Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 9 наурыздағы "Кәмелеттiк жастағы iс-әрекетке қабiлеттi, iс-әрекетке қабiлеттерi шектеулi азаматтарға, сондай-ақ Петропавл психоневрологиялық интернат-үйiнде тұратын тұлғаларға қамқорлық және қорғаншылық белгiлеу Кеңесi туралы Ереженi бекiту туралы" N 163 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің қаулысы 2005 жылғы 09 қарашадағы N 1406. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы әділет басқармасынының 2005 жылғы 07 желтоқсанда N 13-1-29 тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 874 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 22.06.2018 № 874 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" N 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес, қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 9 наурыздағы "Кәмелеттiк жастағы iс-әрекетке қабiлеттi, iс-әрекетке қабiлеттерi шектеулi азаматтарға, сондай-ақ Петропавл психоневрологиялық интернат-үйiнде тұратын тұлғаларға қамқорлық және қорғаншылық белгiлеу Кеңесi туралы Ереженi бекiту туралы" (2005 жылы 13 мамырдағы N 19 "Добрый вечер" газетi; 2005 жылы 13.04. мемлекеттiк тiркеу нөмiрi N 1575) N 163 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

      аталған қаулымен бекiтiлген Кәмелеттiк жастағы iс-әрекетке қабiлеттi, iс-әрекетке қабiлеттерi шектеулi азаматтарға, сондай-ақ Петропавл психоневрологиялық интернат-үйiнде тұратын тұлғаларға қамқорлық және қорғаншылық белгiлеу Кеңесi туралы Ережеде:

      22 тармақтағы "ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс жүргiзу жөнiндегi" сөздер "құқық және ұйымдастыру-кадр жұмысы" сөздерiмен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Петропавл қаласы әкiмiнiң орынбасары Т.Н.Құлжановаға жүктелсiн.

      Қала әкiмi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады