Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды келісу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті төрағасының 2005 жылғы 29 шілдедегі N 178 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 19 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3796. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 179 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 179 бұйрығымен.

Үзінді:

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңның  27-бабы  1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н. Айтжанова) бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы хабарласын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                     Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2008 жылғы 15 сәуірдегі
N 179 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасының күшін жойған кейбір
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1.  ........ .
      2.  ........ .
      3.  ........ .
      4.  ........ .
      5.  ........ .
      6.  ........ .
      7.  ........ .
      8.  ........ .
      9.  ........ .
      10. ........ .
      11. ........ .
      12. ........ .
      13. ........ .
      14. ........ .
      15. ........ .
      16. ........ .
      17. ........ .
      18. ........ .
      19. ........ .
      20. ........ .
      21. ........ .
      22. ........ .
      23. ........ .
      24. ........ .
      25. "Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды келісу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті төрағасының 2005 жылғы 29 шілдедегі N 178 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3796 болып тіркелді).
      26. ........ .
      27. ........ .
      28. ........ ."
_____________________________________

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабына  сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды келісу ережесі бекітілсін.
      2. Мемлекеттік сатып алуды үйлестіру басқармасы (Г.К. Кәкімова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті төрағасының орынбасары Б.А. Әлімбековке жүктелсін.

       Төраға

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрлігі    
Қаржылық бақылау және  
мемлекеттік сатып алу  
комитеті төрағасының   
2005 жылғы 29 шілдедегі
N 178 бұйрығымен    
БЕКІТІЛГЕН      

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді
бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік
сатып алуды жүзеге асыруды келісу ережесі

  1. Жалпы ереже

      1. Осы Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды келісу ережесі (бұдан - әрі Ереже) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы  Заңына  (бұдан - әрі Заң) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158  қаулысымен  бекітілген Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесіне (бұдан әрі - Мемлекеттік сатып алу ережесі) сәйкес әзірленген.
      Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды келісу тәртібін, сондай-ақ бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды келісу туралы өтініштерді қарау үшін қажетті құжаттар тізбесін анықтау осы Ереженің мақсаты болып табылады.

      2. Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар мен терминдер:
      1) тапсырысшы - мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ акцияларының (үлестерінің) елу және одан көбірек пайызы немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;
      2) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін, мемлекеттік сатып алу процесін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      3. Осы Ереже мемлекеттік сатып алу субъектілеріне, атап айтқанда: мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ акцияларының (үлестерінің) елу және одан көбірек пайызы немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.

      4. Мемлекеттік сатып алу бойынша уәкілетті органға заңнамада белгіленген жағдайларда сатып алу тәсілін келісу үшін тек қана тапсырысшы өтініш етеді.

      5. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу Заңның  21-бабының  1-тармағында және  24-бабында  анықталған жағдайларда ғана жүзеге асырылады.

      6. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырғанда мемлекеттік сатып алу процесін құқықтық реттеу принциптерін сақтау қажет.

      7. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру төмендегідей жағдайларда жүзеге асыру уәкілетті органның келісімін талап етпейді:
      1) табиғи монополиялар субъектілерінің тіркеліміне белгіленген тәртіппен енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінен;
      2) белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайда (монополистік) тұрған мемлекеттік рынок субъектілерінің тізіліміне белгіленген тәртіппен енгізілген осындай рыноктағы үлесі жүз пайызға тең, белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайда (монополистік) тұрған рынок субъектісінен;
      3) берілген субъектілердің алатын монополиялық жағдайының саласы мен тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мемлекеттік монополиялар субъектілерінен;
      4) Заңның  21-бабы  1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес төтенше жағдайларды жариялау салдарынан тауарлар мен қызмет көрсетулерге жедел қажеттілік туындаған кезде;
      5) Заңның 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен белгіленген берушілерден;
      6) мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (үлестерінің) елу және одан көбірек пайызы немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар, күнтізбелік он күннен аспайтын мерзім ішінде уәкілетті органға міндетті түрде хабарлаумен дереу қалпына келтіруді қажет ететін жүру жолында коммуникациялар, механизмдер, агрегаттар, қосалқы бөлшектер мен материалдардың істен шығуы және сынуы кезінде;
      7) мемлекеттік органдар, мемлекеттiк мекемелер бiртектi тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алудың жылдық көлемi құны жағынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштің екi мың еселенген мөлшерiнен кем болса;
      8) мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (үлестерінің) елу және одан көбірек пайызы немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар бiртектi тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алудың жылдық көлемi құны жағынан тиiстi қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасы заңнамада белгiленген айлық есептiк көрсеткiштің төрт мың еселенген мөлшерiнен кем болса;
      9) кепіл беруші - Қазақстан Республикасының азаматы ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша міндеттемелерді орындауға қабілетсіз болған жағдайда, жергілікті атқарушы орган Заңның  21-бабының  1-тармағының 8) тармақшасында көзделген жағдайларда ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша талап құқығын алады.

  2. Уәкілетті органға тапсырысшы беретін тауарларды,
жұмыстарды және қызметтерді бір көзден алу
тәсілімен мемлекеттік сатып алуды келісу жөніндегі
өтініштердің мазмұны

      8. Құжаттардың толық пакетін, осы Ереженің 9-12-тармақтарында анықталған тізбені бере отырып, жазбаша нысанда бір көзден мемлекеттік сатып алу тәсілін таңдауды келісу туралы өтініш уәкілетті органға беріледі. Бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін таңдауды келісу туралы өтінішке тапсырысшының бірінші басшысы немесе міндеттемелерді бөлуге сәйкес оның орынбасарлары қол қоюы қажет. Бір көзден тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін таңдауды келісу туралы өтініште мынадай ақпарат болуы тиіс:
      1) бір көзден мемлекеттік сатып алу тәсіліне жоспарлаған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің атауы;
      2) тапсырысшы бір көзден тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу тәсілін жүргізуге жоспарлаған сома, бұл ретте біртектес түрлерге бөле отырып, бірнеше біртектес тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің түрлерін бір көзден мемлекеттік сатып алу тәсілі туралы өтініш жіберген жағдайда;
      3) тапсырысшы оған сүйене отырып, бір көзден тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу тәсілін келісу туралы өтінішті жіберген Заңның нормасына сілтеме;
      4) Заңның  21-бабының  1-тармағының 4) тармақшасының негізінде бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу жоспарланған ықтимал берушінің атауы мен деректемелері.

      9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, бір көзден мемлекеттік сатып алу тәсілін келісу жөніндегі өтінішті жіберген кезде тапсырысшы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру үшін таңдап алған негіздемеге байланысты мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) сатып алу тәсілі, мерзімі, сатып алуға бөлінген сома, сондай-ақ сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің көлемі және номенклатурасы туралы ақпарат көрсетілген мемлекеттік сатып алу жоспарынан үзінді, бұл ретте егер көрсетілген құжаттар құпия болып табылса, онда оларды беру тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы  заңнамасымен  реттеледі;
      2) мемлекеттік органдарға, мемлекеттік мекемелерге арналған бюджеттік бағдарлама паспортының көшірмесі;
      3) тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге, сондай-ақ баламалардың жоқ екендігіне ықтимал берушінің айрықша құқығын растайтын құжаттарды (патент, куәлік және т.б.);
      4) тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге ықтимал берушінің құқығын растайтын құжаттарды (патент, куәлік және т.б.), сондай-ақ сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің ықтимал берушісін таңдаған кезде баламалардың болмағанын растайтын бірінші басшының немесе қол қою құқығы бар тұлғаның қолы қойылған құзыретті органның хатын береді.

      10. Тапсырысшы Заңның  21-бабының  1-тармағы 3) тармақшасының негізінде бір көзден мемлекеттік сатып алу тәсілін келісу жөніндегі өтінішті жіберген кезде мынадай құжаттарды (ақпаратты) беруі қажет:
      1) ықтимал берушіден бұрын сатып алынған тауарларға, жұмыстарға немесе қызметтерге сәйкес шарттың көшірмесі;
      2) техникалық ерекшелік және/немесе стандарттау, бірегейлендіру және қолдағы бар тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің сыйысымдылығын қамтамасыз ету қажеттігін растайтын өзге де құжаттар;
      3) құзыретті органның қорытындысы не тәуелсіз сараптама актісі.

      11. Тапсырысшы Заңның  21-бабының  1-тармағы 4) тармақшасының негізінде бір көзден мемлекеттік сатып алу тәсілін келісу жөніндегі өтінішті жіберген кезде мынадай құжаттарды (ақпаратты) береді:
      1) өткізілген конкурстар және конкурс комиссияларын құру туралы бұйрықтардың (өкімдердің) көшірмелері;
      2) конкурс(тар) өткізу және мерзімді баспа басылымының нөмірі, күні және атауы көрсетілген конкурс қорытындылары туралы басылымда жарияланған хабарландырулардың көшірмелері;
      3) ықтимал беруші өткізілген конкурстарға қатысу үшін конкурстық өтініштерді дайындауға ұсынған конкурстық құжаттамалардың көшірмелері;
      4) конкурстық өтініштерді ашу хаттамаларының және өткізілген конкурстардың нәтижелері туралы хаттамалардың көшірмелері;
      5) ықтимал берушілердің конкурстық өтініштерінің түпнұсқасы. Егер конкурстық өтініштерді өткізу кезінде конкурстық орта болмаған болса, онда конкурстық өтініштердің түпнұсқаларын ұсыну талап етілмейді.

      12. Тапсырысшының Заңның  21-бабының  1-тармағы 7) тармақшасының өтініш беруші жіберу кезінде мына төмендегі құжаттарды (ақпаратты) ұсынады:
      1) конкурсты өткізу және конкурс комиссияларын құру туралы бұйрықтардың (өкімдердің) көшірмелері;
      2) алда өткізілетін конкурс(тар) туралы баспасөздегі хабарландырулардың көшірмелері, мерзімді баспасөз басылымының санын, күнін және атауын көрсете отырып;
      3) конкурс қорытындыларын шығарғанға дейін тапсырысшының күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажетін қамтамасыз етуге қажет тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің көлемі.

      13. Уәкілетті орган бір көзден мемлекеттік сатып алу тәсілін өткізу негізділігін растайтын қосымша құжаттарды өтініштерді алған күннен бастап он күн ішінде сұрау салуға құқылы.

  3. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді
бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды келісу
туралы өтініштерді қарау рәсімдері және мерзімі

      14. Уәкілетті органға өтінішпен қоса ұсынылатын құжаттар мен ақпарат толық және сенімді болуы керек. Өтінішке қол қойған тұлғалар уәкілетті органға ұсынылатын құжаттардың растығын қамтамасыз етеді.

      15. Уәкілетті орган мына жағдайларда өтінішті қабылдамай тастайды, егер:
      1) ұсынылған құжаттар мен ақпарат сенімді емес немесе қарама-қайшы болса;
      2) егер, тапсырысшы жіберген өтініште толық ақпарат қамтылмаса және/немесе осы Ережелерде анықталған қажет құжаттардың тізімі толық болмаса.

      16. Осы өтінішті барлық қажетті құжаттарымен және ақпаратпен немесе жоғарыда көрсетілген құжаттар мен ақпаратты тапсырысшы үшін алу мүмкін еместігін түсіндіретін себептері туралы мәліметтерді уәкілетті органның алған күні өтініш беру күні болып есептеледі.

      17. Уәкілетті орган өтінішті алған күннен бастап отыз күндік мерзімде оны қарайды және тапсырысшыны қабылданған шешім туралы жазбаша түрде хабардар етеді.

      18. Егер шешімді қабылдау үшін қосымша ақпарат қажет болса, уәкілетті орган оны тапсырысшыдан сұрауға және өтінішті қарау мерзімін отыз күннен артық емес мерзімге ұзартуға құқылы, бұл жағдайда мұндай сұрау салу өтінішті қарау мерзімін ұзарту туралы хабардар етумен бірге өтініш берушіге соңғы өтінішті алған күннен кешіктірмей жіберіледі.

      19. Өтініш беруші өтініштегі, құжаттар мен ақпараттардағы және шешім қабылдауға қатысы бар фактілердің өзгергендігі туралы мәліметті уәкілетті органға шұғыл түрде жазбаша түрде береді. Мұндай жағдайда өтінішті алған күн болып уәкілетті орган құжаттар мен өзгерістер және/немесе толықтырулар туралы ақпаратты алған күн болып есептелінеді. Уәкілетті органға болған өзгерістер және/немесе толықтырулар туралы хабарламау заңнамалық кесімдерде көзделген жауапкершілікті жүктейді.

      20. Тапсырысшы бір көзден сатып алу туралы келісімді жасасқан күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға келісімнің, сатып алулар туралы хаттаманың, ықтимал жеткізуші жеткізілген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағасын дәлелдеуге ұсынған құжаттардың, сондай-ақ ықтимал жеткізушінің біліктілік талаптарына сәйкестілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      21. Заңның  21-бабының  1-тармағының 2), 3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларының негізінде бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алулар Заңның 8-бабында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келетін ықтимал жеткізушілермен ғана жүзеге асырылады.

  4. Қорытынды ережелер

      22. Өтінішті қанағаттандырудан бас тарту тапсырысшымен заңнамада көзделген тәртіпте шағымдалынады.
      Тапсырысшы өтініш беру кезінде ұсынылған құжаттар мен ақпараттарға қосымша өз пікірінше шешім қабылдауда маңызды болып табылатын кез-келген ақпаратты тапсырысшы өз бетінше уәкілетті органға жіберуге құқылы.

      23. Келісім беруден бас тарту туралы уәкілетті органның шешімінен кейін жіберілген бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды келісу туралы тапсырысшының қайталама өтініші Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы  заңнамасына  сәйкес бір көзден сатып алу тәсілін таңдау негізділігін растайтын қосымша құжаттарды ұсынған жағдайда қаралады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады