Aтырау облысында кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді немесе бірлескен барлауды және өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурсқа қатысу және конкурстық ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық әкімиятының 2005 жылғы 1 маусымдағы N 182 қаулысы. Атырау облыстық әділет Департаментінде 2005 жылғы 24 маусымда N 2435 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 4 наурыздағы N 63 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2011.03.04 № 63 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңына және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 108,
"Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын берудің
тәртібін бекіту туралы" қаулысына сәйкес облыс әкімияты қаулы етеді:
      1. Атырау облысында кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды,
өндіруді немесе бірлескен барлауды және өндіруді жүргізуге жер
қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурсқа қатысу және
конкурстық ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші
орынбасары В.В.Супрунға жүктелсін.

       Облыс әкімі

Облыс әкімиятының 
2005 жылғы 1.06 N 182
қаулысымен бекітілген

Барлауды, өндіруді немесе бірлескен барлауды және
өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын
алуға арналған конкурсқа қатысу және конкурстық
ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Атырау облысында кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды,
өндіруді немесе бірлескен барлауды және өндіруді жүргізуге жер
қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурсқа қатысу және
конкурстық ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі осы Нұсқаулық (бұдан әрі -
Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы
N 2828 "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңына
(бұдан әрі - Жер қойнауы туралы Заң) және Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 108 қаулысымен бекітілген жер
қойнауын пайдалану құқығын беру ережесіне сәйкес әзірленді.
      2. Нұсқаулық кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға,
өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану
құқығын алуға арналған конкурсқа қатысуға өтінімге және конкурстық
ұсынысқа қойылатын талапты, сондай-ақ міндетті тәртіпте өтініммен
және конкурстық ұсыныспен бірге берілетін құжаттардың тізбесін
қамтиды.

2. Конкурсқа қатысуға өтінім

      3. Өтінім Жер қойнауы туралы Заңның 41-3-бабына сәйкес келуі,
сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында оның хабарландырылуы
кезіндегі конкурс шарттарында көрініс тапқан ақпаратты қамтуы тиіс.
Бұл ретте конкурстық шарттары туралы ақпараттың жеке объектілерге
де (мұндай жағдайда объектінің атауы көрсетіледі), конкурсқа
қойылған барлық учаскелерге де қатысты болуы мүмкін.
      4. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және
бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға
арналған конкурсқа қатысуға өтінім 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
ресімделеді және ол берілетін кен орнының нұсқауынан (жер қойнауы
участогы), сондай-ақ мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
      1) өтінім берушінің толық атауы;
      2) заңды мекен-жайы, телефоны, факсы, негізгі қызмет орнының
мекен жайы;
      3) мемлекеттік тиесілілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтығы
(жеке тұлғалар үшін);
      4) өтініш беруші-заңды тұлғаның басшылары мен қатысушыларының
немесе акционерлерінің жарғылық капиталдағы (дауыс беретін
акциялары жалпы санынан) үлестерінің мөлшерін көрсете отырып, олар
туралы мәліметтер;
      5) жұмысты қаржыландыру көздері туралы мәліметтер, өтінім
берушінің қаржылық мүмкіндіктерін растайтын құжаттар,
қосымшаларымен бірге оның ішінде:
      өткен қаржылық жылдың қосымшаларымен бірге бухгалтерлік
баланс, өтінім берушіні осы жылы тіркеген жағдайда, бухгалтерлік
баланс қосымшаларымен бірге есепті кезең үшін ұсынылады (мысалы:
соңғы тоқсан, жарты жылдық немесе 9 айға) кірістер және шығыстар
туралы есеп;
      өтінім берушінің тіркелген жері бойынша салық органынан
бюджетке төлемдер бойынша бережақтың бары немесе жоғын растайтын
құжат;
      өтінім берушінің банк алдындағы мерзімі өткен берешегінің
бары немесе жоғы туралы анықтама;
      өтінім берушінің соңғы есепті жылдағы қаржылық жағдайы туралы
аудиторлық қорытынды;
      6) өтінім берушінің техникалық, басқарушылық және
ұйымдастырушылық мүмкіндіктері;
      7) конкурсқа қатысу үшін жарна төлегені туралы құжаттың
көшірмесі;
      8) шаруашылық жүргізуші субъектіні тіркеу туралы куәліктің
көшірмесі.
      Конкурсқа қатысуға арналған өтінімге қоса берілетін өтінім
берушінің техникалық, басқарушылық, сондай-ақ ұйымдастырушылық
мүмкіндіктері туралы мәліметтер және кірістер мен шығындар туралы
есеп 2,3,4,5  қосымшаларда келтірілген.

3. Конкурстық ұсыныс

      5. Конкурстық ұсыным, конкурсқа қатысушылар, құзыретті орган
белгілеген мерзімде геологиялық ақпарат (болған жағдайда) алғаннан
кейін беріледі.
      6. Жер қойнауын пайдалануға барлау құқығын алуға арналған
конкурстық ұсыныс 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді және
мыналарды қамтуы тиіс:
      1) өтінім берушінің соңғы бес жылда өзі қызметін жүзеге
асырған мемлекеттердің тізімін қоса алғанда, бұрынғы қызметі туралы
ақпарат;
      2) өтінім берушінің қаржылық мүмкіндіктері туралы банктік
анықтама;
      3) жұмыс бағдарламасы мен олардың жүзеге асырылуына арналған
шығындарды қоса алғанда, барлау жүргізу жөніндегі міндеттемелер мен
ниеттер, сондай-ақ барлау жүргізудің қарқындылығы мен басталу
мерзімі;
      4) келісім шарт аумағының жерлерін шұрайландыру және қалпына
келтіру туралы шарттарды қоса алғанда, қауіпсіз жұмыс жүргізу,
қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау жөніндегі міндеттері мен
ниеті;
      5) барлау жүргізуді өз қаражаты мен (немесе) қарыз
қаражаттары есебінен қаржыландыру міндеттемелері мен ниеттері,
сондай-ақ бюджетке бастапқы төлемдердің мөлшері;
      6) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның
инфрақұрылымының дамуына қатысуы жөніндегі міндеттемелері мен ниеті;
      7) Қазақстандық кадрларды тарту жөніндегі міндеттемелер және
қазақстандық қызметкерлерді даярлау мен қайта даярлауды
қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар;
      8) жұмыс істейтін қызметкерлерді олардың жалпы санының пайызы
есебімен, сондай-ақ келісім шарт бойынша жұмыстарды орындау үшін
қажетті, тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің
жалпы құнының пайызы есебімен конкурстық негізде сатып алынатын
қазақстандық тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді
міндетті тарту ниеті;
      9) жоғарғы технологияларды, жаңа және өңдейтін өндірістерді
дамыту мен магистралды және өзге де құбыр жүйелерін пайдалану
инфрақұрылымдық және өзге де объектілерді тұрғызу мен бірлесіп
пайдалану жөніндегі ұсыныстар;
      10) геологиялық ақпаратты сатып алудың шарттары;
      11) өзге де міндеттер мен ниеттер.
      7. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын
пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныс 7-қосымшаға
сәйкес нысан бойынша ресімделеді және ақпараттан, сондай-ақ
6-тармақта мазмұндалған 3) тармақшаны қоспағанда, міндеттемелер мен
ниеттерден басқа мыналарды қамтуға тиіс:
      1) кең таралған, өтінім берушінің өзі өндіруді ұйғарып
отырған пайдалы қазбалардың көлемін қоса алғанда кен орындарын
әзірлеу жоспары;
      2) өндіруді бастаудың күтіліп отырған мерзімі және оған қол
жеткізудің экономикалық және техникалық мүмкін деңгейі;
      3) өндіруге байланысты шығыстар бойынша және кең таралған
пайдалы қазбаларды іске асырудан түсетін кірістер бойынша
болжамдарды есептеу;
      4) Қазақстан Республикасының бюджетіне бастапқы, сондай-ақ
кейінгі төлемдердің болжанған көлемі туралы ниеті және келісім-шарт
аумағының өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға
салынатын салымдары болуға тиіс.
      8. Кең таралған пайдалы қазбаларды бірлескен барлау және
өндіру құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныс 8-қосымшаға сәйкес
нысан бойынша ресімделеді және нұсқаудың 6 және 7 тармақтарына
сәйкес қалыптасуы тиіс.
      9. Өтінім берушінің конкурсқа қатысу барысында ұсынған
міндеттемелері мен ниеттері 6 тармаққа сәйкес барлау жөніндегі
операцияларды жүргізуге арналған жұмыс бағдарламасына енгізіледі,
ал 6-7-тармақтарға сәйкес ұсынылған міндеттемелер және ниет
сәйкесінші өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жұмыс
бағдарламасына немесе бірлескен барлау және өндіру операцияларын
жүргізуге арналған жұмыс бағдарламасына енгізіледі.
      10. Конкурстық ұсыныс өтінім беруші, конкурс өткізу тәртібіне
және өтінім берушінің міндеттемелеріне қатысты Қазақстан
Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беру ережелерімен
танысқандығын білдіретін нұсқауды қамтуы тиіс.
       <*> 4 тармақтың 4-тармақшасы жаңа редакцияда енгізілді - облыс әкімиятының 2007 жылғы 15 қазандағы 226 қаулысымен.

Атырау облысында кең таралған
пайдалы қазбаларды барлауға,
өндіруге немесе бірлескен барлау
мен өндіруге жер қойнауын пайдалану
құқығын алуға арналған конкурсқа
қатысу және конкурстық ұсыныстарды
дайындау жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша 1 маусым 2005 жыл N 182

      Ескерту. 2 бағандағы 4-тармақ жаңа редакцияда енгізілді - облыс әкімиятының 2007 жылғы 15 қазандағы 226 қаулысымен.

Атырау облысының_________________________________________________
                    (аудан) (учаскенің, кен орнының атауы)
__________________ барлауға (өндіруге, бірлескен барлау мен 
     (КТПҚ түрі)
өндіруге) жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурсқа қатысуға
Өтінімі

Белгі

Жағдайы

1

Өтінім берушінің толық атауы


2

Заңды мекен-жайы, телефон, факс,
Негізгі қызмет орнының мекен-жайы


3

Мемлекеттік бағыныстылығы (заңды тұлғалар үшін), азаматтығы (жеке тұлғалар үшін)


4

Өтініш беруші заңды-тұлғаның басшылары мен қатысушыларының
немесе акционерлерінің жарғылық капиталдағы (дауыс беретін
акциялары жалпы санынан) үлестерінің мөлшерін көрсете отырып, олар туралы мәліметтер


5.

Жұмыстарды қаржыландыру көздері туралы деректер


   Қосымшалар:
1. конкурсқа қатысу үшін жарна төленгені туралы құжаттың көшірмесі;
2. шаруашылық субъектісін тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
3. өтінім берушінің техникалық мүмкіндіктер туралы анықтама;
4. өтінім берушінің басқарушылық мүмкіндіктері туралы анықтама;
5. өтінім берушінің ұйымдастырушылық мүмкіндіктері туралы анықтама;
6. өткен қаржылық жылдағы бухгалтерлік балансы, қосымшаларымен;
7. кірістер мен шығыстар туралы есеп;
8. өтінім берушінің тіркелген жері бойынша салық органнан бюджетке
төлемдер бойынша берешектің бары немесе жоқтығын растайтын құжат;
9. өтінім берушінің банк алдындағы мерзімі асып кеткен берешегінің
бары немесе жоқтығы туралы анықтама;
10. өтінім берушінің соңғы есептік жылдағы қаржылық, жағдайы туралы
аудиторлық қорытынды.
      Бірінші басшы_________________________________М.О.
                          (А.Т.Ә., қолы, күні)
       Ескерту: қысқартылған әріптердің аббревиатуралық тізімі
КТПҚ - кең таралған пайдалы қазбалар.
Атырау облысында кең таралған
пайдалы қазбаларды барлауға,
өндіруге немесе бірлескен барлау
мен өндіруге жер қойнауын пайдалану
құқығын алуға арналған конкурсқа
қатысу және конкурстық ұсыныстарды
      дайындау жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша 1 маусым 2005 жыл N 182

Өтінім берушінің техникалық мүмкіндіктері туралы анықтама

№р/с

құрал-жабдықтың атауы,
шығарылған жылы,
техникалық жағдайы

Бірлік саны

Меншік иесі













Бірінші басшы_________________________________ М.О.
(А.Т.Ә., қолы, күні)

      Ескерту:
      1. Өтінім берушінің техникалық мүмкіндіктері туралы мәлімет барлау
және (немесе) өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін меншікті
техникасының бар болуы туралы кәсіпорын басшысы куәландырған және
мөрі басылған ақпаратты қамтуы тиіс;

2. Өтінім берушінің балансында мұндай техника болмаған жағдайда,
анықтама ұсыну қажет, "Меншік иесінің" деген бағанда "Жалға алу"
деп көрсетіліп, анықтамаға осындай техникасы бар ұйыммен барлау
және (немесе) өндіру жұмыстарын жүргізуге ниеті барлығы туралы шарт
анықтамаға тіркелуі керек.

Атырау облысында кең таралған
пайдалы қазбаларды барлауға,
өндіруге немесе бірлескен барлау
мен өндіруге жер қойнауын
пайдалану құқығын алуға арналған
конкурсқа қатысу және конкурстық
ұсыныстарды дайындау жөніндегі
нұсқаулыққа 3-қосымша    
1 маусым 2005 жыл N 182   

Өтінім берушінің басқарушылық мүмкіндіктері туралы анықтама

№р/с

А.Т.Ә. толық

Білімі

Лауазымы

Жұмыс өтілі
















Бірінші басшы_________________________________М.О.
(А.Т.Ә., қолы, күні)
      Ескерту: Өтінім берушінің басқарушылық мүмкіндіктер туралы
мәліметтер конкурсқа қатысушы кәсіпорын басшылары, олардың білімі
және жұмыс өтілі туралы ақпаратты қамтуы тиіс.

Атырау облысында кең таралған 
пайдалы қазбаларды барлауға,
өндіруге немесе бірлескен барлау
мен өндіруге жер қойнауын  
пайдалану құқығын алуға арналған 
конкурсқа қатысу және конкурстық 
ұсыныстарды дайындау жөніндегі 
нұсқаулыққа 4-қосымша    
1 маусым 2005 жыл N 182   

Өтінім берушінің ұйымдастырушылық мүмкіндіктері
туралы анықтама

№р/с

А.Т.Ә. толық

Білімі

Лауазымы

Жұмыс өтілі
















Бірінші басшы _________________________________М.О.
(А.Т.Ә., қолы, күні)

Ескерту:
      1. Өтінім берушінің ұйымдастырушылық мүмкіндіктер туралы мәліметтер барлау және (немесе) өндіру жұмыстарын жүргізу үшін мамандардың бары жөніндегі мамандығы бойынша жұмыс өтілі және алған білімі көрсетілген ақпаратты қамтуы тиіс;
      2. Лабораториялық базасы бар екенін көрсету немесе лабораториялық жұмыстарды жүргізуге арналған шартты қоса беру қажет.

Атырау облысында кең таралған
пайдалы қазбаларды барлауға, 
өндіруге немесе бірлескен барлау
мен өндіруге жер қойнауын 
пайдалану құқығын алуға арналған 
конкурсқа қатысу және конкурстық 
ұсыныстарды дайындау жөніндегі 
нұсқаулыққа 5-қосымша     
1 маусым 2005 жыл N 182   

Кірістер мен шығыстар туралы есеп

Көрсеткіштердің атауы

Өткен кезең бойынша
(мың теңге)

Есептік кезең бойынша
(мың теңге)

1.

Кіріс



2.

Шығыс



3.

Таза кіріс (шығыс)



Бірінші басшы_________________________________М.О.
(А.Т.Ә., қолы, күні)

Ескерту:

      1. Кіріс жолында негізгі қызметтен түскен кірісті және негізгі емес қызметтен түскен кірістің сомасын көрсету қажет.
      2. Шығыс жолында өткізілген өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың,
қызмет көрсетулердің) өзіндік құнының сомасын, корпоративтік табыс
салығы бойынша шығысты және кезең шығыстарын көрсету қажет.

Атырау облысында кең таралған
пайдалы қазбаларды барлауға,
өндіруге немесе бірлескен барлау
мен өндіруге жер қойнауын 
пайдалану құқығын алуға арналған 
конкурсқа қатысу және конкурстық
ұсыныстарды дайындау жөніндегі 
нұсқаулыққа 6-қосымша
1 маусым 2005 жыл N 182

      Ескерту. 7 жолдағы "мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетін" деген сөздер алынып тасталды - облыс әкімиятының 2007 жылғы 15 қазандағы 226 қаулысымен.

Атырау облысының ___________________________________________________
(аудан) (учаскенің, кен орнының атауы)
_______________ барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын алуға
(КТПҚ түрі)арналған ____________________________________________________
(өтінім берушінің толық атауы)

Конкурстық ұсынысы

Белгі

Жағдайы

1.

Өтінім берушінің соңғы бес жылда өзі қызметін жүзеге асырған мемлекеттердің тізімін қоса алғанда, бұрынғы қызметі туралы ақпарат


2.

Жұмыс бағдарламасы мен олардың жүзеге асырылуына арналған шығындарды қоса алғанда, барлау жүргізу жөніндегі міндеттері мен ниеттер, сондай-ақ барлау жүргізудің қарқындылығы мен басталу мерзімі


3.

Келісім-шарт аумағының жерлерін шұрайландыру және қалпына келтіру шарттарды қоса алғанда, қауіпсіз жұмыс жүргізу, қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау жөніндегі міндеттері мен ниеті


4.

Барлау жүргізуді өз қаражаты мен (немесе) қарыз қаражаттары есебінен қаржыландыру міндеттемелері мен ниеттері, сондай-ақ бюджетке бастапқы төлемдердің мөлшері


5.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымының дамуына қатысуы жөніндегі міндеттемелері мен ниет


6.

Қазақстандық кадрларды тарту жөніндегі міндеттемелер мен қазақстандық қызметкерлерді даярлау мен қайта даярлауды қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар


7.

Жұмыс істейтін қызметкерлерді олардың жалпы санының пайызы есебімен, сондай-ақ
келісім-шарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жалпы құнының пайызы есебімен конкурстық негізде сатып алынатын қазақстандық тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді міндетті тарту ниеті


8.

Жоғарғы технологияларды, жаңа және өңдейтін өндірістерді дамыту мен магистралды және өзге де құбыр жүйелерін пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге де объектілерді тұрғызу мен бірлесіп пайдалану жөніндегі ұсыныстар


9.

Геологиялық ақпаратты сатып алудың шарттары


10

Өзге де міндеттер мен ниеттер


      Жер қойнауын пайдалану құқығын беру ережелерінің шарттарымен конкурсты өткізу тәртібімен және өтінім берушінің міндеттерімен таныстым.
      Бірінші басшы_________________________________М.О.
          (А.Т.Ә., қолы, күні)
Ескерту: қысқартылған әріптердің аббревиатуралық тізімі
КТПҚ - кең таралған пайдалы қазбалар

Атырау облысында кең таралған
пайдалы қазбаларды барлауға, 
өндіруге немесе бірлескен барлау
мен өндіруге жер қойнауын 
пайдалану құқығын алуға арналған 
конкурсқа қатысу және конкурстық
ұсыныстарды дайындау жөніндегі
нұсқаулыққа 7-қосымша
1 маусым 2005 жыл N 182  <*>

      Ескерту. 10 жолдағы "мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетін" деген сөздер алынып тасталды - облыс әкімиятының 2007 жылғы 15 қазандағы 226 қаулысымен.

Атырау облысының___________________________________________________
                    (аудан) (учаскенің, кен орнының атауы)

_______________ барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын алуға
(КТПҚ түрі) арналған _________________________________________________
(өтінім берушінің толық атауы)

Конкурстық ұсынысы

Белгі

Жағдайы

1.

Өтінім берушінің соңғы бес жылда өзі қызметін жүзеге асырған мемлекеттердің тізімін қоса алғанда бұрынғы қызметі туралы ақпарат


2.

Келісім-шарт аумағының жерлерін шұрайландыру және қалпына келтіру шарттарды қоса алғанда, қауіпсіз жұмыс жүргізу, қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау жөніндегі міндеттері мен ниеті


3.

Өндіру жүргізуді өз қаражаты мен (немесе) қарыз қаражаттары есебінен қаржыландыру міндеттемелері мен ниеті


4.

Болашақта өндіруге болжамдалған кең таралған пайдалы қазбалардың көлемін қосып есептелген кен орынының даму жоспары


5.

Өндіруді бастау мен оның экономикалық және техникалық мүмкіндік деңгейіне жетуді күтетін мерзімі


6.

Пайдалы қазбаны өндіруге байланысты шығынның және оны өткізуден түсетін кірістің болжамды есебі


7.

Келісім-шарттың аумақтық өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарын дамытуға күрделі салымдардың және Қазақстан Республикасының бюджетіне алғашқы және кейінгі төлемдердің ниеттелген болжамдық көлемі


8.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымының дамуына қатысуы жөніндегі міндеттемелері мен ниет


9.

Қазақстандық кадрларды тарту жөніндегі міндеттемелер мен Қазақстандық қызметкерлерді даярлау мен қайта даярлауды қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар


10.

Жұмыс істейтін қызметкерлерді олардың жалпы санының пайызы есебімен, сондай-ақ келісім-шарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жалпы құнының пайызы есебімен конкурстық негізде сатып алынатын қазақстандық тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді міндетті тарту ниеті;


11.

Жоғарғы технологияларды, жаңа және өңдейтін өндірістерді дамыту мен магистралды және өзге де құбыр жүйелерін пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге де объектілерді тұрғызу мен бірлесіп пайдалану жөніндегі ұсыныстар


12.

Геологиялық ақпаратты сатып алудың шарттары


13.

Өзге де міндеттер мен ниеттер


      Жер қойнауын пайдалану құқығын беру ережелерінің шарттарымен
конкурсты өткізу тәртібімен және өтінім берушінің міндеттерімен
таныстым.
      Бірінші басшы_________________________________М.О.
        (А.Т.Ә., қолы, күні)
      Ескерту: Қысқартылған әріптердің аббревиатуралық тізімі
КТПҚ - кең таралған пайдалы қазбалар

Атырау облысында кең таралған
пайдалы қазбаларды барлауға, 
өндіруге немесе бірлескен барлау
мен өндіруге жер қойнауын 
пайдалану құқығын алуға арналған 
конкурсқа қатысу және конкурстық 
ұсыныстарды дайындау жөніндегі 
нұсқаулыққа 8-қосымша
1 маусым 2005 жыл N 182  <*>

      Ескерту. 11 жолдағы "мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетін" деген сөздер алынып тасталды - облыс әкімиятының 2007 жылғы 15 қазандағы 226 қаулысымен.

Атырау облысының_________________________________________________
(аудан) (учаскенің, кен орнының атауы)

_______________бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын
(КТПҚ түрі) пайдалану құқығын алуға арналған __________________________________
(өтінім берушінің толық атауы)

Конкурстық ұсынысы

Белгі

Жағдайы

1.

Өтінім берушінің соңғы бес жылда өзі қызметін жүзеге асырған мемлекеттердің тізімін қоса алғанда, бұрынғы қызметі туралы ақпарат


2.

Жұмыс бағдарламасы мен олардың жүзеге асырылуына арналған шығындарды қоса алғанда, барлау жүргізу жөніндегі міндеттері мен ниеттер, сондай-ақ барлау жүргізудің қарқындылығы мен басталу мерзімі


3.

Келісім-шарт аумағының жерлерін шұрайландыру және қалпына келтіру шарттарды қоса алғанда, қауіпсіз жұмыс жүргізу, қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау жөніндегі міндеттері мен ниеті


4.

Өндіру жүргізуді өз қаражаты мен (немесе) қарыз қаражаттары есебінен қаржыландыру міндеттемелері мен ниеттері


5.

Болашақта өндіруге болжамдалған кең таралған пайдалы қазбалардың көлемін қосып есептелген кен орынының даму жоспары


6.

Өндіруді бастау мен оның экономикалық және техникалық мүмкіндік деңгейіне жетуді күтетін мерзімі


7.

Пайдалы қазбаны өндіруге байланысты шығынның және оны өткізуден түсетін кірістің болжамды есебі


8.

Келісім-шарттың аумақтық өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарын дамытуға күрделі салымдардың және Қазақстан Республикасының бюджетіне алғашқы және кейінгі төлемдердің ниеттелген болжамдық көлемі


9.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымының дамуына қатысуы жөніндегі міндеттемелері мен ниет


10.

Қазақстандық кадрларды тарту жөніндегі міндеттемелер мен қазақстандық қызметкерлерді даярлау мен қайта даярлауды қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар


11.

Жұмыс істейтін қызметкерлерді олардың жалпы санының пайызы есебімен, сондай-ақ келісім-шарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жалпы құнының пайызы есебімен конкурстық негізде сатып алынатын қазақстандық тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді міндетті тарту ниеті;


12.

Жоғарғы технологияларды, жаңа және өңдейтін өндірістерді дамыту мен магистралды және өзге де құбыр жүйелерін пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге де объектілерді тұрғызу мен бірлесіп пайдалану жөніндегі ұсыныстар


13.

Геологиялық ақпаратты сатып алудың шарттары


14.

Өзге де міндеттер мен ниеттер


      Жер қойнауын пайдалану құқығын беру ережелерінің шарттарымен
конкурсты өткізу тәртібімен және өтінім берушінің міндеттерімен
таныстым.

      Бірінші басшы_________________________________М.О.
(А.Т.Ә., қолы, күні)

Ескерту:
      Қысқартылған әріптердің аббревиатуралық тізімі
КТПҚ - кең таралған пайдалы қазбалар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады