргізілгеннен кейін 5 күннің ішінде
4.
Акционерлік қоғамдардың жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акционерлері қатысушылары) кезектен тыс жалпы жиналыстарының шешімдері
өткізілуіне орай, жиналыс өткізілгеннен кейін 10 күннің ішінде; сырттай дауыс беру жолымен шешім қабылданған жағдайда - 15 күн ішінде
5.
Директорлар кеңесі отырысының шешімі
өткізілуіне орай, отырыстан кейін 7 күннің ішінде
6.
Соттыің шешімі (айқындамасы) (олар болған жағдайда)
соттың шешімін (айқындамасын) алғаннан кейін 3 күннің ішінде
7.
Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне (мемлекеттің қатысу үлесіне) дивидендтерді аудару туралы мәлімет
тоқсан сайын, келесі айдың 5 күніне дейін
8.
Акционерлік қоғамдар жасайтын ірі мәмілелердің барлық түрлері бойынша шарттардың көшірмелері
шарттарға қол қойылғаннан кейін 5 күннің ішінде
9.
Қағаз және электрондық таратқыштардағы Қазакстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі № 135 бұйрығымен бекітілген нысандар бойынша акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржылық ақпараты
жартыжылдық аяқталғаннан кейін 35 күннің ішінде, жыл аяқталғаннан кейін 90 күннің ішінде
10.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 23 қазандағы № 376 бұйрығымен бекітілген нысандар бойынша акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызмет жоспарларының көшірмелері
бекітілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде
11.
Акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер мөлшерінің болжамды көрсеткіштері
жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 сәуіріне дейін

      
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады