Павлодар облысы әкiмдiгiнiң 2001 жылғы 7 тамыздағы "Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық иелiгiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктердi мүлiктiк жалға беру ережелерiн бекiту туралы" N 48/5 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 131/3 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 26 сәуірде N 3008 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі N 70/4 қаулысымен.

       Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі N 70/4 қаулысымен.

      Облыс әкiмiнiң 2004 жылғы 5 қарашадағы "Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың жүйесiн жетiлдiру туралы" N 26 шешiмiне сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      облыс әкiмдiгiнiң 2001 жылғы 7 тамыздағы "Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық иелiгiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктердi мүлiктiк жалға беру ережелерiн бекiту туралы" N 48/5 қаулысына (облыс әдiлет департаментiнде 2001 жылғы 26 қыркүйекте N 888 болып тiркелдi, "Звезда Прииртышья" газетiнiң 2001 жылғы 13 қазандағы 118-нөмiрiнде жарияланды) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулының бас тақырыбындағы "ережелерiн" деген сөз "нұсқаулықтарын" деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулының 1-тармағындағы "қоса берiлiп отырған ережелер" деген сөздер "қоса берiлiп отырған нұсқаулық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "(бұдан әрi - Ережелер)" деген сөздер "(бұдан әрi - Нұсқаулық)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулының 2-тармағындағы "осы қаулымен бекiтiлген Ережелер" деген сөздер "осы қаулымен бекiтiлген Нұсқаулық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық иелiгiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктердi мүлiктiк жалға беру ережелерiндегi:
      бас тақырыбындағы:
      "Ережелер" деген сөз "Нұсқаулық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "беру" деген сөз "беру бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген ережелердiң 1-тармағындағы "Осы Ережелер әзiрлендi" деген сөздер "Осы Нұсқаулық әзiрлендi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген ережелердiң 2-тармағындағы "Осы Ережелер белгiлейдi" деген сөздер "Осы Нұсқаулық белгiлейдi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген ережелердiң 3-тармағының 2-тармақшасындағы "алаңы 100 шаршы метрге дейiн" деген сөздер "алаңы 15 шаршы метрге дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген ережелердiң 13-тармағындағы "осы Ережелердiң" деген сөздер "осы Нұсқаулықтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген ережелердiң 22-тармағындағы "осы Ережелердiң" деген сөздер "осы Нұсқаулықтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген ережелердiң 46-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "46. Мемлекеттiк мекемелер облыс қаржы департаментi бекiткен нысандар бойынша тендердiң өтуi мен мүлiктi жалға беру нәтижелерi туралы есептi тоқсан сайын, есептiк кезеңнiң соңғы айының жиырма бесiне дейiн, облыс қаржы департаментi мен мемлекеттiк басқару органына ұсынып отырсын.";
      көрсетiлген ережелердiң 47-тармағындағы "уәкiлеттi органмен" деген сөздер "мемлекеттiк басқару органымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген ережелердiң 49-тармағындағы "осы Ережелермен" деген сөздер "осы Нұсқаулықпен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады