Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шiлдедегi "Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтер төлемiне тұрғын үй көмегiн беру Ережелерi туралы" кезектен тыс 7 сессиясының №6-шы шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатның 2005 жылғы 14 шілдедегі N 3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы Әділет басқармасында 2005 жылғы 15 тамызда N 13-1-17 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы N 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 18.01.2016 N 6 шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үй көмегiн беру саласын реттейтiн қалалық мәслихаттың нормативтiк-құқықтық актiлерiн жетiлдiру мақсатында, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шiлдедегi "Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтер төлемiне тұрғын үй көмегiн беру Ережелерi туралы"
      кезектен тыс жетiншi сессиясының N 6 шешiмiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      Аталған шешiммен бекiтiлген аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтер төлемiне тұрғын үй көмегiн беру Ережелерiнде:
      Барлық мәтiн бойынша:
      "Басқарма" "Басқарма арқылы" сөздерi "Бөлiм" "Бөлiм арқылы" сөздерiмен ауыстырылсын.
      3-шi тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      Қазақстан Республикасы азаматтарының, Петропавл қаласында тұрақты тұратын меншiк иесi, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан баспана жалдаушы болып табылатын, тұрақты тұруға рұқсаты бар оралмандар, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың, егер отбасының бюджетiндегi жәрдемақылық шаралар мен коммуналдық қызметтердi тұтыну мөлшерi шегiндегi тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтердi тұтыну төлемiне шығындар осы мақсатқа шектi рұқсат етiлетiн шығыстар үлесiнен артық болса, тұрғын үй көмегiне құқығы бар. Тұрғын үйдi ұстау, коммуналдық қызметтердi (сумен қамтамасыз ету, канализация, жылумен, электр жарығымен, газбен қамтамасыз ету, қоқыстарды шығару, лифт қызметi) тұтыну және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемнiң артуы бөлiгiнде байланыс қызметiне төлемдерге шектi рұқсат етiлген шығындар үлесi жиынтық кiрiсiнiң 15% - мөлшерiнде Петропавл қаласының, 10% - ы мөлшерiнде Былғары зауыты мен Заречный кенттерiнiң тұрғындары үшiн белгiленедi.
      Егер тұрғын үйдi ұстауға (тұрғын үйдi пайдалануға) және коммуналдық қызметке төлем мөлшерi (тарифi) заңмен белгiленген тәртiппен белгiленбесе, онда шығындарды өтеу нақты шығындар бойынша жүргiзiледi.
      4-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "Тұрғын үй көмегi мынадай отбасыларына тағайындалмайды:
      1) жеке меншiгiнде (үлесiнде) бiреуден артық тұрғын үйi (жеке үйi, пәтерi) болса;
      2) тұрғын үйдi жалға тапсырғандарға (қайта жалға бергендерге);
      3) отбасыларында мүгедектерден және бiр айдан артық стационарлық емделуде болған адамдардан, туберкулезбен ауыратындар, емделу мекемелерiнде тұрақты есепте тұратын және уақытша жұмысқа жарамсыздығы туралы дәрiгерлiк-кеңес комиссиясының қорытындысы бар онкологиялық және психикалық аурулары бар азаматтардан, күндiзгi оқу нысанындағы оқушылар мен студенттерден, тыңдаушылар мен курсанттардан, магистратура мен аспирантураны қоса, сондай-ақ І-шi және ІІ-шi топтағы мүгедектердi, сексен жастан асқан адамдарды, жетi жасқа дейiнгi балаларды күтумен айналысатын азаматтардан басқа жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарда тiркелмеген жұмыссыздары барларға;
      5-тармақта:
      "Петропавл қаласының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы" сөздердi "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" сөздерiмен ауыстырылсын;
      "үлгiсi" сөзiнен кейiн "өтiнiш берушiнiң және оның отбасы мүшелерiнiң жеке бастарын куәландыратын құжаттардың көшiрмесiн табыс етумен" деген сөздерiмен толықтырылсын;
      6-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
      12-шi тармақта;
      "қызмет көрсетушiлер" сөзiнен кейiн "Телефон үшiн абоненттiк төлем тарифтерiнiң көтерiлуiне өтемақы қызмет көрсетушiнiң есеп шотына немесе өтiнiш берушiнiң жеке шотына аударылады." сөйлемiмен толықтырылсын;
      "Қазақстан Халық банкi"АҚ" сөзi "арқылы қызмет көрсетуге заңмен белгiленген тәртiппен шарт жасалған екiншi деңгейдегi банктер арқылы" сөздерiмен ауыстырылсын;
      16 тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Тұрғын үй көмегiн тағайындағанда мынадай мөлшерлер ескерiледi:
      тұрғын үйдiң алаңы:
      жеке басты азаматтар үшiн - 30 шаршы метр;
      екi адамнан тұратын отбасы үшiн - 48 шаршы метр;
      үш және одан да көп адамнан тұратын отбасы үшiн -әр адамға 18 шаршы метрден;
      айына бiр адамға газ пайдалану:
      газ плитасы бар және орталықтан ыстық сумен қамтамасыз етiлген жағдайда - 4,8 килограмм;
      газ плитасы, газбен су жылытқышы бар, орталықтан ыстық сумен қамтамасыз етiлмеген жағдайда - 13,7 килограмм;
      Газ плитасы бар орталықтан ыстық сумен қамтамасыз етiлмеген, газбен су жылытқышы жоқ болған жағдайда - 8,2 килограмм;
      айына электр қуаты:
      бiр бөлмелi пәтер - 100 Квт;
      екi бөлмелi пәтер - 120 Квт;
      үш бөлмелi пәтер - 150 Квт;
      тәулiгiне бiр адамға су:
      суды көшелердегi колонкалардан алу - 40 литр;
      су құбыры бар, бiрақ канализациясы жоқ тұрғын үйлерде - 75 литр;
      су құбыры мен канализациясы бар, бiрақ ваннасы жоқ тұрғын үйлерде - 120 литр;
      су құбыры, канализациясы және қатты отынмен жұмыс iстейтiн су жылытқышымен ванналары бар тұрғын үйлерде -180 литр;
      су құбыры, канализациясы және газбен су жылытқышымен ваннасы бар тұрғын үйлерде - 225 литр;
      қол жуғыштары, жуғыштары, душтары, ұзындығы 1500-1700 сантиметр ванналармен жабдықталған, ыстық сумен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үйлерде - 260 литр."
      2. Осы шешiм әдiлет органдарында тiркелгеннен кейiн күшiне енедi және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиiстi.
      Қалалық мәслихат
сессиясының төрайымы
      Қалалық мәслихаттың
хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады